Мақсаттары мен міндеттері
Түркі әлемін басты назарға ала отырып, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттер мен қоғамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құрылымдарын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық үдерістерді пәнаралық тәсіл негізінде зерттеу; аталған бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, жобалар әзірлеу, іске асыру және қолдау; өңірлік бейбітшілікті, тұрақтылықты және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін зерттеулер мен іс-шараларды жүзеге асыру. Осы мақсаттарға сәйкес Институттың міндеттері:
а)
Ең алдымен Түркі әлемін, сондай-ақ жалпы Еуразия кеңістігін қамтитын сыртқы саясат және халықаралық қатынастар, саясат, экономика, әлеуметтану, энергетика, көлік, технология, тарих және мәдениет салаларында пәнаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, осы бағыттардағы жобаларды жоспарлау және қолдау;
ә)
Түркі мемлекеттері мен қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған стратегияларды әзірлеу және осы мақсатта ғылыми білім мен деректер қалыптастыру;
б)
Қазақстанда және шетелде ұқсас бағыттарда қызмет ететін ғылыми-зерттеу мекемелерімен бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру;
в)
Түркі мемлекеттері мен қауымдастықтары мүше болып табылатын өңірлік және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жобалар әзірлеу;
г)
Институттың зерттеу бағыттарына сәйкес тақырыптар бойынша жұмыс істейтін табысты магистранттарға, докторанттарға және зерттеушілерге стипендиялық қолдау көрсету;
ғ)
Институттың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес курстар ұйымдастыру;
д)
Ғылыми журналдар, есептер, бюллетеньдер, кітаптар және басқа да басылымдар шығару;
е)
Институттың өзі немесе оның қолдауымен жүзеге асырылған зерттеулер мен басқа да жұмыстардың нәтижелерін жұртшылыққа таныстыру;
ж)
Ұлттық және халықаралық ғылыми конференциялар, іс-шаралар және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру;
з)
Институттың зерттеу бағыттарына кіретін салалар мен тақырыптар бойынша сыйлықтар тағайындау.
