f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімге шолу
ebulletin

Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімге шолу

Авторлар: Өмірбек Қанай
2021 ж. 11 мамыр
Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімге шолу

АЙМАҚТЫҚ ЖАН-ЖАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ШОЛУ 2020 жылы 15 қарашада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығындағы (ASEAN) Бруней, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Мьянма, Филиппин, Сингапур, Таиланд және Вьетнам, сондай-ақ, ASEANның серіктестері Австралия, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия сынды елдер арасында өткен 4-ші кезекті Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік (RCEP)

саммитінде RCEP келісіміне қол қойылды. Шамамен 8 жыл бойы жалғасқан келіссөздерден кейін жасалған RCEP келісімі әлемдегі ең ірі еркін сауда келісімі болғандықтан әлем назарын аударуда. Ең алдымен, RCEP келісімін Азия-Тынық мұхиты аймағында барған сайын маңызы арта түскен экономикалық ықпалдастық үдерісінің елеулі нәтижелерінің бірі болғанын атап өткен жөн. Себебі АзияТынық мұхиты аймағы соңғы 20-30 жылдағы сауда-экономикалық дамуымен қазіргі кезде әлемдік экономиканың маңызды орталықтарының біріне айналды. Халықаралық аренада саяси және экономикалық белсенділігі арта түскен Азия-Тынық мұхиты аймағында жаһандық және аймақтық геосаяси күрестер мен түрлі келіспеушіліктердің болғанына қарамастан, аймақтық экономикалық ынтымақтастық, сауда және инвестицияларды қамтитын экономикалық бірегейлену мен ықпалдастық біртіндеп жеделдеп келеді. Сондықтан, Азия-Тынық мұхиты аймағының саяси және саудаэкономикалық дамуымен қатар, аймақ елдері арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту, сауда мен инвестицияларды ырықтандыру, сауда және техникалық ынтымақтастық пен іскерлік байланыстарды қолайластыру маңызды қажеттілік болып отыр. RCEP келісіміне қатысушы 15 мемлекет әлем халқының шамамен 30%-на және әлемдік экономика мен әлемдік сауда көлемінің жартысынан көбіне иелік етуі тұрғысынан алып қарағанда, аймақ елдері арасында өзара экономикалық ықпалдастықтың маңыздылығы даусыз ақиқат.

Геоэкономикалық тұрғыдан алғанда, АзияТынық мұхиты аймағында мұндай сауда келісімінің негізі де қаланып үлгерген. Аталмыш келісімге дейін де аймақта ASEAN, ASEAN + үш (ASEAN Plus Three) және Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық ұйымы (APEC) сияқты бірнеше аймақтық ұйымдар болған еді. Аймақтағы осындай ұйымдардың басты мақсаттары аймақ елдері арасындағы саудаэкономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күні ASEAN елдері “ASEAN + Бір” және “ASEAN + Үш” платформасы шеңберінде Австралия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және Жаңа Зеландиямен жекежеке еркін сауда келісімдеріне қол қойған болатын. Сонымен қатар, Қытай-Сингапур, Жапония-Филиппин арасында екіжақты еркін сауда келісімдеріне қол қойылса, Қытай-Жапония-Оңтүстік Корея үшгені арасында және Қытай-Австралия арасында еркін сауда келісімдері туралы келіссөздер жалғасуда.

Аймақтағы бұл жағдай аймақтық экономикалық ықпалдастықтың анағұрлым ауқымды үлгісі ретінде RCEP келісімінің ортаға шығуына мүмкіндік берді.

Геосаяси тұрғыдан алғанда, RCEP келісіміне, әсіресе, ASEAN елдері үлкен мән бергенін айтуға болады. RCEP келісімі алғаш рет 2011 жылдың 26 ақпанында Мьянмада өткен 18-ші ASEAN Экономика және сауда министрлер саммитінде көтеріліп, 2011 жылдың 14-19 қарашасында Индонезияда өткен ASEAN елдері басшыларының 19-шы саммитінде RCEP келісімі бойынша жан-жақты келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.

Өңірдегі экономикалық жағдайды және оның басқа еркін сауда серіктестерімен сауда-экономикалық қатынастарын ескере отырып, ASEAN-ның RCEP келісіміне баса мән берудегі негізгі мақсаттарын келесі 3 тақырып бойынша қорытындылауға болады:

1)

ASEAN-ның аймақтық ынтымақтастықтағы көшбасшылық рөлін дамыту, сондай-ақ, ASEAN-ның аймақтық және халықаралық мәселелерде белсенді рөл атқаруын қамтамасыз ету; 2) ASEANның Австралия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және Жаңа Зеландия сияқты елдермен еркін сауда келісімдерін кеңейту және жетілдіру арқылы сауданы жеңілдетуге мүмкіндік беру; 3) Аталмыш келісім арқылы ASEAN елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту.

Алайда, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы RCEP келісімін сараптаған кезде аймақтағы экономикалық ықпалдастыққа әсер етуі мүмкін геосаяси жағдайларды да ескеру қажет. RCEP келісімі күн тәртібіне шыққан кезде, Қытай оны Транс-Тынық мұхиттық серіктестік келісіміне балама ретінде қарастырды. Сондықтан, Қытай үкіметі осы мәселе бойынша келіссөздерге белсенді қатысты. Әсіресе, Қытайдың 2013 жылы бастаған «Белдеу және жол» жобасын іске асыруы үшін RCEP келісіміне қатысушы елдермен сауда-экономикалық қатынастарын нығайту қажет болды. Мысалы, 2013 жылы өткен ASEAN-Қытай саммитінде Қытай тарапы АСЕАН-Қытай арасындағы сауда көлемін 2020 жылға қарай 1 триллион долларға жеткізуге шақырды. Сонымен қатар, 2018 жылдың наурызында туындаған АҚШ-Қытай сауда соғысы да Қытайдың бұл мәселеге көп көңіл бөлуіне себеп болды.

Алайда, Қытайдан басқа RCEP келісіміне қатысушы елдермен өте жақсы саудаэкономикалық, саяси және әскери ынтымақтастықта болып келген АҚШ-тың аталмыш сауда келісіміне қатыспауы да өз алдына түйткілді бір мәселе. Келісімге қол қоюдың АҚШ пен Қытай арасындағы жаһандық бәсекелестік біртіндеп күшейіп, АҚШ-тың жетекшілігімен Үнді-Тынық мұхит аймағында Қытайға қарсы одақ құрыла бастаған кезеңге сәйкес келуі де назар аударарлық жайт. Соңғы жылдары, әсіресе, АҚШ, Австралия, Жапония және Үндістан арасындағы «Quad» деп аталатын төрттік одақтың «Тәуелсіз және еркін ҮндіТынық мұхиты» бастамасы аясында аталған елдердің стратегиялық құжаттарында ресми түрде қолданыла бастаған Үнді-Тынық мұхиты тұжырымдамасы, бұрынғы Азия-Тынық мұхиты тұжырымдамасының орынын басуда. АҚШ, Австралия, Жапония және Үндістаннан кейін Франция мен Германия да сыртқы саясат бойынша жаңа стратегияларында Үнді-Тынық мұхиты тұжырымдамасын қолдана бастады. Осы елдердің Үнді-Тынық мұхитты тұжырымдамасының астарында Үндістанға баса мән беру арқылы Қытайдың аймақтағы саяси және экономикалық ықпалының артуына жол бермеу мақсаты жатқандығы анық. Сонымен қатар, 2021 жылы қаңтарда билікке келгеннен бері АҚШ-тың әлемдік көшбасшылығын нығайтуға және одақтастарымен қарым-қатынасын кұшейтуге ерекше мән берген АҚШ президенті Жо Байден де өз сыртқы саясатында Үнді-Тынық мұхиты аймағына басымдылық беретіні белгілі болуда. Сондықтан Вашингтонның АҚШ әскеритеңіз күштерін Оңтүстік Қытай теңізіне жіберу арқылы Тайваньды және басқа да аймақтық одақтастарын қолдайтындығын ашық білдіруі, алдағы уақытта аймақта АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестіктің біртіндеп тереңдей түсетіндігін көрсетеді. Бұл жағдай RCEP келісімінің болашағына үлкен әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қытай теңізі мен Санкаку аралдарындағы егемендік даулары, Қытай-Үндістан шекара дауы, Тайвань мәселесі және Корея түбегіндегі шиеленіс сияқты мәселелердің қалай өрбитіні де RCEP келісімінің тараптары арасындағы қарымқатынастардың болашағына, әсіресе, аталмыш келісімнің болашағына да тікелей әсер етуі ықтимал. Шамамен 3,5 миллион шаршы шақырым аумақты алып жатқан Оңтүстік Қытай теңізіне таласып отырған Қытай, Тайвань, Малайзия, Бруней, Филиппин және Вьетнам сияқты елдер арасында шиеленістер ешқашан біткен емес. Оңтүстік Қытай теңізінің жаһандық сауда жолы тұрғысынан стратегиялық маңызға ие болуы, аймақтағы шиеленістің басты себептерінің бірі. Жағалаудағы елдер энергия жеткізу мен тауар тасымалы бойынша Оңтүстік Қытай теңізіне өте тәуелді болғандықтан, аймақтағы маңызды сауда және энергетика дәліздерін иеленуге барынша күш салып келеді. Жоғарыда аталған мәселелермен қатар, RCEP келісімінің қатысушысы болып табылатын Мьянмада 2021 жылы ақпанда болған әскери төңкерістің салдарынан туындаған саяси тұрақсыздық пен белгісіздік, RCEP келісімінің алдағы ратификациялау үдерісіне де кері әсерін тигізуі мүмкін.

Жазушы: Өмірбек Қанай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Ресей мен Тәжікстан қарулы күштері Ресейдің Тәжікстандағы 201 әскери базасындағы 2500-ден астам әскер мен 9000 тәжік әскерін қамтыған 50,000-нан астам әскер қатысқан ауқымды бірлескен әскери жаттығулар өткізді. Әдістемелік жаттығулар Тәжікстанның Харб-Майдон, Момирак және Самбули жаттығу алаңдарында өткізілді. Тәжікстан Қорғаныс министрі Шарали Мирзо жаттығуды әскери күштердің жоғары деңгейдегі дайынды ретінде баса көрсетсе, ал Ресей өкілдері мұны маңызды және дер кезінде өткен жаттығу ретінде бағалады (TASS, 25.04.2021).

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтаған Тәжікстан елшісі Имоми Содик Ашурбойзоданы екі елдің жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарына және Өзбекстанның көпжақты ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Құрмет орденімен марапаттады. Президент Мирзиёев соңғы жылдары бауырлас екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікке баса назар аударды. Қазіргі кезде екі ел үкіметі алдағы айларда Тәжікстанда өтетін жоғары деңгейдегі іс-сапар аясында талқыланатын ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібін дайындауда (UzDaily, 24.04.2021).

Қырғызстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Айбек Армазаев пен Иранның Қырғызстандағы елшісі Саид Харазидың кездесуінде Қырғызстан мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың алуан түрлі мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты қатынастар жүйесіндегі Қырғыз-иран үкіметаралық бірлескен комиссиясы қызметінің маңыздылығына назар аударды. Тараптар эпидемиядан кейінгі кезеңде транзиттік және көлік байланыстарын қалпына келтіруге және жақын арада екі елдің астаналары арасындағы тікелей рейстерді қайтадан бастауға ынта танытты (Kabar.kg, 23.04.2021).

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антоний Блинкен С5+1 форматындағы кезекті кездесуге онлайн режимде қатысты. Қатысушылар экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және Ауғанстандағы бейбітшілікті нығайту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, кездесуде жасыл энергетикалық технологияларды қолдану, суды басқаруды цифрландыру және суды үнемдейтін технологиялар қолдану мәселелеріне баса назар аударылды (Centralasia.media, 24.04.2021).

Ресей президенті Владимир Путин белоруссиялық әріптесі Александр Лукашенкомен Мәскеуде кездесті. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков көшбасшылардың баспасөзге жабық кездесу өткізіп, екі елдің экономикалық өзара іс-қимылын, атап айтқанда өнеркәсіп, энергетика, медицина және жоғары технологиялар мәселелерін талқылағанын жариялады. Сонымен қатар, тараптар тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы үкімет деңгейінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады (Rbc.ru, 22.04.2021).

Әзербайжанның Пәкістандағы елшісі Али Ализаде Пәкістан Әсери-теңіз күштерінің қолбасшысы Адмирал Мохаммед Амджад Хан Нязимен кездесті. Елші Ализаде екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты талқылау барысында, Әзірбайжан Пәкістанмен әскери ынтымақтастыққа мүдделі екенін мәлімдеді. Адмирал Мохаммед Амджад Хан Нязи Әзербайжанмен тәжірибе және әскери-техникалық шеберліктер алмасу идеясын құптай отырып, елінің Қарабах мәселесінде Әзірбайжанның әділ ұстанымын қолдайтындығын білдірді (AzerNews, 20.04.2021).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жоспарларын жариялады. Қазіргі уақытта министрлік 20212025 жылдар аралығында ауыл тұрғындарының отбасылық кірістерін арттыру, 70,000 отбасылық кәсіпкерлікті құру және 350,000 шаруа қожалықтарын қамтитын жеті экожүйені құруды көздейтін жаңа даму стратегиясын дайындауда. Омаров алдағы бес жылда құны 4,5 триллион теңгені (10,4 миллиард доллар) құрайтын 845 инвестициялық жоба жүзеге асырылатынын, оның 285-і 2021 жылы іске қосылатынын хабарлады (Kazinform, 20.04.2021). Франция мен Түркіменстанның ауылшаруашылық саласындағы екіжақты ынтымақтастығы тереңдей түсуде. Француздық MEDEF International ұйымы мен екі елдің дипломатиялық миссиялары ұйымдастырған вебинар барысында француз компаниялары бірлескен жобаларды, әсіресе, жылыжайларды дамытуға дайын екендіктерін жариялады. Іс-шараға Түрікменстанның әртүрлі министрліктері, сонымен қатар Орталық банк, іскер топтардың және 35 ірі француз ауылшаруашылық компанияларының өкілдері қатысты (Kabar, 22.04.2021).

Өзбекстан энергетика саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды жалғастыруда. Жақында елдің Энергетика министрлігі Голландиялық Stone City Energy компаниясымен жаңа жылу электр стансасын салу және энергия сатып алу туралы ға инвестициялық келісімге қол қойды. Компания 1,560 МВ-тық электр станциясын салуға 1,2 миллиард доллар инвестиция салмақшы, қарастырылып отырған жоба 2024 жылдың соңында аяқталады. Нысан ең жаңа энергия үнемдеуші технологиялармен жабдықталып, 2000 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді (UzReport, 21.04.2021).

Әзірбайжан Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың алғашқы үш айында елдің сыртқы сауда профициті 1,6 млрд. долларды құрады. 2021 жылдың бірінші тоқсанында тауар айналымы 6,6 миллиард доллар болған. Әзірбайжанның экспорты 4,1 миллиард долларға жетсе, ал импорты 2,5 миллиард долларды құраған. Қазіргі уақытта Әзербайжан кәсіпорындары 153 елдегі серіктестерімен сауда жасауда. Еуропалық Одақ ел үшін ең маңызды экспорттық нарық болып қалыптасса, ал Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы серіктестері одан кейінгі орынға ие болған (AzerNews, 19.04.2021).

Ресейдің Орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруді жалғастыруда. Жақында Банк 2021 жылы екінші рет пайыздық мөлшерлеменсін көтеріп, 4,5%дан 5%-ға жеткізді. Ресейдің Орталық банкі өз шешімінің маңызды себептерін жариялады. Бірінші себеп – инфляцияның тұтыну бағаларының өсу қарқынынан және үй шаруашылықтар мен кәсіпкерлердің күткенінен де жоғары болуы, ал екінші себепті - жалпы сұраныстың тез қалпына келуі мен кейбір салалардағы өндірісті кеңейту мүмкіндігінің артып кетуі деп көрсетілді (TASS, 23.04.2021). Украина Астық бірлестігі Қытайдың Шағын және орта бизнес қауымдастығының жұмыс комитетімен стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қауымдастық президенті Микола Горбачев Украинаның Қытайға астық экспортын 2-3 есеге арттыра алатынын мәлімдеді. Украинаның Қытайға ағымдағы астық экспорты 10 миллион тоннаны құрайды деп болжауда. Бұл астық экспорты үүгері мен арпаны негіз етді (Ukrinform, 20.04.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Түрік Қызыл ай қоғамының ұйымдастыруымен Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы Қызыл ай қоғамының басшыларының кездесуі өтті. Қатысушылар Түркі кеңесінің Қызыл ай бірлестігінің COVID-19 індетіне қарсы жүргізген іс-шараларын, бірлескен құрылымдық әлеуетті арттыру бағдарламаларын, ықтимал серіктестер мен басқа мәселелер бойынша және консультациялық ұйымдастыру жұмыстарын талқылады. Қызыл ай басшылары талқыланған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған зерттеулер ұйымдастыруға шешім қабылдады (Turkkon.org, 21.04.2021). Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) мен Әзірбайжан Президент әкімшілігі жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар жөніндегі мемлекеттік агенттік (ASAN) түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту туралы алдын ала келісімге келді. Атап айтқанда, тараптар мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру саласында тәжірибе алмасумен қатар, бірыңғай цифрлық платформаны құру сияқты қатысты салаларда ынтымақтастық жасауға келісті. ASAN Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның тиісті құрылымдарымен елдер арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумдарға сәйкес әр түрлі салада ынтымақтастықты жалғастыруда (Menafn.com, 20.04.2021). Түрікменстан мен Түркияның Ұлттық білім министрлері Оразгелді Гурбанов пен Зия Селчуктің қатысуымен Түрік-Түрікмен Кеңесінің үшінші онлайн отырысы өтті. Тараптар қашықтықтан білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өтіп, білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Сонымен қатар, министрлер орта мектептер бойынша қол қоюға дайындалған өзара түсіністік туралы меморандумды талқылады (Centralasia.news, 21.04.2021).

Қырғызстан COVID-19-ға қарсы ресейлік Sputnik-V вакцинасының алғашқы 20,000 дозасын алды. Жаңа Коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік Спутник-V вакцинасын тасымалдау рәсіміне Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Артём Новиков қатысты. Президент Садыр Жапаровтың Мәскеуге сапары кезінде қол жеткізген келісімдер аясында, жақын арада Қырғызстан 1 миллион доз ресейлік вакцина алуды жоспарлауда (Centralasia.news, 23.04.2021).

Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Арал өңіріндегі ынтымақтастықты дамытуға арналған көпжақты диалог» атты онлайн-кездесу өткізді. Іс-шара Арал өңірінің экологиялық әл-ауқатын қорғаудағы ынтымақтастыққа бағытталды. Кездесуге түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері, Түркіменстанның тиісті министрліктерінің мүшелері, парламент депутаттары, университеттер мен мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысты. Қатысушылар Аралды қорғау және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту мәселелерін шешу жолдарын талқылады (Business.com.tm, 23.04.2021).

Пәкістанда түрік телехикаялары барған сайын танымал бола бастады. Пәкістанның мемлекеттік PTV телеарнасының ресми YouTube арнасында көрсетілген түріктің танымал «Ертұғрұл» телехикаясы 100 миллионнан астам көрілімге ие болған. Сериал 2020 жылы Пәкістандағы Google-дің фильмдер мен телеарналар санатындағы іздеу тізімінде ең көп ізделген орында тұр. Соның арқасында «Юнус Эмре: Махаббат саяхаты» және «Османның құрылуы» сияқты басқа да түрік телехикаялары Пәкістанның бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетіле бастады (Anadolu Ajansı, 24.04.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.