f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Орталық Азиядағы ортақ мүдделер тоғысындағы ынтымақтастық мәселесі
ebulletin

Орталық Азиядағы ортақ мүдделер тоғысындағы ынтымақтастық мәселесі

Авторлар: Еркінбек Тұрғынов
2021 ж. 25 қыркүйек
Орталық Азиядағы ортақ мүдделер тоғысындағы ынтымақтастық мәселесі

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ОРТАҚ МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ Аймақтағы саяси және қауіпсіздік мәселесінің маңызы күн өткен сайын арта түскен кезеңде Орталық Азия елдерінің басшылары, атап айтқанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен Президенттердің консультативтік кездесуін өткізді.

Кездесуде Орталық Азия Президенттерімен қатар, Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының Орталық Азиядағы арнайы өкілі Наталья Герман да қатысты. Кезсеуде аймақтың тұтас қауіпсіздігі мен бауырлас әрі көршілес бес елдің қарым-қатынасын арттыру бойынша келелі мәселелерді кеңінен талқыланып, болашаққа бағдар құрылды. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі ең алғаш рет 2018 жылы Қазақстанда, екіншісі 2019 жылы Өзбекстанда өткен болатын. Үшінші кездесу 2020 жылдың тамызында Қырғызстанда өткізу жоспарланғанымен пандемия байланысты түрлі уақыттарға шегеріліп кейінге қалдырылған еді. Мезгіл сайын кейінге шегеріліп, 2021 жылдың 6-тамызында Түркіменстан Республикасында бір қолдың бес саусағындай болмақ ниетімен бас қосу өтті.

Соңғы жылдардағы аталмыш елдердің ұлттық экономикасы мен халық санының өсуіне байланысты аймақтағы негізгі мәселе энергетикалық қауіпсіздік екені жыл өткен сайын өзекті бола бастады. Жасыл энергияға көшу және энергия үнемдейтін технологияларды кеңінен қолдану арқылы энергетикалық кеңістік қалыптастыру, құрғақшылыққа қарсы әрекет ету және су тапсылығын шешуді аймақ елдерінің ортақ мүддесі ретінде қарастыру нәтижесінде аймақтағы мәселелерді барынша тез шешілудің жұмыс тәртібі орнығып, сол арқылы даму үдерісі қалыптасады. Бұл бағыт бойынша аймақ елдерінің тиісті сала министрліктері энергетика мәселелерін ортақ шешуге тырысуы заман талабы екенін аймақ елдері толық сезініп отыр. Аймақтағы ұдайы және тұрақты өсіп келе жатқан демографиямен қатар, пандемияның салдарынан азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті қорын жасақтау тағы бір маңызды мәселе болып отыр. Аймақ елдерінің ауылшаруашылық министрлері болашақта жиі кездесіп, азық-түлік нормасының мониторингінің аймақтық жүйесін енгізу жұмыстарын қолға алуы елдер үшін маңызды. Осыған орай кездесуде саладағы қордаланған мәселелерді ортақ қарастырып, бірлесіп шешу мақсатында жыл сайын кездесу туралы келісілді.

Бұл тұрғыда Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ әрекеті мен ынтымақтастығы аймақтағы барлық елдерге тікелей байланысты екенін көруге болады. Аймақ елдерінің тарихи тамырластығы мен мемлекеттік қалыптасу және дамуы жолдары өте ұқсас. Тәуелсіз республика ретінде 1991 жылы бесеуі де бодандықтан арылып, тең дәрежеде достық және дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Кеңес одағы тарағаннан кейін, 1991 жылғы 13 желтоқсанда аталған бес елдің басшылары ынтымақтастықты арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға қойды. Тіпті, сол басқосуда аймақ атауын «Түркістан» деп атауды ұсынылған да еді. Дегенмен, 1992 жылдағы Тәжікстанда азаматтық соғыс және Түрікменстанның «Бейтарап ел» болуы аймақ елдерінің толықтай ісәрекет етуіне біршама кедергі келтірді. Бұған қарамай Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 1993 жылы экономикалық одақ құру туралы келісімге келіп, 1994 жылы «біртұтас экономикалық кеңістік» жариялады. 1995 жылы ұйымның атауы Орталық Азия одағы боп өзгертілсе, 1998 жылы ұйым «Орталық Азия экономикалық одағы» атауына ие боп, кейіннен ол «Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы» деп аталды. Ұйым аймақтағы елдер өз үшін маңыздылығын жоғалтпай, ынтымақтастықты дамыту жұмысын тоқтатпады. Уақыт өте келе, елдер арасындағы ортақ бірлік пен ортақ мүдденің маңыздылығы туындап, болашаққа нақты қадамдар жасау керектігі нақты көрінді. Содан, 2007 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия одағы құрылды. Аймақ елдерінің ынтымақтастығын артыру жолында экономика мен сауда-саттық байланыстары ең маңызды қатардан көрініп отыр. Бүгінге дейін Орталық Азия елдері арасындағы сауда-саттық көлемі елдердің жалпы экспорт көлемімен салыстырғанда едәуір аз. Бұл тұрғыда даму динамикасындағы айырмашылықтарға да мән берген жөн. Мәселен, аймақ елдерінің жалпы сауда-саттық көлемі 2019 жылы 152 миллиард АҚШ долларынан асқанымен, аймақ елдерінің арасындағы сауда 6.1 миллиард АҚШ долларында тұрақтаған. Бұл екі көрсеткіште де Қазақстанның үлесі анағұрлым жоғары. Аймақтағы ішкі сауда көлемінің жалпы үлесінің жаһандық бәсекелесттік, экспорт пен импорт үйлесімі сияқты мәселелерді де негізге алғанымызда, аймақтың сауда қуатының күшін көре алмадық. Аймақ елдерінің арасындағы байланыстарының түрлі бағыттарда артуы сауда көлемінің жоғары деңгейде дамуына оң әсер ететін болады. Аймақ елдерінің ортақ мүдделерін жоғарғы биліктің күн тәртібіне жиі шығарумен экономика, сауда-саттық пен инфрақұрылым мәселелерімен бірге көлік тасымалдау және қарым-қатынасты ортақ талқылау арқылы шешудің маңыздылығына мән берілді. Соңғы консультативтік кездесудің аясында президенттер бар мүмкіндіктерді ортақ қарау мен кемшіліктердің бірлесе еңсеруді мақсат етіп қойған болатын. Инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалану арқылы елдер арасындағы импорт-экспорт көлемін арттыру мен ұлғайтудың жолдары көп екені айқын. Қазақстан тарапы Транскаспий халықаралық көлік дәлізінінің ерекше маңыз беріп отырғанын, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы мүмкіндіктерді одан әрі жетілдіріп, бойынша көптеген жобаларды қолға алған. Құны 2 миллиард АҚШ доллары болатын «ДостықМойынты» теміржолының екінші бағытының құрылысы 2025 жылы аяқталса, аумақтың өткізу мүмкіндігі 5 есеге артатын болады.

Сондай-ақ Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы Орталық Азия елдерінің Парсы шығанағы елдерімен сауда-саттық көлемін арттыруға мол мүмкіндік береді. Трансазиялық теміржол магистральінің оңтүстік дәлізін дамытудың да пайдасы орасан. Мәселен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «ДарбазаМақтаарал» теміржолы жүк тасымалдау уақытын 1,5 есе қысқартқан. Мазари-Шариф-КабулПешавар теміржолының Орталық Азия елдерінің Оңтүстік Азия елдерімен қатынастын жаңа сатыға шығарумен қатар, Ауғанстанның да дүниежүзілік экономикалық қатынастармен байланысқа түсу үдерісін жеделдетуге сеп болмақ. «Түрікменбашы – Гарабоғаз – Қазақстанның шекарасы»

автомагистралі Қазақстан-Түрікменстан арасындағы жүк және жолаушы тасымалының артыратын болады. Аймақ елдері ішінде Қазақстан мен Түрікменстанның порттарының мүмкіндігі көп екенін, соңғы үш жылда Каспий арқылы тасымалданатын контейнерлер саны 13 есе көбейгенін, осы мүмкіндікті дұрыс пайдалануда Қазақстан Ақтау портында «контейнерлер хабын» құруы жоспарланып жатқаны белгілі. Қазақстан-Өзбекстан жоғары жылдамдықпен жүретін «Түркістан-ШымкентТашкент» (жоба құны 70 миллион АҚШ доллары) теміржолы жобасынан басқа да жобалардың бар екені айтылған. Сонымен қатар Қазақстан БейнеуАқжігіт тасжолының жаңартылуы Өзбекстанның Құрық және Ақтау порттарына аз уақытта жетуіне оразан зор мүмкіндік беріп отыр.

Қауіпсіздік мәселелерінің маңыздыларының бірі де әскери және қорғаныс қауіпсіздігі. Соңғы айлардағы бүкіл әлемнің алаңдаушылғын тудырған Ауғанстандағы соңғы жағдайлар аймақтың тұрақтылығы мен болашағы бойынша түрлі алаңдаушылықтарға жол ашып отыр. Орталық Азия елдерінің ортақ әрекеті мен ынтымақтастығы аймақтағы әрбір мемлекетке тікелей әсер етеді. Бұл тұрғыда аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың маңызды фактор ретінде Ауғанстандағы жағдайдың тезірек реттелуімен байланысты. Бұл тұрғыда аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнауы мен реттелуінде маңызды фактор ретінде Ауғанстандағы жағдайдың мүмкіндігінше тез арада бейбітшілік тұрғысынан шешілуі керек.

Талибан жасақтарының Кабулды өзіне қаратуынан соң, елді түгелдей қолына алып, мемлекеттік құрылымды басқаруға өтуі жергілікті халық арасында туындайтын жағдайлармен қоса болашағы бұлыңғыр көптеген дүниелер, Орталық Азия елдеріне қарай ағылуы мүмкін көш кезіндегі шекара қауіпсіздігімен қатар басқа да болуы ықтимал қауіпсіздік мәселелерінің ортаға шығуына себеп болып отыр. Көш ағымы және Ауғанстанға гуманитарлық көмек бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің ортақтастығы және халықаралық ұйымдарымен бірлесе әрекет етуі Орталық Азия мемлекеттерінің президенттерінің консультативтік кездесуінде Ауғанстанда туындауы мүмкін мәселелердің шешімі және сондағы тұрақтылық үшін қажетті көмек көрсетуге дайын екендіктері мәлім болды. Себебі бұдан бұрын да айтылғанындай Ауғанстандағы қауіпсіздік және тұрақтылықтың сақталуы аймақтағы елдердің мүдделері тұрғысынан қарастырарлық өзекті тақырыптардың арасында тұр.

Кездесуге Наталья Германның да қатысу президенттердің халықаралық деңгейде Орталық Азия елдерінің басқа мемлекеттер және БҰҰ бірлесіп жұмыс жасауға ашықтығын байқатты. Бұл тұрғыда кездесу соңында қабылданған мәлімдеме мәтінінде де БҰҰ құжаттарына көптеп сілтеме жасалуы халықаралық қатынастар мен бейбітшілік нормаларына сай маңызды кездесу өткенін байқауға болады.

Нәтижесінде консультативтік кездесуінің ортақ келісімдерінің бірі де Сыртқы істер министрліктері арасында жұмысшы тобынының құрылуы елдер арасындағы ынтымақтастық байланысын артыруы күтіледі. Бес ел басшылары БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың жалпыға ортақ жарғысы мен қағидаттарын негізе ала отырып, елдер арасы сенімділік пен теңдікті сақтау, Орталық Азия аймағының дамуы ортақ мүдделер қалыптастыру және ортақ мәселелерді келіссөздер мен консультациялар арқылы шешуге келісілді.

Қорыта айтқанда, 1991 жылы тәуелсіздік алып, 1992 жылы 2-наурызда БҰҰ мүше болған (Un.org, 2021) Орталық Азиядағы бес ел мемлекеттік құрылымды аяқтап, ел дамуының жаңа сатысына көтерілген тұста, ынтымақтастықтың жаңа деңгейін орнатып, бірлік қағидаттары негізінде әрекет етудің маңыздылы айқын сезілді. Бұл үдерістің алдағы уақытта да жалғасын табары анық. Аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелерін бірлесе отырып шешудің және ортақ негізде экономикалық-инвестициялық аймақ қалыптастырудың уақыты келді. Осылайша, экономика, азық-түлік, қорғаныс және басқа да қауіпсіздік мәселелерін бірге талқылап, ортақ шешімдердің нәтижесінде аймақ байланысын болашақта бұдан да жоғары дәрежеге көтеріп, мемлекеттердің мүдделеріне барынша тиімді жағдай қалыптастыру ынтымақтастығын бекемдей түседі.

Жазушы: Еркінбек Тұрғынов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік  Қазақстан Республикасының Энергетика       Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады. Президент «Қарапайым заттардың экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының іске қосылуын тиімді деп бағалап, бағдарламалардың қолданылу мерзімін ұзартты. Осылайша, шағын және орта кәсіпкерлікті ауқымды және жедел қолдау тенденциясы сақталды (ҚазАқпарат, 01.09.2021). Ұлыбритания босқындардың паналауына 41 миллион доллар бөлетінін мәлімдеп, Ауғанстанмен шекаралас елдерге қаржылық көмек көрсету жоспарын жариялады. Ұсынылған жоспарға сәйкес, бұл соманың 14 миллион доллары гуманитарлық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариатына жіберіледі. Қалған қаражат Ауғанстаннан кетіп жатқан босқындар үшін Пәкістан, Тәжікстан, Иран, Өзбекстан мен Түркіменстанға беріледі. Деректерге сәйкес, босқындардың көпшілігі Пәкістанға барған, ал Тәжікстан 100 мың босқынды қабылдауға уәде берді (Trend, 03.09.2021).

Қазақстан Ақтау қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттердің құзырлы органдары ұйымдастырған «Каспий - Антитеррор2021» терроризмге қарсы бірлескен оқужаттығуына қатысты. Отырыстың ашылуына ТМД -ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің делегациялары қатысты. Оқужаттығу кепілге алынған адамдарды босату үшін терроризмге қарсы операция жүргізуге және теңіздегі мұнай-газ өнер кәсібінің инфрақұрылымындағы террористік актінің салдарын жоюға арналған әрекеттерді көрсетуге бағытталды (Tengrinews, 02.09.2021).

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Беларуссияның Ресейден ондаған соғыс ұшақтарын, тікұшақтарын және әуе шабуылына қарсы зымырандарды алатынын мәлімдеді. Президент Лукашенко Беларуссияның С-400 анти-әуе жүйесін алып, 250 шақырым жерде ауа мақсаттарын жеңе алатындығын растады. Бұл сипаттама Ресей мен Беларусь арасындағы жұмыс қауымдастығының жақын арадағы шоғырлануымен байланысты (Euronews, 02.09.2021).

АҚШ президенті Джо Байденнің шақыруымен Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұмыс сапары барысында АҚШ пен Украина түрлі стратегиялық келісімдерге келісті. Тараптар әскери ынтымақтастық туралы кейбір маңызды құжаттарға, соның ішінде қорғаныс серіктестігінің стратегиялық негіздері туралы негіздік келісімге қол қойды. Құны 60 миллион доллар болатын жаңа көмек пакеті туралы хабарландырудан басқа, АҚШ қажет реформалар жүргізілген жағдайда Украинаның НАТО-ға мүше болуға ұмтылысын қолдауға дайын екенін мәлімдеді (Whitehouse.gov, 01.09.2021).

Түркия мен Әзірбайжан Бакуде бірлескен әскери жаттығуларды бастады. Әзірбайжан мен түрік сарбаздары қатысатын жаттығулардың негізгі мақсаты-қақтығыс кезінде екі ел армиясының өзара іс-қимылын жандандыру, командирлер арасындағы әскери шешімдерді қабылдауды және командирлік әскерлерді басқару дағдыларын жетілдіру. Жаттығу барысында сүңгуір қайықтар мен су асты шабуылы да болды (Aa.com.tr, 02.09.2021).

     министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға қарай Қазақстанда 59 жаңартылатын энергия көздері стансасы құрылатынын мәлімдеді. Нәтижесінде бүкіл ел бойынша қуаты шамамен 4500 мегаватт болатын объектілер саны 180 -нен асады. Жаңартылатын энергия секторын дамыту - Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Билік салаға бір триллион теңге (2,31 миллиард доллар) инвестиция тартуды жоспарлап отыр, бұл жаңартылатын энергия көздерінің үлесін екі есе арттырады (Qazaq TV, 03.09.2021).

Өзбекстан халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыруда. 2 қыркүйекте Ташкентте өткен Ислам Даму Банкі Директорлар кеңесінің жыл сайынғы 46 -шы отырысы аясында Өзбекстан үкіметі мен Банк кедейлікті төмендету және кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында 500 млн долларлық жаңа экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту қорын құруға келісті. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бұл шараны Өзбекстанның дәйекті реформаларды жүзеге асырудағы табыстарын мойындау деп бағалады (UzReport, 02.09.2021).

Қырғызстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тереңдей түсуде. Жақында елдің Энергетика және өнеркәсіп министрлігінің өкілдері БАӘ делегациясымен кездесті. БАӘ делегациясы Қырғызстанда жаңартылатын энергия көздерінің жоғары әлеуеті туралы айтты. MASDAR компаниясы бұрын күн электр станциясының құрылысына 110 000 доллар инвестиция салған, енді Қырғызстандағы күн электр станцияларына инвестиция салуға қызығушылық танытуда (Kabar, 04.09.2021).

Беларусь Ауыл шаруашылығы және азық -түлік министрі Иван Крупко Беларусь Республикасының Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрий Сенькомен кездесті. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында елдің Қытайға экспорты 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артып, 156 миллион долларға жетті. Тараптар елдің өнімін Қытай нарығына шығарудың жаңа шараларын талқылады. Қытайға 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2019 жылмен салыстырғанда 1,9 есе өсті және 255 миллион доллардан асты (BelTA, 03.09.2021).

Еуразиялық одақтың (ЕЭО) халықаралық серіктестерінің саны артып келеді. Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде ел ЕЭО-мен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қоятынын айтты. Таиланд ЕЭО -ға мүше елдермен, әсіресе Ресей және Қазақстанмен сындарлы диалог жүргізуді жоспарлап отыр. Премьер -министр сонымен қатар Ресейдің Қиыр шығыс өңірі Үлкен Еуразиялық серіктестікті құруға үлес қоса алатынын тілге тиек етті (TASS, 04.09.2021).

Украина мен Катар экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде. Украина премьер -министрі Денис Шмыгаль Катардың сауда және өнеркәсіп министрі Али бен Ахмед Аль - Куваримен кездесіп, сауда мен инвестиция мәселелерін талқылады. Шмыгаль 2020 жылы екі ел арасындағы тауарлар мен қызметтер саудасының көлемі 146 миллион долларды құрайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, тараптар Бірлескен іскерлік кеңесті құру туралы уағдаласты (Ukrinform, 02.09.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       ТҮРКСОЙ Жастар хоры Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркияның әр түрлі қалаларында гастрольдік сапармен жүр. ТҮРКСОЙ жастар хорының алғашқы концерті Хатай қаласында қала әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Хатай қаласының әкімі Лютфу Саваштың қатысуымен ұйымдастырылған бұл концерт Юнус Эмре жылы мен түрік тілі жылы аясында Хатай қаласында өтті (Turksoy.org, 03.09.2021). Жапония үкіметі Тәжікстанда алты мектептің құрылысы мен қайта жөндеу жұмысына шамамен 600 мың доллар бөлмекші. Силық жобалар Жапония үкіметінің жалпы халыққа өзара көмек және адам қауіпсіздігі бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. Құжаттарға Жапонияның Тәжікстандағы елшісі Такаюки Мияшита мен пайдаланушы ұйымдардың өкілдері қол қойды. Жаңа мектептер Рогун, Леваканте, Куляб қалаларында, сондай -ақ Шахринав, Ховалинг, Лахш, Варзоб, Кухистони Мастчох және Балджуван аудандарында салынады (Avesta.tj, 03.09.2021)

Қырғызстанның Ош қаласында Түркі кеңесі мен Қырғызстан жастар істері, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің ұйымдастыруымен 3 ші кезекті жас көшбасшылар форумы өтті. Қырғызстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Түркі кеңесі елдерінен 100 -ге жуық жас қатысты. Форум Түркі кеңесі аясындағы жастар ынтымақтастығын нығайту жолдарына арналған сессиялардан тұрды. Іс шараға Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Кожаман, Қырғызстан мемлекеттік жастар істері басқармасы бастығының орынбасары Союзбек Надырбеков және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысты (Dailysabah.com, 02.09.2021).

«Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған «Томрис» көркем фильмі Түркияда алғаш рет көрсетілді. Фильмнің премьерасы қазақстандық дипломаттардың, түрік саясаткерлерінің, зиялы қауым мен қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен өтті. Сондай -ақ, көрсетілім Түркияның әр түрлі қалаларындағы 200 -ден астам кинотеатрларда өтеді. Америка, Ұлыбритания, Италия, Испания, Жапония, Таяу Шығыс, Оңтүстік Корея, ТМД, Сингапур, Румыния мен Франциядан келген дистрибьюторлар ұлы дала патшайымы туралы фильмнің ресми көрсетілім құқығына ие болды (Kazinform, 03.09.2021).

Әзірбайжан мәдениет министрінің бірінші орынбасары Вагиф Әлиев пен Грузия дін мәселелері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Заза Вашакмадзенің кездесуі кезінде Әзербайжан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары мен Әзірбайжанның азат етілген жерлеріндегі мәдени ескерткіштерді жандандыру мәселелері талқыланды. . Вагиф Әлиев 2020 жылғы Таулы Қарабақ соғысы кезінде Әзірбайжанға көрсеткен саяси қолдауы үшін Грузия үкіметіне алғысын білдірді. Заза Вашакмадзе Әзірбайжан мен Грузия арасындағы екіжақты қарым қатынастар әр түрлі салаларда табысты дамитынына сенім білдірді (Azernews, 01.09.2021).

Қазақстанның Армениядағы Елшілігі Дилижан қалалық әкімдігінің көмегімен Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай фотокөрме ұйымдастырды. Шараға келушілер полигондағы ядролық сынақтар мен олардың нәтижелерін көрсететін бірегей тарихи фотосуреттерді көре алды. Сонымен қатар, қонақтарға Невада-Семей антиядролық қозғалысы мен Қазақстанның ядролық қарусыздану әрі таратпауға қосқан үлесі туралы таныстырды (Kazinform, 01.09.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.