f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Пандемияның көрінбейтін әлеуметтік аспектілері
ebulletin

Пандемияның көрінбейтін әлеуметтік аспектілері

Авторлар: Гүлнар Надирова
2022 ж. 1 қаңтар
Пандемияның көрінбейтін әлеуметтік аспектілері

ПАНДЕМИЯНЫҢ КӨРІНБЕЙТІН ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ Көптеген сарапшылар мен бақылаушылар атап өткендей, COVID-19 пандемиясы жаңа теріс тенденциялардың қалыптасуында айтарлықтай рөл атқарған жоқ, бірақ қоғамдағы кейбір жағымсыз тенденцияларды күшейтуге ықпал етті. Қазіргі жағдай қоғамдағы көптеген жартылай жасырын мәселелердің кенеттен ауыр әлеуметтік мәселелерге айналғанын, тіпті басқа да көптеген қиындықтардың арасында елеусіз қалмайтынын көрсетеді. Осы кенеттен күшейген мәселелер «көлеңкелі індет» атты құбылысты тудыратынын айтуға болады.

«Көлеңкелі экономика», «көлеңкелі білім» және сондай тіркестер сияқты бұл термин де бейресми, қоғам мен мемлекеттен жасырын нәрсенің мағынасында қолданылады және іс жүзінде эпидемия кезінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың күрт өсуін білдіреді.

Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ)

мәлімдемелеріне сәйкес, COVID-19 пайда болғанға дейін тұрмыстық зорлықзомбылық адам құқықтарын бұзудың ең ауыр түрінің бірі болды. Мысалы, эпидемияға дейінгі бір жылда дүние жүзінде 243 миллион әйел мен қыз (15 пен 49 жас аралығындағы) жыныстық немесе физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

COVID-19 кезінде, миллиардтаған адамдар жабық кеңістікте оқшауланғандықтан көбінің агрессиясы күшейген кезде, әйелдер құқығына қарсы зорлық-зомбылық саны айтарлықтай өсті.

Қауіпсіздікке, денсаулыққа, қаржыға, тар баспанаға, қорлаушы тұлғалар мен мәжбүрлі оқшаулануға және шектеулі ұтқырлыққа қатысты алаңдаушылық қазіргі уақытта әйелдердің эмоционалдық және экономикалық күйзелістерін күшейтетін факторлар болып табылады.

БҰҰ Әйелдер бөлімшесінің атқарушы директоры Фумзиле Мламбо-Нгкука баяндамасында жасырын зорлықзомбылықтың әрқашан қоғамға белгілі бола бермейтінін, тұрмыстық және басқа да зорлық-зомбылық түрлері туралы ақпараттың жеткіліксіз хабарланатынын, сондай-ақ, статистикада әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықтың 40%-дан азы ғана қылмыс ретінде тіркелгенін баяндайды. Полицейлердің көмегіне жүгінетін әйелдердің саны одан да аз (10%-дан аз). Пандемия жағдайлары әдетте кейбір әйелдердің сенім желілеріне хабарласуын да қиындатады. Індет кезінде ішкі істер органдарына жүгіну, медициналық тексеру, тергеу жүргізу, одан кейін сот және әлеуметтік қызметтерге жүгіну сияқты бұлтартпас бюрократиялық үдерістерді жүзеге асыруда аталған мемлекеттік мекемелердің жұмыс тәртібінің нашарлауы да қылмыскерлердің жазасыз қалуына себеп болуда.

Көптеген құрылымдар мен ұйымдардың адам өмірі мен өлімі тұрғысынан тіпті де маңызды болып көрінетін алдын алу, емдеу, науқастарды күту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және егу сияқты мәселелерге баса назар аударып, өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеуі мәселені одан әрі ушықтыра түседі. Оның үстіне көптеген елдерде заң әйелдерді қолдауда қауқарсыз болумен қатар, тіпті әрі төрт елдің бірінде әйелдерді тұрмыстық зорлықзомбылықтан қорғайтын заң да жоқ. Сонымен қатар, бұл мәселеге байланысты тек жас аналар ғана емес, жалғызбасты аналар, қарттар мен мүгедектер сияқты басқа топтар да зардап шегуде. Мысалы, 2020 жылы карантиннің алғашқы екі айында Ұлыбританияда тұрмыстық зорлықзомбылыққа байланысты кісі өлтірудің саны екі еседен астам өсті. АҚШ-тағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тек сан жағынан ғана емес, жарақаттың ауырлығымен де артып келеді.

Үндістанда әйелдер білім алу мен өмір сүруге қолжетімділіктің айтарлықтай төмендеуіне байланысты қыздардың балалық шақта күйеуге шығуға мәжбүр болатынын көрсетті.

БҰҰ Әйелдер есебі «Көлеңкелі эпидемия: COVID-19 кезінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық» атты 13 елде жүргізілген сауалнама әрбір 2 әйелдің 1і зорлық-зомбылық туралы хабарлағанын немесе зорлық-зомбылық көрген әйелді танитынын көрсетеді. Сонымен қатар, әрбір төртінші әйел (21%) өзіне немесе бір үйдегі басқа әйелдерге (19%) физикалық зорлықзомбылық көрсету салдарынан үйде өзін қауіпсіз сезіне алмйды. БҰҰ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тек ұру, соғу немесе зорлау сияқты физикалық зиян ретінде анықталмайтынын еске салады. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа тұрақты бақылау, хат-хабарларды оқу, шығыстарды бақылау, жалған қорлау туралы мәлімдемелер, достарымен, туыстарымен, әріптестерімен сөйлесуге тыйым салу, ауызша қорлау және кемсіту, мүлікке зиян келтіру, әйелдер мен балаларға қарсы қорқыту және бопсалау жатады.

Көлеңкелі індеттің әлеуметтік жағы ғана емес, экономикалық жағы да бар екенін еске салған жөн. Сарапшылар COVID-19 кезеңінде әйелдерге қатысты зорлықзомбылықтың жаһандық әсерін шамамен 1,5 триллион доллар деп бағалағанымен, бұл көрсеткіш күн сайын артуы мүмкін және бұл өсім эпидемия аяқталғаннан кейін бірден тоқтамайды. Денсаулыққа, кеңес беруге және басқа да байланысты қызметтерге, әділет жүйесіне, бала күтіміне және әл-ауқатқа тікелей шығындар, сондай-ақ жоғалған жалақы, өнімділік және әлеует сияқты жанама шығындар әйелдерге қатысты зорлықзомбылық үшін қоғам төлейтін ақшаның аз ғана бөлігі болып табылады.

Әйелдерге экономикалық қолдау, өтемақы, баспана және сенім телефоны қызметтері, хабардарлықты арттыру, психо-әлеуметтік қолдау, онлайн құралдар мен желілер, әйелдер мен балалар құқықтарының бұзылуының және кемсітушіліктің алдын алу немесе оларға қарсы әрекет ету үшін жұмыс істейтін әйелдер мен қоғамдық ұйымдарды қаржыландыру қажет.

Дегенмен, гендерлік зорлық-зомбылық әрқашанда болатын құбылыс. Адам құқықтарын қорғау ұйымдары мұның алдын алуға болатынын және мұның қажет екенін құптайды. Бұл зорлықзомбылықты тоқтату негізгі себептермен күресуден, зиянды әлеуметтік нормаларды өзгертуден және әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуден басталады. Бұл әлсіз топтарды қорғауға бағытталған құқық қорғау, әділет, денсаулық және әлеуметтік қорғау стратегияларына қоса, күшті және өзін-өзі қамтамасыз ететін әйелдер құқықтарын қорғау қозғалыстарын жеткілікті қаржыландыру мен қолдауды талап етеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына ақылы демалыс беру мен қауіпсіздік шаралары сияқты белгілі бір қолдау көрсету ұсынылуда.

Сондай-ақ, зорлықзомбылық құрбандары жұмыс орнында отбасындағы зорлық-зомбылықты ашып, жұмыс орындарында қауіпсіз бола алатын мәдениет қарыптастыру және зардап шеккендердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін хабардар болу мен қаржыландыруды арттыру маңызды.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларға қатысуына кедергі келтіретін басты себептердің бірі болып табылады. Пандемия кезінде гендерлік зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюіне қарсы сәтті әрекет ету үшін халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелері қажет. Ол үшін зорлық-зомбылық құрбаны болған немесе қазіргі індет салдарынан зорлықзомбылық қаупі төнген әйелдерге қолдау көрсету және көмек беру үшін заң шығарушылардың, саясаткерлердің, құқық қорғау қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, дәрігерлер мен БАҚ өкілдерінің бірлескен ісқимылдары қажет.

Жазушы: Гульнар Надирова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік  2021 жылдың 11 айында Қазақстанның аг      Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлұ мен мажарыстандық әріптесі Шандор Пинтер Будапештте Түркия, Мажарстан, Сербия және Румыния шекарасына 50 полиция қызметкерін орналастыру туралы келісімге қол қойды. Полиция заңсыз иммиграцияның, есірткі саудасының және трансшекаралық қылмыстың алдын алу әрекеттерінің бір бөлігі ретінде әрекет етеді. Құжатқа 2021 жылы 11 қарашада Анкарада өткен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінде қол жеткізілген келісім аясында қол қойылды (Dailysabah.com, 17.12.2021).

Шығыс әріптестігінің 6-шы саммитіне Шығыс әріптестік елдерінің (Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова және Украина) басшылары мен Еуропалық Одақтың (ЕО) жоғары лауазымды тұлғалары қатысты. Көшбасшылар олардың серіктестігі ортақ негізгі құндылықтарға негізделгенін атап өтті. Беларусь «Шығыс әріптестік» бағдарламасына қатысуын тоқтатқанымен, ЕО Беларусь халқымен ынтымақтастығын жалғастыруда. Кездесуден кейін Үшжақты көшбасшылар (Грузия, Молдова және Украина) еуропалық таңдау мен еуропалық ұмтылыстарды қолдайтын ұзақ мерзімді саяси мақсаттарын растайтын мәлімдеме жасады (Avrupa Konseyi, 15.12.2021).

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Брюссельде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. Тараптар Ресейдің тұрақсыздандыру әрекетіне қырағы болып, шиеленістің өршуіне жол бермеуге келісті. Йенс Столтенберг Грузияға НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясы мен күш-жігеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, НАТО-ның Грузияға әскеритеңіз күштерін қолдау, бірлескен жаттығулар және ақпарат алмасу арқылы қорғаныс қуатын дамытуға көмек көрсетуді жалғастыратыны туралы уәде берді (Anadolu Ajansı, 15.12.2021).

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақстандықтарға үндеу жасады. Президент жаңа жаһандық және аймақтық сынқатерлер тұсында тәуелсіздік жетістіктерін арттыру үшін күш-жігерді екі есе, тіпті үш есе арттырудың уақыты келгенін де атап өтті. Мемлекет басшысы қазақстандықтар әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық салаларында күш салуы және елдің басты мүдделерін ескере отырып, нақты әрекет етуі керек деп санайтынын мәлімдеді (Kazinform, 15.12.2021). Ресей президенті Владимир Путин Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсухпен кездесті. Кездесу экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, сауда мен инвестицияны дамытуға бағытталған. Мемлекет басшылары Ұлан-батыр темір жолына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады. Тараптар Ресей, Қытай және Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жол картасын және Қытай-Моңғолия-Ресей экономикалық дәлізін құру жөніндегі 2016 жылғы бағдарламаны іске асыруды тездетуді жоспарлап отыр (TASS,16.12.2021).

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қытай елшісі Ду Дэвэнді қабылдады. Тараптар Қырғызстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы мәселесіне тоқталды. Қазақбаев Қырғызстан кәсіпкерлерінің Қытайдың Циндао және Ляньюньган порттарындағы жүктерін Оңтүстік Кореядан Қырғызстанға тасымалдаудағы өзекті мәселелер туралы ақпарат беріп, Қытайдан бұл жағдайды тез арада шешуге көмектесуді сұрады (Kabar, 14.12.2021).

     роөнеркәсіп кешеніне құйылған инвестиция 1,5 млрд. долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 40,5%-ға асып түсті. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарасүкеев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында жалпы құны 10,1 млрд. долларды құрайтын инвестициялық жобалар қаржысы құрылғанын хабарлады. Бюджеттің жартысына жуығы, яғни 4,6 млрд. доллар инвестиция ет өндірісі мен жылыжай құрылысына жұмсалды (Qazaq TV, 14.12.2021).

Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда туралы жаңа келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр. Одақ Вьетнам, Иран, Сербия және Сингапурмен сауда кедергілерін жойғанымен, Египет, Израиль және Үндістанмен келіссөздер жалғасуда. Сондай-ақ, Индонезия мен Моңғолия нарығын да зерттеу жоспарлануда. Бұл елдермен сауда келісіміне қол қойылған жағдайда еркін сауда аймағы шамамен екі миллиард халқы бар нарықты қамтып, жалпы ішкі өнім 5 триллион долларға жетеді (Qazaq TV, 15.12.2021). Әзірбайжан Грузия және Түркиямен бірлесіп бизнес форум ұйымдастырды. Ақпаратқа сәйкес, бизнес форумға Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Натия Турнава, Түркия Сауда министрі Мехмет Муш және Әзірбайжан Экономика министрі Микаил Джаббаров қатысты. Іс-шарада Әзірбайжан, Грузия және Түркия сауда және өнеркәсіп палаталары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде (Türk Dünyası, 14.12.2021).

Конияда Түркия-Тәжікстан бизнес форумы өтті. Тәжікстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир бастаған үкіметтік делегация ТүркияТәжікстан бизнес форумына қатысу үшін Түркияның Конья қаласына барды. Шараға екі елден 150-ден астам компания мен ұйымның өкілдері қатысты. Тараптар 2022-2025 жылдарға арналған Түркия-Тәжікстан екіжақты сауданы жеңілдету жол картасын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылады (ASIA-Plus, 15.12.2021). Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Операциялық даму саясаты аясында Өзбекстанға 400 млн. доллар қаржыландыруды мақұлдады. Операцияның мақсаты - үкіметке әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға көмектесу. Күтілетін реформалардың қатарында бидай нарығын ырықтандыру, мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жақсарту, мемлекеттік шығыстар мен қарыздар бойынша жауапкершілік пен бақылауды күшейту бар (UzReport, 18.12.2021). Біріккен Араб әмірліктері (БАӘ) мен Қырғызстан бизнес-форумын өткізді. Қатысушылар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, туризм, инфрақұрылым және сауданы қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын негізгі секторларды талқылады. Форум Дубайдың Қырғызстанмен шикізаттық емес саудасын 2020 жылы есептелген 817 млн. доллардан асатын маңызды алаң болып қала береді. Іс-шара Қырғызстан мен БАӘ компаниялары қатысқан іскерлік кездесулер және екі жақтың компаниялары өнімді жеткізуді жеңілдететін келісімдерге қол қою рәсімімен аяқталды (Kabar, 16.12.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       ЮНЕСКО Қырым татарларының дәстүрлі ою-өрнегі Орхты адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізді. Ұсыну процесі 2020 жылдың шілдесінде Қырым татарларының «Әлем» үкіметтік емес ұйымының бастамасымен жасалған ұзақ мерзімді бастаманың нәтижесі болып табылады. Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне Украинаның «Үлгілі» кандидатурасын тіркеу ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 16-шы сессиясы аясында жүзеге асырылды (Ukrinform.net, 1201.12.18).

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Ауғанстанға көмек көрсету үшін Термездегі өзінің логистикалық орталығын тұрақты түрде пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілі Мунир Мамедзаде Өзбекстанның Сурхандария облысының губернаторы Тура Боболовпен кездесуінде сөз болды. Жақында алғашқы 40 тонна жүк көліктерімен Достық көпірі арқылы Ауғанстанға жөнелтілді (Avesta.tj, 17.12.2021).

Үндістан мен Тәжікстан жоғары әсерлі қоғамдастықты дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін үнділік гранттық көмек туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, Тәжікстан министрлігі Үндістан үкіметіне әрбір жобаны жүзеге асыру үшін құны 16,94 млн. сомоннан (шамамен 1,5 млн. доллар) аспайтын жобаларды ұсынатын болады. Жобалар негізінен әлеуметтікэкономикалық даму, білім беру, денсаулық сақтау, жаңартылатын энергия көздері және басқа салаларға қатысты болады (Avesta.tj, 17.12.2021).

«Тажикфильм» мемлекеттік мекемесі мен Өзбекстан кинематография агенттігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында тәжік және өзбек киногерлері бірлесіп екі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Режиссер Мухаббат Сатторидің «Көрінбейтін жұлдыз» бірлескен көркем фильмінің түсіріліміне дайындық жүріп жатыр. Тәжікстандық режиссер Искандар Усмоновтың сценарийін жазған «Тастар мен су» бірлескен кезекті фильмінің тұсаукесері 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Ташкентте өтеді (ASIA-Plus, 15.12.2021).

Түрік Әуе жолдары АҚШ-тың жетекші туристік журналы Global Traveller тарапынан бесінші жыл қатарынан «Бизнес-кластағы үздік әуе компаниясы» атанды. Түркияның жетекші әуе компаниясы GT Tested Reader сауалнамасының 18-ші басылымында «Ең жақсы әуежай қызметкерлері/есік агенттері» номинациясында алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, Түрік Әуе жолдары корпоративтік клубы төртінші жыл қатарынан іскер саяхатшыларға арналған үздік корпоративтік бағдарлама ретінде таңдалды (Anadolu Acenteliği, 15.12.2021).

Анкарада белгілі жазушы, ойшыл, саясаткер Женгиз Айтматовты еске алуға арналған іс-шара өтті. Шыңғыс Айтматовтың туған күнімен тұспа-тұс келген шара жазушы атындағы саябақта өтті. Шараға елші Кубаничбек Өміралиев, Кечиөрен қаласының әкімі Тұрғыт Алтынок, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Билал Чакыжы, дипломаттар, студенттер, БАҚ өкілдері және Түркияда тұратын қырғыздар қатысты (Türk Dünyası, 13.12.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.