Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
Назарларыңызға «Азия Еуропа» журналының 2017 жылғы мамыр айындағы санын ұсынамыз. Өздеріңізге белгілі болғандай, 2012 жылы өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммиті аясында түркі халықтары арасында ортақ тіл, тарихи және мәдени байланыстарды нығайту үшін Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қоры құрылған болатын. Осы қор арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын институционалдық түрде қорғау, зерттеу және қолдау мақсаты көзделді. Журналымыздың бұл санында Бакуде қызмет атқарып жатқан халықаралық ұйыммен таныстыру мақсатында ұйым төрағасы Гүнай Ефендиевадан алған сұхбатпен бөлісуді жөн көрдік.