Page 27 of 38
Өзбекстан-ЕО қатынастары: кеңейтілген серіктестік бағытында
Еуропа одағының (ЕО) Орталық Азия бойынша 2019 жылға арналған стратегиясына сәйкес Еуропалық кеңес Орталық Азия мемлекеттерімен жаңа екіжақты Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімдер (КСЫК) бойынша келіссөздер жүргізуге бастамашы болды. ЕОның аймақпен өзара іс-қимылының негізін құрайтын КСЫК екіжақты серіктестіктің басты құралы болады деп жоспарлануда.

Tags: Еуропа одағы, Өзбекстан
June 15, 2020
Синдзо Абэнің коронавирусқа қарсы «пирр жеңісі»
2019 жылдың қарашасында Синдзо Абэ Жапонияның тарихына премьер-министрдің қызметін ең ұзақ атқарған саясаткер ретінде кіріп, бұл көрсеткіш бойынша ХХ ғасырдың басында үкіметті басқарған Таро Кацураны басып озды. Сайлау алды науқаны кезінде халыққа Жапония конституциясын, әсіресе оның 9-шы пацифистік бабын қайта қарауды уәде еткен Абэ 2020 жылға үлкен жоспар құрды, оны […]

Tags: COVID-19, Жапония, Халықаралық қатынастар
June 8, 2020
Asya Avrupa No: 52
Құрметті оқырмандар, Қожа Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан төрт жылдан астам уақыттан бері ай сайын төрт тілде шығарылып келе жатқан «Азия Еуропа» ақпараттық сараптама журналының 52-ші санын назарларыңызға ұсынамыз.

Tags: Жапония, Қаржы, Қытай, Халықаралық қатынастар
June 1, 2020
Қазақстанда вакцинаға сенімсіздік білдіру мәселесі
Әлемді жайлаған коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 6 миллионнан асып, вирустың жаңа түрі одан әрі таралған сайын, бүкіл әлемдегі адамдарды пандемия мен оның салдары жақын арада аяқталады ма деген сұрақ мазалауда. Өкінішке орай, сарапшылар «ұжымдық иммунитет» қалыптаспайынша пандемияның аяқталуы жайлы айту мүмкін емес деген пікірде.

Жаһанданудың болашағы
Жаһандану – экономистер арасында жиі талқыға түсетін мәселелердің бірі болып қала беруде. Бұл үдерістің Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық институттар күшті рөлі мен ықпалының, еркін сауданың, ұтқыр капитал мен адамдардың, технологиялар мен идеялардың болуын жақтайтын қолдаушылары да бар. Үдерістің қарсыластары болса, негізінен жаһанданудан туындайтын түрлі қауіп-қатерге, атап айтқанда, ішкі бәсекелестіктің […]

Tags: Халықаралық қатынастар
May 25, 2020
Молдованың қиын таңдауы: еуропалық немесе Еуразиялық интеграция
Молдова 2009 жылы 7 мамырда Еуропалық Одақтың (ЕО) бастамасымен құрылған Шығыс әріптестігі (ШӘ) мүшелерінің бірі болып табылады. Оған посткеңестік алты ел – Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина қатысады. ШӘ бағдарламасы ЕО және оның Шығыс Еуропа мен Кавказдағы көршілері арасындағы экономикалық ынтымақтастық, сауда, аймақтық экономикалық саясатты іске асыру және […]

Tags: Еуропа одағы, Халықаралық қатынастар
May 18, 2020
Гендер және қарусыздану: әйелдердің қатысуын арттыру
2000 жылдың 31 қазанында Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі «Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік» күн тәртібі шеңберінде маңызды шешім қабылдады. 1325 (2000) қарар жанжалдардың алдын алу мен шешудегі және бейбітшілік орнатудағы әйелдердің маңызды рөлін қуаттап, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау және ілгерілету жөніндегі жұмыстарға әйелдердің тең дәрежеде және толық қатысуының маңыздылығын атап […]

Tags: Біріккен ұлттар ұйымы, Халықаралық қатынастар
May 11, 2020
Түркияның Қырғызстандағы қоғамдық дипломатия бойынша шаралары
Мемлекеттердің сыртқы саясат күн тәртібі мен стратегияларына сәйкес көздеген мақсаттарына жетуінде қоғамдық дипломатия әдістерінің маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Бұл тұрғыда Түркия да соңғы 10 жыл ішінде халықаралық қатынастарында маңызды қадамдар жасап, жаңа институттар құрды және бұрынғыларын қайта құрылымдады.

Tags: Қырғызстан, Түркия, Халықаралық қатынастар
May 4, 2020
Asya Avrupa No: 51
Құрметті оқырмандар, 2019 жыл аяқталып, 2020 жыл басталғанда Қытайда вирустың жаңа түрі белең алғандығы туралы жаңалықтар тарала бастады. Қытайдың Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында пайда болған, COVID-19 атауымен белгілі бұл вирус негізінен өкпе жолдарын зақымдап, тұмауға ұқсас ауру ретінде сипатталған еді..

Tags: COVID-19, Қытай, Орта Азия, Саясат
May 1, 2020
Түркістан облысының әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымы
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өңірлердегі халықтың өмір сүру деңгейінен көрініс табады. Бұл тұрғыда өңірлердегі әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымның жағдайы толық шешімін тапты деуге болмайды. Осыған сәйкес, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін жақсартуға арналған бағдарламалар аясында атқарылып отырған ісшаралар өңірлердегі жылдар бойы қордаланған мәселелерді толық шеше алмай келеді.

Tags: Әлеуметтану, Қазақстан, Мәдениет, Орта Азия, Түркістан
April 27, 2020
Page 27 of 38
