Жаңадан Азия бастамасы және Түркия Сыртқы істер министрінің Орталық Азияға сапары

ЖАҢАДАН АЗИЯ БАСТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКИЯ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА САПАРЫ 2019 жылдың тамыз айында өткен 11-ші Елшілер конференциясы Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу жариялаған «Жаңадан Азия бастамасының» алғашқы қадамы болып табылады. Әлемнің негізгі экономикалық және саяси платформасының ауырлық орталығы бірте-бірте шығысқа қарай, Қытайға бағытталған Азияға ауысқандығы туралы пікірлер соңғы жылдары көбірек айтыла бастады. 2013 жылы Қытай жариялаған «Белдеу және жол» бастамасы арқылы одан сайын тездей түскендігі туралы бұл ауысу аймақ елдерімен тереңірек байланыс орнату, ықпал ету аясын кеңейту, аймаққа қызығушылықтарын дамытқысы келетін Түркияның коммерциялық мүдделері жоғарғы деңгейден алып тастау қажеттілігін тудырды. Жоғарыда аталған мақсаттарға арналған Жаңадан Азия бастамасы жаһандық корона вирусының эпидемиясына байланысты 2020 жыл бойына қажетті серпінге қол жеткізе алмағанымен, 2021 жылдың басынан бастап маңызды сипатқа ие бола бастаған сияқты. Жаңадан Азия бастамасының негізгі мақсаты Шығыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия негізгі аймақтар ретінде ерекшеленетін АСЕАН және Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік (RCEP) елдерімен сауда байланыстарын арттыру болып көрінсе де, шын мәнінде, осы аймақтармен көршілес елдер және Оңтүстік Азия мен Орталық Азия сияқты үлкен аймақтарды мұқият зерттеу қажет.
Бұл тұрғыда Қытайға негізделген Жаңа Азияға шығуда Орталық Азия елдерінің рөлі Түркия үшін шешуші маңызға ие. Тарихи бауырластық байланыстар, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қарқынды дамыған саяси, экономикалық және мәдени қатынастар болсын жақын болашақта Түркияның аймақ елдерімен, Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияға деген ортақ мүдделер негізінде көзқарастар мен саясатты дамыта алуы үміт беруде. Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглуның наурыз айындағы Түркіменстан мен Өзбекстаннан құралған Орталық Азиядағы алғашқы аялдамалары бұл үмітті дәлелдей түсті. 2021 жылы 6 наурызда Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглы Орталық Азия туры барысында Түркіменстанға келіп, Түркіменстанның Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовпен көрісті. Сол күні Түркіменстан Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті. 2021 жылдың 7-9 наурызы аралығында Өзбекстанға барып, Президент Шевкет Мирзиёевпен, Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен және Премьер-Министрдің орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сердар Умурзаковпен кездесті. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың қатарында Түркіменстандағы көлік және энергетика, Өзбекстандағы экономика мен қауіпсіздік, Самарқандта бас консулдықтың ашылуы және жоғары деңгейдегі кездесулердің жоспарлануы болды. Түркіменстан мен Әзірбайжанның бірлесіп зерттейтін Каспий теңізіндегі «Достық» кен орнын анықтауы энергетика саласындағы елдер мен компаниялардың, сондай-ақ Түркияның қызығушылығын тудырды. Бұл тұрғыда Чавушоглу ӘзірбайжанТүркия-Түрікменстан форматында өтетін үш жақты саммитке Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімухамедовты шақырды. Өзбекстанда күн тәртібінің негізгі мәселелерін экономикалық және саяси қатынастардың жаңа жол картасын құру арқылы ӨзбекстанТүркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы және Министрліктер арасындағы 2022-2023 жылдарды қамтитын Ынтымақтастық бағдарламасын айқындау мәселелері құрады. Екінші жағынан, Өзбекстанның сапар барысында, Түркияның ұшқышсыз ұшатын аппараттары мен бронды машиналарын қосқанда қорғаныс техникасына қызығушылық танытқаны хабарланды. Мевлүт Чавушоглу Түркіменстанға сапары кезінде Президент Гурбангулу Бердімухамедов және Түркіменстан Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесулерінің жемісті болғандығы айтылды. Келіссөздер барысында маңызды тақырыптардың арасында энергетика және көлік саласындағы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктері болды. Тасымалдау тұрғысынан Түркіменстанның қазіргі уақытта барлық рейстерге жабық екендігі, алайда жақын арада Түрік әуе жолдарының (THY) Түркменабад қаласына ұшуына және түрік жүк көліктерінің жүргізушілерінің елге кіруіне рұқсат берілетіні баяндалды. Алайда жүк көлігінің жүргізушілері Әзірбайжаннан шыққан кезде бір рет және Түркіменстанға кірген кезде тағы бір рет Ковид -19 тестінен өтуі керек.
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Түркіменстанның тұрақты мәртебеге ие бейтарап ел болуы қарым-қатынастың дамуына кедергі бола алмайтынын мәлімдеді. Энергетика саласында Әзірбайжан мен Түркіменстанның Каспий теңізіндегі «Достық» көмірсутегі кен орнын бірлесіп зерттеуі және дамытуын Түркияның да қолдайтындығы және TPAO және BOTAŞ сияқты компаниялар осы шеңберде ынтымақтастыққа дайын екені хабарланды. Түркияның да осы жобаға қосылуы туралы жақын күндері өтетін үш жақты кездесулер мен саммиттерде егжей-тегжейлі талқыланатыны және Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Түркия-Түркіменстан және ТүркіменстанӘзірбайжан-Түркия Саммиттерінің өтетіні жарияланды. Министр Чавушоглының мәлімдемелерінің арасында «Біз Түркіменстанмен жеңілдетілген сауда келісімі келіссөздерін тезірек бастағымыз келеді» орын алды. Бір сөзбен айтқанда, экономика, энергетика және көлік саласындағы жаңа ынтымақтастықтар Чавушоғлұның Түркіменстанға сапарында талқыланған мәселелердің негізгі арқауын құрады. Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглуның Өзбекстан сапарының алғашқы аялдамасы Самарқанд болды. Чавушоглу, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Премьер-Министрдің туризм жөніндегі орынбасары Азиз Абдулхакимов, Ташкенттегі Түркияның Елшісі Олган Бекар және Самарқандтағы Түркияның Бас консулы Салих Жанердің қатысуымен Түркия Республикасының Бас консулдығының ашылуы өтті. Чавушоглу салтанатта Түркияның Өзбекстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет болғанын айта келе, 1992 жылы 28 сәуірде Ташкентте ашылған елшілігінен басқа Өзбекстанның тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойында Самарқанд консулдығының ашылуы ерекше мағыналы қадам екенін мәлімдеді.
Екінші жағынан, салтанатта 2018 жылы басталған Стамбул-Самарқанд рейстері туризмнің де, халықтардың өзара қарым-қатынасының да дамуына ықпал еткені айтылды. Жалпы, сапар шеңберінде көлік, экономика және қауіпсіздік салаларындағы мәселелердің талқыландығы айтылды. Олардың арасында Жеңілдікті сауда келісімі бойынша келіссөздерің жүргізілгенін және Еркін сауда келісімі келіссөздерін бастау үшін қажетті қадамдардың жасау керектігі мәлімделді. Екі ел арасындағы сауда-саттық көлемінің 2,3 миллиард долларды құрайтыны және оны 5 миллиард долларға дейін ұлғайтуға бағытталғандығы хабарланды. Қорғаныс өнеркәсібі саласында Өзбекстанның Түркияның өніміне деген қызығушылығы және әсіресе ұшқышсыз ұшу аппараттарына және бронды машиналарға деген қызығушылық пен сұраныстың болуы баспасөзде орын алған сәттердің бірі болды. Жалпы, келіссөздер барысында, қарым-қатынасты жақсарту мақсатында Түркия мен Өзбекстан Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысының дайындық жұмыстарының қолға алынғандығы және Министрліктер арасындағы 2022-2023 жылдарды қамтитын ынтымақтастық бағдарламасы мен Аударма қызметтері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылғандығы хабарланды. Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглының сапары алдағы күндері Тәжікстанмен жалғасады. Екінші жағынан, Қазақстан және Қырғызстанмен түрлі салалардағы байланыстар бәсеңдемей жалғасуда. Сыртқы істер министрі Чавушоглу 19 наурызда Қырғызстанға барып, екі елдің сыртқы істер министрліктерінің 2021-2022 жылдардағы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылғанын, Қырғызстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырынына дайындықтың қолға алынғанын, Қырғыз-түрік достығы ауруханасының пайдалануға берілетінін, екіжақты сауда көлемінің мақсаты-1 миллиард доллар болғанын, Қырғызстандағы түрік инвестициясының жалпы құны 1 миллиард долларға жеткенін, Түркия Маариф қоры аймақтағы алғашқы мектебін Қырғызстанда ашатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің де наурыз айында Түркияға сапармен барып, маңызды байланыстар жасағанын айта кеткен жөн. Қорытындылай келе, Түркия аймақтың барлық елдеріне деген өзінің көп өлшемді қызығушылығын жалғастыруда. Сыртқы істер министрі Чавушоғлының наурыз айында ұйымдастырған қарқынды Орталық Азия турнесі - бұған ең жақын мысал. Түркияның негізгі мақсаты, Ежелгі бауырластық заңы негізінде дамып келе жатқан Орталық Азия елдерімен қарымқатынасты күн сайын одан әрі жақсарту және сонымен бірге Орталық Азия елдерімен бірге Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға қарай мықты байланыс орнату болып табылады. Чавушоглу айтқандай, тарихта түбегейлі өзгеріс болуда: « Тарихтың маятнигі тағы да бір рет негізгі континент Азияға бет бұрды. XIX және XX ғасырлар сәйкесінше еуропалық және американдық ғасырлар болды. Бүгінгі күні барлық деректер ХХІ ғасыр Азия ғасыры болатындығын көрсетеді». Осы тарихи қайта құрудың орталығынан орын алу және Түркияның ұлттық мүдделерін дамыту үшін қолға алынған «Жаңадан Азия» бастамасы, инновациялық жобалар және мақсатты саяси құралдар арқылы қолдау көрсетілген кезде сәтті болады. Орталық Азия елдерімен байланыстар да осы тұрғыда Түркияның ең құнды және қуатты байланысының бірі бола береді.
Жазушы: Вакур Сүмер, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Оңтүстік Корея Ұлттық ассамблеясының спикері Пак Бён-Сю Тәжікстанға ресми сапармен барып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Олар екіжақты ынтымақтастықты Экономикалық даму жөніндегі ынтымақтастық қоры мен Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігі арқылы кеңейту туралы уағдаласты. Президент Рахмон кореялық кәсіпкерлерге Тәжікстанның еркін экономикалық аймақтарында логистикалық және сауда орталықтарын құруды және елге жеңілдетілген несиелер беруді ұсынды (Asia-Plus, 02.04.2021).
Түркіменстан мен Ресейдің Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Комиссия елдердің іскер топтарының ынтымақтастығын және олардың аймақтарының экономикалық байланыстарын жандандыруды ұсынды. Тараптар цифрлық технологиялар, машина жасау, көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты. Түркіменстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастықты дамыту туралы үкіметаралық келісім мен 2021-2023 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың үкіметаралық бағдарламасымен қатар бірнеше маңызды келісімдерге қол қоюлары күтілуде (Кабар, 31.03.2021).
Жақында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің басшылары бейресми онлайн-саммит өткізді. Кеңестің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңестің атауын өзгертуді ұсынды және басқа да көшбасшылар бұл бастаманы қолдады. Сонымен қатар, Кеңес Түркістан қаласын «Түркі әлемінің рухани астанасы» атты декларациясын қабылдады. Ұйым хатшылығына «Түркі әлемінің көзқарасы - 2040» және «Түркі кеңесінің 2020-2025 стратегиясы» жобаларын дайындау тапсырылды (Anadolu Agency, 01.04.2021).
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Тараптар Әзірбайжан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты қатынастардың түрлі мәселелерін талқылады. Тәжікстан президенті Әзербайжанның өз аумағын бақылауды қалпына келтірудегі жақында қол жеткізген жетістіктерін айта отырып, Тәжікстанға COVID-19-пен күресте көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Президент Эмомали Рахмон сонымен бірге Президент Ильхам Әлиевті Тәжікстанға ресми сапармен келуге шақырды (Azertag.az, 29.03.2021). Түркіменстанда жаңадан құрылған парламенттің жоғарғы палатасы мүшелерінің сайлауы өтті. Ел Президенті Гурбангулы Бердімухамедов те сайлауға қатысып, 100% дауыс жинап, жоғарғы палатаның мүшесі болды. Парламенттің жоғарғы палатасы түркімен президенті тағайындайтын сегіз және сайлаушылар сайлаған 48 орын, барлығы 56 орыннан тұрады.
(Hronikatm.com, 29.03.2021).
Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сыртқы саясаттағы өзара іс-қимылды, гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған құжаттардың жобаларын қарастырды. Делегациялар ТМД аясындағы ынтымақтастық туралы құжаттардың жобаларын мақұлдап, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қарауына жіберді (Cis.minsk.by, 02.04.2021).
Экономика, қаржы және энергия Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Қазақстан үкіметі пандемиядан кейінгі кезеңде жаңғыртуды, цифрландыруды және аймақтық интеграцияны жеделдетуге бағытталған кеңейтілген серіктестік шеңберінде келісімге қол қойды. Тараптар арасындағы 2017 жылғы келісім Қазақстанның жасыл экономикасын құруға ықпал етті және оның Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия саласындағы аймақтық көшбасшы ретіндегі позициясын бекітті. 2021 жылдың сәуірінде ЕҚДБ Қазақстандағы 280 жобаға 7,95 миллиард доллардан астам инвестиция салды (ҚазАқпарат, 02.04.2021). Дүниежүзілік банктің соңғы бағалауы бойынша Ресейдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2021 жылы 2,9% өседі. Алдыңғы бағалаулар бойынша бұл көрсеткіш 2,6%ке сәйкес келді. Сонымен қатар, институт Ресей экономикасының 2022 жылы 3,2%ға өсетінін болжайды. Ресей индикаторларының жақсаруына 2020 жылы ЖІӨ-нің күтілгеннен төмен қысқаруы және эпидемияға байланысты шектеулердің тез бәсеңдеуі әсер етті. (ТАСС, 31.03.2021). Жуырда Беларусьтың Энергетика министрі Виктор Каранкевич Беларусьтың атом электр станциясы елдің энергия қажеттілігінің 40%-ын немесе жылына 18,5 млрд кВт/сағ өндіретіндігін мәлімдеді. Каранкевич атом электр станциясының елдің энергетикалық жүйесіне енгізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда, үкімет үш техникалық кезеңнің екеуін іске асыруды аяқтады, 1600 км-ден астам жоғары вольтты электр беру желілерін салып, жаңартты және трансформаторлық станциялар санын төртке дейін көбейтті (БелТА, 01.04.2021).
Қырғызстанның Энергетика министрі Кубанычбек Турдубаев Парламенттің Отынэнергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану комитетінің отырысына қатысып, елді газбен қамтамасыз ету бойынша Түркіменстанмен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Министр Турдубаев Қырғызстанның Өзбекстанмен дәл осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Министр Түркіменстаннан газ импортының ішкі бағаны төмендетіп, электр энергиясын тұтынуды азайтатынын мәлімдеді. (24.kg, 30.03.2021).
Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) Масдар компаниясы Өзбекстанның Навои облысында жел электр станциясының құрылысын бастады. Сондай-ақ, аталған компания Өзбекстан үкіметімен зауыттың қуатын 500 МВт-тан 1,5 ГВт-қа дейін арттыру туралы келісімге қол қойды. Нәтижесінде, жобаға шетелдік тікелей инвестициялар жоспарланған 600 миллион доллардан 1,8 миллиард долларға дейін ұлғаяды. Нысанның қуаттылығын арттыру 1,5 миллион үйді электр қуатымен қамтамасыз етіп, көміртегі шығарындысын 3,3 миллион тоннаға азайтады (UzReport, 02.04.2021).
Түркияның Aksa Energy компаниясы, Өзбекстанның Ташкент қаласында 470 МВт екі электр станциясын салуға және 300 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Электр станцияларының жылдық қуаты 3,9 млрд. КВт/сағ құрайтындығы болжануда. Жобаларды іске асыру жылына 550 миллион текше метр табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жобалар бойынша 900 қосымша жұмыс орынның құрылуы күтілуде (UzReport, 02.04.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Түрік және Әзірбайжан азаматтары 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап екі ел арасында паспортсыз жүре алады. Тиісті Хаттамаға 2020 жылы 10 желтоқсанда Түркия мен Әзірбайжан арасында қол қойылды.
Бұл екі елдің азаматтарына жаңа жеке куәліктерін ұсыну арқылы саяхаттауға мүмкіндік береді. Жаңа тәжірибе екі бауырлас халықтар арасындағы бұрыннан қалыптасқан берік байланыстарды нығайтатыны күтілуде (Aa.com.tr, 29.03.2021).
Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов «2021-2024 жылдарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына» қол қойды. Құжат екіжақты ынтымақтастықты және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару бойынша тәжірибе алмасуды көздейді. Қол қою рәсімі Орынборда қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясында өтті (Kabar.kg, 31.03.2021).
Өзбекстан мен Қырғызстан, Өзбекстанның Риштан аймағын Қырғызстанның Сох аймағымен байланыстыратын жол ашты. Жол жаяу жүргіншілер мен көліктерге ашық. Жол 2013 жылы Қырғызстан мен Өзбекстан тұрғындары арасындағы шекара жанжалынан кейін жабылған болатын. 2019 жылдың тамызында СохРиштан жолы Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына байланысты қысқа мерзімге ашылып, қайта жабылғанын ескерген жөн (Mediazona.ca, 01.04.2021). Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бастамасымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасының (UNODC) ынтымақтастығымен Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы Б.Қонысбаев шекара қақпасында жаңа Шекаралық өзара іс-қимыл офисі (OPV) ашылды. OPV жұмысы шекара маңындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беріп, шекаралас аймақтарда өткізілетін іс-шараларға өзара қатысуды жеңілдетеді. Бұл бастаманың мақсаттарының бірі Ауғанстаннан апиын тасымалына қарсы тұру болып табылады (Avesta-news.kz, 31.03.2021).
Осман империясының ең ұзақ билеуші сұлтаны болған Сұлтан Сүлейманның сирек кездесетін портреті Лондондағы аукционда 350,000 фунт стерлингке (481,000 доллар) сатылды. XVI ғасырдағы портретті сату бағасы аукцион алдындағы болжамды шамамен үш есеге арттырды, портретті 120,000 фунт стерлингке дейін сатуға болатындығын болжанған болатын. Сурет XIX ғасырдан бастап Францияда жеке коллекцияда сақталған (Uzdaily.uz, 04.04.2021).
Әзірбайжан мен Түркия бірлесіп Әзірбайжанның дәстүрлі музыкалық аспабы балабанды ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізуді сұрайтын файл дайындады. Сұраныс файлы 2022 жылы өтетін Материалдық емес мәдени мұра бойынша үкіметаралық комитеттің 17-ші сессиясында қаралатын болады. Балабан жеті саусақты және бас бармақ тесігі бар тұттан немесе басқа қатты ағаштан жасалған цилиндрлік саңылауы бар үрлемелі аспап (Azernews.az, 02.04.2021).




