Түркі әлемі ықпалдастығындағы жаңа бетбұрыс: «Түркі әлемінің көзқарасы-2040»

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕТБҰРЫС: «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ-2040»
2021 жылы 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі кеңесінің 8-ші саммитін әртүрлі аспектілердегі бетбұрыс ретінде санауға болады. Ең алдымен, 1992 жылы басталған үдерістің нәтижесі болған Түркі кеңесі (Түркітілдес елдердің кеңесі)
саммитте қабылданған шешімге сәйкес Түркі мемлекеттері ұйымына айналды және символдық мәнінен басқа, оны болашақта ынтымақтастыққа деген ынталылықтың нақты көрсеткіші ретінде бағалауға болады. Орталық Азиядағы түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың алғаш рет байқаушы мәртебесімен қатысуы – Ыстанбұл саммитінің маңыздылығын арттыратын тағы бір жайт. Ұзақ үзілістен кейін 2019 жылы Бакуде өткен 7-ші саммитке Өзбекстанның толыққанды мүше ретінде қатысуы сияқты Түркіменстанның «тұрақты бейтарап ел» мәртебесін негізге ала отырып, әуел бастан алшақ болған Түркі мемлекеттері ұйымының 8ші саммитіне қатысуы Ұйымның болашағы үшін жеке қарастыруды қажет ететін өзгеріс ретінде саналады. Әйтсе де, Саммиттің атап өтуге тиісті ең маңызды нәтижелерінің бірі – мүше мемлекеттер қабылдаған «Түркі әлемінің көзқарасы-2040» екені сөзсіз. Түркі халықтарының ынтымақтастығы мен ынтымағын кеңейту мен тереңдетуге бағытталған маңызды құжат төрт негізгі тақырыптан тұрады: «Саяси және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық», «Экономикалық және салалық ынтымақтастық», «Халық арасы ынтымақтастық»
және «Сыртқы тараптармен ынтымақтастық». Егжейтегжейлі баяндалған көзқарас құжатында бұрын басталған және жалғасып келе жатқан көптеген саладағы ынтымақтастық пен кеңесу салаларына да тоқталған. Дегенмен, осы салалардағы ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін құжатта қолданылатын әдіс пен тілде айтарлықтай өзгерістер бар екенін атап өткен жөн.
Мысалы, құжаттағы «Мәдени, академиялық және парламенттік салалардағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында ТҮРКСОЙ, Халықаралық Түркі академиясы, Түрік мәдениеті мен мұрасы қоры және ТүркПА сияқты түркі ынтымақтастығы ұйымдарымен тиімді ынтымақтастық пен үйлестіруді қамтамасыз ету»
тұжырымдамасы Түркі мемлекеттері ұйымының бұдан былай аталған институттардың саясаты мен ісәрекетінде «үйлестіруші»
рөл атқаратынын айтуға болады. Көзқарас құжатындағы тағы бір маңызды мақсат мүше мемлекеттер арасында тауарлардың, капиталдың, қызметтердің және адамдардың еркін қозғалысы үшін қажетті инфрақұрылымды құру бойынша зерттеулерді бастау.
Құжаттың «Экономикалық және салалық ынтымақтастық»
деп аталатын бөліміндегі мәселелердің бірі – Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия сияқты елдердің маршрутында көптен бері күн тәртібінен түспей келе жатқан Каспий теңізінің қиылысымен Орта дәлізді қайта жаңғырту. Шығыс-Батыс бағытындағы ең қысқа және сенімді дәліз болып табылатын Орта дәліздің өңірлік және жаһандық өндіріс пен жеткізу тізбегіне қосылуы аймақтық дамуға оң әсер етеді, сонымен қатар түркі мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық және адами ұтқырлықты арттырады.
Дегенмен, бұл үшін көлік және кеден заңнамасындағы инфрақұрылымдық кемшіліктерді, үйлестіру мен жүзеге асырудағы айырмашылықтарды жою қажет екені анық. Осы тұрғыда құжатта Түркия мен Орталық Азияны тікелей байланыстыратын Зәңгезүр дәлізін халықаралық платформаларға енгізудің нақты қамтылуы осы саладағы ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың негізгі көрсеткіші болып табылады. Осы тақырыптағы бұрынғы саясаттар мен жұмыс салаларын ескере отырып, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты құрылымдық жүйеге жеткізу үшін бірыңғай Түркі энергетикалық нарығын құру, жасыл және инновациялық экономикалық өсу саясатын дамыту, мүшелер арасында мемлекеттікжекеменшік әріптестік аясында тәжірибе алмасу үшін өзара ынтымақтастық шеңбері де нақты анықталғанын байқауға болады.
Екінші жағынан, Көзқарас 2040 құжаты түркі халқының ортақ құндылықтарын атап көрсете отырып, ақпарат, БАҚ және өндіріс сияқты салалардағы кәсіби мамандардың, сондай-ақ, білім беру саласындағы студенттер мен ғалымдардың ұтқырлығын арттыру қағидаттарын анықтай отырып, халықтар мен қоғамдар арасындағы байланыс пен өзара әрекеттесуді жақсартып, келешекте тиісті мекемелер, ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін жол картасы ретінде қарастылады. Тарихимәдени ортақ құндылықтарды көрсететін деректі фильмдер, фильмдер, сериялдар және балаларға арналған анимациялық фильмдер түсіру жеткіліксіз екенін ескерсек, осы тұста тиісті мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының алдында маңызды міндеттердің тұрғанын айтуға болады.
Ұйым анықталатын жол картасы аясында белгілі бір аспектілерімен қысқаша түйінделген Түркі әлемі 2040 көзқарасындағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жақын болашақта стратегиялық құжатты жариялайтынын күтуге болады. Көзқарас құжатында айтылғандай, әзірленетін стратегиялық жол картасында міндеттер мен көрсеткіштерді нақты белгілей отырып, үйлестіру және тиімділік тұрғысынан ТҮРКСОЙ, Халықаралық Түркі академиясы, Түрік мәдениеті мен мұрасы қоры, ТүркПА және құрылатын жаңа мекемелердің міндеттері мен жауапкершілігін қайта анықтау маңызды. Көзқарас құжатында түркі мемлекеттерінің орнына «Түркі әлемі» немесе «түркі халықтары» сияқты кеңірек ауқымды нысана етіп алғанына сүйене отырып, Азиядан Кавказға, Жерорта теңізіне, Таяу Шығысқа, Балқанға және Еуропаға дейін созылатын географиялардағы түркі халықтары мен қоғамдары арасындағы ынтымақтастықтың дамуы да осы көзқарас аясында қарастырылатынын болжауға болады. Нәтижесінде Түркі мемлекеттері ұйымының құрылуымен түркі мемлекеттері мен түркі халықтары арасындағы пен интеграция үдерісі жаңа қарқын алды және оның аймақтық және жаһандық саясатта белсендірек рөл атқаратынын болжауға болады және бұл үшін үйлестіруді арттыру үшін қолданыстағы институттар, ұйымдар мен мекемелер қайта құрылымдалады.
Жазушы: Суат Бейлур, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Еуразиялық даму банкінің өкілдері Қазақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Көш басшылар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды талқылап, Әзірбайжан мен Армения, Сирия, Ливия және Украинадағы соңғы аймақтық мәселелерден сөз қозғады. Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын білдірген президент Ердоған аймақтағы шиеленіс ушыққан жағдайда Түркияның Украина мен Ресей арасында арағайын бола алатынын қуаттады (Dailysabah.com, 03.12.2021).
Қырғызстан Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, парламентте белгіленген 5 пайыздық межеге тек алты партия ғана өте алған. Үкіметке жақын «Ата-Жұрт» Қырғызстан партиясы 17,21%, «Ишеним» 13,55%, «Интимак» 10,90%, «Альянс» 8,26%, «Бүкіл Қырғызстан» 7,01% және Йиман Нуру 6,10% дауыс алды. Дауыс беруге 34,39%, яғни шамамен 1,2 млн. сайлаушы дауыс берді (Rus.azattyk.org, 04.12.2021).
Брюссельде Грузия, Молдова және Украина премьер-министрлері Ираклий Гарибашвили, Наталья Гаврилица және Денис Шмигал кездесті. Кездесу барысында тараптар Шығыс әріптестік саммиті қарсаңында еуропалық құрылымдармен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Премьер-министрлер аталмыш елдер арасындағы әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін, саяси диалог пен салалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, үкімет басшылары Еуропалық Одақпен диалогты үйлестіруге келісті (SNG. Бүгін, 01.12.2021).
Душанбеде 14-ші Орталық Азия – Корея Республикасы ынтымақтастық форумы өтті. Қазақстан, Қырғызстан, Корея Республикасы, Тәжікстан және Түркіменстанның сыртқы істер министрлері қатысқан шараға Корея мен Орталық Азияның бес елінен 100-ге жуық сарапшы қатысты. Қатысушылар Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері арасындағы орман шаруашылығы, көміртегі бейтараптығы, денсаулық сақтау, цифрландыру және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады (ASIA-Plus, 01.12.2021).
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті. ДСҰ-ның 12-ші министрлер конференциясында олар Қазақстан мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастық әлеуетін, соның ішінде Қазақстанның төрағалық мүмкіндігін де талқылады. Тараптар ДСҰ 2022 жылдың қарашасына жоспарланған Қазақстанның бірінші Сауда саясатына шолуын жариялауды талқылады. Президент Тоқаев ДСҰ-ның індет кезінде жаһандық экономиканы жандандырудағы шешуші рөлін ерекше атап өтті (Kazinform, 30.11.2021). Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түрікменстанның астанасы Ашхабадта өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында тәжік әріптесі Имамали Рахманмен кездесті. Президенттер Өзбекстан-Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, кең ауқымды сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударды. Сонымен қатар, тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, мәдени және гуманитарлық алмасуға қатысты мәселелерді талқылады (UzReport, 29.11.2021).
станның макроэкономикалық көрсеткіштеріне қатысты болжамын жариялады. Оның болжамы бойынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2021 жылы 3,8%-ға, келесі жылы 4,2%-ға өседі. Биылғы жылы жүзеге асырылған 10 ұлттық жобаның жүзеге асуымен экономикалық белсенділікті жеделдетуге септігін тигізеді. Инфляция 2022 жылы бәсеңдеп, 4-6%-дық меженің жоғарғы шегіне жақындайды. Жаһандық көлік-логистикалық кедергілерді жою және базалық мөлшерлемені арттыру инфляция деңгейіне әсер етеді (Qazaq TV, 03.12.2021).
Шанхай ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер арасындағы өзара сауда оң динамика көрсетіп отыр. Эпидемияға қарамастан ұйымға мүше елдер арасындағы сауда 2021 жылдың алғашқы жеті айында 40%-ға өсті. ШЫҰ елдері ШЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі резервін және азық-түлік секторында инвестициялық қор құруды жоспарлап отыр. Есепті кезеңде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен саудасы 19%-ға өсіп, 36,5 млрд. долларға жетті, ал Қазақстан арқылы жүк тасымалы 25%-ға артты (Qazaq TV, 2021.12.02.).
Азия даму банкі Қырғызстан астанасы Бішкекте 120 аккумуляторлы электрлі автобус жеткізу және көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін 50,65 млн. долларлық пакетті мақұлдады. Осының арқасында ауаның сапасы артып, көміртегі шығарындылары азаяды. Қаржыландыру пакеті Қалалық көлікті электрлендіру жобасынан 25 млн. доллар несие, 25 млн. доллар грант және Жоғары деңгейдегі технологиялар қорынан 650 мың доллар бірлескен қаржыландырудан тұрады (Kabar, 01.12.2021).
Түркіменстан мен Ресейдің Астрахань облысының басшылары кәсіпкерлікке арналған онлайн кездесу өткізіп, Оля портында арнайы экономикалық аймақта Түрікменстанның логистикалық орталығын ашу мәселесін талқылады. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың тоғыз айында Астрахан облысы мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 198,5 млн. долларды құрады. Астрахан облысы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін экспорттауды, тоқыма және полипропиленді импорттауды жоспарлап отыр (Orient, 02.12.2021).
Ресейлік Газпромбанк Өзбекстандағы «Өзбекмұнайгаз» басқаратын мұнай-газ жобаларын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, билік синтетикалық сұйық отын шығаратын Шуртан газ-химия кешенін ашуға 120 млн. доллар бөледі. Газпромбанк елдегі мұнай-газ кешеніне жалпы сомасы 1,1 млрд. доллар инвестиция салып, «Өзбекмұнайгазға» Қытай және Корея қаржы құрылымдарымен келіссөздер жүргізуге көмектесті. «Өзбекмұнайгаз» басшысы мен Газпромбанк өкілдері де келешегі зор жобалар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті (Kun.uz, 01.12.2021).
Украина Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ел Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп жалпы құны 1,7 млрд. еуроны құрайтын сегіз жобаны жүзеге асыруда. Барлық жобалар мемлекеттік секторда және Украина мемлекетінің кепілдігімен ЕҚДБ қаржыландырады. ЕҚДБ Украинадағы жетекші институционалдық инвестор болып қала береді, ел бойынша 507 жобаға 15,6 млрд. еуро инвестициялады (Ukrinform, 02.12.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Түркі әлемінің ұлы ғұламасы, ұстазы ӘлФарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай түрік тілінде жарық көрген кітапты ТҮРКСОЙ ұйымы насихаттады. Түркия Ұлттық кітапханасында өткен шараға Қазақстанның, Босния-Герцеговинаның және Ауғанстанның Анкарадағы Елшілері, Анкарадағы дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, ғалымдар, жазушылар және басқа да қонақтар қатысты. Ашылу сөздерінен кейін барлық қатысушылар лента қию рәсіміне қатысты (Turksoy.org, 01.12.2021).
Қазақстандық «ҚазАқпарат» АҚ «Түркі әлемі» жобасына қатысты. Бұл тренд ақпарат агенттігі мен түріктің Albayrak Media Group бастамасымен құрылған түркі тілді елдер туралы жаңалықтарды біріктіретін медиа платформа. Шараға түркі тілдес мемлекеттердің басшылары, дипломаттары, депутаттары және қоғам өкілдері қатысты. Түркі әлемі платформасындағы жаңалықтар бұдан былай қазақ тілінде, сондай-ақ әзірбайжан, ағылшын, қырғыз, орыс, түрік және түрікмен тілдерінде жарияланатын болады (Türk Dünyası, 30.11.2021).
Режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» қазақ көркем фильмі 25-ші Таллиндегі «Қара түндер» кинофестивалінде қазылар алқасының жүлдесін жеңіп алды. Фильмде поэзиялық жинақтары қазақ поэзиясының алтын қорына енген қазақтың ұлы жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы үш жылы шежіресі берілген. Биылғы бағдарламада 19 фильм көрсетілді. (The Astana Times, 29.11.2021).
Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Моңғолиядағы Налайх муниципалитетінің қарттар орталығын жөндеуден өткізіп, жабдықтады. Орталықтың ашылуына Моңғолия Премьерминистрінің орынбасары Амарсайхан Сайнбуян, Түркия елшісі Зафер Атеш, ТИКА-ның Ұлан-Батыр координаторы Нарантуяа Пуревдорж және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Амарсайхан Сайынбуян өз сөзінде түрік және моңғол халқының достық қарым-қатынасына тоқталып, ТИКА мен Түркия үкіметіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді (Tika.gov.tr, 01.11.2021).
Душанбеде Тәжікстанның білім министрі Махмадюсуф Имомзода мен Ресейдің білім министрінің бірінші орынбасары Александр Бугаев екі үкіметаралық келісімге қол қойды. Қол қойылған құжаттарда Тәжікстанда салынып жатқан бес мектептің орыс тілі мұғалімдерінің мәртебесі мен оқыту орыс тілінде жұмыс істеу принциптері айқындалған. Бұған қоса, Ресей үкіметі Тәжікстандағы бес орыс мектебінің құрылысына шамамен 150 млн. доллар бөлді. Бұл мектептер 2022 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілетін болады (ASIA-Plus, 30.11.2021). Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары дүниежүзілік қауымдастықты Ауғанстандағы ішкі босқындарға халықаралық көмек көрсетуге 374,9 млн. доллар бөлуге шақырды. Қазіргі уақытта Ауғанстанда 3,5 млн. ішкі босқындар бар. Шамамен 23 млн. адам немесе халықтың 55%-ы ауыр тамақтанбаудан зардап шегеді, олардың тоғыз миллионға жуығы аштық қаупінде тұр (Avesta Haber Ajansı, 04.12.2021).




