Жарияланымдар

Ықтимал жаңа 25 жылдық келісім шеңберінде Иран-Қытай қатынастары

Иран Сыртқы істер министрі Мұхамд Жавад Зариф 2020 жылы шілдеде Қытаймен 25 жылдық стратегиялық келісім туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл келісімнің егжей-тегжейі көпшілікке жария етілегенімен, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл келісім негізінен екі ел арасындағы экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықты қамтиды. Бұл жаңалықтың сенімділігі күмән тудырғанымен, көп-теген сарапшылардың назарын аударып, […]


Қытай-Үндістан шекарасындағы қақтығыстың ықтимал салдары

Әлемдегі халық ең көп қоныстанған екі ел – Қытай мен Үндістан арасындағы нақты бақылау сызығы (LAC) бойында 2020 жылы 5 мамырда басталған шекара қақтығысы Пекин мен Дели қарым-қатынасындағы бұрыннан бар шиеленістің қайта күшеюіне себеп болды. Атап айтқанда, 2020 жылы 15 маусымда Ладах аймағындағы Галван өзенінің аңғарында екі тараптың әскерлері арасында […]


Университеттердің Халықаралық рейтинг жүйелері

Халықаралық Quacquarelli Symonds (QS) 2021 Әлемнің үздік университеттерінің рейтингінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 165-ші орынға көтеріліп, АҚШ-тың Рочестер университеті мен Тайваньның Ұлттық Цин Хуа университетінен озып, Ұлыбританияның Эксетер университетінен кейінгі орынға жайғасты. Бұл Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің маңызды жетістігі деп […]


Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты сауданы талдау

Халықаралық сауда – бұл экономикалық өсуге ықпал етіп, экономиканы әртараптандыратын, кедейлік деңгейін төмендететін және дамуды ынталандыратын маңызды факторлардың бірі. Кейбір елдер экспортты ілгерілетуге басымдық берсе, басқалары импортты алмастыру саясатын жүзеге асырады. Мемлекеттің ашықтығы оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі көрсеткіш болып табылады. Халық саны жағынан Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет болып саналатын […]


2010-2020 жылдар аралығында Қазақстандағы этникалық әртүрліліктің өзгеруі

120-дан астам этникалық топ өмір сүретін Қазақстан – посткеңестік мемлекеттердің ішіндегі ең көпұлтты ел. Қазақстанның көп ұлттылығы күрделі тарихи оқиғалар мен КСРО-дан қалған мұраның нәтижесі болып табылады. Қазақстан халқының жалпы саны жақында 18,631,779 адамға жетті, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 14,9%-ға немесе 2,428,505 адамға көп.


Технологияға қарсы геосаясат: huawei мысалы

2020 жылдың ақпанында дәстүрлі Мюнхен қауіпсіздік конференциясы кезінде АҚШ делегациясы Қытайдың телекоммуникациялық компаниясы Huawei-дің 5G технологиясынан туындайтын қауіпсіздік қатері туралы көпшілікке жариялады. Сонымен қатар, АҚШ-тың соңғы үш жыл бойы Huawei-ге бойкот жариялау үшін жүргізген жаһандық науқаны АҚШ Президенті Дональд Трамптың барлық маңызды кездесулерінде кеңінен талқыланғаны белгілі. Осыған байланысты 2020 жыл […]


Ирандағы қазақ диаспорасы және «нұрлы көш» бағдарламасы

Әлемдегі қазақ диаспорасы көптеген тарихи оқиғалардың нәтижесінде қалыптасқаны белгілі. Қазақстан тарихында қазақтар өз Отанынан басқа елдерге тек ерекше жағдайларда – саяси, экономикалық және діни қысымның, бүліктер мен соғыстардың, геноцид пен аштықтың нәтижесінде, әсіресе Кеңес одағының алғашқы кезеңінде кеткен. Сондықтан олар көбінесе мәжбүрлі көші-қон деп аталатын жағдайларға байланысты қоныс аударды. Жалпы, […]


Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан жаңа көлік дәлізі туралы шолу

2020 жылы 5 маусымда Ганьсу провинциясының астанасы Ланчжоу қаласынан пойызға тиелген жүк контейнерлері Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районының (ШҰАР) Қашқар қаласына жеткізілгеннен кейін жүк көлігіне тиеліп Қытай-Қырғызстан шекарасындағы Иркештам өткелі арқылы Қырғызстанның Ош қаласына, Оштан қайтадан теміржол арқылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына жеткізілді.  


Халықаралық студенттік ұтқырлықтың тарихи-зияткерлік инфрақұрылымы

Білім алу мен оқу мақсатында шетелге шығу – білім беруді интернационалдандырудың, басқа сөзбен айтқанда, халықаралық білім беру қызметінің таралу нәтижесі. Миссионерлік қызмет аясында білім беруді интернационалдандырудың тамыры ежелгі дәуірден бастау алса да, әдіснамалық тұрғыдан бұл үдеріс XVIII ғасырда басталды.  


COVID-19 індетінің Өзбекстанның туризм саласына әсері

Коронавирус пандемиясының кесірі әлем бойынша барлық салаға әсер етіп жатқаны байқалып отыр. Жаздың келуімен туризм саласы қайта жанданады деп күтілді. Алайда, пандемияның кері әсерінен өткен жылдардағы турист ағыны бұл жылы мүлдем байқалмайды. Вирустың таралуы жоғары болғандықтан, басқа салалармен қатар, туризм саласы да бірқатар шараларды қолдана отырып, туристердің сенімін арттыруға тырысады. […]