f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 8 қазанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақ даласындағы алғашқы оқулықтар және Бейімбет Майлиннің орны» тақырыбында семинар өткізді.

2020 жылдың 8 қазанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақ даласындағы алғашқы оқулықтар және Бейімбет Майлиннің орны» тақырыбында семинар өткізді.

8 October 2020
2020 жылдың 8 қазанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақ даласындағы алғашқы оқулықтар және Бейімбет Майлиннің орны» тақырыбында семинар өткізді.

Еркінбек Тұрғынов семинарында XX ғасырдың басындағы қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихына тоқталып өтіп, сол кезеңдегі қазақ зиялылары мен ағартушыларының, сондай-ақ Уфа, Қазан және Орынбор медреселерінде оқыған қазақ жастарының қазақ тілінде оқулық шығару ісіне қатысуы туралы мағлұмат берді. Еркінбек Тұрғынов қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың жарық көруі ұлттың білім беру саласында дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтіп, алғашқы оқулықтар қазақ жастары арасында оқуды құрылымдау, дамыту, бағыттау және өзін-өзі оқытудың маңызды құралы болғанын тілге тиек етті.

Семинардың жалғасында Еркінбек Тұрғынов 1920-1930 жылдары Кеңес өкіметі жүргізген қатал саясаттың салдарынан Қазақстанда үлкен ашаршылық пен түрлі сипатта орын алған нәубеттерге қарамастан, қазақ зиялылары маңызды ағартушылық қызметін жүргізгенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Еркінбек Тұрғынов әсіресе Алаш Орда қозғалысының қазақ халқын белгілі бір саяси, мәдени және рухани даму сатысына көтергенін, қазақ зиялыларының, соның ішінде Алаш Орда өкілдерінің ғылымды терең түсіне отырып жасаған оқулықтарының маңызды рөлі туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Осы тұрғыда баяндамашы Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймаутов, Елдес Омаров және Бейімбет Майлин сияқты қазақ зиялылары қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарды дайындау мен басып шығару ісіне көп күш жұмсағандарын, сондай-ақ сөз болып отырған алғашқы оқулықтар түрлі ғылым салаларында жаңа терминдердің қалыптасуында және қазақ тілінің ғылым тіліне айналуында үлкен рөл атқарғанын баса айтты. Ол өз тілін ғылым тіліне айналдыруда үлкен рөл атқарғанын баса айтты. Еркінбек Тұрғынов ұлы жазушы Бейімбет Майлиннің қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың авторлары арасында маңызды орынға ие болғанын, оның «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929), «Күш» атты сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930), «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931), сондай-ақ Ғабит Мүсірепов және А. Ситдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-36) жазып шығарғанын атап өтті. Еркінбек Тұрғынов Бейімбет Майлин тек ұлы жазушы ғана емес, сонымен қатар педагогикалық оқытудың озық үлгілерін жинап, арнайы оқулықтар шығарған және халыққа білім берген мұғалім болғанын айтып, өз сөзін аяқтады.Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер Еркінбек Тұрғыновқа өткізген семинары үшін алғыс білдіріп, болашақта өте нәтижелі жұмыстар күтетінін айтты.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026