Ресей мен Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы талдау

РЕСЕЙ МЕН ТӘЖІКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ТАЛДАУ Ресеймен экономикалық ынтымақтастық, оның аймақтағы рөлінің төмендегені жайлы болжауларға қарамастан, Орталық Азия елдері үшін маңыздылығын сақтап келеді. Ресеймен сауда және инвестиция саласындағы серіктестіктер аймақтың экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал етуде. Бұл елдерге байланысты талдаулар, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты экономикалық қатынастардың тарихи тұрғыдан берік болғанын көрсетуде. Ресейдің Қырғызстанмен қарым-қатынасында саяси және экономикалық байланыстар маңызды рөл атқаратынын көрудеміз. Ресейдің Өзбекстанмен экономикалық байланыстарын елдің Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы мәртебесін алуы тереңдетті деп айтуға болады. Алайда, Тәжікстанмен экономикалық қатынастарды қарастырғанда, көші-қон саласынан басқа салалардың жеткілікті деңгейде зерттелмегенін көреміз. Тәжікстан экономикасы қазіргі уақытта жеткілікті түрде әртараптандырылмағандықтан, металл өндіру мен оның экспорты сияқты шектеулі секторларға тәуелді. 2019 жылғы есеп бойынша халықтың 73%-ы ауылда тұрады және көбіне ауыл шаруашылығымен күн көреді. Ауылшаруашылық секторына инвестициялардың жетіспеушілігінен бұл саладағы жұмысшылардың өндірістік тиімділігі өте төмен. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірісі мен экспорты елдің негізгі кіріс көздерінің бірі болып табылады. Қосымша фактор ретінде Тәжікстанда халықтың өсу қарқыны айтарлықтай жоғары. Елдегі жаңа жұмыс орындарының жеткіліксіздігі көптеген адамдардың көші-қонына себеп болатын еңбек нарығына үлкен қысым жасайды. Нәтижесінде, Тәжікстан экономикасының еңбек мигранттарының ақша аударымына тәуелділігі 2000 жылдардың басынан бастап едәуір күшейіп, сыртқы факторларға да төтеп бере алмауда. Ақшалай аударымдарға тәуелділіктен басқа, елдің экономикалық әлсіз жақтарына төмен деңгейдегі бизнес-орта, тиімділіктің төмендігі, ішкі жұмыспен қамту перспективаларының жеткіліксіздігі, қаржы секторындағы ұзақ жылдар бойы келе жатқан қиындықтар және инвестициялар және несиелер үшін Қытайға деген тәуелділіктің жоғары деңгейі жатады. Эпидемиялық үдерістегі шектеулер, ақша аударымдарының күрт төмендеуі Тәжікстан экономикасына кері әсер ете отырып, ішкі сұранысты төмендетеді және мемлекеттік инвестицияларды азайтады. Нәтижесінде 2020 жылдың бірінші жартыcында елдің нақты жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсу қарқыны 2019 жылғы7,5%дан 3,5%-ға дейін төмендеді және 2020 жылдың аяғында 1,6% болады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2020 жылы елдің бюджеттік қарызы ЖІӨ-нің 5,8%-ды құрайды деп болжануда және оны сыртқы қарыздар мен гранттар арқылы қаржыландыру жоспарлануда. Жоғарыда айтылғандай, халықаралық көшіқон Тәжікстан экономикасы үшін өмірлік маңызды мәселе болып табылады, өйткені үкімет пен жеке сектор тез өсіп келе жатқан жұмыс күші үшін жеткілікті жаңа жұмыс орындарын ұсына алмауда. Тәжік жұмысшы иммигранттарының шамамен 98%-ы Ресейде жұмыс істейді, ал кейбір мәліметтер бойынша олардың саны 1 миллионнан асады. Ақша аударымдары 2019 жылы 2,7 миллиард долларға жетсе, бұл көрсеткіш елдің ЖІӨ-нің 33,4%-на сәйкес келеді. Негізінен, жұмысшы иммигранттардың отбасылары өздерінің ақша аударымдары кірісінің 94%-ын тұтынудың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмсайды. Алайда, көші-қон саласында күрделі қиындықтар бар.
Олардың қатарына көші-қон ағындарын басқару және мигранттардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау сияқты мәселелер кіреді. Мысалы, жұмысшы иммигранттардың 85,5%ы иммиграцияға дейін ешқандай дағдыларды меңгермеген, ал 86%-ы достары мен туыстары сияқты жеке байланыстарына сүйене отырып, өте шектеулі құқықтық білімдерімен қоныс аударуда. Нәтижесінде 2019 жылдың желтоқсанында Ресейге кіруге тыйым салынған тәжік жұмысшы мигранттарының саны 267 мыңнан асты. Сондықтан Ресейдегі экономикалық жағдай Тәжікстанның экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсер етеді. Сондықтан Ресейдегі экономикалық жағдай Тәжікстанның экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсер етеді. Ресейде бұрыннан келе жатқан экономикалық баяулау эпидемияға байланысты нашарлап, ақша аударымдарының күрт төмендеуіне себеп болуда. Ресейдің Орталық банкінің мәліметтеріне сәйкес (2020 ж.) Ресейден Тәжікстанға ақша аударымы 2020 жылдың бірінші және екінші тоқсанында сәйкесінше 359 миллион және 322 миллион долларды құрады. Үшінші тоқсанда ақша аударымдарының көлемі 543 миллион долларға дейін артқанымен, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда өте төмен. Мысалы, 2019 жылдың бірінші және екінші тоқсанында ақша аударымдары сәйкесінше 462 миллион және 649 миллион долларға тең болса, үшінші тоқсанда ол 830 миллион долларға жетті. Сонымен қатар, эпидемияға байланысты Ресейден Тәжікстанға оралған иммигранттар да елдегі экономикалық жағдайды қиындатады. Тәжікстан билігінің алдын-ала бағалауы бойынша, қайтып келген жұмысшы мигранттардың жалпы шығыны 650 миллион долларға жуықтайды. Сондықтан, эпидемияға байланысты Ресейдегі шектеулер және ақша аударымдары кірісінің экономикалық баяулауынан болған шығындар Тәжікстан экономикасына жағымсыз әсер етеді. Сауда жағынан Ресей Тәжікстан үшін маңызды рөл атқарады. Халықаралық сауда орталығының мәліметтеріне сәйкес (2020) Ресейдің Тәжікстанға экспорты 2001 жылы 69 миллион доллардан 2019 жылы 953 миллион долларға дейін өсті. Сол кезеңде Ресейдің Тәжікстаннан импорты 130 миллион доллардан 37 миллион долларға дейін азайды. Ресейдің экспорты ауылшаруашылық өнімдерінен, минералды шикізаттар мен машиналар мен жабдықтардан құралған болса, оның импорты негізінен ауылшаруашылық өнімдері мен мақтадан тұрады. 2019 жылы Тәжікстанның жалпы экспортындағы мақтаның үлесі шамамен 69%ға тең. Мысалы, 2001 жылы Тәжікстан Ресейге 64 миллион доллар көлемнде алюминий экспорттаған болса, алюминий экспорты одан кейінгі жылдары нөлден 1 миллион долларға дейін төмендеді. Бұған елдің басқа елдерге, әсіресе Түркияға жасаған экспортына байланысты болуы мүмкін. 2019 жылы Ресей Тәжікстанның ірі импорттық серіктесі бола отырып, оның елдің жалпы экспортындағы үлесі небары 3,3%-ды құрады. Инвестиция саласында Ресей Тәжікстандағы позициясын жоғалтуда. Себебі елдегі ресейлік компаниялардың жоғары салықтарға тап болуы, меншік құқығына кепілдіктердің әлсіздігі және сыбайластық салдарынан Ресей инвестициясы Тәжікстаннан кетіп жатыр. 2019 жылы Ресейден тартылған шетелдік тікелей инвестициялар 33,1 миллион долларды құрай отырып, оның жалпы инвестициялардағы үлесі 9,6%-ды құрады. Сонымен бірге, Қытайдың инвестициялары 262,3 миллион доллармен жалпы инвестициялардың 75,8%-на сәйкес келеді.
Ресей - Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсету жағынан маңызды елдердің бірі. Жақында Ресей БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тәжікстанның ауылдық жерлерінде өмір сүруді жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту үшін жүзеге асырған жобаға 2 миллион доллар бөлді. Жоба Фергана аңғарындағы Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Ресейдің БҰҰДБ жобалары арқылы Тәжікстанға жасаған гуманитарлық көмегі 2014 жылдан бері 15 миллион долларға жетті. Гуманитарлық көмекті қолдану арқылы Тәжікстан бірнеше жүздеген жұмыс орындарын аша отырып, сонымен қатар 15 мың адам кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктерін пайдаланады. Екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың маңызды мәселелерінің бірі - Тәжікстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мүмкіндігі. Еуразиялық даму банкінің (2020) аналитикалық есебінде Тәжікстанның одаққа кіруінің жан-жақты пайдасы мен шығындарын талдау кезінде ықтимал табыстар туралы айтылды. Талдауда, одаққа қатысу елдің экономикалық өсуіне, инвестициялық қызметке, жұмыспен қамтылуға, технология трансферті арқылы өнімділікке және корпоративті ортаға жағымды әсер етеді деп болжануда. Оның үстіне, бұл жағдай ақша аударымдарының көбеюімен қатар, жалақыны орташа есеппен 1030%-ға өсіреді деп болжануда. Осы өзгерістердің барлығы 1,3-1,5 миллиард доллар көлеміндегі қосымша ақша аударымдарына себепкер болады. Алайда Тәжікстанның бұл мәселе бойынша шешімі әлі белгісіз. Тәжікстан үкіметі жоғарыда аталған барлық мәселелерді ресейлік әріптестерімен екіжақты байланыстар арқылы шешуге тырысуда. Мысалы, Ресей үкіметі Ресейде маусымдық жұмыс істейтін тәжік еңбек мигранттарын тұрақты жұмыспен қамту туралы келісімді мақұлдады. Келісімге сәйкес, Тәжікстан жұмысшылардың Ресейдің жұмыс берушілері талап ететін лауазымдарға қажетті біліктілік пен дайындыққа ие екендігіне жауапкершілік алады, ал Ресейлік жұмыс берушілер еңбекшімигранттарға қауіпсіз еңбек жағдайларын және тұрақты төлемдермен қамтамасыз етуге міндеттенеді. 2020 жылдың қараша айында Тәжікстан Сенатының төрағасы Рустам Эмомали Ресейге сапары барысында Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларымен тәжік иммигранттарына қатысты мәселелерді талқылады. Тәжікстан үкіметі Ресеймен ынтымақтастықта орыс тілін дамытуға ерекше мән береді және белгілі болғандай, Ресей Тәжікстанда түрлі оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады. Осы себептерге байланысты Тәжікстанның Ресейге экономикалық тәуелділігі бұл елдегі Ресей инвестицияларының төмендеуіне қарамастан айтарлықтай күшті. Көші-қон, сауда және гуманитарлық көмек елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықта маңызды рөл атқарады. Иммигранттар Тәжікстан экономикасында маңызды рөл атқаратындықтан, үкімет олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін олардың білімі мен біліктілігіне қаражат салуы керек.Тәжікстан сауда мен инвестиция сияқты басқа да маңызды мәселелерді, Ресеймен ынтымақтастықта, бәсекеге қабілетті иммигранттар арқылы шеше алады.
Жазушы: Әзімжан Хитахунов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және Экономика, қаржы және энергия қауіпсіздік Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Ма Молдованың жаңадан сайланған президенті Майя Санду Молдова Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады. Кишиневте өткен ашылу салтанатында депутаттар, конституциялық сот пен шетелдік дипломаттар алдында Молдова конституциясына ант берді. Президент Санду өзінің төрт жылдық президенттігі кезінде барлық күші мен тәжірибесін Молдованың игілігі үшін жұмсауға уәде берді (Aa.com.tr, 24.12.2020).
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар екіжақты және аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның Әзірбайжанның табысты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аумақтық тұтастығын сақтауға қосқан ерекше үлестері туралы пікірін білдірді. Әзірбайжан Президенті қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қалпына келтіруге қатысуға шақырды (ҚазАқпарат, 24.12.2020) Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгіз Фыратпен кездесті. Тараптар Қазақбаевтың Түркияға сапарының қорытындылары бойынша қазіргі күн тәртібі мен тиімді өзара әрекеттесу үшін қырғыз-түрік стратегиялық ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады. Пандемия салдарына қарсы көрсеткен көмегі үшін Қазақбаев Түркияға алғысын білдірді. Женгіз Фырат сонымен қатар Түркияның Қырғызстанмен жанжақты ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытқанын мәлімдеді (Kabar, 21.12.2020).
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Ауғанстан ұлттық татуласу жоғарғы кеңесінің төрағасы Абдулла Абдулламен кездесті. Тараптар тұрақтылық пен ауған халқының құқықтарын қамтамасыз еткісі келетін ел ретінде Ауғанстандағы бейбітшілік мәселелерін талқылады. Президент Рахмон Ауғанстандағы аймаққа оң әсер ететін бейбітшілік үдерісін қолдады. Сонымен қатар өткен аптада тәжік-ауған шекарасы маңында қарулы содырлардың шоғырлануына алаңдаушылығын білдірді (Kabar, 23.12.2020).
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохиб пен Ауғанстан президентінің жеке хатшысы Мухаммет Шакер Каргарды қабылдады. Тараптар қалыптасқан екіжақты қатынастарға жоғары баға беріп, екі ел арасындағы сауда, қауіпсіздік, көлік және басқа салалардағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Хамдулла Мохиб Әзірбайжанды жеңісімен құттықтап, Ауғанстанның әрдайым Әзірбайжанның территориялық тұтастығын қолдайтынын баса айтты (Azertag.az, 22.12.2020).
Венгрия-Өзбекстан парламентаралық достық және ынтымақтастық тобы Венгрия Ұлттық жиналысында құрылды. Венгрия парламентіндегі Орталық Азия елдері үшін достық тобының төрағасы Сандор Лезсак жаңа топтың президенті болды.
Бұған дейін, 2020 жылдың қараша айында Өзбекстан Республикасының Олий Ассамблеясы Венгрия Ұлттық Ассамблеясымен ынтымақтастық бойынша парламентаралық топ құрды (Akipress.com, 21.12.2020).
мин Қарағанды облысында жыл сайын 1200 автобус пен электробустар мен 500 арнайы жабдық шығаратын QazTehna фабрикасының ашылу салтанатына қатысты. Нысанның негізгі серіктесі - әлемдегі ең ірі автобус өндірушілерінің бірі Yutong. Нысанның ашылуы арқылы 1000нан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жобаның құны 23 млрд. теңгеден асты (Kazinform, 21.12.2020).
Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников экономика біртіндеп қалпына келе бастаған кезде елдің ішкі жалпы өнімі 3,8%-ға қысқарады деп мәлімдеді. Бұған дейін министрлік Ресейдің ЖІӨ 3,9%-ға төмендейді деп болжаған болатын. Елдің өңдеуші өнімі 2020 жылдың 11 айында өткен жылдың деңгейіне жетті, ал ауыл шаруашылығы 1,5% өсті, құрылыстың өсу қарқыны тұрақты болып келеді. Ресей үкіметі 2021 жылы ЖІӨ 3,3%ға өседі деп күтеді (TASS, 25.12.2020). Қытайдың Беларусьтағы елшісі Се Сяоюн Ұлы тас паркінде Қытай мен Беларусь арасындағы S&T ынтымақтастық орталығының ашылу салтанатына қатысты. Елші Ұлы тас паркінде жұмыс істейтін 14 елдің 68 компаниясының жалпы инвестициясының 1,2 млрд. доллардан асқанын мәлімдеді. 2020 жылы Беларусь экономикасының басқа салаларынан озып, парк 75 млн. долларлық өнімді экспорттады, 300 млн.
доллар инвестиция тартты және 1000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашты (BelTA, 23.12.2020).
Өзбекстан Президенті Шевкет Мирзиёев инвестиция және сыртқы сауда саласындағы міндеттерге арналған кезекті кеңес өткізді. 2021 жылы экономикалық сенімсіздіктер жалғасқан кезде Мирзиёев инвестицияларды тарту бойынша мақсатты шаралар қабылдауға шақырды. Өзбекстан үкіметі экономикалық өсудің жоғары қарқынына жету үшін тікелей шетелдік инвестицияларды 7,5 млрд. долларға арттыру арқылы 226 ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Үкімет 2021 жылға қарай экспорт көлемі 17 млрд долларға жетеді деп күтіп отыр (UzReport, 24.12.2020).
Ресей Қырғызстанға ақысыз қаржылық қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі Ресейдің Қырғызстан бюджетіндегі қаржы тапшылығын жабуға 20 миллион доллар бөлетінін хабарлады. Көмек жалақы, зейнетақы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік төлемдерін төлеуге жұмсалады. Қырғызстан үкіметі денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды да жоспарлап отыр. Қырғызстан келісім жобасын мақұлдады (24.kg, 25.12.2020). 2020 жылдың 11 айында Грузия Әзірбайжаннан 575 млн. кВт/сағ электр энергиясын импорттады, бұл жалпы импорттың 45,2%-ды құрады. Бұл көлем өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7% төмен болды. Әзірбайжанның Грузияға табиғи газ жеткізуі 4,1% азайып, 1,4 млрд. текше метрге жетті. Есепті кезеңде елдер арасындағы екіжақты тауар айналымы 831,3 млн. долларды құрады және Әзірбайжан Грузияның негізгі сауда серіктестері тізімінде төртінші орынға ие болды (AzerNews, 23.12.2020).
Дайындағандар:
Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде Түркі әлемінің мәдени астаналарының көрмесі өтті. ТҮРКСОЙ түрік білім күнін тойлау аясында ұйымдастырылған бұл іс-шараға Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп пен Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының Төрағасы Талат Жафери қатысты. Мерв, Түркістан, Шеки, Кастамону, Ош және Хива сияқты Түркі әлемінің мәдени астаналарының фотосуреттері солтүстік Македония халқына көрсетілді. (TÜRKSOY, 22.12.2020).
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Пәкістанға сапары барысында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы ғылыми қорының (ECOSF) төрағасы Манзур Хусейин Сумромен кездесті және ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Дархан Кыдырәлі сонымен бірге Академия мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИЫҰ) Ғылым және технологиялар жөніндегі тұрақты комитеті (COMSTECH) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Меморандумға қол қою рәсіміне академия президенті Дархан Қыдырәлі мен ұйымның бас үйлестірушісі Мухаммет Икбал Чудары қатысты. (Twesco.org, 23.12.2020).
Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығына орай Абайдың жеке бөлмесі Түркияның Чорум қаласындағы Абай атты саябақта ашылды. Іс-шараны Қазақстан Елшілігі мен Чорум Искилип ауданының әкімшілігі ұйымдастырды.
Абай бөлмесінде ұлы ақынның қазақ мәдениетін бейнелейтін балауыз мүсіні, зергерлік бұйымдар және басқа да заттар қойылған (Millidusunce.com, 26.12.2020). Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде Көкшетау-4Р жылжымалы механикалық желдеткіштерінің 100 жиынтығын жіберді. Көкшетау-4P жылжымалы механикалық желдеткіштері Қазақстанда шығарылады және оның 90%-ы жергілікті компоненттерден тұрады. Қазақстан COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері Қырғызстанға, Тәжікстанға, Ауғанстанға және Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетті (Astanatimes.com, 25.12.2020).
Ташкентте әйгілі қырғыз жазушысы, журналист, философ және дипломаттың 92 жылдығына орай «Шыңғыс Айтматов адами құндылықтардың әншісі» атты фотокөрме өтті. Өзбек және қырғыз дипломаттары фотокөрменің ашылу салтанатына қатысты. Өзбекстанда 2018 жылы әйгілі қырғыз жазушысының 90 жылдығы жоғары деңгейде аталып өткен болатын (Kabar.kg, 22.12.2020).
Өзбекстандағы Гейдар Алиев атындағы мәдени орталығы әзірбайжан әдебиетіне арналған жаңа кітап шығарды. Кітапты Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің профессоры Атамбек Әлімбеков жазды. Кітапта Низами Генцеви, Имадеддин Насими, Юнус Оғыз, Мұхаммед Физули, Элчин Гусейнбейли және басқалар сияқты азербайжандық ұлы ақын-жазушылардың шығармаларынан өзбек тілінде құнды мәліметтер мен үзінділер ұсынылған (Azernews.az, 24.12.2020).




