Жарияланымдар

Жібек жолының жаңғыруы және Қазақстан үшін мүмкін болатын пайдасы

Заманымызды екі мың жылдан бұрынғы дәуірмен салыстырғанда, заманауи өркениет, технология және коммуникацияның артықшылығына алдану оңай болуы мүмкін. Қанша уақыт өткеніне қарамастан қиялымызға симайтын сол кезеңнің жетістіктерінің бірі – ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы тек жарқын тарихи құбылыс қана емес, бүкіл жолындағы және айналасындағы халықтар үшін маңызды тәжіріибе.


Түркістан туризміндегі жаңа мүмкіндіктер

Түркістан қаласының келешек туристік әлеуеті көнеден қалыптасқан өзіндік дәстүрлерімен тікелей байланысты. Мұны Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан қаласының мәдени және тарихи ескерткіштерімен түсіндіреміз. Бұл дәстүрлі құндылықтар заманауи қаланың туристік әлеуетіне көп ықпал етіп отыр. Оны ең алдымен тарихи қаланың қазіргі сақталу жағдайы мен бүгінгі архитектуралық нысандардағы ортағасырлық стильмен сабақтастығы ретінде […]


Қазақстан мен Үндістан қатынастарындағы негізгі ерекшеліктер

Қазақстан мен Үндістан арасында 2009 жылғы қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы келісім, екккі елдің қарым-қатынасының соңғы 10 жылда айтарлықтай динамизмге қол жеткізуіне және жан-жақты диалог құруға мүмкіндік берді. 2015 жылы Үндістан Премьер- министрі Нарендра Модидің Қазақстанға сапары ағымдағы қатынастарды нығайтуға одан әрі серпін берсе, 2021 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың […]


Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімге шолу

2020 жылы 15 қарашада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығындағы (ASEAN) Бруней, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Мьянма, Филиппин, Сингапур, Таиланд және Вьетнам, сондай-ақ, ASEANның серіктестері Австралия, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия сынды елдер арасында өткен 4-ші кезекті Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік (RCEP) саммитінде RCEP келісіміне қол қойылды. Шамамен 8 жыл […]


Түрік ағыны табиғи газ құбырының ағымдағы даму үрдісі

Түркия энергия өндіруші елдер мен тұтынушы елдер арасындағы энергия тасымалында бірегей көпір қызметін атқарады. Еуропалық нарыққа бағытталған «Түрік ағыны» табиғи газ құбыры Ресейдің табиғи газын Қара теңіз арқылы Түркияға, одан ары Еуропа елдеріне жеткізуді қамтамасыз ететін жоба ретінде Түркияның позициясын одан әрі нығайта түсуде. Бұл құбыр Ресейдің Анапа жағалауынан басталып, […]


Жоғары білім берудегі басқару практикасы

Қазіргі заманауи қоғамда ең күрделі және ең маңызды мәселелер кездесетін салалардың бірі білім саласы болып табылады. Көптеген қиыншылықтарға байланысты, дамыған елдердің өзінде жақсы дамыған университеттің үлгісін табу қиын. Жоғары білім беруде білім сапасы, мемлекеттік немесе жеке қаржыландыру, жұмыс берушілердің жаңа шарттарын орындау, коммерцияландыру және цифрландыру маңызды мәселелер болып табылады. Талқыланатын […]


Жаңадан Азия бастамасы және Түркия Сыртқы істер министрінің Орталық Азияға сапары

2019 жылдың тамыз айында өткен 11-ші Елшілер конференциясы Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу жариялаған «Жаңадан Азия бастамасының» алғашқы қадамы болып табылады. Әлемнің негізгі экономикалық және саяси платформасының ауырлық орталығы бірте-бірте шығысқа қарай, Қытайға бағытталған Азияға ауысқандығы туралы пікірлер соңғы жылдары көбірек айтыла бастады. 2013 жылы Қытай жариялаған «Белдеу және […]


Түркияның сыртқы сауда саясаты және динамикасы

Халықаралық сауда Түркия экономикасында маңызды рөл атқарады. Экспорт – ел үшін маңызды кіріс көзі болып қала беруде. Түркия әлемдік нарыққа ауылшаруашылық, өндірістік және технологиялық өнімдердің маңызды жеткізушісі болып табылады. Сондықтан, бұл анализ Түркияның сыртқы сауда динамикасын талдауға, оның негізгі сауда серіктестері мен сауда саясатының өзгерістерін көрсетуге бағытталған.


Оңтүстік Кореяның көші-қон саясаты және демографиялық оқшауланудың аяқталуы

Иммигранттардың халық санындағы үлесі бойынша Оңтүстік Корея табысы жоғары елдер арасында бірінші орында тұрады. БҰҰ Халықты орналастыру қорының статистикасы бойынша, 2019 жылы иммигранттар Оңтүстік Корея хақының 2,3%-ын ғана құрады және бұл көрсеткіш басқа дамыған елдердегідей (14%) болмады. Экономикасы өркендеген онжылдықта Оңтүстік Корея өте қатал және консервативті иммиграция саясатын ұстанды.


Еуропалық Одақ және Тәжікстан: даму үшін көмек

Тәжікстан Еуропалық одақтың (ЕО) Орталық Азиядағы саясатында ерекше орын алады. Климаттың өзгеруіне және табиғи апаттарға бейім, экономикалық жағдайы төмен Тәжікстан аймақтағы елдер арасында ЕО-дан ең көп көмек алады, бұл көрсеткіш ЕО-ға мүше мемлекеттердің бүкіл әлемдік дамуға көмегінің 40%-дан астамын құрайды. Бұл зерттеу ЕО-ның Орталық Азия аймағында екіжақты және көпжақты байланыстарды […]