Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Түркияның Энергетикалық стратегиясы мен саясатын зерттеу орталығы (TESPAМ), Қазақстан-Халықаралық зерттеу орталығы (IRC-K) және Оңтүстік Азия стратегиялық зерттеулер орталығы (GASAM) бірлесіп өткізген «Түркі әлемі – Үндістан қатынастары» тақырыбындағы электронды панельде Түркі әлемі мен Үндістан арасындағы қатынастарға қатысты мол сараптамалық мәлімет беріліп, олардың болашақ даму жолдары талқыланды.
Түркі әлемі мен Үндістан арасындағы саяси және сауда-экономикалық жетістіктердің арқасында бұл аймақ қазіргі таңда дүние жүзі экономикасының тарту күшіне ие маңызды орталықтардың біріне айналды. Бұл үрдісті баянды ету үшін аймақтың саяси және экономикалық өрлеуімен қатар, аймақ елдері арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту, сауда мен инвестицияларды ырықтандыру, сауда-техникалық ынтымақтастық пен іскери байланыстарды жеңілдету маңызы жоғары қажеттілік ретінде қарастырылады.
Панельге TESPAM төрағасы Огузхан Акйенер, GASAM төрағасы Жемал Демир, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің оқытушысы, профессор, доктор Лаура Ерекешева, Оңтүстік Азия стратегиялық зерттеулер орталығының зерттеушісі PhD Хаяти Үнлү және Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері PhD Альбина Мұратбекова қатысты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Вакур Сүмер модераторлығындағы панель профессор доктор Лаура Ерекешеваның баяндамасымен ашылды. Профессор Лаура Ерекешева өз сөзін панельді іске асыруда маңызды рөл атқарған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтына, TESPAM, IRC-K және GASAM ұйымдарына алғыс білдіруден бастады.
Кеңес Одағының ыдырауы және Орталық Азияда жаңа тәуелсіз республикалардың пайда болуы Үндістан үшін көптеген геосаяси мәселелерді туындатқанын айта отырып, ол өзгеріп отырған жағдайда Орталық Азияға жаңаша көзқарас арқылы Үндістанның бұл аймақпен 2500 жылдық қарым-қатынас тарихы бар екенін мәлімдеді. Үндістанның стратегиялық ойлауының бастауы Еуразияның динамикасында жатқанын және бұл әртүрлі жолмен болса да, бүгінгі күнде де жалғасып жатқанын жеткізді. Алайда ол қазіргі кезеңдегі түрлі саяси оқиғалар мен күшті геосаяси бақталастық Үндістанның Орталық Азиямен ғасырлар бойы байланысының толықтай дерлік тоқтауына әкелгенін баса айтты. Үндістанның Орталық Азия елдерімен сауда байланысының жалпы көлемі шамамен 1,2 миллиард долларды құрағанын, бірақ мұндағы әлеует бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Еуразиялық экономикалық одақ сияқты аймақтық ұйымдар Үндістанның аймақ елдерімен байланысын нығайтуға көмектесе алатындығына назар аударды. Сонымен қоса, Иран мен Ауғанстан арқылы өтетін жолдарға сәйкес және Гималайдан Шыңжаң аумағы арқылы өтетін дәстүрлі Үнді-Орталық Азия бағыты бойынша Үндістан және Орталық Азиямен тікелей тасымалдау мүмкіндіктерін нығайтудың маңыздылығын да атап өтті. Бұл зерттеулер бір елдің ынтасымен емес, аймақтағы басқа елдермен (соның ішінде Қытаймен) бірлесіп әрекет ету кезінде оңтайлы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Үндістанның Орталық Азиямен тарихи байланыстарын еске түсіру керек екендігін және бұл елдің өз көзқарасы мен түсінігін Орталық Азия аймағына толығырақ түсіндіре алуы керек екенін мәлімдеді. Осы уақытқа дейін қабылданған қадамдар мен қол қойылған келісімдер бұл бағытта күш-жігер жұмсауда, оларды күшейту арқылы жалғастыра түсу керек екенін баяндады. Сөзінің соңында экономика, ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, білім мен БАҚ, спорт және т.б. салалардағы ынтымақтастық келісімдері және қатынастардың қазіргі жағдайы туралы құнды мәлімет келтірді.
Панельдің екінші баяндамасын «Аймақ пен Үндістан арасындағы қатынастар: негізгі энергетикалық ресурстар» тақырыбында TESPAM төрағасы Огузхан Акйенер жасады. Үндістанның негізгі энергетикалық ресурстары, тұтынуы мен өндірісі туралы әр түрлі ақпарат бере отырып, әсіресе Үндістанда электр энергиясының жетіспеушілігінің өте көп екенін және олар 2050 жылға дейін халық санының өсуіне байланысты 400% өсуін күтетіндіктерін мәлімдеді. 2000-2019 жылдар аралығында елде 750 миллион адам электрмен жабдықталғанын, бірақ халықтың белгілі бір бөлігі экономикалық себептерге байланысты осы электр қуатын пайдаланатын құрылғылар сатып ала алмайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, ол Үндістанның мұнай өңдеу орталығы ретіндегі жағдайын жақсартуға әрекет жасағанын және көмірқышқыл газының шығуы мен климаттың өзгеруі жағынан ең көп зардап шеккен елдердің көшбасында тұрғандығын атап өтті. Сондай-ақ, ол елдің әлеуметтанулық тұрғыдан дамуы 100 жыл артта қалғанын және халықтың табиғи газға қолжетімді болғанымен, оны қымбатқа пайдаланбауды жөн көретіндігін де айтты. Ол көмірді тұтыну жаһандық ауқымда азайып бара жатқанымен, көмір қоры бай кедей елдерде көбірек қолданылатындығын және олардың қатарына Үндістанның кіретіндігін мәлімдеді. Ол мұнай мен табиғи газдың Түркі әлемі үшін әлі де маңызды екенін, бұл үдерістің орта және ұзақ мерзімде жалғасатынын жеке атап өтті. Үндістанның Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан табиғи газ құбыры (TAPI) жобасында Түркіменстан және Ауғанстанмен қарым-қатынастарын жақсартуға тырысатынына, бірақ Қытайдың өзінің мүдделеріне сәйкес Орталық Азиядағы табиғи газды қорғауға бағытталған қадамдар жасайтынына баса назар аударды. Егер олар ортақ пікір төңірегінде топтасатын болса, жақсарту оң нәтижеге жететінін айтты.
Панельдің үшінші баяндамасын «Тарихта үнді субконтинентінің Түркі әлемімен қатынастары туралы» тақырыбында GASAM төрағасы Жемал Демир жасады. Ол өз сөзін Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка және Мальдив аралдары аймақтың шекаралары болып саналатындығы туралы айтудан бастады. Түркілердің Үндістан халқымен қарым-қатынасы біздің заманымызға дейінгі кезеңнен басталғанын көрсете отырып, кейінгі дәуірдегі түркі және үнді халықтары арасындағы қатынастардың жағдайы туралы баяндап шықты. Бұл ретте Үндістандағы түркілердің билік құрған кезеңін үш кезеңге: Құрылу және соғыс дәуірі (1001-1526), Орналасу және өсу дәуірі (1526-1700) және тоқырау мен құлдырау дәуірі (1700-1857) деп бөліп қарастыруға болатынын атап өтті. Осы аймаққа келген түркілердің мақсаты отаршылдық менталитетінен алыс және тек өздері үшін Отан құру екеніне назар аударды. Ол Тәж-Махал сияқты тарихи мұралардың маңыздылығына тоқталып, осы жерлерге келген түркілердің тарихы туралы көбірек зерттеулер жүргізу керектігі туралы ой қорытты. Түркі және үнді халықтарының арасында бір тарихтың бар екенін және осы тарихи өткенді қайта жаңғырту керектігін айтқан Жемал Демир, аймақ тарихы туралы қаншалықты көп ақпарат алсақ, сол аймақпен қазіргі қарым-қатынасымыз да соғұрлым күшті бола алатынын туралы пайыммен бөлісті. Осы тұрғыда ол қажетті зерттеулерге бағыттау және ынтымақтастық жасаудың маңызды екенін айтып, өз сөзін аяқтаған болатын.
Панельдің төртінші баяндамасын «Үндістан және Түркі әлеміндегі жалпы қатынастар» атты тақырыппен PhD Хаяти Үнлү жүзеге асырды. Үндістанның Түркі әлемі және әсіресе Орталық Азия елдерімен ортақ шекарасы болмаса да, тарихи байланыстарымен қатар географиялық жақындығын айта отырып, қазіргі таңда Үндістанның, әсіресе аймақтағы елдердің энергия ресурстарына деген қызығушылықтарының артып отырғанын баяндады. Алайда Орталық Азия аймағымен автомобиль немесе теміржол сияқты тікелей тасымалдау арналарының болмауы Үндістанға аймақ елдерімен одан әрі сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға кедергі келтіретіндігін айта келе, сонымен қатар Үндістандағы мұсылмандардың идеологиялық себептерге байланысты езгіге ұшырауы елдің түрік әлемімен қатынастарына кері әсерін тигізетіндігін атап өтті. Осы жылдар ішінде қалыптасқан Үндістанның сыртқы саяси стратегиялары Үнді мұхитына көбірек бет бұруы, бұл елді шекара арқылы байланыспаған Орталық Азия аймағынан алшақтататынын, шындығында, Үндістанның Орталық Азияда Қытайға, қарсы тепе-теңдік факторы ретінде қарастыру керек екенін мәлімдеді.
Панельдің соңғы баяндамасын Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Альбина Мұратбекова «Қазақстанның Үндістан көзқарасы» атты тақырыппен аяқтады. 2009 жылғы Стратегиялық серіктестік туралы мәлімдемеге негізделген Қазақстан мен Үндістан қарым-қатынасы соңғы онжылдықта айтарлықтай динамизмге ие болған жан-жақты диалог құрылғанын, Үндістан мен Қазақстанның өзара іс-қимылының қазіргі дамуы негізінде экономика, қорғаныс, мәдениет және білім салаларындағы ынтымақтастығының негізгі ынтымақтастық бағыты ретінде анықтайтынын баяндады. Доктор Мұратбекованың айтуынша, 90-жылдардың басында қажетті деңгейде дамымаған қатынастардың 2000-жылдардың басынан бастап дами бергенін жеткізді.
Институционалды тұрғыдан алға жылжып келе жатқан Үндістан-Қазақстан қатынастарының саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарын нығайту мақсатында Үкіметаралық комиссия (IGC) құрылғанын айта отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық, өндірістік және мәдени ынтымақтастық салаларында және жеке серіктес топтар шеңберінде тиісті бағыттардың орнатылғанын мәлімдеді. Соңғы уақытта дамыған бұл қатынастарға сауда мәліметтерінен мысал келтіре отырып, Қазақстан мен Үндістан арасындағы жалпы сауда көлемі 2020 жылдың алғашқы тоғыз айында 2015 жылғы 2,2 миллиард доллардың екі есеге жуық артқаны туралы айтты. Білім беру саласына ерекше көңіл бөле отырып, Үндістан студенттері арасында Қазақстандағы медициналық университеттерге деген сұраныстың жоғары екендігін және ең танымал бағдарламалардың қатарына медициналық және хирургиялық бөлімнің кіретінін, 5300-ге жуық үндістандық студенттің Қазақстанда білімін алып жатқандығы туралы мәлімет келтірді. Алдағы жылдары Үндістан мен Қазақстан арасында дамуға қолайлы және үлкен әлеуетті салалар ішінде киберқауіпсіздік, информатика және банк ісі сияқты Үндістанның әлемдік деңгейде тәжірибесі мол бағыттардың бар екенін баяндады.
Панельдің соңында сұрақ-жауап арқылы қатысушылар арасында пікір алмасу жасалды. Доктор Вакур Сүмер панельдің жоғары деңгейде өткендігін ерекше өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді.