f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 30 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Пандемия кезіндегі халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында семинар өткізді.

2020 жылдың 30 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Пандемия кезіндегі халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында семинар өткізді.

30 April 2020

Әсет Ордабаев семинарында COVID-19 вирусы туралы қысқаша мағлұмат беріп, бұл індет бүкіл әлемдегі саяси жүйелер үшін үлкен сынақ болғанын мәлімдеді. Ол жаһандану жағдайында өте жоғары жылдамдықпен әрі қауіпті ауқымда таралып жатқан індетке қарсы күресте әлем елдерінің өздігінен әрекет етуді жөн көргендерін айтты. Әсет Ордабаев кейбір халықаралық ұйымдардың бүкіл әлем бойынша індетке қарсы тиімді күресе алмағандықтарына назар аударып, алдағы уақытта бұл ұйымдардың құрылымында түрлі өзгерістер болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Семинар жалғасында Әсет Ордабаев ең алдымен COVID-19 індетіне қарсы медициналық күрес жүргізілетінін, содан кейін жаһандық деңгейде экономикалық дағдарыс болатынын, әсіресе, денсаулық сақтау жүйесінде маңызды өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты. Бұл елдердің аймақтық және жаһандық ауқымдағы экономикалық және саяси интеграциялық саясаттарында да көрініс табатынын сөз етті. Әсет Ордабаев індет қарқынын төмендету мақсатында елдер арасындағы ынтымақтастықтардың тоқтатылғанын немесе қысқартылғанын атап өтті. Тура мағынада оқшаулану деңгейіне жеткізбей, ынтымақтастықтың белгілі бір деңгейін сақтап тұру маңызды екенін баса айтты.

Семинар соңында Әсет Ордабаев COVID-19 пандемиясы кезінде байқалғандай, дағдарыс аясында жаһандық ынтымақтастықтың орнына аймақтық және ұлттық деңгейдегі шаралар қабылданғанын және бұл үдеріс жаһандану идеологиясына да әсер етпей қоймағанын жеткізді. Алайда алдағы уақытта бұл індет бүкіл әлемде бақылауға алынса, жаһандану мен елдер арасындағы ынтымақтастық қайта жанданатынын білдірді. Ол осы індет салдарынан туындаған дағдарысты елдер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бірлесіп жұмыс жасау арқылы еңсеруге болатындығын айтты.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026