f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 3 желтоқсанында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі хатшылығының сарапшысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің постдокторлық зерттеуші PhD Айымгүл Керімрай «Энергия тұтыну құрылымы: Қазақстандағы 12.000 тұрғын-үймен жүргізілген зерттеу нәтижелері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

2020 жылдың 3 желтоқсанында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі хатшылығының сарапшысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің постдокторлық зерттеуші PhD Айымгүл Керімрай «Энергия тұтыну құрылымы: Қазақстандағы 12.000 тұрғын-үймен жүргізілген зерттеу нәтижелері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

3 December 2020

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін сөз сөйлеген PhD Айымгүл Керімрай институтқа осы мүмкіндігі үшін алғыс айтты. Зерттеуші өзінің семинарында тұрғын-үйде тұтынылатын энергия елдің жалпы тұтыну көлемінің 27%-ын құрайтынын және бұл көрсеткіштің соңғы 15 жылда жыл сайын шамамен 6,3%-ға өсіп отырғанын мәлімдеді. Ол бүкілхалықтық зерттеулер барысында тұрғындардың жылу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған тәсілдерді зерттегенін жетккізді. Зерттеу нәтижелері бойынша үйді жылыту үшін газ, электр қуаты, көмір және басқа да тәсілдердің қолданылатынын айтты. Ол бұл мәселеде Алматы мен Нұр-Сұлтанда орталық жылу жүйесі үлкен рөл атқаратынын, Батыс Қазақстанда табиғи газды, ал Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде көмірді қолдану кең таралғанын баса айтты.

Энергия ысырабы жылынудағы маңызды мәселелердің бірі екенін айта келе, бұл орайда ауқымды және жан-жақты ілгерілеудің болмағандығын мәлімдеді. Бұл себетердің арасында ғимараттардың едәуір бөлігінің ескі болуы және олардың энергия тиімділігінің төмендігін де айтуға болады. Бұл тұрғыда ғимараттардың қайта жөндеу шығындары 15-20 жыл ішінде төленетіндігі сияқты мәселелер үй иелері үшін тартымды емес екенін баяндады.

Зерттеуші Қазақстанның солтүстігі, орталық және шығысындағы тұрғын үйлердің таза отынның жоқтығынан, табыстың жетіспеушілігінен, қыстың ұзақтығы мен суық болуынан және энергия тапшылығынан зардап шегетінін баса айтты. Айымгүл Керімрай өз зерттеулерінде «энергетикалық тапшылық» терминін қолданды. Ол энергетикалық тапшылық ұғымы табысының 10% немесе одан көп бөлігін үйлерін жылытуға жұмсаған адамдарға қатысты екенін айтты. Бұл критерий бойынша елдің әртүрлі аймақтарындағы барлық тұрғын үйдің шамамен 28%-ы суық мезгілде табысының 10% немесе одан да көп бөлігін жұмсайтынэнергетикалық тапшылықтың кең таралғанын мәлімдеді.

Айымгүл Керімрай үйді көмір арқылы жылыту және көмірді басқа да мақсаттар үшін кеңінен тұтыну тағы бір мәселе екенін айтты. Ол Қазақстандағы барлық тұрғын үйдің шамамен 40%-ы көмірді үйді жылытуға ғана емес, сонымен қатар басқа да тұрмыстық қажетілікке  (тамақ пісіру, суды жылыту) пайдаланатынын атап көрсетті. Ол мұндай лас энергия көзін пайдалану қоршаған ортаның ластануына алып келетіні сөзсіз екенін баяндады.

Семинар соңында ол энергия шығынын азайту арқылы елдегі энергия тұтынуды оңтайландыруға болатындығын айтты. Алайда, Керімрай сөзінің соңында мұндай даму көбіне әкімшілік қиындықтарға тап болатындығын және халықтың төмен табысы осы тұрғыда маңызды проблема болып табылатынын жеткізді.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026