Жарияланымдар

The Tūqmāq (Golden Horde), the Qazaq Khanate, the Shībānid Dynasty, Rūm (Ottoman Empire), and Moghūlistan in the XIV-XVI Centuries from Original Sources

The “The Tūqmāq (Golden Horde), the Qazaq Khanate, the Shibanid Dynasty, Rūm (Ottoman Empire), and Moghūlistan in the XIV-XVI Centuries: from Original Sources” monograph that you are about the read represents a unique opportunity for readers with its extensive original sources that are not presented before in Eurasian studies concerning […]


Технологияға қарсы геосаясат: huawei мысалы

2020 жылдың ақпанында дәстүрлі Мюнхен қауіпсіздік конференциясы кезінде АҚШ делегациясы Қытайдың телекоммуникациялық компаниясы Huawei-дің 5G технологиясынан туындайтын қауіпсіздік қатері туралы көпшілікке жариялады. Сонымен қатар, АҚШ-тың соңғы үш жыл бойы Huawei-ге бойкот жариялау үшін жүргізген жаһандық науқаны АҚШ Президенті Дональд Трамптың барлық маңызды кездесулерінде кеңінен талқыланғаны белгілі. Осыған байланысты 2020 жыл […]


Ирандағы қазақ диаспорасы және «нұрлы көш» бағдарламасы

Әлемдегі қазақ диаспорасы көптеген тарихи оқиғалардың нәтижесінде қалыптасқаны белгілі. Қазақстан тарихында қазақтар өз Отанынан басқа елдерге тек ерекше жағдайларда – саяси, экономикалық және діни қысымның, бүліктер мен соғыстардың, геноцид пен аштықтың нәтижесінде, әсіресе Кеңес одағының алғашқы кезеңінде кеткен. Сондықтан олар көбінесе мәжбүрлі көші-қон деп аталатын жағдайларға байланысты қоныс аударды. Жалпы, […]


Asya Avrupa No: 54

Құрметті оқырмандар, Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразия ғылымизерттеу институтының ай сайын жарық көретін және төрт тілдегі (түрік, қазақ, ағылшын және орыс) материалдарды қамтитын «Азия Еуропа» ақпараттық сараптама журналының 54-ші санын назарларыңызға ұсынамыз. Әдеттегідей, осы санымызда да институт сарапшылары Еуразия аймағының күн тәртібімен тығыз байланысты көптеген тақырыптарды қарастырды.  


Сарыарқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік

Сарыарқа аталатын алып кеңістік сонау адамзат баласы мекендеген уақыттан бастап, сақ, ғұн, түріктер заманында саяси оқиғалардың аренасы болды. Ал ор- тағасырлардағы тарихы Монғол империясының құрылуымен байланысты. Тарихы тереңнен тамыр тартатын Сарыарқа даласы бір заманда Алтын Орда деп аталған алып ипмерияның кіндігі болған. ХІІІ ғасыр басында, шығысы Алтайдан басталып батысы Дунай […]


Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан жаңа көлік дәлізі туралы шолу

2020 жылы 5 маусымда Ганьсу провинциясының астанасы Ланчжоу қаласынан пойызға тиелген жүк контейнерлері Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районының (ШҰАР) Қашқар қаласына жеткізілгеннен кейін жүк көлігіне тиеліп Қытай-Қырғызстан шекарасындағы Иркештам өткелі арқылы Қырғызстанның Ош қаласына, Оштан қайтадан теміржол арқылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына жеткізілді.  


Халықаралық студенттік ұтқырлықтың тарихи-зияткерлік инфрақұрылымы

Білім алу мен оқу мақсатында шетелге шығу – білім беруді интернационалдандырудың, басқа сөзбен айтқанда, халықаралық білім беру қызметінің таралу нәтижесі. Миссионерлік қызмет аясында білім беруді интернационалдандырудың тамыры ежелгі дәуірден бастау алса да, әдіснамалық тұрғыдан бұл үдеріс XVIII ғасырда басталды.  


COVID-19 індетінің Өзбекстанның туризм саласына әсері

Коронавирус пандемиясының кесірі әлем бойынша барлық салаға әсер етіп жатқаны байқалып отыр. Жаздың келуімен туризм саласы қайта жанданады деп күтілді. Алайда, пандемияның кері әсерінен өткен жылдардағы турист ағыны бұл жылы мүлдем байқалмайды. Вирустың таралуы жоғары болғандықтан, басқа салалармен қатар, туризм саласы да бірқатар шараларды қолдана отырып, туристердің сенімін арттыруға тырысады. […]


Asya Avrupa No: 53

Құрметті оқырмандар, Қожа Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ай сайын шығатын «Азия Еуропа» ақпараттық сараптама журналының жаңа санын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл санымызда да біз күллі әлемнің, әсіресе Еуразия аймағының күн тәртібіндегі соңғы мәселелерді қарастыратын мақалалар әзірледік.  


Еуразияның батыс қиырындағы Эстонияда әсіре оңшыл партиялардың күшеюі

Соңғы 10 жылда жаһандық экономикалық дағдарыстар, көші-қон ағындары, эпидемиялық аурулар сияқты көптеген оқиғалар орын алып, бұлардың әртүрлі салдарға әкелгені мәлім. Көптеген елдерде осы жағымсыз жағдайлардың экономикадан бастап саяси және тіпті әлеуметтік өмірге дейін әсер еткенін көріп отырмыз. 2008-2009 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін бірнеше жыл ішінде әлем елдері экономикасының макро […]