Көші-қон және көпмәдениеттілікке қысқаша шолу

КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІККЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ Тарих - адам баласының саяси, экономикалық, экологиялық, т.б. себептерге байланысты тұрақты іс-әрекеттерінің айғағы. Аталмыш ісәрекеттер тарихи үрдісте жеке немесе ұжымдық түрде әртүрлі деңгейде орын алды. Тарихтағы алғашқы жаппай көшу ретінде белгілі болған б.з.б.
IV ғасырдағы Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде басталып, үздіксіз жалғасып келе жатқан көшіқон бүкіл жер шарына дерлік әсер етті. Әсіресе, XIX ғасырда айқын із қалдырған ұлтшылдық қозғалыстар мен одан кейінгі соғыстар және жаңа оқиғалар бұл үрдісті жеделдете түсті. Бұрын негізінен міндетті сипатта болған аталмыш адами қозғалыстармен көші-қонының шеңберіне постмодерндік дәуірде ерікті көші-қон да қосылды. Тарихи жағдайына, нысанына және көлеміне қарамастан, көші-қонның субъекті (иммигранттар) үшін де, көшіп барған елі мен қоғамы үшін де бірқатар демографиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени ықпалы болады. Бұл зерттеуде адами ісәрекеттердің нәтижесінде қазіргі қоғамдарда жиі кездесетін этникалық, діни және мәдени әртүрлілікті тұрақты үйлестіру нәтижесінде пайда болатын көпмәдениеттілік қарастырылады.
Әлеуметтанудың негізгі зерттеу пәндерінің бірі болып табылатын мәдениеттің қолданылу аясы және оның анықтамасы туралы көптеген пікірлер бар. Әлеуметтанушы Ерол Гүнгөр мәдениетті «материалдық және рухани элементтері» бар қоғамның өмір салты, сенімдері, сезімдері мен тебіреністерінің жиынтығы ретінде сипаттайды.
Бұл анықтамадан көрініп тұрғандай, мәдениет топтың, қоғамның немесе ұлттың негізгі сипатын құрайтын және оны басқалардан ерекшелендіретін заттардың жиынтығы ретінде «бірегейлікті» білдіреді. Қоғамдық үдерістердің туындысы болып табылатын бірегейлік өзге біргейліктен және осылайша басқа (немесе басқалардан) айырмашылықты көрсетеді. Әдетте қалыпты бірегейлік пен үстін бірегейлік деп екі категорияда қарастырылатын бірегейлік ұғымының жеке, мәдени, әлеуметтік, ұлттық, саяси және конституциялық сынды түрлі ішкі категориялық өлшемдері де бар.
Ұлттық бірегейліктер үстемдік ететін заманауи дәуірден айырмашылығы постмодерндік дәуірде бірегейлік негізінен сәйкестіктер мен субмәдениеттерге байланысты талқылана бастады.
Заманымыздағы жаһандану деңгейі мен коммуникацияның дамуы түрлі қоғамды бірбіріне жақындастырып қана қоймай, сонымен бірге мәдени айырмашылықтарды да айқын көрсете бастады. Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) 2020 жылғы көші-қон есебіне сәйкес, 2019 жылы туған елінен басқа елге қоныс аударғандардың жалпы саны 272 миллионға жуықтаған. Дүние жүзі халқының шамамен 3,5%-ына сәйкес келетін бұл көрсеткіш соңғы жылдары азды-көпті ұқсас деңгейде болды. Тарихи үрдісте қалыптасып, бұрынғы мәдени әртүрлілікке қосылған бұл көші-қон елдердің әлеуметтік құрылымын бұрынғыдан да біртектес етуде. Зерттеулер бүкіл әлемге жайылған бұл үрдістің жалғасатынын көрсетіп отыр. Pew Research Center тарапынан 2018 жылы әртүрлі құрлықтағы 27 елде жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 69%-ы соңғы 20 жылда өздері тұратын елдің этникалық, діни және мәдени жағынан әртүрлілігі артқанын; сол сияқты, қатысушылардың басым көпшілігі аталған әлеуметтік әртүрлілік алдағы 20 жылда да арта түсетіндігі туралы өз болжамдарымен бөліскен. Аталған зерттеуге қатысушылардың көші-қон нәтижесінде әлеуметтік әртүрліліктің артуы туралы көзқарастары әртүрлі. Грекия мен Индонезия мысалдары арқылы сұрақтың айырмашылығын көрсететін болсақ, Грекиядан сауалнамаға қатысқандардың 62%-ы әлеуметтік әртүрліліктің артуына қарсы екенін, ал 17%-ы мәдени әртүрліліктің өсуін қолдайтынын айтқан.
Индонезиядан сауалнамаға қатысқандардың тек 5%-ы ғана әлеуметтік әртүрліліктің ұлғаюына қарсы екенін айтса, олардың көпшілігі, яғни, 76%-ы әлеуметтік әртүрліліктің ұлғаюын қолдаған. Грегия мен Үндістан сияқты бірнеше елдерді қоспағанда, сауалнамаға қатысқан елдердің көпшілігі, әсіресе Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Австралия әлеуметтік әртүрлілікті жақтайды деп айта аламыз.
Осыған қарамастан, адам құқықтары мен бостандықтары саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың есептері назарға алынғанда, әлемдік ауқымдағы жалпы көрініс онша емес екені байқалады. Өйткені 2020 жылы тек ЕҚЫҰ және оған қатысты мекемелер мен ұйымдар арқылы әлемнің 42 елінде тіркелген өшпенділік қылмыстарының саны 7203-ті құраған. Бұл қылмыстардың жартысынан көбі нәсілшілдік пен ксенофобиялық және белгілі бір нанымға немесе сол сенімнің ізбасарларына қарсы қылмыстар. Бұлардан бөлек, әлемнің түкпір-түкпірінде жеке және мәдени ерекшеліктерге қарсы жасалған, бірақ тіркелмеген фактілер көп екенін болжау қиын емес. Бұған кейде ксенофобия және исламофобиямен халықаралық қауымдастықтың назарын аударатын Еуропа мен АҚШ та кіреді. Әлдеқайда ерте кездегі заң бұзушылықтарға байланысты, әсіресе 1690 жылдардан кейін, мемлекеттер өздерінің бірегейлігін анықтау саясатын көпмәдениеттілік негізінде қайта қарап, кейбір түзетулер жасай бастады.
«Көпмәдениеттілік» термині әдебиетте алғаш рет 1941 жылы қазіргі ұғымдағы ұлттық бірегейліктердің тозуы алдындағы айырмашылықтарға негізделген космополиттік қоғамды сипаттау үшін қолданылғаны белгілі. Дегенмен, бұл термин саясат құралы ретінде 1970 жылдардың басында көпмәдениетті құрылымдарымен танымал Австралия мен Канадада ғана қолданыла бастады. АҚШ-та, Еуропада және басқа елдерде әртүрлі мәдениеттердің сұраныстарын қанағаттандыру үшін кеңінен қолданылған көпмәдениеттілік, ең жалпы мағынада «келіспеушіліктерді мемлекеттік саясатпен басқаруды»
білдіреді.
Көпмәдениеттілік саяси құрал болудан гөрі, өзара сыйластық пен қабылдауға негізделген әлеуметтік көзқарас болып табылады. Алайда, екі тиіптік мысалды – Канада мен Австралияны қоспағанда, көпмәдениеттілік саясат тұрғысынан да, әлеуметтік ауқымы тұрғысынан да мүлдем басқа бағытта екенін атап өткен жөн. Мұның тарихи, саяси, экономикалық, әлеуметтанулық себептері бар екені даусыз. Бұған қоса, әсіресе соңғы жылдары қауіпсіздік те көпмәдениетті саясатты қалыптастырудың маңызды элементіне айналды.
Сондықтан Австралия мен Канаданың нақты жағдайларына байланысты қалыптасқан көпмәдениетті саясатты Таяу Шығыстағы, Африкадағы немесе Азиядағы саясатпен салыстыру шындыққа жанаспайды. Өйткені, бұл түпнұсқалық АҚШ пен Канада тәжірибесінде де заңды және практикалық тұрғыдан ерекшеленеді. Мысалы, АҚШ конституциясында көпмәдениеттілікке қатысты арнайы ереже болмағанымен, Канадада көпмәдениеттілікке құқықтар мен бостандықтардың негізгі заңымен (1982) конституциялық кепілдік берілген. Сол сияқты, АҚШ-та мәдени бірегейліктер «американизмнің» басымдылығына мойын ұсынса, Канадада тілдер мен мәдениеттер қорғалып, оның дамуына айтарлықтай қолдау көрсетіледі. Ал, ЕО елдері керісінше, ішкі саяси себептерге және мерзімді өзгерістерге байланысты құбылмалы бағыт ұстанғанымен, ЕО конституциясындағы ішкі бірегейліктерге ұласатын айырмашылықтардың жалпы алғанда «көпүйекті, бейтарап, төзімді, әділ және ынтымақты...» көзқараспен қамтамасыз етілгенін байқауға болады. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай, ЕО елдеріндегі көшіқон саясаты мен көпмәдениеттілікте айырмашылықтар бар. Алайда, Германия, Франция және Нидерландыдағыдай әсіре оңшыл партиялардың көлеңкесінде өшпенділік қылмыстары көбейді. Екінші жағынан, бұрынғы Кеңес Одағы мен Югославия елдеріндегі көпмәдениетті саясат жоғарыдағы мысалдардан мүлде басқа деңгейде дамыды деп айта аламыз. Қысқаша айтқанда, бұл елдердің тарихи мұраға қалдырылған этникалық, діни және мәдени әртүрлілігі гетерогенді және өте нәзік әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуына әкелді. Бұл құбылыс аталмыш географиядағы мемлекеттерді унитарлық бірлікті қорғау нүктесінде жеке тұлғаларды қорғаудан гөрі қауіпсіздікке бағытталған саясаттарды қабылдауға мәжбүр етті.
Қорытып айтқанда, XX ғасырдың басынан бергі оқиғалар әлемді күн өткен сайын космополиттік ете түсуде. Жаһандану мен локализация мүмкіндігінше үдей түскен біздің дәуірде мемлекеттер жалпыға бірдей құқықтар мен бостандықтар арқылы қауіпсіздік тепетеңдігінде мәдени айырмашылықтарды басқаруға тырысуда. Дегенмен Еуропада соңғы жылдары белең алған әсіре ұлтшыл қозғалыстар, нәсілшілдік пен ксенофобия және исламофобия көпмәдениетті саясаттың әлі де маңызды саяси және әлеуметтік сынақтардан өтіп жатқанын көрсетеді. Атап айтқанда, Сириядағы азаматтық соғыстан кейінгі көші-қон толқынына Батыстың теріс көзқарасы әлі күнге халықаралық қауымдастықтың жадында сақтаулы. Сөз соңында ұзақ мерзімді әлеуметтік үрдіс болып табылатын көпмәдениеттіліктің қабылдануы экономикалық және демократиялық жағдайлармен, сонымен қатар қауіпсіздік саясатымен тығыз байланысты деуге болады.
Жазушы: Суат Бейлур, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және Қазақстан билігі азаматтарды ел ішінде қауіпсіздік Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы берген сұхбатында төңкеріс әрекеті деп бағалаған қаңтар оқиғасына назар аударды. Президент Тоқаев бейбіт шерулердің лаңкестер тарапынан пайдаланылып, Қазақстанның көптеген аймақтарына тез тарағанын атап өтіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ауқымды тергеу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Тоқаев дағдарыс жағдайлары мүмкіндіктер беретінін және наурыз айының ортасында халыққа жолдауында жаңа саяси реформалар туралы жариялайтынын айтты (Kazinform, 17.02.2022).
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жас көшбасшыларға үкіметке жол ашылуы керек екенін мәлімдеді. Президент өзінің өмірлік және саяси тәжірибесін Халық кеңесінің төрағасы ретінде пайдалануды ұйғарды. Дүйсенбі күні Түркіменстанда президенттік сайлау науқаны басталды. Соның аясында кандидаттарды іріктеу, тіркеу, сайлаушылармен кездесулер және басқа да шаралар өтеді. Түркіменстанда президент сайлауы наурыз айында өтеді (Orient, 14.02.2022). Ресей президенті Владимир Путин экстремизм жасаған, заңды және қоғамдық тәртіпті бұзған иммигранттар Ресейден депортациялануы керек деп мәлімдеді. Одан кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Александр Горовой Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше мемлекеттердің көші-қон агенттіктері басшылары кеңесінің отырысын ұйымдастырып, әріптестерін еңбек мигранттарының білім деңгейін көтеруге, сондай-ақ, қабылдаушы мемлекеттерді өз аумағындағы деструктивті процестерге қатысуына жол бермеуге шақырды (Kun.uz, 19.02.2022).
Грузия Сыртқы істер министрі Давид Залкальяни Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен кездесті. Давид Залкальяни Украинаның Ресеймен қақтығыстарында ынтымақтастығы мен қолдауын білдірді. Тараптар екіжақты және халықаралық форматта тығыз үйлестіруді жалғастыруға келісті, «шынықтыру мен араласуды болдырмау» үшін халықаралық қоғамдастықтың бірігуінің маңыздылығын атап өтті (Agenda.ge, 20.02.2022). НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік атлантикалық кеңестің Қорғаныс министрлерінің отырысында Грузия және Украинамен кездесуінде НАТО Ресейдің әрекеттерінен туындаған Еуро-атлантикалық аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне дайын болуы керек деді. Сондайақ, ол НАТО Украина мен Грузияға күшті саяси және практикалық қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді. НАТО Ресейдің еуропалық қауіпсіздік негізінде жатқан принциптерді елемеуін және оның өз мақсаттары үшін күш қолдану қаупін төндіру қабілеті мен дайындығын айыптады (Ukrinform.net, 17.02.2022). Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Рашид Мередов ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Кездесу барысында министрлер Түркіменстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды мәселелерін талқылады, сондай-ақ, VI Каспий саммитіне дайындық барысын сөз етті. Саммитте министрлер сонымен қатар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екіжақты форматта талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр (The Guardian, 20.02.2022).
саяхаттауға ынталандыру үшін туризм саласына мемлекеттік қолдауды арттыруды жоспарлап отыр. Үкімет туристік нысандардың құрылысымен айналысатындарға қолдау көрсетіп, турпакет сатып алынған жағдайда бүкіл ел бойынша балаларға тегін ұшуға бағытталған «Балалар тегін» бағдарламасын іске қосады. Үкімет саланы қолдауға 35 миллион долларға дейін қаражат бөледі. Қабылданған перспективалы шараларға қарамастан, ақпараттың жоқтығынан бизнес әлемі аталған қолдаулардан жеткілікті түрде пайда көре алмай отырғаны белгілі (Qazaq TV, 18.02.2022). 2022 жылы Өзбекстанда жалпы қуаты 1474 МВт алты жылу және бір күн электр станциясы іске қосылады. Нәтижесінде еліміздің энергетикалық жүйесінің жалпы қуаты шамамен 10%-ға артып, 16,000 МВт-тан асады. Жоспарланған жобаларға тоқталатын болсақ, Түркияның Aksa Energy компаниясы екі жобаны жүзеге асырды. Наурыз айында Aksa Energy компаниясы мен тағы бір түрік компаниясы Cengiz Enerji және екі жылу электр станциясын іске қосады (Kun.uz, 16.02.2022). 2021 жылы Түркіменстанның Грузияға мұнай өнімдері экспорты айтарлықтай өсті. Грузияның Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 191,8 миллион долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 186,2%ға көп. Түркіменстаннан Грузияға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу 103,1%-ға, яғни 149,7 мың тоннадан 304,2 мың тоннаға дейін өсті. Түркіменстан негізгі экспорттаушы болды, ал Ресей 134,6 миллион долларға мұнай өнімдерін жеткізіп, екінші орынды иеленді (Türkmenportal, 14.02.2022).
2021 жылы Тәжікстанның электр энергиясы экспорты өсті. Ел экспорты 2020 жылы 911,6 млн кВт/сағ болса, 2021 жылы 2,4 миллиард кВт/сағ құрады. Ауғанстан Тәжікстанның электр қуатының негізгі нарығы болып қала береді. 2021 жылы Ауғанстанның импорты 1 миллиард 275,2 миллион кВт/сағ болса, Өзбекстан 1 миллиард 146,8 миллион кВт/сағ электр энергиясын сатып алған. 2021 жылы электр энергиясын экспорттаудан түскен кіріс 404,6 миллион сомонға (35,6 миллион доллар) жетті, бұл Ауғанстандағы саяси жағдайға байланысты 2020 жылмен салыстырғанда 232,6 миллион сомонға (20,5 миллион доллар) аз (Khovar, 15.02.2022). Қырғызстан ресейлік мұнай компаниясының көмегімен елде шағын су электр станцияларын салуды жоспарлап отыр. Жақында Қырғызстанның Инвестициялар министрінің орынбасары Нұрәділ Баясов Ресейдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі «Татнефть» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, Қырғызстанның энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Сондай-ақ «Татнефть» өкілдері гидравликалық турбиналар шығаратын жергілікті Қырғызстанның «Унаа» ұйымымен кездесіп, ынтымақтастықты нығайту мақсатында өндіріс орындарын аралап көрді (Kabar, 15.02.2022).
Үндістанның Әзірбайжандағы елшісі Бавитлунг Ванлалвавна Үндістанның Әзірбайжан нарығындағы өнім ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл туралы Әзірбайжан-Үндістан ынтымақтастығы аясында өткен іскерлік кездесуде айтылды. Үндістан Әзірбайжан нарығына әсіресе ақпараттық технологияларды, электронды тауарлар мен шай өнімдерін жеткізе алады. 2021 жылы Үндістан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 2020 жылмен салыстырғанда 27%-ға өсіп, 739,1 миллион долларды құрады. Экспорт 594,4 миллион долларды, импорт 144,6 миллион долларды құрады (AzerNews, 18.02.2022).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Трабзон қаласындағы Қарадениз техникалық университетінде қазақтың атақты ақыны, ойшылы Абайдың Түркиядағы алтыншы бюстінің ашылуы өтті. Белгілі ақынның туғанына 175 жыл толуына арналған еске алу жылы аясында өткен салтанатты шараға қазақстандық дипломаттар мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Ашылу салтанатында Ақчабат муниципалитетінің халық биі ансамблінің Трабзонға тән билерінің түрлі-түсті қойылымы да болды (Turksoy.org, 17.02.2022).
Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев Түрікменстан Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен онлайн режимде кездесті. Тараптар Түркі мемлекеттерінің ұйымы аясындағы атқарылып жатқан міндеттемелерді талқылады. Кездесуде Түркіменстанның Түркі мемлекеттерінің ұйымы және оның филиалдарының қызметіне белсендірек қатысу қажеттілігін атап өтті, өйткені бұл ұйымның барлық мүшелеріне тиімді (Turkkon.org, 17.02.2022)
2022 жылдың 17 ақпанында Жапония үкіметі мен Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Орталық Азиядағы Трансшекаралық ынтымақтастық бастамасын жүзеге асыру үшін 4,1 миллион доллар гранттық келісімге қол қойды. Жоба Орталық Азиядағы, әсіресе Ауғанстан шекарасында орналасқан халықаралық шекаралық өткізу пункттерінің әлеуетін нығайтуға бағытталған. Жоба Орталық Азия елдерінің шекаралық құқық қорғау органдарының есірткіге тыйым салу әлеуетін күшейтеді деп күтілуде. (ASIA-Plus, 18.02.2022)
Қазіргі қазақ тіл білімінің негізін салушы, түркі әлемінің зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Ыстамбұлда өткен халықаралық конференцияда еске алынды. Шара Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) және Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Конференция қазақстандық солист Әсем Ережекқызының қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындауымен аяқталды (Turksoy.org, 17.02.2022).
Өзбекстанның Экономикалық даму және кедейшілікпен күрес министрлігі, Дүниежүзілік банк және Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы «Жасыл өсу және климаттың өзгеруі» тақырыбында қорытынды жиналыс өткізді. Шара Өзбекстанды жасыл өтпелі жолға тездететін стратегиялық негізді әзірлеуге арналды. Тараптар жасыл экономикаға және климаттың өзгеруіне қарсы тұруға және бейімделуге келесі қадамдарды жасауға мүмкіндік беретін жол картасы мен институционалдық шарттарды әзірледі (Каресец, 17.02.2022).
ТМД елдері бірлескен комиссиясының 24ші онлайн отырысында заңсыз көші-қон күресінің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар ТМД аймағындағы көші-қон жағдайы және заңсыз көші-қонның алдын алу және онымен күресу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат алмасты. Бұл ретте практикалық тәжірибе мен іс-әрекеттер, оның ішінде азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік азаматтардың заңды еңбек қызметін жүзеге асыру жайлы заңнамасы ұсынылды (Centralasia.news, 19.01.2022).




