Дөңгелек үстелге қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» түрік ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары ф.ғ.д., академик Қазақбай Таштемірұлы Қасымов «Тәуелсіздік жылдарындағы этно-мәдени ұйымдардың жұмысы», Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы президентінің көмекшісі, Ғылыми-ұйымдастыру жұмыстары департаментінің басшысы PhD докторы Тимур Әпендиев Әкімханұлы «Тәуелсіздік жылдарындағы жастар саясаты», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары т.ғ.к., доцент Маржан Қанатбекқызы Дауытбекова «Ұлттық код және оны жаңғыртудың жолдары», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Сафура Сапаргалиевна Қалдыбаева «Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ғылымындағы әйелдердің рөлі» атты тақырыптарда баяндамалар жасады.

Конференцияны Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер кіріспе сөз сөйлеп ашып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған конференцияға қатысқан көрнекті ғалымдарға ризашылығын білдірді және Қазақстанды тәуелсіздіктің 28 жылдығымен шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Дөңгелек үстелдің «Қазақстанның тәуелсіздіктен бергі толағай табыстары мен жетістіктері» тақырыбы төңірегінде өрбитінін атап өткен доцент, доктор Вакур Сүмер Қазақстанның 1992 жылдан осы уақытқа дейін Еуразиядағы өзгерістерге қарамастан өзінің тұрақтылығын сақтап, қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Осы сөздерден кейін доцент, доктор Вакур Сүмер «Gapminder.org» веб-сайтындағы статистикалық ақпараттарға тоқталып өтіп, Қазақстанның тәуелсіздіктен бергі жетістіктері туралы баяндады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» түрік ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары ф.ғ.д., академик Қазақбай Таштемірұлы Қасымов «Тәуелсіздік жылдарындағы этно-мәдени ұйымдардың жұмысы» атты баяндамасында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі мақсаты мен міндеттері туралы айтты. Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін атап өткен профессор, доктор Қазақбай Қасымов Қазақстан тарихына қысқаша тоқталды. Сөзінің жалғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ халқы үшін маңыздылығын түсіндіріп, «Қазақстан-2050» Стратегиясы туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы президентінің көмекшісі, Ғылыми-ұйымдастыру жұмыстары департаментінің басшысы PhD докторы Тимур Әкімханұлы Әпендиев «Тәуелсіздік жылдарындағы жастар саясаты» атты баяндамасын Қазақстан тәуелсіздігін алғаш таныған ел ретінде Түркия Республикасына алғыс білдіруден бастады. PhD докторы Тимур Әпендиев «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын түсіндіріп өтіп, Қазақстан жастарының ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ақылды, әрі көреген саясаты арқасында мыңдаған жастарға шетелдің жоғары оқу орындарында сапалы білім алуға мүмкіндік алғанын атап өтті. Баяндама соңында PhD докторы Тимур Әпендиев шетелде оқып жатқан жастар міндетті түрде елге оралып, Қазақстанның әр салада дамуына үлес қосатынына үміт білдірді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары т.ғ.к., доцент Маржан Қанатбекқызы Дауытбекова өз сөзін бастай келе, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Еуразия ғылыми-зерттеу институты арасында өте терең, әрі маңызды ынтымақтастық орнағанын атап өтті. Баяндама тақырыбы «Ұлттық код және оны жаңғыртудың жолдары» екенін еске салған доцент, доктор Маржан Дәуітбекова «ұлттық код» терминіне тоқталды. Доцент, доктор Маржан Дәуітбекова Қазақстанның жер көлемі жағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Ресейден кейін екінші, әлем бойынша тоғызыншы екенін еске сала отырып, тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан мен қазақ халқының тарихына тоқталды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылдан бері жарияланған Қазақстан халқына жолдауларының маңыздылығы туралы айтқан доцент, доктор Маржан Дәуітбекова Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенім білдірді.

Келесі баяндамашы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Сафура Сапаргалиевна Қалдыбаева «Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ғылымындағы әйелдердің рөлі» деген баяндамасында Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туралы сөз қозғады. Сафура Қалдыбаева қазақ зиялыларының әйелдер мәселесіне үлкен мән бергенін және қазіргі таңда қазақ ер адамдары әйелдерді аялап, ардақтайтынын тілге тиек етті. Баяндама соңында Сафура Қалдыбаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті атынан конференцияны ұйымдастырған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының барлық қызметкерлеріне алғыс айтып, болашақта екі ғылыми мекеме арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами беруін тіледі.

Конференциядан кейін институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.