Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда доктор, профессор Тимур Кожаоглу, Түркі халықтарына уақыт пен география тұрғысынан шолу жасай отырып, Түркі халықтарының рухани және мәдени тарихындағы қайшылықтар мен қақтығыстарға толы күрделі кезеңі болып табылатын XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Жәдид дәуіріндегі әдебиет және оның маңызды өкілдері жайында жалпы ақпарат берді. Доктор, профессор Тимур Кожаоглу, Түркістандағы Жәдид дәуірі әдебиетінің тұтас Түркі әлемі үшін маңызы өте зор екенін білдіре отырып, Жәдидші зиялылардың сол кезеңде тоқырауға ұшыраған Түркі халықтарының жаңаруы, рухани оянуы, ағартушылық, ұлттық сана мен халықты ояту қозғалыстарына назар аударғанын баса айтты. Түркістан халықтарының оянуы мен Түркі бірлігін дәріптеген Жәдидшілер ретінде атақты ақындар Мағжан Жұмабаев пен Абдулхамид Сүләймани Чулпанның Анадолы түріктерінің Азаттық күресін үлкен сүйіспеншілікпен және шын жүректен қолдағанын айтқан доктор, профессор Тимур Кожаоглу, олардың шығармаларындағы әрбір сөйлемнің өзі сол мезетте адамдарға үлкен рухани күш бергенін тілге тиек етті.Доктор, профессор Тимур Кожаоглу, Жәдидшілік үдерісі туралы толық ақпарат бере отырып, 1860-1930 жылдары Жәдитшіл зиялылардың негізінен тұтас Түркістандағы Мұсылман-түркілері арасындағы білім, баспасөз, құқық бостандығы және ер-әйел теңдігі қатарлы шешілуі қажет маңызды саяси және әлеуметтік-мәдени тақырыптарды көбірек талқылағанын баяндады. Доктор, профессор Тимур Кожаоглу, Жәдитшілік идеясы мен қозғалысының 1860-1930 жылдар аралығындағы Еуразия Түркі халықтары үшін өте маңызды демократиялық тәжірибе болғандығын баса айта отырып, қазіргі таңда да, Жәдидшілдік мұрасының Түркі әлемі үшін ұлттық бірегейлік пен рухани болашақтың дұрыс бағытта дамуы тұрғысынан маңызды екенін жеткізді. Осы тұрғыда, Кеңес одағынан кейін Түркі халықтары өздерінің Жәдидшілдік мұраларын қайта қалпына келтіруге баса назар аудара бастағандығын тілге тиек етті.Семинардың жалғасында доктор, профессор Тимур Кожаоглу, әсіресе, Кеңес одағы кезеңінде Жәдидшілік әдебиеті үлкен қысымға ұшырағанын, тек 1985-1991 жылдар аралығында, яғни Горбачевтің ашықтық кезеңінде ғана Жәдидизмге қатысты алғашқы оң зерттеулер пайда бола бастағанын мәлімдеді. Алайды, Түркия, Еуропа, АҚШ және Жапониядағы Жәдидшілікке байланысты зерттеулердің маңызды болғандығын атап көрсеткен доктор, профессор Тимур Кожаоглу, өзінің зерттеулеріне қарағанда, әсіресе, 1972-1990 жылдар аралығында Жәдидшілдікке қатысты көптеген түрікше және ағылшынша материалдар жарық көргендігін баса айтты. Кеңес одағы дәуірінен кейін, 1992 жылдан бермен қарай Қырым, Татарстан, Башқұртстан және Орталық Азиядағы тәуелсіз Түркі республикаларында Жәдидизмге қатысты өте маңызды зерттеулер жүргізілгендігін атап өтті. Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша әр түрлі ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.