f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Түркия мен Түркі республикалары арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл
ebulletin

Түркия мен Түркі республикалары арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Авторлар: Еркінбек Тұрғынов
2022 ж. 3 мамыр
Түркия мен Түркі республикалары арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

ТҮРКИЯ МЕН ТҮРКІ РЕСПУБЛИКАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА 30 ЖЫЛ 1991 жылы Түркі республикаларымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, аталған елдерде елшілік ашқан алғашқы мемлекет – Түркия. Түркия мен Түркі республикалары арасындағы тарихтан жеткен мәдени, тілдік, діни және рухани жақындық пен байланыс аталған мемлекеттер арасында қарым-қатынастың қалыптасып, дамуында елеулі фактор болды.

Тарихи кезеңдерге көз жіберсек, Түркия – 1991 жылы 9 қарашада Әзербайжанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел. Сондай-ақ, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанда да алғаш мойындап, таныған да – Түркия. Бауырластықтың озық үлгісін көрсеткен Түркияның Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанның тәуелсіздігі үшін де ұқсас ұстаным мен саясат көрсеткені белгілі. Түркі республикаларының қарымқатынасы көптеген жылдар бойы құрылымдық негізде дамып келе жатқанын көреміз. Бұл тұрғыда елдер арасында құрылған ортақ ұйымдар мен қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімдердің маңызы зор. Жасасқан келісімдер мен ортақ халықаралық ұйымдардағы мүшелік мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерінің жоғары дейгейде дамуына сеп болды. Мәселен, 2010 жылы 16 тамызда қол қойылған «Түркия мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара көмек келісімі» мен 2010 жылы 15 қыркүйекте Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің құрылуын маңызды оқиғалар ретінде көрсетуге болады. 2009 жылдың қазан айында Түркия мен Қазақстан арасында «Стратегиялық әріптестік туралы келісімге» қол қойылып, 2012 жылдың қазан айында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысы өткен болатын. 2017 жылдың 25-27 қазанында Түркия мен Өзбекстан арасында «Стратегиялық әріптестік туралы келісімге» қол қойылып, 2018 жылдың сәуір айында елдер арасында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі құрылған болатын. 1997 жылы 24 қазанда Қырғызстан мен Түркия арасында «Мәңгілік достық және ынтымақтастық келісімі» мен 1999 жылы шілдеде «Түркия мен Қырғызстан: 21 ғасырға бірге» атты мәлімдемеге қол қойылса, 2011 жылғы Стратегиялық ынтымақтастық жоғары кеңесі құрылғаннан кейін 2012 жылдың қазан айында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Түркі республикалары екі жақты қарымқатынастан бөлек, бірлесіп құрылған ортақ ұйымдар аясында ынтымақтастығын нығайтуға күш салуда. Қазіргі уақытта Түрік мемлекеттерінің ұйымы, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы және Түркі әлемі мирас қоры сияқты халықаралық ұйымдар түрік мемлекеттерінің жақындасуы мен ынтымақтастығына елеулі үлес қосып келеді.

Екінші жағынан, ортақ тарихи мұрасы бар Түркі республикалары ортақ тарихтың мәдени мұрасын әлемге таныту және оларды қорғау мақсатында дос әрі бауырлас елдер ретінде болашақ ұрпаққа жеткізу үшін ЮНЕСКО аясында да тығыз ынтымақтастық жасап келеді.

Осы ынтымақтастықтың арқасында түркі халықтарының ортақ мәдени мұралары «Дәстүрлі түрік садақ ату», «Дәстүрлі зияткерлік және стратегия ойыны:

тоғызқұмалақ, тоғыз құмалақ мангала /көшіп келу», «Қорқұт ата мұрасы», «Жұқа нан жасау және бөлісу дәстүрі» және «Наурыз»

құндылықтары ЮНЕСКО тізіміне енді.

Түркі республикалары арасында жас ұрпаққа достық қарым-қатынасты жеткізу және сақтау мақсатында білім беру саласында түрлі жұмыстар қолға алынды. Солардың ең маңыздыларының бірі ретінде, әлемдік деңгейде маңызы бар Түркия республикасы Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтарының (YTB) жоғары білім беру гранттары көптеген жастардың Түркияда білім алуына мол мүмкіндік берді. 30 жыл ішінде YTB шәкіртақысының арқасында Әзербайжаннан 21,000 адам, Қазақстаннан 5,350 адам, Қырғызстаннан 4,500 адам, Өзбекстаннан 2,400 адам және Түркіменстаннан 5,000 адам Түркияның университеттерінде жоғары білім алған.

Қазіргі таңда Түркияда 5,600 әзербайжандық, 2,500 қазақстандық, 1,800 қырғызстандық және 1,600 өзбекстандық студент жоғарғы білім алып жатыр. Экономикалық қарым-қатынас аясында жыл санап артып келе жатқан сауда және инвестиция қарқыны Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың үнемі өсу үрдісі бар екенін көрсетеді. Соңғы 20 жылда Түркия мен Түркі республикалары арасындағы экспорт пен импорт тұрақты түрде өсіп отырған. Мәселен, Түркия мен Әзербайжан арасындағы жалпы сауда көлемі 2000 жылы 325,3 миллион доллар болса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 7,5 есе өсіп, 2,49 миллиард долларға жетті. Сол сияқты Қазақстанмен сауда байланысына қарасақ, жалпы тауар айналымы 2000 жылғы 462 миллион доллардан 2020 жылы 2,08 миллиард долларға ұлғайды.

Қырғызстанмен сауда көлемі 2000 жылғы 22 миллион доллардан 2020 жылы 508 миллион долларға артты. Түркияның Түркіменстанмен сауда көлемі 2000 жылғы 1 миллиард доллардан 2020 жылы 1,1 миллиард долларға өсті. Сондай-ақ, Өзбекстанмен сауда көлемі 2000 жылғы 167 миллион доллардан 2020 жылы 2,96 миллиард долларға жетіп, 12 есе артты. Мұндағы көрсеткіштерден Түркия мен Түркі республикалары арасындағы дамып келе жатқан сауда қатынасының жалпы шеңберінде Түркияның ең тұрақтыбелсенді сауда қатынасы Қазақстан және Өзбекстанмен болғанын байқаймыз.

Түркі республикалары арасындағы қарымқатынастың барысын қысқаша қорытындылайтын болсақ, Түркияның тәуелсіздік алған Түркі республикаларымен алғашқы сәттен-ақ байланыстарын нығайтуға бел байлауы және 2010 жылдардың басынан кейін институционалдық деңгейде дамуы мемлекетаралық ынтымақтастық әлеуетін арттырды. Қорыта айтқанда, Түркияның Түркі республикаларымен қарым-қатынасы алғашқы күннен бастап-ақ аймақтық тұрақтылыққа да, жаһандық бейбітшілікке де елеулі үлес қосып келеді. Осынау тарихи кезеңде Түркі мемлекеттерінің бірлігі мен ауызбіршілігін арттыру жолында Түрік мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Түркі әлемі мирас қоры сияқты ортақ халықаралық ұйымдар өлшеусіз үлес қосты.

Жазушы: Еркінбек Тұрғынов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік  Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты       Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу туралы келіссөздер өтті. Мәскеу Украинаны «қарусыздандыруды», Ресейдің Қырымдағы егемендігін мойындауды және Луганск пен Донецк республикаларының тәуелсіздігін талап етті. Киев Ресей скерінің шығарылуын және қауіпсіздік кепілдігі берілуін талап етті. Келіссөздердің ең маңызды нәтижесі Мәскеудің өз әскерін Киев пен Черниговтен жартылай шығаратынын және Донбасты «азат етуге» назар аударатынын жариялауы болды (Avesta.tj, 29.03.2022).

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның Сир-Дерья аймағындағы жылу электр стансасы құрылысының іргетасын қалар алдында Қибрай ауданындағы 240 мегаватқа дейін электр қуатын өндіретін жаңа жылу электр стансасында болды. Бұл екі жобаны да түрік компаниясы жүзеге асыруда. Өзбекстан 2026 жылға қарай энергетика секторын жаңғыртуды және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құны 12 миллиард доллар болатын 20 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр (UzReport, 30.03.2022).

Үндістан президенті Рам Натх Ковинд Ашхабадта болып, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті. Президенттер экономикалық, ғылыми және мәдени мәселелер бойынша байланыстарды нығайтуға бағытталған құжаттар пакетіне қол қойды. Қол қойылған құжаттарға түсініктеме бере отырып, Президент Рам Натх Ковинд Түркіменстанның жоғарыда аталған форматтағы өзара мәдени іс-қимыл арқылы Үндістанға жас өкілдер делегациясын жіберуге дайындығын қолдайтынын мәлімдеді (Turkmenportal, 02.04.2022).

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Берлинге барып, Германия Сыртқы істер министрі Аннален Бербокпен кездесті. Германияның Қырғызстанның Еуропалық Одақтағы (ЕО) басты серіктестерінің бірі екенін атап өткен Қазақбаев Қырғызстандағы екіжақты қаржылық және техникалық жобаларды қайтадан іске асыруды қарастыруды өтінді. Тараптар Украинадағы жағдайды, соның ішінде энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелерін талқылады (Kabar, 01.04.2022). Грузия Сыртқы істер министрі Давид Залкальяни қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Грузия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, әсіресе көлік және коммуникация саласындағы қарым-қатынастарды нығайту жолдарына тоқталды. Ынтымақтастық перспективаларын талқылай отырып, тараптар елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды «толық үйлестіру» туралы келісті. Сондай-ақ, тараптар Украинада жалғасып жатқан ресейлік әскери оккупация кезіндегі ағымдағы аймақтық жағдай туралы пікір алмасты (Agenda.ge, 31.03.2022).

Өзбекстанның Солтүстік-Батыс әскери округіндегі Янгиарық полигонында Өзбекстан мен Үндістан армиясы «Дустлик2022» оқу-жаттығуын өткізді. Жаттығулар негізінен әскери іс-қимылдар жөнінде тәжірибе алмасуға, соның ішінде әскери дайындықты, заманауи жауынгерлік дағдыларды және лаңкестік қауіпке қарсы тұруға бағытталды (SNG Today, 31.03.2022).      сауда 2022 жылдың алғашқы екі айында өсті. Сауда көрсеткіші 6 миллиард долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-дан астам өсті. Есепті кезеңде Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт шамамен 85%-ға өсіп, 5 миллиард доллардан асты. Ұсыныстың артуы мұнай, ферроқорытпа, алюминий, бидай және табиғи газ сияқты тауарлар экспортының артуы есебінен болды (Qazaq TV, 31.03.2022).

Рубльдің құлдырауына әкелген Ресейге қарсы экономикалық санкциялар иммиграция үлгісін өзгертті. Еңбек мигранттары жұмыс табу үшін Ресейге қарағанда жақсы жер іздейді. Mastercard және Visa арқылы ақша аударудың мүмкін еместігі босқындардың шешімдеріне әсер етті. 2020 жылдан бастап Ресей азаматтары бұрын шетелдік жұмыс күшін алған бос орындардың 20%-ға жуығын иемденді (UzReport, 30.03.2022).

Қырғызстан Қытайдан келетін инвестиция арқылы энергетика саласын дамытуды жоспарлап отыр. Жақында Қырғызстанның Энергетика министрлігі Қытайдың мемлекеттік компаниясымен Ыстықкөл облысында салынатын қуаты 500 мегаватт болатын су электр станциясын салу туралы инвестициялық келісімге қол қойды. Министрлік компаниямен тарифтер бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазір жер мәселесі шешілуде. Энергетика министрлігі энергетика саласындағы инвесторларды белсенді түрде қолдайды (Kabar, 31.03.2022). Түрікменстан халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайтып келеді. Жақында ел ОПЕК халықаралық даму қорымен теміржол вагондарын, жолаушыларды және құрғақ жүктерді тасымалдайтын үш теңіз кемесінің құрылысын қолдау үшін 45 миллион доллар несиелік келісімге қол қойды. Нысан сауданы дамытып, елдің кеме жасау әлеуетін нығайтуға бағытталған. Жобаның аяқталуымен жылдық жүк өткізу қабілеті бір миллион тоннаға артып, жолаушылар саны жылына 20 мың адамға артады деп күтілуде (Orient, 30.03.2022).

Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытайдан Түркияға және ЕО елдеріне және қарсы бағытқа жүк ағынын арттыруға бағытталған. Жақында Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Қазақстан төрт жақты декларацияға қол қойды, онда транзиттік әлеуетті арттыру, сондай-ақ бағытты халықаралық көлік жүйесіне біріктіру маңыздылығын атап өтті. Декларация сонымен қатар осы бағыттағы тасымалдау жұмыстарының сапасын жақсарту үшін маңызды инфрақұрылымдық инвестициялардың қажеттілігін атап көрсетеді (AzerNews, 01.04.2022).

Украинаның Ауыл шаруашылығы саясаты және азық-түлік министрлігінің мәліметі бойынша, қазір елде экспорт үшін ондаған миллион тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сақтаулы тұр. Тасымалдау мәселесіне байланысты Украина ай сайын 1,5 миллиард доллар жоғалтуда, ал басқа елдер азық-түлік дағдарысын бастан кешіруде. Украина еуропалық порттар арқылы ауылшаруашылық өнімдерін жөнелтудің баламалы логистикалық жолдарын іздеп, теміржол көлігінің мүмкіндігін талқылап жатыр. Украина дүние жүзінде 400 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етеді (Ukrinform, 30.03.2022).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының шешімімен 2022 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған Бурса қаласының ашылу салтанаты өтті. Түркі әлемінің 13 елінен және аймағынан 700ден астам өнерпаз қатысты. Бурса туралы арнайы қойылымдар орын алған шарада Түрік әлемінің 2022 мәдени астанасы әртүрлі тақырыптық қойылымдармен таныстырылды (Turksoy.org, 31.03.2022). Тәжікстан Ресей Ішкі істер министрлігінің төлқұжат қызметін ашуды жоспарлап отыр. Тәжікстанда Ресей ІІМ паспорттықвизалық департаментінің филиалын ашу еңбек көші-қонына қажетті құжаттар пакетін дайындау жөнінде жұмыстың 80%ға жуығын ұйымдастырады. Тәжікстанда жұмыс істеуге рұқсаты бар еңбек мигранттары Ресей Федерациясының аумағына кіргеннен кейін бірден заңды түрде жұмысқа кірісе алады (ASIA-Plus, 29.03.2022).

Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясы мен Халықаралық Түркі академиясы ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Фарход Рахимимен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты. Кездесуден кейін тараптар Халықаралық Түркі академиясында тәжік ғалымдарымен бірлескен жобалар жасауға және іс-сапарлар мен конференциялар ұйымдастыруға келісті (Avesta.tj, 30.03.2022).

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері Шығармашылық киностудиялардың халықаралық қауымдастығы мен Грузия өз фильмдерінің бірыңғай алтын қорын жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ТМД елдері мен Грузия киностудияларының кинематография саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 4-ші директорлар кеңесінде талқыланды. Жиынға қатысушылар бұрынғы одақтас республикалардың студиялары арасындағы қалыптасқан байланыстарды қалпына келтіру, кино түсіру үшін ынтымақтастық пен ортақ тақырыптарды табу керектігін атап өтті (Avesta.tj, 02.04.2022).

Түркістанда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық туристік байқауының телевизиялық нұсқасы ретінде реалити-шоу түсірілді. Реалитишоуға қатысушылар Түркістан облысының ең маңызды туристік орындарын, соның ішінде Арыстан Баб пен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Сауран мен Отырардың ортағасырлық қоныстарын аралады. Реалити-шоу туризмді дамыту және түркітілдес елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуды көздейді (Avesta-news.kz, 30.03.2022).

Қазақстандық туроператорлар қауымдастығының мәліметі бойынша, Түркия Қазақстан тұрғындары арасында ең танымал туристік бағыт болып қала береді, одан кейін Египет пен Біріккен араб әмірліктері тұр. Эпидемиядан кейін туризм жандана бастады, ал 2022 жылдың басында шетелге саяхаттайтын туристер саны эпидемия басталғанға дейінгі туристер санына жақындады. 2021 жылы Қазақстаннан 200 мыңға жуық адам шетелге шықты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп (The Astana Times, 31.03.2022).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.