Қазақстан республикасының жастар саясатына қысқаша шолу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ Қазіргі таңда 19 миллионға жақындап қалған Қазақстан халқының орташа жасы 2020 жылғы мәлімет бойынша 30,7-ні құрап отыр. Осы орташа көрсеткішпен әлемде 114-ші орында тұрған Қазақстан халқының жартысына жуығы 29 жасқа толмаған. Жастар туралы заңда және басқа да ресми құжаттарда жастар ретінде қабылданған 14-29 жас аралығындағылар жалпы халықтың 22,3%-на сәйкес келеді. Сонымен осы мақаламызда Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап қазірге дейінгі жастар саясатына қысқаша шолу жасайтын боламыз.
Енді өркендеп келе жатқан тәуелсіз ел ретінде Қазақстан демографиялық тұрғыдан алғанда жас мемлекет әрі халық саны қарқынды өсуде. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жыл ішінде Қазақстан әр салада елеулі өзгерістер мен қайта құруды бастан кешірді. Жастар әлеуметтік топ ретінде 1990 жылдан кейінгі өтпелі кезеңнің объектісі де, субъектісі де болғаны сөзсіз.
Осы маңыздылыққа байланысты, Қазақстан Республикасы 1990 жылдардан бастап жастар туралы көптеген құқықтық нормативтер жасады және оны жүзеге асыруға байланысты түрлі жобалар мен бағдарламалар әзірледі.
Оларды хронологиялық тұрғыдан «Қазақстанның 2030» стратегиялық даму жоспары (1997), «Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы»
(1999), «Қазақстан жастары» бағдарламасы (2001), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты» (2004), «Жастар саясатының 20052007 жылдарға арналған бағдарламасы» (2005), «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» (2010), «Қазақстан 2050» стратегиясы (2012), «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасы» (2013) және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» (2015) деп атап көрсетуге болады. Бұдан сырт, әсіресе білім туралы заң мен еңбек заңнамасы аясында жастарды оқытуға және олардың елдің дамуындағы орнын нығайтуға байланысты басқа да құқықтық нормалар қабылданып, Жастар кеңесі сияқты құрылымдық ұйымдар құрылды.
Негізгі нормативтік құжат болып табылатын Жастар туралы заңға көз жүгіртер болсақ, ең алдымен заңның бірінші бабында 14-29 жас аралығындағылар жастар ретінде анықталғанын атап көрсеткен жөн. Жастар саясатында ғылыми, біртұтас және жүйелі тұжырымдамаға баса назар аударылған аталмыш заңда (3-бап) жастардың білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік жағынан, сондай-ақ, рухани, мәдени және физикалық дамуы негізгі қағидалар ретінде көрсетілген. Ұрпақтар сабақтастығының негізгі бөлшегі ретінде қабылданған дәстүрлерді дәріптеу барысында жастар үшін отбасылық тәрбиеге ерекше назар аударылумен қатар, азаматтық, әлеуметтік және саяси белсенділік және жауапкершілік тұрғысынан ұлттық және аймақтық деңгейде ұйымдастырылған «жастар форумдарына» ерекше көңіл бөлінді.
Жастар заңынан бөлек, Қазақстанның дамуы мен өркендеуінің басты құжаттық жоспарларының бірі болып табылатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдаулары мен «Қазақстан - 2030» және «Қазақстан - 2050» стратегияларында Қазақстан жастары үшін маңызды мақсаттар мен жол карталары айқындалды. Аталмыш құжаттардың ең жаңасы болып табылатын «Қазақстан - 2050» стратегиясының басым бөлімінде жастарға ерекше әрі маңызды орын берілген.
Жалпы алғанда, елбасының жолдауында Қазақстанның енді аяқтан тұрып келе жатқан жас мемлекет екендігі жиі айтылатындығы, сондай-ақ, ел тәуелсіздігінен бастап қазіргі уақытқа дейін адам капиталына салынған инвестиция талантты жастардың молаюын қамтамасыз ететіндігі айтылған, ал жас ұрпақ - ел дамуының кепілі. Дәл осы шеңбер аясында «Біз кімбіз? Біздің бағытымыз қандай? 2050 жылға дейін біз қайда боламыз?» сынды сұрақтардың да басты нысанасы жастар болып, оларға «дамыған 30 елдің қатарына кіру» борышы жүктелген. Жастардың құндылық көзқарасы тұрғысынан алғанда, ұлттық мәдени кодтардан айырылу мен әсірешілдікке бой ұру ұлттық бірегейлік үшін үлкен қауіп екенін, әсіресе, соңғы уақытта пайда болған «нағыз қазақ» және «шала қазақ» деп бөлінудің қауіпті салдарын атап өткен жөн. 2 «Қазақстан - 2050» стратегиясында жалпы тақырыптардан бөлек «Жастарға үндеу» атты арнайы тарау да бар. Аталған бөлімде «отан – отбасынан басталатын» құндылықтың маңызды бөлшегі саналатын жастардың 2050 стратегиясының негізгі күшқуаты екендігі баса айтылып, сондықтан жастар үшін маңызды бағдарламалар мен ісшаралар жоспарлары, әсіресе, жастар үшін тұжырымдама жасалып, жарқын болашақ үшін ең жақсы білім беру мүмкіндіктері ұсынылады.
Жоғарыда қысқаша атап көрсетілген саясат айтарлықтай деңгейде жүзеге асырылды деуге болады. Сонымен қатар, 2019 жылы «Жастар жылы» деп жарияланды. Осы тәжірибелерге негізделіп, білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, саясатқа араласу және өкілеттілік, өмір сүру деңгейін жақсарту, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау және дамыту бойынша көптеген жобалар ұйымдастырылды және жалғасын тапты дей аламыз. Осы тақырыптардың ішінде білім беру саласына көңіл бөлінді.
Себебі дайындалған 5 жылдық даму бағдарламалары аясында білім беру мекемелері мектепалды даярлықтан бастап жоғары білімге дейін инфрақұрылым жағынан да, білім сапасы жағынан да өте жоғары деңгейге көтерілді. Үлгілі жоба ретінде басталған Назарбаев зияткерлік мектептерінің (NIS) бүкіл елге таралуымен тұтас Қазақстан бойынша орта білім беру Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына жақындады. 2021 жылғы жағдай бойынша, 129 жоғары оқу орынында 500 мыңнан астам студент әртүрлі деңгейде білім алады. Енді бір жағынан, 1993 жылы басталған «Болашақ» стипендиясы бағдарламасы аясында 13976 жасқа әлемнің беделді университеттерінде оқуға стипендия беріліп, олардың 7846-сы өз білімін аяқтап, түрлі мекемелерде жұмыс істей бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адами капитал – жаңғырудың негізі» деген тұжырымына сәйкес, сапалы білім беру, кәсіпкерлікке ынталандыру сапалы еңбек ресурстарын қамтамасыз ету сияқты басымдықтар шеңберінде «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы қабылданды. Осыған орай 20 мыңнан астам жасқа техникалық және кәсіптік білім берілді, шамамен 1500 адамға өз кәсібін ашуға шағын несиелер берілді, нәтижесінде 160 мыңнан астам жасқа жұмыс орындары ашылды.
Аталған бағдарлама аясында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылы 5%-ды құраса, ресми жазбаларға сәйкес 2021 жылы 3,98%-ға дейін төмендеді.
Жастардың әлеуметтік тұрғыдан дамуы, қоғамдық және саяси іс-шараларға белсенді қатысуы тұрғысынан маңызды қадамдар жасалғанын көруге болады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - Қазақстан Республикасының парламенті (Сенат) жанынан құрылған Жастар кеңесі. Екінші жағынан, Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің үйлестіруі және қолдауымен үкіметтік емес ұйымдар арқылы жастардың қоғамдық және саяси ісшараларға қатысу деңгейін көтеру ұсынылады. Осы саясаттың нәтижесінде жастардың шешім қабылдау қаблеттері мен саяси басшылық ету деңгейлеріндегі көрінісі жыл сайын артып келе жатқанын көруге болады.
Осы негізгі саясаттан бөлек, жастардың денсаулығын сақтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын көтеру мақсатында түрлі жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Мәселен, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы мөлшері көбейтіліп, мемлекеттің қолдауымен 40 мыңнан астам жас мен жас отбасына арналған тұрғын үйді жалға алуға немесе сатып алуға да қол жетімді бағамен үйлер салына бастады. Енді бір жағынан, жастардың әлеуметтену арқылы сапалы уақыт өткізуі үшін әлеуметтік мүмкіндіктерді дамытуға күш салынуда.
Қорытындылай келе, қысқа ғана 30 жыл ішінде Қазақстанның жастар саясаты, әсіресе, білім беру саласында нақты нәтижелер бергенін айтуға болады. Дегенмен, баса назар аудару керек кейбір проблемалар әлі де шешімін күтіп тұрғанын да ескеру қажет. Олардың арасында, ресми түрде көрсетілген жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,98% болғанымен, жастардың 42%-ы жұмысқа қанағаттану мен білікті жұмыс табуда мәселелерге тап болып отырғаны, сонымен қатар басқада әлеуметтікэкономикалық жағдайларға байланысты қазақстандық жастардың 41%-ында шетелде оқу мен өмір сүруге деген талпыныстың жоғары екендігі байқалады. Білікті адами капиталдың сыртқа ағылуы ретінде қарастыруға болатын бұл үдеріске ерекше назар аудару және қажетті сақтық шараларын қабылдау жас Қазақстан үшін өте маңызды. Тағы бір айта кететін мәселе - жаһанданудың жастардың ұлттық мәдени құндылықтарына тигізер ықтимал әсерлерін жоятын саясат қалыптастыру керек. Осы тұрғыда «Рухани жаңғыру» сияқты ұлттық жобалар аясында жастар туралы салыстырмалы ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету де өте маңызды.
Жазушы: Суат Бейлур, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және Экономика, қаржы және энергия қауіпсіздік «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниды қабылдады. Тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, әсіресе, саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Президент Тоқаев жақында Катар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Аль-Тани мырзамен телефон арқылы сөйлескенде келісілген бірнеше ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп дайындаудың маңыздылығын атап өтті (Kazinform, 10.06.2021).
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркияға ресми сапармен барып, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев президенттер арасындағы кездесудің жоғары деңгейдегі алғашқы саяси байланыс болғандығын мәлімдеді. Тараптар қырғыз кәсіпкерлері мен түрік инвесторларын қолдау және екі ел арасындағы сауда көлемін 1 миллиард долларға дейін арттыру мақсатында Қырғызстан-Түркия даму қорын құруға келісті (Kabar, 12.06.2021).
Беларусь Байланыс және ақпараттандыру министрінің бірінші орынбасары Павел Ткач пен Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Әсет Тұрысов кездесті. Тараптар ұлттық ақпараттық жүйелерді дамыту, ведомствоаралық электрондық құжат айналымын тану және дамыту, электронды құжаттар мен мұрағаттарды орталықтандырып сақтау бойынша тәжірибе алмасты. Тараптар ынтымақтастықты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де, екіжақты деңгейде де кеңейту туралы уағдаласты (BelTA, 09.06.2021).
Моңғолияда өткен президент сайлауында бұрынғы президенті Ухнаагийн Хурелсух 67,69% дауыс жинап жеңіске жетті. Оның басты қарсыластары - «Шыншыл адам – электорат» коалициясының өкілі Дангаасурэнгийн Энхбат пен оппозициялық Демократиялық партияның кандидаты Содномзундуй Эрдене сәйкесінше 20,31% және 5,99% дауыс жинаған. Тіркелген 2 041 985 сайлаушының 1 208 408-і дауыс беріп, халықтың 59,24%-ын құрады (Анадолы агенттігі, 10.06.2021). Ауғанстанның Қырғызстандағы елшісі Бисмелла Вазири Қырғызстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Айбек Артықбаевпен кездесті. Тараптар инвестиция, туризм, білім беру, сондай-ақ Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қамтыған сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық көмек салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Министрдің орынбасары Артыкбаев Ауғанстан үкіметіне Памирдегі этникалық қырғыздардың жағдайын жақсарту бойынша қабылдаған шаралары үшін алғыс айтты (Kabar.kg, 11.06.2021). Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде жыл сайынғы «Примаков оқулары» халықаралық форумында ашық және онлайн форматта сөйлеген сөзінде Қарабақ жанжалына қатысушы тараптарды аймақта бейбітшілік пен қалыпты өмір сүруге ықпал етуге шақырды. Министр Лавров та Таулы Қарабақ келісімін дайындау кезінде Түркия мен Иранның мүдделері ескерілгенін мәлімдеді. Форум экономикалық өзара тәуелділік, сыртқы саясат және қауіпсіздіктің әлеуетті мәселелері бойынша пікір алмасу үшін халықаралық диалог алаңын ұсынады (MEHR жаңалықтар агенттігі, 09.06.2021).
Қазақстанда түрік инвесторларымен кездесу өткізді. «BRIMSTONE» күкірт провайдері компаниясының өкілдерінен тұратын инвесторлар делегациясы елдегі химия өнеркәсібіндегі бір жобаға қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Аталған жобамен күкірт бетонды Қазақстанның батыс аймақтарының бірінде шығару жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыра отырып, компания шамамен 10 миллион доллар инвестиция салып, шамамен 50 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашады деп күтілуде (Kazinform, 08.06.2021).
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстанға ресми сапармен барды. Сапар аясында бірінші Өзбек-тәжік аймақаралық инвестициялық форумында құны 730 миллион доллар болатын екіжақты құжаттарға қол қойылды. Қатысушылар географиялық жақындық пен қолайлы логистика өзара сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. Бірлескен жобаларды қолдау және ілгерілету үшін елдер капиталы 50 миллион доллар тұратын өзбек-тәжік инвестициялық қорын құру туралы шешім қабылдады (UzReport, 10.06.2021).
Өзбекстандық UzAuto Motors автоөндіруші компаниясының өкілдері Тәжікстанға барып «Алюминсохтмон» компаниясының өндірістік базаларын көзден кешірді. Сапар аясында Өзбекстан компаниясы Тәжікстанда құны 2 миллион доллар тұратын зауыт құратындықтарын мәлімдеді. Тараптар бірлескен кәсіпорын құрып, жылдық өндірісті 10 мың дана 35 мың данаға жеткізбек. Серіктестер жаңа кәсіпорынды «Auto Motors Tajikistan» деп атауға келісті (UzReport, 12.06.2021). Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2021 жылдың алғашқы төрт айында елдің сыртқы сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 14%-ға өсіп, 2,1 миллиард долларға жетті. Қырғызстанның экспорты 8,7%-ға төмендеп, 590,4 миллион долларды құрады, ал импорт 26,2%-ға өсіп, шамамен 1,494 миллиард долларға жетті. Комитет мәліметтері бойынша, қағаз және картон, трикотаж киімдері мен әшекей бұйымдар, жемістер, кептірілген жемістер және алтын экспорты төмендеді (Kabar, 11.06.2021).
Түркіменстан мен Біріккен Араб әмірліктері арасындағы экономикалық ынтымақтастық тереңдей түсуде. Абу-Даби даму қоры Түркіменстанмен құны 100 миллион доллар тұратын екі келісімге қол қойды. Бірінші келісім бойынша, қор аэропорт салуға 75 миллион доллар бөледі, ал екінші келісім бойынша 25 миллион доллар инвестициямен 10 мегаваттық гибридті электр станциясын дамытуды қаржыландырады (WAM, 10.06.2021). Түркия мен Әзірбайжан Грузиямен ынтымақтастықта «ТУРКУАЗ» атты жаңа логистикалық жобаны іске қосты, онда Түркиядан Әзірбайжанға және кері бағытта жүк тасымалдау аптасына екі рет жүзеге асырылады. Жоба Баку-Тбилиси-Карс теміржолымен тасымалданатын жүк көлемін ұлғайтуға бағытталған. TURKUAZ жобасы шеңберінде Түркиядан Әзірбайжанға 8 футтық 880 тонна 32 футтық контейнерлерде жеткізілді (AzerNews, 11.06.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы, Әзірбайжан Ұлттық мәжілісі және Әзірбайжандағы Ататүрік орталығымен бірге Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Әзербайжанның Екінші Қарабак соғысындағы Ұлы Жеңісіне және Түркия Ұлы ұлттық жиналысының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы» атты симпозиум ұйымдастырды. Іс-шараға мүше елдердің депутаттары мен дипломаттары, түрік ынтымақтастық ұйымдарының басшылары және жетекші ғалымдар қатысты. Қатысушылар түркітілдес елдердің соңғы 30 жылда жеткен жетістіктері мен дамуы және осы тұрғыдағы парламенттердің рөлі туралы пікір алмасты (Turkpa.org, 09.06.2021).
Анкараға алғашқы ресми сапары барысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Амреевпен және Түркия палаталары мен биржалар одағының (TOBB) төрағасы Рифат Хисаржыклыоглумен кездесті. Тараптар Қырғызстан мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер арасындағы ағымдағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара қарым-қатынастардың экономикалық аспектілеріне ерекше назар аударды. Түркі кеңесі, TOBB және Түркия өзгеріс мәдениетң бастамасының ұйымдастыруымен 2021 жылы 9 тамызда Ыстықкөлде Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері үшін бизнес форум ұйымдастыруға шешім қабылдады (Turkkon.org, 10.06.2021).
Еуропалық Одақ (ЕО) 2021 жылдың мамыр айының басында Тәжікстанның Хатлон провинциясындағы су тасқыны мен тасқын судан зардап шеккен халыққа көмек ретінде 100,000 евро гуманитарлық көмек береді. Қаржы ЕО-ның Халықаралық қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары Федерациясының Төтенше жағдайларды жою қорына қосқан жалпы жарнасынан бөлінеді деп жарияланды. Азық-түлік, жеке мүлкін, малын және ауылшаруашылық жерлерін жоғалтқан шамамен 1800 адам гуманитарлық көмекті тікелей пайдалана алады (ASIAPlus, 09.06.2021). Украинаның Министрлер кабинеті Түркиямен Қырым татарлары мен басқа да қоныс аударған этникалық азшылықтарға арналған тұрғын үй жобасы туралы келісімді мақұлдайтын заң жобасын қабылдады. Құжат Украина мен Түркия арасындағы ішкі қоныс аударушыларға арналған тұрғын үй салу бойынша ынтымақтастықты көздеуде. Құжатқа сәйкес, Түркия үкіметі Украинаның үш облысында Қырым татарлары мен басқа қоныс аударған этникалық азшылықтарға қайтарымсыз 500 пәтер салады (QHA Crimean News, 10.06.2021).
Ашхабадта Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Түрікменстандағы жаңа жобалық қызмет кеңсесінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің, БҰҰ-ның Ашхабадтағы агенттіктерінің өкілдері, дипломаттар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жаңа кеңсе 20212025 жылдарға арналған мемлекет пен халықаралық ұйым арасындағы тұрақты даму жөніндегі серіктестік шеңберінде Түркіменстандағы денсаулық сақтау және климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл саласындағы жобаларды жүзеге асырумен айналысатын болады (Centralasia.news, 11.06.2021).
Ресей Ташкентке Sputnik V вакцинасының екінші компонентінің 70,000 дозасын жеткізді. Одан бірнеше күн бұрын Өзбекстанға препараттың бірінші компонентінің 70,000 дозасы жеткізілген болатын. Ел тұрғындары осы уақытқа дейін AstraZeneca вакцинасымен бірге Қытайдың Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceuticalica ресейлік Sputnik V екпелерін алған болатын. Қазіргі мәліметтер бойынша Өзбекстанда бір жарым миллионнан астам адам екпе салдырған (Uz.sputniknews.ru, 10.06.2021).




