f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Түркімен газын еуропа нарығына шығару: Транскаспий табиғи газ құбыры
ebulletin

Түркімен газын еуропа нарығына шығару: Транскаспий табиғи газ құбыры

Авторлар: Жулдыз Қанапиянова
2021 ж. 26 қазан
Түркімен газын еуропа нарығына шығару: Транскаспий табиғи газ құбыры

ТҮРКІМЕН ГАЗЫН ЕУРОПА НАРЫҒЫНА ШЫҒАРУ: ТРАНСКАСПИЙ ТАБИҒИ ГАЗ ҚҰБЫРЫ British Petroleum (BP) мәліметтеріне сәйкес, Түркіменстан табиғи газдың дәлелденген қоры бойынша 19,5 триллион текше метрмен Ресейден (38 триллион текше метр), Ираннан (32 триллион текше метр) және Катардан (24,7 триллион текше метр) кейін төртінші орында. Осылайша, Түркіменстан әлемдегі дәлелденген табиғи газ қорының 9,8%-на ие. Географиялық орналасуына байланысты ол бай табиғи газ қорын Кеңес өкіметі кезінде салынған құбырлар арқылы Ресейге, Иранның солтүстік бөлігінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Иранға және энергияға мұқтаж Қытайға экспорттайды.

Ресей 1991 жылдан бері түркімен табиғи газының маңызды сатып алушысы болып табылады және төмен бағамен сатып алған бұл табиғи газды Еуропаға экспорттайды. Ресей мен Түркіменстан арасындағы табиғи газды тасымалдау 2003 жылы Ресейге табиғи газды бірінші кезеңде жылына 5 миллиард текше метрден, содан кейін жылына 70-80 миллиард текше метрге дейін жеткізуді көздейтін 25 жылға жасалған келісімшартпен бекітілген болатын. Алайда, 2009 жылы түркімен газын Ресейге жеткізетін табиғи газ құбырындағы жарылыс, Ресей-Украина газ қақтығысы және Батыс Еуропа елдеріне газ берудің төмендеуі Ресейдің 2009 жылы Түркіменстаннан газ импорттауын тоқтатуына себеп болды. Ресей 2010 жылы Түркіменстаннан газ импорттауды қайта бастады, бірақ баға дауларына байланысты Түркіменстанның Ресейге газ экспорты 2016 жылы нөлге дейін төмендеді. Үш жылдан кейін 2019 жылы Түркіменстан мен Ресей арасындағы табиғи газ саудасын қайта бастау туралы шешім қабылданып, шағын сатып алудан басталған газ ағыны келесі жылдары да ұлғая берді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында Түркіменстаннан газ экспорты бір жыл бұрынғы 1,3 миллиард текше метрден екі есе көп болып, 2,2 миллиард текше метрге жетті. Есептеулер негізінде және маусымдық ауытқуларды ескере отырып, 2021 жылдың соңына қарай Түркіменстаннан Ресейге газ жеткізу көлемінің 8,8 миллиард текше метрден асатыны болжануда. Екі ел арасындағы табиғи газды сатып алу бұрын 4050 миллиард текше метр көлемінде жүргізілгенін ескерсек, қазіргі мөлшер Түркіменстанды қанағаттандыратын көрсеткіш емес екені анық.

Түркіменстаннан Ресейге табиғи газды тасымалдау жылдық қуаты 45 миллиард текше метрлік Орталық Азия-Орталық газ құбыры арқылы жүзеге асырылады. Табиғи газды Иранға тасымалдау 1997 жылы салынған жылдық қуаты 8 миллиард текше метрлік Көрпеже-Курткую және 2010 жылы салынған 12,5 миллиард текше метрлік ДаулетабадСарахс-Хагиран құбырлары арқылы жүзеге асырылады. Қытайға созылатын Орталық Азия-Қытай газ құбырының екі тармағы Түркіменстаннан басталып, қалған тармақтар Өзбекстан мен Қазақстандағы құбырлармен жалғасады. Құбырдың жылдық жалпы қуаты миллиард текше метрді құраса, Түркіменстандағы екі желінің жылдық жалпы қуаты 40 миллиард текше метрді құрайды. Бұдан басқа, бұл табиғи газ құбырына жылдық қуаты 25 миллиард текше метр болатын басқа тармақты қосу арқылы құбырдың өткізу қабілетін арттыру көзделіп отыр.

Бейжіңнің Түрікменстанға Қытай бағытында табиғи газ құбырын салуға берген 4 миллиард долларлық несиені өтеуге байланысты түркімен газын төмен бағамен сатып алатынын ескерсек, Түркіменстанның газ секторы өзінің әлеуетін толық аша алмағанын және ел бюджетіне қажетті үлес қоспағанын байқауға болады. Сонымен қатар елдің Иранға табиғи газ тасымалдауы Тегеранның табиғи газ қарызына байланысты 2017 жылы тоқтатылған.

Табиғи газ экспортының барлық тармағында қиындықтарға тап болған Түркіменстан үкіметі өзінің үлкен қуатын әлемдік нарықтарға тасымалдау және табиғи газ экспортының шектеулі нұсқаларына балама табу үшін энергетикалық ынтымақтастықтың басқа жолдарын қарастыруы қажет. Бұл тұрғыда Оңтүстік Азия нарығына бағытталған Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан (ТАПИ) және Еуропа нарығына бағытталған Транскаспий құбыры (TCP) ұсынылды. TCP Оңтүстік Кавказ газ құбырымен қосылуына байланысты Оңтүстік Кавказ құбырының болашақ кеңеюі ретінде де белгілі. Каспий газы мен көгілдір сутегі үшін TCP-ні еуропалық тұтынушыларға қосудың екі әдісі қарастырылған. Біріншіден, аталмын құбырды Әзірбайжандағы Трансанадолы (TANAP) және соңғы қабылдаушы Италия болатын ТрансАдриатикалық (ТАП) газ құбырларына шығуды қамтамасыз ететін Оңтүстік Кавказ газ құбырына (Баку-Тбилиси-Эрзурум) қосуға болады. Екінші жол және тікелей байланыс бұл TCP-ні Грузиядан Румынияға Қара теңіз асты бойынша ұсынылған Ақ ағын құбырымен қосу.

Каспий теңізі арқылы өтетін, сыйымдылығы 16 миллиард текше метр болатын 300 шақырымдық табиғи газ құбырының құрылысы 1990 жылдардан бері күн тәртібінде болған. Теңіз астына тартылатын құбыр Әзірбайжанға және Түркия арқылы Еуропаға газ жеткізуге бағытталған. Алайда, ол кезде Әзірбайжан мен Түркіменстан арасында Каспий теңізіндегі даулы газ кен орны мен Каспий теңізінің құрлық шекарасына қатысты құқықтық даулар сияқты шешілмеген көптеген мәселелер орын алған. Бұл тұрғыда бірінші қадам Каспий теңізінің мәртебесі туралы мәселені шешу болды. Каспийдің бес мемлекеті 2018 жылдың 12 тамызында Қазақстанның Ақтау қаласында «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі конвенцияға» қол қойды және Каспий теңізімен шекаралас мемлекеттер арасында кейбір мәселелер шешілді.

Бұл құжатқа сәйкес, Каспий теңізі ерекше мәртебесі бар жабық теңіз ретінде анықталған және Каспий теңізінің түбінде газ құбырларын немесе телекоммуникациялық кабель желілерін төсеу үшін Каспий теңізінің барлық елдерінің емес тек бұл сызықтар өтетін елдердің келісімі қажет екендігі туралы қаулы қабылданды. Содан кейін, 2021 жылы 21 қаңтарда Әзірбайжан мен Түркіменстан 2021 жылы «Достық» деп өзгертілген «Кепез» немесе «Сердар» деп аталған ұзақ уақыт бойы даулы Каспий газ кен орнын бірлесіп барлау мен игеру туралы үкіметаралық түсіністік меморандумына қол қойды. Екі елдің мемлекет басшылары бұл келісімнің энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне алып келетінін мәлімдеді. Бұл ынтымақтастықтың Транскаспий табиғи газ құбыры жобасын және Каспий жағалауындағы мемлекеттердің экономикалық әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктер туғызуы жоспарлануда. Қазіргі уақытта Транскаспий газ құбырының құрылысына құқықтық немесе халықаралық кедергілер жоқ.

Осылайша, Транскаспий газ құбырының құрылысы мен оның Оңтүстік газ дәлізімен байланысы шынайы болып көрінуде және іс жүзінде Түркіменстан үшін қажетті жоба болып саналады. Түркіменстан соңында Әзірбайжанмен энергетикалық салада ынтымақтастық арқылы Еуропа нарығына шыға алады және Еуропалық одақтың (ЕО) энергетикалық қауіпсіздігінде маңызды ойыншы ретінде өз рөлін атқара алады. Ашхабад бұл жобаны елдің энергетикалық өнеркәсібін дамытуға және табиғи газ экспортын ұлғайтуға айрықша мүмкіндік ретінде санайтындықтан, 2021 жылы 11 ақпанда Оңтүстік газ дәлізінің консультативтік кеңесі VII Министрлер кездесуінде сөз сөйлеген «Түркіменгаз» төрағасы Батыр Аманов, Оңтүстік газ дәлізінің ЕО-ға энергия жеткізуді әртараптандыруда маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Оңтүстік газ дәлізі бойынша табысты ынтымақтастыққа тоқталып, бұл газ құбыры мен оның барлық учаскелерінің болашақта Түркия мен Еуропа елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл атқара алатынын атап өтті.

Барлық құқықтық аспектілер шешілгеннен кейін, жобаны жүзеге асырудың бірден-бір маңызды мәселесі-қаржыландыру. Жобаның бюджеті шамамен 2 миллиард долларға бағаланған. Мұндай ауқымды газ құбырының көптеген жобалары әдетте қатысушы елдердің бірінің тікелей қаржыландыруымен жүзеге асады, сондықтан Түркіменстанның жобаға қаржылық қатысуы күтілуде.

Негізгі басымдығы энергетикалық саласындағы энергия ресурстарын әртараптандыру болып табылатын ЕО елдерінің де Транскаспий табиғи газ құбыры жобасына қолдау көрсетуі күтілуде.

Ресей мен Иранның Каспий теңізінің ластануына қатысты экологиялық алаңдаушылығын білдіруі және Каспий құбырының ықтимал жобасына қарсылығы бұл жобаға тағы бір кедергі. Ресей де, Иран да олар қатыспайтын мұндай құбыр жобасына тарихи түрде қарсы болуын айта кеткен жөн. Ресейдің аймақтағы энергетикалық монополиясын ешкіммен бөліскісі келмейтіні белгілі. Бұл тұрғыда Ресей энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Түрік ағыны» сияқты баламалы жобалар жүзеге асыруда. Түрік ағыны жобасының пайда болуына байланысты TCP маңыздылығын жоғалтқандай болса да, жобаның алдындағы саяси мәселелердің шешілуімен бірге энергия қажеттіліктерін әртараптандырғысы келетін ЕО үшін бірегей мүмкіндік ретінде санауға болады. Осы тұрғыда қаржылық мәселелерді шешкеннен кейін Транскаспий газ құбырының құрылысы қазіргі уақытта аймақтағы газ теңдеуіндегі ең шынайы балама ретінде қабылдануда және жақын арада жобаның басталуына халықаралық қадамдарды байқай алатын боламыз.

Жазушы: Жұлдыз Қанапиянова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және  Әзірбайжан, Грузия және Түркия кедендік       Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Кремль Кавказда Армения, Әзірбайжан және Грузия мен олардың үш «үлкен көршілерінен» тұратын Кавказда жаңа «3+3 форматын» құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ресей, Түркия және Иран өз ұсынысын жариялады. Министр бұл формат қауіпсіздік, экономикалық және көлік қатынастарындағы кедергілерді жою мәселелерін қарастыратынын түсіндірді. Бұған дейін министр Лавров Мәскеуде ирандық әріптесі Хусейн Эмир Абдуллахиянмен кездесу өткізді (Anadolu агенттігі, 06.10.2021).

Түркия мен Әзірбайжан Әзербайжанның Нахчыван аймағында «Шайқалыссыз бауырластық» атты бірлескен әскери жаттығуын өткізді. Жаттығудың мақсаты - түрік және әзірбайжан құрлық әскерлері арасындағы достықты, ынтымақтастық пен үйлестіруді жақсарту және өзара әрекеттестікті арттыру, сондай-ақ білім мен тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, әскери жаттығулар кеңірек аймақтық бейбітшілік әрекеті аясында Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру әрекеттерін ынталандыруға бағытталған (Rferl.org, 06.10.2021). Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Николай Удовиченкомен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты сыртқы саяси оқиғалардың сағаттарын синхрондау, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасу, қырғыз-ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар сонымен қатар ағымдағы жылы екі ел президенттерінің Мәскеу мен Сочидегі кездесулерінен кейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде мүмкіндігінше тезірек іске асыру керектігін атап өтті (Хабар, 09.10.2021). Украинаның батысындағы Львов қаласында Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кездесу өткізді. Кездесу барысында Кулеба Украина Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымына (НАТО) мүше елдермен және Қара теңіз аймағындағы серіктес елдермен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді. Министр Кулеба НАТО елдері Қара теңіз аймағында Украина, Грузия және тіпті Молдовамен күш біріктіре алатынын мәлімдеді (Xinhua, 08.10.2021). Будапештте Венгриядағы Қырғыз елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Венгрия кеңсесінің өкілдері, Қырғызстанның Венгриядағы құрметті консулы Ендре Ердос, Венгрия университеттерінде білім алып жатқан қырғыз студенттері қатысты. Елшіліктің ашылуы Венгрия мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қатынастарды дамытудағы тарихи оқиға болады деп күтілуде (Хабар, 05.10.2021).

Әзірбайжан, Грузия және Түркия қорғаныс министрлері Закир Хасанов, Жуаншер Бурчуладзе және Хулуси Акар Грузияның астанасы Тбилисиде үшжақты кездесу өткізді. Тараптар қақтығыстарды реттеуде және аумақтық тұтастықты құрметтеуде халықаралық құқықтың абсолютті басымдығына тоқталып, әскери ынтымақтастық, аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілік мәселелерін талқылады. Кездесу соңында министрлер негізінен үш ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған Үшжақты кездесудің қорытынды мәлімдемесіне қол қойды (Anadolu агенттігі, 05.10.2021).

     мәселелер бойынша үш жақты комитет құру туралы хаттамаға қол қойды. Құжатқа қол қою үш елдің кеден ісі саласындағы ынтымақтастығының одан әрі дамуына септігін тигізеді деп күтілуде. Бұдан бұрын хабарланғандай, үш ел арасында Баку-Тбилиси-Карс теміржол жобасын дамыту туралы үшжақты хаттамаға қол қойылған (Azernews.az, 09.10.2021). Қырғызстан Энергетика және өнеркәсіп министрі Досқұл Бекмұрзаевтың Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің президенті Мұстафа Шентоппен кездесуі кезінде Қырғызстан мен Түркия арасындағы өнеркәсіп пен технология саласындағы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Министр Бекмұрзаев өнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру Қырғызстан мен Түркия арасындағы өзара сауда мен серіктестікті арттыруға негіз болатынын атап өтті. Мұстафа Шентоп түрік тарапы Қырғызстан экономикасының дамуына қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді (Түркі әлемі, 08.10.2021).

Бішкекте өткен Қырғызстан мен Венгрия сыртқы істер министрлерінің стратегиялық кеңесінің отырысында венгр-қырғыз даму қорының құрылғандығы жарияланды. Бішкектегі қордың бастапқы жарғылық капиталы 50 миллион доллар болып белгіленді. Даму қоры Қырғыз Республикасы үшін ауыл шаруашылығында, туризмде және экономиканың басқа салаларында басым инвестициялық жобаларды жүзеге асырады (Түркі әлемі, 05.10.2021).

Түркіменстан президенті Ғұрбангұлы Бердімұхамедовтің Өзбекстанға сапары кезінде Ташкентте тұңғыш реткі түрікмен-өзбек экономикалық форумы өтті. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түрікменстан президенті Ғұрбангұлы Бердімұхаммедовпен кездесу барысында көп қырлы өзбек-түрікмен ынтымақтастығының барлық дерлік салаларын қамтитын 23 құжатқа қол қойылды. Екі елдің делегациялары кездесу өткізіп, инвестициялық жоспарлар мен бірлескен экономикалық жобалар талқылады (Centralasia.news, 05.09. 2021).

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаев пен Ресей ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Евгений Левиннің қатысуымен өткен онлайнкездесуде Ресей билігі Өзбекстанға бір миллион гектарға дейінгі жерді жалға беруге келісім берді. Қабылданған шешімге сәйкес, бос жатқан жерлер ауыл шаруашылығына пайдалануға беріледі және Ресейден жалға алынған жерден жиналған егіннің бәрі Өзбекстанға экспортталады (Eadaily.com, 07.10.2021).

Тәжікстан Экономикалық даму және сауда министрі Завки Завкизода Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының өкілдерінен елге қаржылық қолдау көлемін ұлғайтуға көмектесуді сұрады. Министр макроэкономикалық модельдеу мен болжау жүйесін нығайту үшін техникалық көмек көрсету қажеттігін де атап өтті. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Тәжікстанның Қытай экспорттық-импорттық банкінен кейінгі екінші және үшінші ірі несие берушілерінің қатарында. Тәжікстанның Дүниежүзілік банк пен ХВҚ алдындағы жалпы қарызы 500 миллион доллардан асады (ASIA-Plus, 07.10.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің әділет академиялары мен сот білім беру мекемелерінің өкілдері Анкарада өткен Түркі кеңесі әділет академияларының бірінші отырысына қатысты. Кездесуді Түркия Республикасының Әділет академиясы ұйымдастырды. Кездесуде қатысушылар бір-біріне өздерінің мекемелерінің қызметі туралы ақпарат берді және сот білімі саласындағы тәжірибе алмасу мен ортақ стратегияларды әзірлеу мүмкіндіктерін талқылады (Turkkon.org, 05.10.2021). Қырғызстан астанасы Бішкекте Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Бұл шара Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Шара аясында көптеген концерттер, қазақстандық әртістермен кездесулер, тіпті Қазақстанның көшпелі өркениетін сипаттайтын археологиялық жәдігерлер насихатталды. Қазақстанның мәдениет күндері А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында «Абай» операсымен ресми түрде аяқталды (Kazinform, 06.10.2021).

Қазақстанның Анкарадағы елшілігі ТҮРКСОЙ мен Анкараның Кежіөрен қалалық әкімшілігімен бірлесе отырып, Халықаралық Жамбыл Жабаев конференциясын ұйымдастырды. Нежип Фазыл Кысайүрек мәдени орталығында өткен іс-шараға дипломаттар, қатысты министрліктердің жоғары лауазымды тұлғалары мен ғалымдар қатысты. Конференцияда Жамбыл Жабаев туралы кітаптың презентациясы мен академиктердің басын қосқан сессиялар болды. Сонымен қатар қатысушылар Жамбыл Жабаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді тыңдауға мүмкіндік алды (Turksoy.org, 06.10.2021).

Алматыда Еуропалық Одақтың (ЕО) Орталық Азия азаматтық қоғамының «Жарқын болашаққа жол: індеттен кейінгі тұрақты қалыпқа келу» атты форумы өтті. Іс-шараға үкімет пен азаматтық қоғамның 300-ге жуық өкілі, сондай-ақ ЕО пен Орталық Азия мемлекеттерінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысты. Форумға қатысушылар әділ, инклюзивті және өркендеген қоғам құруда азаматтық гендерлік рөлді және індеттен кейінгі тұрақты қалпына келтіруді, соның ішінде гендерлік теңдік пен жастардың мүмкіндіктерін талқылады (The Astana Times, 06.10.2021). Өзбекстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Жеңіл атлетика федерациясы, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Науаи облысы әкімшілігінің қолдауымен Зарафшан қаласынд «Аралды қорғау 2021» спорттық жарысының екінші кезеңі өтті. Жарыс Өзбекстанның түрлі қалаларында екінші жыл өткізіліп жатыр. Ісшара Арал теңізінің тартылуының салдарын жеңілдету және салауатты өмiр салтын белсендi түрде нығайтуға және қолдауға бағытталған (Uzdaily, 07.10.2021). Әзірбайжан кинорежиссерлері Мурад Хүсейнов пен Саддам Мехдиев «Жібек жолының інжу-маржаны» XIII кезекті Ташкент халықаралық кинофестивалында «Жаңғыру және ілгерлеу жолында» атты өрденмен марапатталды. Жас режиссерлердің туындыларын насихаттауға бағытталған фестивальдің «Бес күндік кино» байқауында Мурад Хүсейновтың «Жабайы тырналар мезгілі» мен Мурад Хүсейнов пен Саддам Мехдиевтың режиссерлігіндегі «Екі жол» фильмі көрсетілді. (Azernews.az, 04.10.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.