ebulletin
Әлеуметтік аударымдарда жаңа белес: білім мен тәжірибе аударымы
Авторлар: Женгизхан Жаналтай
2020 ж. 7 желтоқсан

Көші-қон – адамзат тарихындағы мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан ең көне оқиғалардың бірі. ХХІ ғасырда тасымалдау секторының технологиялық әлеуеті мен инфрақұрылымның қарқынды дамуының арқасында көші-қон барысы анағұрлым жеңіл және жылдам үдеріске айналды. 2020 жылы бүкіл әлемде 272 миллион адам негізінен экономикалық себептерге байланысты өз елінен тыс жерде жұмыс істейді немесе тұрады.




