f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 28 мамырында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақстан астанасын көшіру себептері» атты тақырыпта семинар өткізді.

2020 жылдың 28 мамырында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақстан астанасын көшіру себептері» атты тақырыпта семинар өткізді.

28 May 2020

Еркінбек Тұрғынов семинарында 1917 жылы Алаш зиялылары таңдаған Семей қаласынан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 32 өлшем бойынша таңдаған Нұр-Сұлтан қаласына дейін астана болған қалалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті. Тұрғынов сонымен бірге астананы өзгерту немесе көшіруге қатысты әлемдік тәжірибе мен мұндай шешім нәтижесінде туындаған кейбір қиындықтар туралы баяндады.

Семей, Орынбор, Қызылорда, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының астана атанғанға дейінгі ерекшеліктерін сипаттаған Еркінбек Тұрғынов 1917 жылы 13 желтоқсанда Алаш Орда үкіметі құрылған кезде Әлихан Бөкейханның үкімет басшысы болғанын және Семей қаласы астана ретінде таңдалғанын айтты.

Семинар жалғасында Еркінбек Тұрғынов 1920 жылы 26 тамызда астана атанған Орынбордың ерекшеліктеріне және сол кезеңде қазақ зиялыларының ресми, әрі рухани астанасы болған бұл қаланың тек Қазақстандағы ғана емес, сонымен бірге жаңа құрылған Кеңес Одағындағы географиялық және саяси маңыздылығына да тоқталды. Баяндамашы Қазақстанның оңтүстік аймағында орналасқан Ақмешіт астана болып жарияланғаннан кейін қала атауы Қызылорда болып өзгертілгенін және бұл қала Кеңес Одағының идеологиясын таратудың негізгі ошағы болғанын тілге тиек етті.

1929-1998 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы болған сонымен бірге, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы астанасы Алматы қаласының ерекшеліктерін қарастырған Еркінбек Тұрғынов халық бостандығы, демократия және адам құқықтары сияқты мәселелерді одан әрі нығайтуды мақсат тұтқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың астана туралы ойларымен бөлісті.

Семинар соңында Еркінбек Тұрғынов кейбір елдерде астананың өзгеруіне байланысты туындаған әртүрлі мәселелер жайлы айтты. Еркінбек Тұрғынов тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінен бастап толеранттылық пен бейбітшілік негізінде құрылған Қазақстанның мақтан тұтатын астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының қысқа мерзімде әлемнің бейбітшілік орталығына айналуы жолында нық қадамдар жасалғанын айтып, өз сөзін аяқтады.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026