f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›Еуразия ғылыми-зерттеу институты дайындаған «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» атты ұжымдық монография мен 2 томдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты еңбектердің тұсаукесері 2022 жылы 14 қазанда Астанада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Абай академиясы және Қазақ Ұлттық академиялық кітапханасыбірлесіп өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институты дайындаған «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» атты ұжымдық монография мен 2 томдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты еңбектердің тұсаукесері 2022 жылы 14 қазанда Астанада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Абай академиясы және Қазақ Ұлттық академиялық кітапханасыбірлесіп өткізді.

15 October 2022

Абай академиясының директоры, ф.ғ.к., доцент Әубәкір Жандос модератор болған шараның ашылу салатанатында Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екіжі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Жанар Төлиндинова, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті, доктор Физули Мажидли және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлур сөз сөйледі.

ТүркияныңҚазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екіжі өз сөзінде Абай Құнанбайұлы тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің маңызды тұлғаларының бірі екенін, оның шығармалары ортақ рухани, әдеби және мәдени мұра ретінде қабылданатынын айта келе, Абайды тану, оның ойын түсіну арқылы екі бауырлас елдің рухани байланысы нығая түсетінін тілге тиек етті.

Ашылу сөзінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек Түркия мен Қазақстанның ортақ университеті ретінде түркі әлемінің ортақ тұлғаларын насихаттауға және олардың еңбектерін дайындап, басып шығаруға үлкен мән беретінін, осы тұрғыда Қожа Ахмет Ясауи шығармаларын қамтыған көптеген шығармаларды баспадан шығарғанын жеткізді. Сөз соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұзақ зерттеудің жемісі ретінде дайындаған екі еңбектің абайтанудағы маңызды олқылықтың орнын толтыратынын айтқан  профессор, доктор Мұхиттин Шімшек түрік тілінде Абай өлеңдерінен үзінді оқыды.

Кітап авторлары мен көптеген абайтанушылардың, сондай-ақ, ғылыми мекемелер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен шара соңында аталған екі кітап барша қатысушыларға сыйға берілді.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026