f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар
ebulletin

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар

Авторлар: Жандос Ранов
2021 ж. 18 ақпан
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар

ҚАЗАҚСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ РЕФОРМАЛАР «Сыбайлас жемқорлық» - қазіргі қоғамда жиі кездесетін әлеуметтік-экономикалық проблема. Сыбайлас жемқорлық, мемлекетпен бір уақытта пайда болды деп есептеледі. Сыбайлас жемқорлықты жеңу мұқият және жүйелі тәсілді қажет етеді, өйткені бұл қоғамның демократиялық, моральдық-этикалық құрылымдарына қауіп төндіретін маңызды проблема. Барлық қоғамда кездесетін сыбайлас жемқорлық бүгінде өзінің әлеуметтік көрінісі тұрғысынан жаһандық проблемалардың қатарына жатады. «Transparency International» ұйымының мәліметтері бойынша әлемдегі бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықтан таза емес. Сонымен қатар, әлем елдерінің 68%-ында сыбайлас жемқорлық проблемалары бар. Сыбайлас жемқорлықты пайда болу уақыты бойынша әртүрлі санаттарға бөлуге болады. Оның біріншісі - азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық. Екіншісі - мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлік кәсіпорындар арасындағы коммерциялық сыбайлас жемқорлық. Үшіншісі - жоғарғы саясаткерлер мен жоғарғы соттар арасындағы саяси сыбайлас жемқорлық. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлық «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» ретінде анықталған. Қазақстан Республикасы құрылған алғашқы жылдары, 1991 жылы сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті құбылыс екендігі талқылана бастады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің алғашқы заңнамасы, 1992 жылғы 17 наурыздағы «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен қатар Президенттің бірқатар Жарлықтары жарияланған. Біз Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы үдерісті екі негізгі кезеңде қарастыра аламыз. Оның біріншісі - Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі No267-I нөмірлі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңы» қолданылған 1998-2015 жылдар кезеңі. Екінші кезең - 2015 жылдан кейінгі кезең. Бірінші кезеңде азаматтар жергілікті мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде жиі кездесетін күнделікті сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды. Қазақстан халқы сыбайлас жемқорлықпен көбінесе білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметтерді жеделдету және әртүрлі құжаттарды алу кезінде бетпебет келген. Мемлекеттік қызметшілер арасында парақорлықтың алдын алу мақсатында елімізде кез-келген азамат бірнеше минут ішінде қажетті мемлекеттік қызметті ала алатын «бір терезе» қағидаттары белсенді түрде енгізілді. Осы уақыт аралығында «электрондық үкімет» бағдарламасы аясында басқа да мемлекеттік қызметтер (мекен-жай құжаты, жеке куәлік пен төлқұжат, кәсіпкерлікті тіркеу және т.б.) онлайн форматқа ауыстырылды. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы «egov.kz» порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі. Екінші кезеңде (2015 жылдан бастап) Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары мен әдістері қарастырылып, 2015 жылғы 18 қарашадағы No410-V нөмірлі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң» негізгі нормативтік құжат болды. Жаңа заң сөзсіз күрес стратегиясынан сыбайлас жемқорлыққа алып келген себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған кешенді стратегияға көшуге мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және алдын-алу міндеттері бұған дейін Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полициясы, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара ұйымдары болғанын айта кету керек. Жаңа заң күшіне енуімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қызмет ететін жаңа институт құрылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» деген атпен құрылған бұл жаңа институт тікелей Қазақстан Республикасы Президентінің жанында жұмыс істейді және оған жауап береді. «ANTIKOR», агенттіктің бөлімшесінің, елдің барлық дерлік орталықтарында кеңселері бар. Бүгінгі таңда Агенттіктің негізгі қағидалары ретінде қадірқасиет, ынтымақтастық және алдын-алу тұжырымдамалары анықталды. Осы қағидаларға сәйкес, ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың қоғам ішінде және әлеуметтік деңгейде қылмыс екендігі туралы пікірді жаю; екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтармен тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қатысу көзделген.

Қазіргі уақытта Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың бағдарламалары мен жоспарлары Мемлекет басшысының бастамасымен 2014 жылы қабылданған «20152025 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» аясында жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамалық басымдықтарын түбегейлі өзгертті. Бұл стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық мүдделі тараптардың, яғни мемлекеттік институттардың, бизнес пен азаматтық қоғамның қатысуы жаңа деңгейге көтерілді. 2017 жыл - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірінші кезеңін жүзеге асырудың соңғы жылы және Қазақстанда үш жылдық кезеңдегі қайта қаралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың алғашқы нәтижелерін бағалауға болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы мен оны іске асырудың тиімділігін қарастыру сияқты практикалық нәтижелерді талдауда, бейтараптылықты арттыру үшін сыртқы аудиттің тетіктері енгізілгенін атап өткен жөн. Осы мақсатта 2017 жылы үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық институттардың және саяси партиялардың өкілдерінен тұратын арнайы мониторинг тобы құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға қатысты 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асырудың бірінші кезеңінде сәтті нәтижелерге қол жеткізілгені байқалады. Мысал келтіретін болсақ, 2015-2017 жылдарға жоспарланған 64 іс-шараның 63-і аяқталды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2009-2019 жылдар аралығында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар деңгейінің біртіндеп төмендеуі байқалды. Талданған кезеңнің басы саналатын 2009 жылы ең көп сыбайлас жемқорлық оқиғалары тіркелгенімен, 2015 жылы қылмыс деңгейі минимумға дейін төмендегені байқалады. 2015 жылы сыбайлас жемқорлық істерінің күрт төмендеуі іс жүзінде қолданысқа енгізілген жаңа ережелермен, әдістермен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәсілмен тікелей байланысты екендігін айтуға болады. 2015 жылдан кейін біртіндеп өсу байқалса, 2019 жылы қайтадан 2015 жылдың деңгейіне жеткен. Сарапшылар 2020 жылы сыбайлас жемқорлықпен күресті «Президент Тоқаевтың әсері» ретінде сипаттайды, өйткені Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жаңа президенттің тағайындалуымен басқа кезеңге өткендігі көрсетілген. Бас Прокурордың Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты бойынша 2019 жылы Қазақстан Республикасында ҚР Қылмыстық кодексінің 366, 367, 368-баптарына сәйкес (пара беру және алу, парамен делдал болу) және 361 (қызметтік міндетін асыра пайдалану)1416 қылмыс жасалған. Бір жыл бұрын бұл сан 1588, яғни 10% жоғары болған. 2019 жылы Нұр-Сұлтан 198 қылмыспен үш облыстың көшбасшысы болса, одан кейін 152 сыбайлас жемқорлық қылмыспен Алматы және 100 қылмыспен Маңғыстау екнінші және үшінші орынды иеленген. Осы үш облыстан бөлек, Шымкент, Павлодар және Жамбыл қалаларында қылмыс деңгейінің төмендегенін айта кеткен жөн.

«Transparency International» ұйымының мәліметтері бойынша 2020 жылы Қазақстан 19 сатыға көтеріліп, 38 ұпаймен 94-орынға тұрақтады. 2019 жылмен салыстырғанда төрт ұпай артық алып, рейтингте 19 позицияға көтерілді. Қазақстан жемқорлықпен күресте жақсы нәтижелерге жеткенін айтуға болады. 2019 жылдың қазанында Қазақстан GRECO (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы) халықаралық ұйымына қосылды. Ұйым жемқор судьяларды қызметінен босатуды Қазақстанның сот реформасындағы маңызды қадам деп санайды. Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі-2019 рейтингіндегі орны барлық уақыттағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады. Бір жылдық прогресс алдыңғы жеті жылдық прогреске тең және бес жылға жоспарланған мәнге тең бола отырып, Қазақстанның стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2025 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі 35 балл деп болжануда. Демек, ұлттық шекараны асатын сыбайлас жемқорлық жаһандық ынтымақтастықты қажет етеді. Сыбайлас жемқорлық демократия мен адам құқығын бұзып қана қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік шенеуніктерге деген сенімді жоғалтады және экономикалық дамуға кедергі келтіреді. Бүгінде Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және елдегі кәсіпкерлік жағдайды жақсарту бойынша қажетті шараларды көбейтіп жатыр. Қорытындылай келе, бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды қадамдар жасалғанын айта аламыз.

Жазушы: Жандос Ранов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Равшан Сабиров парламент отырысына қатысты. Сабиров Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Садыр Жапаров өзінің алғашқы ресми шетелдік сапарын Ресейге өткізуді жоспарлап отырғанын, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізетіндігін мәлімдеді. Тараптар газ мәселелерін, әсіресе, Қырғызстан үшін газ бағасының төмендеуін талқылайтын болады деп күтілуде (Yahoo.news, 25.01.2021). Transparency International ұйымының есебіне сәйкес, Орталық Азиядағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі төмен деңгейде қалды. 2020 жылы Тәжікстан 180 елдің арасында 149-орында тұрса, басқа Орталық Азия елдерінің рейтингі салыстырмалы түрде жақсырақ болды.

Есепте Өзбекстан 146, ал Қырғызстан мен Қазақстан сәйкесінше 124 және 94 орындарды иеленді. Жемқорлық жағынан Түрікменстан аймақтағы ең нашар көрсеткішке ие болды. Рейтингке сәйкес, Дания мен Жаңа Зеландия аз коррупцияланған елдер болып табылады (Asia-Plus, 28.01.2021).

Түрікменстанның бастамасымен БҰҰ қабылдаған «2021 Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы» басталуына орай кездесу өтті. Іс-шараға Түрікменстанның ресми тұлғалары, депутаттары мен халықаралық институттардың өкілдері қатысты. ЮНИСЕФ өкілі Кристин Вейганд бұл шараның бейбітшілік, тұрақтылық пен өзара түсіністікті қамтамасыз ету үшін маңызды екенін баса айтты. Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түрікменстан халықаралық қатынастарда әрдайым бейбітшілік пен сенімге шақыратынын мәлімдеді (Кабар, 30.01.2021). Венгрияның Сыртқы және сауда министрі Петер Сийярто Киевке сапары барысында Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитро Кулебамен кездесті. Министр Петр Сийярто Венгрия Украинаның Закарпатия аймағындағы венгр қауымдастығын қолдау арқылы Украина мен Венгрия арасындағы екі жақты қатынастарды жақсартуды көздейтінін мәлімдеді. Себебі бұған дейін Украина Венгрияны Украинаның ішкі істеріне араласатындығы жөнінде айыптаған болатын. Венгрияның Сыртқы істер министрі тараптардың екіжақты қатынастардың нашарлауына жол бермеулері және үдерісті оң дамытатыны туралы үмітін білдірді (Ukrinform.net, 27.01.2021).

Қырғызстанның жаңа конституциялық жобасын Конституциялық Кеңестің барлық 67 мүшелері бірауыздан мақұлдады. Конституция жобасы сонымен бірге Жогорку Кенешке (Қырғызстан парламенті) жіберіледі. Жаңа Конституция Премьерминистрдің кеңсесін жойып, Президенттің өкілеттіліктерімен қатар жауапкершіліктерін және Парламенттің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады (En.kabar.kg, 28.01.2021).

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Бакуге, Мәскеуге және Ереванға жасаған сапарынан соң бірқатар екіжақты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу үшін Грузияға барды. Грузия Сыртқы істер министрі Давид Залкалиани, Премьер-министр Джорджи Гахария және Президент Саломе Зурабишвилимен жеке жеке кездесулер өткізді. Министр Джавад Зариф екі жақты қатынастар мен түрлі салалардағы аймақтық ынтымақтастықты, соның ішінде Қара теңізге апаратын трансұлттық дәлізді және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады (Tasnimnews.com, 28.01.2021).

Экономика, қаржы және энергия       Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігінің баспасөз хабарламасына сәйкес, Қазақстан 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы 6.700 әлеуметтік-маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. Жол картасы орташа жалақысы 130.000 теңгені (307.3 доллар) құрайтын 239.000 жұмыс орнын ұсыну арқылы жұмыспен қамтуды арттырды. Жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндігінің 50%-ы ауылдық жерлерге таралуы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейінің 5% мөлшерінде қалуына мүмкіндік берді (ҚазАқпарат, 25.01.2021). 2020 жылы Ресей мен Қытай арасындағы ауылшаруашылық өнімдерінің саудасы 5.6 миллиард долларға дейін айтарлықтай өсіп, тарихи рекордқа жетті. Ресей 2019 жылға қарағанда 13.7% өсіммен Қытайға 4.1 миллиард доллар ауылшаруашылық өнімдерін экспорттады. Қытай Ресейдің ет өнімдерін импорттау бойынша жетекші елге айналды. 2021 жылы Ресей мен Қытай екіжақты сауда көлемін 200 миллиард долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 2020 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 3% төмендеу арқылы 107,8 миллиард долларды құрады (ТАСС, 28.01.2021). Ресей үкіметі жасаған пресс-релизде Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин 2021 жылы 5 ақпанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі әріптестерімен кездесу өткізу үшін Қазақстанға келетіндігі хабарланған. Кездесуде тараптар ұлттық нарық, кеден, тарифтік реттеу және инновациялық жобаларға қатысты мәселелерді талқылайды. Мишустин сонымен қатар цифрлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Digital Almaty 2021 форумына қатысады (ТАСС, 30.01.2021).

Оңтүстік Корея мен Өзбекстан президенттері Мун Чжэ Ин мен Шевкет Мирзиёевтің арасындағы виртуалды саммитте екіжақты еркін сауда келісімі бойынша келіссөздерді бастау туралы келісім жасалды. 2020 жылы екі ел арасындағы екіжақты сауда көлемі 2.1 миллиард долларды құрады. Өзбекстан Оңтүстік Кореядан шамамен 400 миллион доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Тараптар бірлесіп құны 3.4 миллиард доллар болатын 55 жобаны жүзеге асырады. Өзбекстан мен Оңтүстік Корея Экономикалық даму жөніндегі ынтымақтастық қорымен 1 миллиард долларлық келісіммен бірге көптеген маңызды келісімдерге қол қойды (UzReport, 29.01.2021).

Қырғызстан тау-кен саласын реформалауды жоспарлап отыр. Жақында Президент Садыр Жапаров тау-кен өнеркәсібін реформалауды көздейтін жарлыққа қол қойды. Құжат үкіметтің сектордағы рөлін жақсартуға, тиімділікті арттыруға және ашық құқықтық реттеу жүйесін құруға бағытталған. Жаңа ережелер арқылы экологиялық және қауіпсіздік мәселелерге ерекше назар аударылатын болады. Жаңа ережеге сәйкес, тау-кен компаниялары Қырғызстандағы тауарлар мен қызметтердің кем дегенде 80%-ын сатып алуы керек (24.kg, 30.01.2021).

Түркия теміржол арқылы Ресей мен Қытайға экспортын арттыруды жоспарлап отыр. Түркияның көлік және инфрақұрылым министрлігінің хабарлауынша, 15 вагоннан тұратын алғашқы экспорттық жүк пойызы Анкарадан Баку-Тбилиси-Карс теміржолы арқылы Ресейге 2021 жылы 29 қаңтарда жөнелтіледі. 4.7 мың шақырымға жуық қашықтық 8 күн созылатын болады. Сол күні блок-жүк пойызы Қытайға аттанып, шамамен 7.8 мың шақырым жол жүреді (AzerNews, 29.01.2021).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Федералды мемлекеттік статистика қызметінің (Росстат) мәліметтері бойынша, Ресей халқының саны 2020 жылы 510.000 адамға азайды, бұл соңғы 15 жылдағы рекордтық төмендеу. Ресей халқының азаюының негізгі себептерінің қатарына өлімнің жоғары деңгейі, туудың төмен деңгейі және соңғы уақыттағы көші-қон көрсеткіштерінің төмендеуі жатады. Ресейдегі бұл мәселе Ковид-19 эпидемиясының салдарынан қосымша 116.000 адамның өлімімен ұлғая түсті (Asiaplustj.info, 29.01.2021).

Халықаралық Түркі академиясы Бішкекте «Жамбыл - қазақ-қырғыздың ортақ ақыны» атты шара ұйымдастырды. Шара барысында қазақ және қырғыз тілдерінде бірнеше әдеби шедеврлер ұсынылды.

Көпшілікке ұсынылған жұмыстардың бірі-Түркі академиясы әзірлеген қырғыздың әйгілі «Манас» эпосы. Академия баспаға дайындаған қырғыз тіліндегі Абайдың таңдамалы шығармаларының академиялық жинағы да оқырмандар назарына ұсынылды (Twesco.org, 28.01.2021).

Халықаралық Түркі академиясының төрағасы Дархан Қыдырәлі Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесті. Тараптар пікір алмасып, Қырғызстан мен Түркі академиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың келешегін талқылады. Министр Руслан Қазақбаев Академияға іске асырып жатқан жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, өзара жобаларды іске асыруға және іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты (Twesco.org, 29.01.2021). Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Кубанычбек Өмірәлиев Түркияның Отбасы, еңбек және әлеуметтік қызметтер вицеминистрі Ахмет Эрдеммен кездесті. Тараптар Түркиядағы қырғыз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады. Шешілген мәселелердің бірі - Қырғызстан мен Түркия арасындағы екі елдің заңды негізде жұмыс істейтін азаматтарына Қырғызстанда да, Түркияда да зейнетақы мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қамсыздандыру туралы келісімді жүзеге асыру болды (En.kabar.kg, 28.01.2021). Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстанның Арал теңізі бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасын әзірлеу және оның орындалуын бақылау бойынша ведомствоаралық комиссия құру туралы қаулыға қол қойды. Құжаттың басты мақсаты - Арал өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайды жақсарту. Құжат сонымен қатар Түркменстанның Арал теңізі үшін 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасын құруды көздейді (Turkmenportal.com, 30.01.2021).

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Атқару Комитетінің ұсынысы бойынша, ТМД Мемлекетаралық ғарыш кеңесінің екінші онлайн-отырысында Қазақстан 2021 жылы Мемлекетаралық ғарыш кеңесінің төрағасы болды. Қатысушылар, Қазақстанда құрастыру-сынақ кешені негізінде оптикалық және телекоммуникациялық жер серіктерін құрумен бірге ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықтың 18 өзекті мәселелерін қамтитын 2021 күн тәртібін талқылады. Кеңес отырыстан кейін 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті (Inform.kz, 28.01.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.