Жарияланымдар

Ресей мен Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы талдау

Ресеймен экономикалық ынтымақтастық, оның аймақтағы рөлінің төмендегені жайлы болжауларға қарамастан, Орталық Азия елдері үшін маңыздылығын сақтап келеді. Ресеймен сауда және инвестиция саласындағы серіктестіктер аймақтың экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал етуде. Бұл елдерге байланысты талдаулар, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты экономикалық қатынастардың тарихи тұрғыдан берік болғанын көрсетуде. Ресейдің Қырғызстанмен қарым-қатынасында саяси және […]


Батысқа бет бұру мен шығыс симпатиясының үйлесімі: Молдова мен Гагаузия мысалы

2020 жылдың 15 қарашасында Молдовада төртінші кезекті президенттік сайлаудың екінші раунды өтті, онда қазіргі президент Игорь Додон, өзінің басты қарсыласы, Молдованың еуропашыл сайлаушыларының өкілі Майя Сандуға қарсы шықты. Еуропаға қарсы және ресейшіл ұстанымды президент Игорь Додонға қарсы Майя Сандудың жеңісіндегі 57,72% бен 42,28% арасындағы айырмашылық молдовалықтар арасында еуропалық ұстанымның басым […]


Еуропа Одағының Қыргызстанмен қарым-қатынасы: қысқа шолу

Еуропа Одағы (ЕО) әрдайым Орталық Азия аймағында белсенді ойыншы болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ЕО бұл аймақты өзінің техникалық көмегі және кейінірек ынтымақтастықтың даму құралы (DCI) арқылы қолдады. 2007 жылы ЕО ынтымақтастық пен саяси диалог сияқты жалпы мақсаттарды анықтайтын және ынтымақтастықтың жеті басым бағыттарын қамтитын бірінші Орталық Азия стратегиясын қолданысқа […]


Біліктіліктің жетіспеуін қалай шешу керек: Пәкістан мысалы

Халықаралық еңбек ұйымының (2020 жыл) деректері бойынша жастардың жаһандық жұмыссыздық деңгейі (15-24 жас) 13,6%-ды құрайды. Қандай да бiр бiлiмi немесе кәсiптiк біліктілігі жоқ жұмыссыз жастардың саны өсуде. Бұл дегеніміз, жас ұрпақтың жұмыс тауып, ел экономикасына үлес қосуы үшін білімге қол жеткізуі және соған байланысты біліктілікті дамытуы қажет.


Түркияның Балқан саясатына шолу

Балқан сөзі географиялық және саяси ұғым ретінде алғаш рет Османлы тарапынан қолданылған және ормандар мен таулардан тұратын тік жер ретінде анықталады. Балқан шекаралары туралы әр түрлі пікірлер болға- нымен, жалпы қабылданған пікір бойынша, Албания, Босния және Герцеговина, Косово, Сербия, Қаратау, Македония, Болгария, Румыния, Грекия және Түркияның Фракия аймағын қамти отырып […]


Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағы аясындағы сауда қатынастары: автокөлік саласындағы оң өзгерістер

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрылған алғашқы жылдары Қырым мәселесі бойынша Ресейге қатысты Еуропа Одағы (ЕО) мен басқа да батыс елдері тарапынан салынған санкциялар мен әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауына тура келіп, ЕАЭО тарапынан жоспарланған экономикалық оң көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмады.  


Әлеуметтік аударымдарда жаңа белес: білім мен тәжірибе аударымы

Көші-қон – адамзат тарихындағы мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан ең көне оқиғалардың бірі. ХХІ ғасырда тасымалдау секторының технологиялық әлеуеті мен инфрақұрылымның қарқынды дамуының арқасында көші-қон барысы анағұрлым жеңіл және жылдам үдеріске айналды. 2020 жылы бүкіл әлемде 272 миллион адам негізінен экономикалық себептерге байланысты өз елінен тыс жерде жұмыс істейді […]


COVID-19 эпидемиясының Ресей экономикасына әсері

COVID-19 пандемиясы әлемдік деңгейде әртүрлі шектеулер енгізіліп, ұлттық деңгейде қосымша шаралар қолданылумен қатар, барлық елдердің экономикалық өсу болжамына кері әсерін тигізді. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2020-2021 жылдардағы әлемдік экономикадағы жалпы шығын шамамен 12 триллион АҚШ долларына жетеді.


Өзбекстанның латын әліпбиіне көшу үдерісі және тәжірибесі

Әлемдегі 200 миллионнан артық түбі бір Түркі халықтары қазіргі таңда латын, кирилл және араб графикаларына негізделген неше түрлі әліпби үлгісін қолдануда. Салдарынан аталмыш әліпбилер мен олардың орфографиялық үлгісі бір-бірінен өте алшақ болып, Түркі тілдерінің дыбыстық құрылымының жақындығы мен туыстығы ескерілмей келеді. Алайды, тәуелсіз Түркі елдерінде соңғы жылдары өзекті мәселеге айналған латын […]


Пандемия жағдайындағы қала өміріндегі өзгерістер: Түркістан қаласы мысалында

2020 жылдың басында әлемнің көптеген елдеріне тарала бастаған Covid-19 коронавирус инфекциясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДС) әлемдік пандемия жариялауына алып келді. Бүкіл әлемді жайлаған бұл індеттің тез таралуы мемлекеттер арасындағы шекаралардың жабылуына, тұтас өнеркәсіп жүйесінің әлсіреуіне, экономикалық дамудың бәсендеуіне негіз болды. Соған сәйкес, көптеген іргелі елдер коронавирус пандемиясы жағдайына негізделген […]