Профессор, доктор Ижлал Аттила семинарды өзін таныстырудан бастады. Зерттеу саласы қаржы екенін атап өтіп, көптеген жылдар бойы Мармара университеті Саясаттану және мемлекеттік басқару бөлімінде оқытушылық қызмет атқаратынын айтты.
Профессор, доктор Ижлал Аттила семинарында қаржы саласындағы үш негізгі және өзекті тақырыптың негізгі тұстарына тоқталды. Бұлар, қаржы инженериясы, «fintech» және крипто валюталар жайында болды. Ол қаржы нарығында тәуекел және кірістердің тікелей пропорционалды екенін және осы тұрғыда тәуекел неғұрлым көбірек алынса, соғұрлым көбірек үміт пайда болатынын атап өтті. «Fintech» терминін, қаржы қызметтерін оңай, жақсы сапада және жылдам көрсету мақсатында құрылған қаржы және технологияны ұштастырып бірлестірген компаниялар ретінде түсіндірген профессор Аттила технологияның дамуы, интернеттің кеңінен қолданысқа енуімен бірге қаржы саласының ғылымның басқа да салаларымен байланысқанын айтты.
Профессор Аттила семинарының жалғасында, «келешекті бағалау» ұғымына түсініктеме беріп, келешекті кім бұрыс бағаласа соның үдерісті басқаратынын баса айтты. Өз сөзінде экономиканың негізгі қағидаларын еске түсірген профессор, доктор Ижлал Аттила әлемдегі биржалар туралы да мәліметтер берді. Қаржы секторында қызмет көрсететін халықаралық фирмалар жайын қозғап, Түркиядан мысалдар келтіре отырып биржалардың және жалпы әлемдегі қаржы секторының болашағына қатысты өз ойларымен бөлісті. Халықаралық банк ісі бойынша соңғы өзгерістерге тоқталған профессор, доктор Ижлал Аттила Қазақстан және Түркиядағы банк жүйелерін салыстырмалы түрде баяндады.
Семинардың соңғы бөлімінде профессор, доктор Ижлал Аттила 2017 жылдан бастап кеңінен тарай бастаған крипто валюталардың күн сайын саны мен танымалдылығы артып келе жатқанына тоқталды. Крипто валюталардың пайда болу себептерін айтып өткен баяндамашы, жақын келешекте қағаз ақшалардың орнына крипто валюталардың қолданысқа енетініне қатысты пікірлерін айтты.
Семинар соңында тақырыпқа қатысты пікірталастар жүргізілді және Еуразия Ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер бөліскен құнды мәліметтері үшін профессор, доктор Ижлал Аттилаға өз алғысын білдіріп, институт атынан алғыс хат тапсырды.