Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін, Венгрия Ғылым академиясы Этнология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Дэвид Сомфай Венгрияның түркі әлемімен қарым-қатынасы туралы толық ақпарат берді. Венгр халқының өткенінен бүгініне дейінгі тарихына шолу жасай отырып, PhD Дэвид Сомфай, ежелгі уақытта венгрлер Сібір мен Кавказ арасындағы кең далада өмір сүргенін мәлімдеді. Ол ежелгі дәуірден бастап аймақтың көшпелі елдері арасында әр түрлі ортақ тілдердің (lingua franca) тарағанын түсіндіре отырып, сақтар сияқты ежелгі түркі тілдері Еуразияның оңтүстігінде, ал ежелгі угор немесе венгр тілі солтүстік Еуразияда кең тарағанын тілге тиек етті. Дэвид Сомфай бұл тілдің түрік тілдерінің бірі екендігін және шығыстағы моңғол және таң-маньчжур (алтай тілдері тобы) тілдеріне үлкен әсер еткетіндігін түсіндіріп, угор (венгр) тілінің фин-пермь және самоа тілдеріне және ханты-манси (оби-угор) тілінің қалыптасуына да үлкен әсері болғанын айтты.
Семинардың жалғасында ол венгрлердің VII ғасырда Еділ бойындағы Батыс Түрік хандығының бір бөлігі болғанын айта отырып, Батыс Түрік (Он-Ок) хандығы құлағаннан кейін Болгар және Хазар мемлекеттерімен тығыз байланыста болғандығы және сол кездегі барлық болгар тілдері венгрлердің тіліне үлкен әсер еткендігі туралы мәлімет берді. Дэвид Сомфай Оногур халқы VII ғасырда Паннония аймағына (қазіргі Батыс Венгрия) қоныс аударғанын, ал IX ғасырда Хазар мемлекеті әлсіреген кезде Алмуш пен Арпад (Туғрул әулеті) Паннонияны жаулап алғанын (895) және Венгрия мемлекетін құрғанын баяндады. Сондай-ақ, бұл аймақтың басқа аймақтарда Оногур аймағы ретінде танылғанын түсіндіре отырып, 948 жылы Византия императорымен кездескен Венгрия елшісі Булчу Харканың Арпад аймағынан, яғни Каспий теңізінен келген түріктер ретінде тіркелгенін мәлімдеді.
Ол Венгрия атауының жазбаша дереккөздерде тек XII ғасырда ғана пайда бола бастағанын атап өтіп, Хазар хандығы құлағаннан кейін Куман-Қыпшақ көшпелі тайпаларының Еділде, Кавказда және Қырымда өмір сүргенін және куман қыпшақтар арасында шығыста мадияр (оногур) сияқты тайпалардың болғанын айтты. Ол сонымен қатар, венгрлердің жазбаша тарихында олардың ата-бабалары скахалар (аландар) және ғұндар (оногурлар) деп аталғанын білдірді. XIX ғасырдың аяғында неміс лингвистері (Буденц, Хунсдорфер) венгр (угор) тілінің түрік тіліне қарағанда фин-перм тіліне жақын деп санайтынын және олар венгр тілінің түрік тілдерімен байланысына күмәнданатынын айтқан Дэвид Сомфай бұл теорияны қазіргі оралистік лингвистердің қабылдамайтынын да мәлімдеді. Венгрия ғалымдары бұл теорияны Австрия-Венгрия империясы кезінде және одан кейінгі Кеңестік кезеңде қолдағанын атап көрсеткен Дэвид Сомфай мұның тек ХХІ ғасырда дұрыс емес екенін түсініп, түріктермен байланыстың артқанын жеткізді. Ол 2018 жылы Венгрияның Түркі кеңесіне бақылаушы мүше ретінде кіргенін және 2020 жылы Будапешттегі Түркі кеңесі Еуропалық орталығының ашылуы Венгрия үшін маңызы зор екенін айта отырып, елдің қазіргі түрік елдерімен мәдени, ғылыми, саяси және әлеуметтік байланыстары одан әрі нығаятынын баса айтты.
Семинар соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмер тиімді және пайдалы семинары үшін PhD Дэвид Сомфайға алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.