f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2021 жылы 15 сәуірде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, доцент, доктор Суат Бейлур әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен өткен «COVID пандемиясы кезіндегі діни институттар мен тәжірибелер: қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференцияда баяндама жасады.

2021 жылы 15 сәуірде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, доцент, доктор Суат Бейлур әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен өткен «COVID пандемиясы кезіндегі діни институттар мен тәжірибелер: қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференцияда баяндама жасады.

15 April 2021

ҚР БҒМ қолдауы негізінде және т.ғ.д. Л.Г. Ерекешеваның жетекшісігіндегі «Цифрландыру және COVID пандемия кезіндегі әлеуметтік кеңістікті өзгерту контекстіндегі Қазақстандағы діни институттар мен тәжірибелер» атты іргелі жоба аясында ұйымдастырылған конференция Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Палтөреінің ашылу сөзінен кейін екі сессия аясында жалғасты.

Конференцияға Қазақстаннан басқа Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Үндістанның зерттеушілері мен ғылымдары және ЮНЕСКО елдерінің өкілдері қатысты. Доцент, доктор Суат Бейлур «COVID-19 эпидемиясының діни білімге әсері» атты баяндама жасады.

Өзінің баяндамасында доцент, доктор Суат Бейлур COVID-19 эпидемиясының діни институтқа, сондай-ақ, барлық әлеуметтік институттарға айтарлықтай әсер еткеніне тоқталып, кейбір зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстандағы қашықтықтан діни білім беру мүмкіндіктерін қарастырды. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, Қазақстанда діни білім негізінен отбасы, мектеп (9-сынып), жоғары оқу орындары, медреселер мен мешіттер арқылы жүзеге асырылады, олардың арасында отбасы (50%-ға жуық) жастарға арналған алғашқы діни білім беру мекемесі болып табылады, оның артынан мешіттер мен медреселер, интернет және әлеуметтік медиа, ақырында мектептер келеді. Осы мәліметтер негізінде, Ковид-19 үдерісіндегі діни білімнің болашағын екі тұрғыдан қарастыруға болады: негізгі деңгейдегі діни білім және кәсіби (кәсіптік) діни білім. Қазіргі жағдайда мемлекеттік мектептердегі 9-сынып бағдарламасындағы «Зайырлылық және дінтану негіздері» сабағына және жоғары оқу орындарындағы «Дінтану» курстарына берілген қашықтық үлкен өзгеріс тудырмайды деп айтуға болады. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер бойынша, кәсіби деңгейдегі діни білім беруде жағдай әртүрлі. Себебі кәсіптік білім беруде практика мен бетпе-бет оқыту маңызды орын алатыны көрсетілді. Сондықтан осы екі деңгейге арналған әртүрлі стратегиялар мен әдістерді әзірлеу қажет. Осы кезде кейбір ұсыныстарды санап шығатын болсақ, ең алдымен, білім берудің онлайн-инфрақұрылымын дамыту; екіншіден, екі деңгей бойынша онлайн-оқу материалын әзірлеу; Үшіншіден, жастардың интернетті және әлеуметтік медианы пайдалану жылдамдығын ескере отырып, дәстүрлі түрде қабылданатын діни білім алушылар үшін балама білім беру мүмкіндіктерін құру және ақыр соңында діни материалдарды ашық қол жетімділікке қол жеткізу маңызды екендігі айтылды.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026