Еркінбек Тұрғынов

Еркінбек Тұрғынов

Junior Research fellow

Еркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.

Staff's Publications


May 3, 2022

Түркия мен Түркі республикалары арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

1991 жылы Түркі республикаларымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, аталған елдерде елшілік ашқан алғашқы мемлекет – Түркия. Түркия мен Түркі республикалары арасындағы тарихтан жеткен мәдени, тілдік, діни және рухани жақындық пен байланыс аталған мемлекеттер арасында қарым-қатынастың қалыптасып, дамуында елеулі фактор болды. Тарихи кезеңдерге көз жіберсек, Түркия – 1991 жылы 9 қарашада Әзербайжанның […]
February 7, 2022

Шанхай ынтымақтастық ұйымы: тарихы және аймақ қауіпсіздігіндегі рөлі

Шанхайда ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 1996 жылы – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан мемлекеттерінің арасында құрылған халықаралық ұйым. ШЫҰ Президенттер кездесуі деңгейіндегі алғашқы отырысынан бүгінгі дейін 20 жыл ішінде белді халықаралық ұйымға айналды. Ресми жұмыс тілдері орыс және қытай тілдері болатын ШЫҰ-ның екі тұрақты органы бар. Олар Бас хатшылық Бейжіңде […]
October 22, 2021

Зенгезур дәлізінің Әзербайжан мен аймақ үшін маңызы

Әзербайжан Таулы Қарабақ бойынша 2020 жылдың 27-қыркүйегінде екінші рет тұтанған соғысты 44 күнде өз пайдасына шешті. Дегенмен, Оңтүстік Кавказ аймағындағын жағдайға толық шешу үшін арнайы келісімнің болуы қажетті. Осы мақсатта Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бітімгершілік бастамасымен 2020 жылдың 10-қарашасында Мәскеуде Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам […]
September 27, 2021

Алматы әуежайы: Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер

1927-1997 жылдарында Қазақстан Республикасының (ҚР) астанасы болған Алматы 2 миллионға жуық халқымен елдің ең үлкен қаласы және елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 20% құрайды. Алғашқы ұшулары 1935 жылдан басталатын Алматы халықаралық әуежайы (АХӘ) бұл күндері Орталық Азияның әуе транспорты ең қарбалас әуежайларының бірегейі. Әуежайда 2 ұшу-қону 4400м х 45м және […]
September 25, 2021

Орталық Азиядағы ортақ мүдделер тоғысындағы ынтымақтастық мәселесі

Аймақтағы саяси және қауіпсіздік мәселесінің маңызы күн өткен сайын арта түскен кезеңде Орталық Азия елдерінің басшылары, атап айтқанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен Президенттердің консультативтік кездесуін өткізді. Кездесуде Орталық Азия Президенттерімен қатар, Біріккен […]
September 22, 2021

«Болашақ» бағдарламасы: тарихы мен даму кезеңдері

Халықаралық «Болашақ» степендиясы 1993 жылдың 5-қарашадағы Қазақстан Республикасының (ҚР) Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың № 1394 Қаулысымен кадрлар мен мамандар даярлау үшін құрылған. Республика азаматтарының әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында күндізгі бөлімде магистратура, докторантура (PhD), медициналық ғылым кандидаты, клиникалық ординатурада оқу, резидентура білімін шыңдауға немесе шетелдік мекемелерде іс-тәжірибеден өтіп біліктілік […]
June 23, 2021

Қырғызстан туризмінің дамуы мен мүмкіндіктері

Қырғызстан өзінің табиғи сұлулығымен, тарихи және мәдени құндылықтарымен Орта Азия елдері арасында туристік әлеуметі мен мүмкіндігін жоғары мемлекеттердің бірі. Әсіресе, табиғат туризмінің орны ерекше. Террироиясының 65%-ын Тәңір таулары алып жатқандықтан туристер тарапынан Қырғызстан «Орталық Азияның Швейцариясы» деп те аталады. Жалпы Орталық Азия аймағы қайталанбас табиғи кереметтері мен тарихи орындарымен әлі […]
April 18, 2021

Өзбекстанның жылыжай кешендері және жетістіктері

Соңғы жылдары Өзбекстан ауылшаруашылық саласында үлкен жаңғыруды өткеріп жатыр. Өзбекстан жерлерінің 46% таулы және далалы аймақтар болса, 41% шөлді және шөлейт жерлерден тұрады. 3% орман жене 10% жерлері егістік алқабына қолданылады. Егістік жерлерінің шамамен 95% суғарылады. Бұл көрсеткіштен Орта Азия елдері арасында Өзбекстанның ауылшаруашылық жерлерінің ең көбі суармалы ел екенін […]
February 4, 2021

Қазақстандағы парламент мәжілісі сайлауынан кейінгі өзгерістер

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліспен қатар, облыстық, қалалық және аудандық маслихат депутаттарының сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының (ҚР) Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 21 қазандағы халыққа жасаған үндеуінде 2021 жылдың 10 қаңтарында Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлаулары бұған дейін 1995 […]
December 14, 2020

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағы аясындағы сауда қатынастары: автокөлік саласындағы оң өзгерістер

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрылған алғашқы жылдары Қырым мәселесі бойынша Ресейге қатысты Еуропа Одағы (ЕО) мен басқа да батыс елдері тарапынан салынған санкциялар мен әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауына тура келіп, ЕАЭО тарапынан жоспарланған экономикалық оң көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмады.