f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Қазақстандағы парламент мәжілісі сайлауынан кейінгі өзгерістер
ebulletin

Қазақстандағы парламент мәжілісі сайлауынан кейінгі өзгерістер

Авторлар: Еркінбек Тұрғынов
2021 ж. 4 ақпан
Қазақстандағы парламент мәжілісі сайлауынан кейінгі өзгерістер

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ САЙЛАУЫНАН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліспен қатар, облыстық, қалалық және аудандық маслихат депутаттарының сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының (ҚР) Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 21 қазандағы халыққа жасаған үндеуінде 2021 жылдың 10 қаңтарында Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлаулары бұған дейін 1995 жылы, 1999 жылы, 2004 жылы, 2007 жылы, 2012 жылы және 2016 жылы өтті. Бұған дейінгі Мәжілістің алты сайлауының 3-еуі кезектен тыс өткізілген болатын.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері заң шығарушы органның жұмысын жетілдіріп келеді. Бұл жолғы сайлау алдында да мәжіліс және маслихат құрылымдарымен жұмыс үдерісіне біршама өзгерістер жасалды. Қазақстан Президентінің 2020 жылы 21 қазанындағы үндеуінде көрсетілгендей 7-шақырылымдағы Мәжіліс те алдыңғы құрамға қарағанда жұмыс тәртібінде демократия мен ашықтық көбірек болмақ. Сайлау күні жария етілгеннен бастап Қазақстанның қоғамында саяси белсенділік артты. Әлемдік озық үлгілерді біртіндеп енгізу арқылы Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі, көппартиялы парламент соның ішінде саяси сындар мен азаматтардың саяси өмірге араласуына заңдық мүмкіндіктер қарастырылды. «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесі қарастырылды. Соңғы өзгерістер халықтың заң шығарушы органға деген сенім одан сайын арттыра түсетін болады. Соның арқасында Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңдағы ережелер Қазақстанда тұңғыш рет партиялық тізімге жастар мен әйелдер үшін 30% квота енгізіліп, әйелдер мен жастардың парламентке келуіне мол мүмкіндік жасалды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) дерегі бойынша, Қазақстандағы дауыс беру құқығына ие 11 915 903 сайлаушының 63,3%-ы жалпы 10 060 сайлау учаскесіне барып өз таңдауларын жасаған. ҚР Сыртқы істер министрлігінің дерегі бойынша, шетелдегі қазақстандық азаматтары үшін 53 шет мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылды. ОСК төрағасы Берік Имашев сайлаудың ел және қоғам өміріндегі орнының маңызды екенін атап өтті. ҚР ОСК осы сайлауды өткізу және ұйымдастыру шараларына қолдау білдіріген, сайлаудың ашық және әділ өтуіне көмектескені үшін отандық және халықаралық бақылаушылар алғысын білдірді. ОСК дерегі бойынша жалпы саны 398 байқаушы, 10 халықаралық ұйымнан, атап айтқанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) – 179; ТМД Парламентаралық Ассамблеясы – 48; ЕҚЫҰ – ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы – 42; Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – 15; Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы – 9; ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы – 9; Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы – 7;

Түркі Кеңесі – 7; Ислам Ынтымақтастық Ұйымы – 4; ЕО – ның Қазақстандағы өкілдігі-2 жалпы саны – 322 байқаушы халықаралық ұйым атынан және 31 шет елден – 76 жекелеген бақылаушылар да сайлау барысын қадағалаған. 2021 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы ОСК сайлау қорытындысын жариялады. Соңғы ресми нәтижесі бойынша, сайлауға қатысқан 5 партия төмендегідей: «Nur Otan» партиясы 5 148 074 дауыс – 71,09%, «Ақ жол» партиясы 792 828 дауыс – 10,95%, Қазақстан Халық партиясы 659 019 дауыс – 9,10% «Ауыл» партиясы 383 023 дауыс – 5,29%, «Adal» партиясы 258 618 дауыс – 3,57% дауыс алған. Қазақстанның Сайлау туралы Конституциялық заңының 97-1-бабына сәйкес, депутаттық мандаттарды бөлу бойынша яғни 7% межеден асқан «Nur Otan» партиясынан 76 депутат, «Ақ жол» партиясынан 12 депутат және Қазақстан Халық партиясынан 10 депутат 7-ші шақырылым Мәжілісті жасақтады. Ал, 2021 жылдың 11-қаңтарында 7-шақырылған Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан сайланатын үміткерлердің сайлауы өтті. Ол бойынша Нұр-Сұлтан қаласында ҚХА-ның XXVIII сессиясы аясында ҚХА-ның 504 мүшесінің 351-і дауыс беруге қатысып, 9 депутатты сайлады.

Бұл сайлаудың ерекшеліктері көп болды. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтіп отыр. Қазақстан сайлаушылары 2019 жылдың 10 маусымында ел тарихында екінші президенттерін сайлаған еді. Арада 18 айдан кейін маңыздылығы Президент сайлауынан кейінгі Парламент Мәжілісі сайлауына қатысты. Бұл сайлауға Қазақстанның саяси партиялары өте мықты дайындалды. 6-шақырылым Мәжіліс құрамында болған «Қазақстан коммунистік халық партиясы» сайлауға аз уақыт қалғанда атауын «Қазақстан халық партиясы» деп өзгертті. Өткен сайлауда аталған партия 7,19% дауыс алып, Мәжіліс құрамында партияның 7 депутаты болды. Саяси партияның сайлау алдында өз атауынан «коммунистік» деген сөзді алып тастап, «бұрынғы сайлаушыларымыздан айырылып қаламыз» деп қорықпай сайлауға қатысуы үлкен ерлік. Тіпті, 10-қаңтардағы сайлауда 9,10% дауыс алғанын ескерсек, Қазақстан қоғамында шынында комунисттік идеяның азайғанын көруге болады. 5-және 6-шақырылымда Мәжіліс құрамында болған «Ақ жол» партиясы үшін бұл сайлау оңай болмады. Себебі, сайлаушылар алдындағы сенімді жоғалтпау үшін мықты сайлауалды бағдарлама дайындаған «Ақ жол» партиясына бәселестер өте көп болды. Соған қарамай, 10 жыл Мәжілісте болған саяси ұйым алдыңғы сайлаулардағы тәжірбесінің арқасында 2021 жылдың 10 қаңтар күні 10,18% дауыс алды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығындағы «Нұр Отанның» орны Қазақстанның саяси өмірінде ерекше. Құрылған күннен бері Қазақстан халқының экономикалық, әлеуметтік, медициналық, білім беру саласының дамуы тікелей аталған партиямен байланысты. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы әртүрлі деңгейдегі сайлаулардың барлығында тек жеңіске жеткен «Нұр Отан» партиясының қаржылық та, адами ресурстық қуаты да өте мықты. Дегенмен, сайлаудың аты сайлау. Жеңістің мол тәжірбесімен мықты ұйымдастырушылық команда ие «Нұр Отан» партия бұл жолы да Қазақстан халқының жоғарғы сеніміне қайта ие болды. 15-қаңтарда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев 7шақырылым депутаттарының алғашқы отырысына қатысты. Соңғы 5 жыл ішінде 410 заң қабылданған 6-шақылырым депутаттарының жұмысына алғысын білдірген, Президент 7шақырылым депутаттарға табыс тіледі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстандағы парламентаризмінің 25 жылдығы қарсаңында жасақталған Мәжіліске артылар жүк маңызды екенін атап өткен Президент, Қазақстан дамудың жаңа кезеңінің алдында барлық салаларда алдымен зерттеулер жүргізіп, басымдықтарды айқындап, құқықтық мемлекетті дамытумен азаматтардың билікке құрылымдарына сенімін артыруға жұмыс жасау керектігін айтты. Кезең-кезеңімен реформалар жүргізу, жергілікті биліктің құзіретін кеңейту, басқару жүйесін және квазимемлекеттік саланы жаңғырту, цифрландыру ауқымын кеңейту сол арқылы ашықтықты одан әрі жетілдіру қажеттігін айтты. «Білім экономикасына» басымдық беру, аймақтарарасы білімділік және әлеуметтік топтар арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған ұлттық жоба дайындап, жүзеге асыруды айтты. ймақтарарасын дамыту, 3500-ден астам ауылды заман талапқа сай дамытып, инфрақұрылым қалыптастыруға ерекше маңыз берді. Саяси реформаларды жетілдірудің алғы шарты ретінде кезеңімен ауылдық округтерде сайлау өткізілетінін жеткізді. Көппартиялықтың маңызды екенін айтқан Қ.Тоқаев Межіліске өту межесін 7%-дан 5%-ға дейін түсу саяси партиялардың сайлауға қатысу ынтасын арттыра түсетінін айтты. Парламенттің халыққа қызмет ету алаңы екенін айтып, жаңадан сайланған депутаттарға зор жауапкершілікпен қызмет атқаруға шақырды. «Нұр Отан» партиясы депутаттарының ұсынысымен 5-ші және 6-шы шақырылымда Мәжіліс төрағасы болған Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы тағы да төрағалыққа ұсылынып, ол Мәжілістің депутаттарының 100% сеніміне ие боп, 7-шақырылым Мәжілістің төрағалығына қайта сайланды. Сонымен қатар, Мәжілістің тұрақты 7 комитетінің төрағалары да сайланды. Бұған дейінгі 6-шақырылымда 7 комитеттің басшысы да «Нұр Отан» партиясы депутаттары арасынан сайланған еді. Саяси жаңғырулар мен демократияға жол ашқан 7шақырылымда, оппозициялық партиялар: «Ақ жол» партиясы мен Қазақстанның демократиялық партиясының мүшелері де бір-бір комитеттің басшылығына сайланды. Қорыта айтқанда, коронавирус пандемиясы әлем елдерімен қатар, Қазақстанға да әсер еткені белгілі. Болуы мүмкін күрделі экономикалық дағдарысты шапшаң енсеру мақсатында Қазақстан жаңа заңдар мен жаңғыруларды жасауы керек. Жекелеген азаматтардың жағдайы мен ұсыныстарын ескеру үшін жаңа парламенттік құрамның керектігі айқын еді. Жаңадан жасақталған Мәжіліс Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жақтан одан әрі дамуына үлес қосып, қоғамның саяси белсенділігін арттыра түсетін болады. Осы мақсатта ҚазақстантТәуелсіздігінің 30 жылды қарсаңында заң шығарушы орғанның төменгі палатасы жаңадан қалыптасуы елдің жаңа деңгейде, жаңа қуатты дамуына негіз болады. Қазақстанның өркендеуі жолындағы билік партиясымен қатар, халықтың біршама деңгейде сеніміне ие басқа партияларға да мән беріліп, демократияға кең жол ашылды.

Жазушы: Еркінбек Тұрғынов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       2021 жылы 10 қаңтарда Қырғызстанда президенттік сайлау өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесіне сәйкес, сайлаушылардың 79,28%-ы Садыр Жапаровты қолдады. Президент Әкімшілігі 21-28 қаңтар аралығында өтетін ант беру рәсіміне дайындықты бастады. Рәсімге Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде (24.kg, 01.13.2021). Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мәскеуде Таулы Қарабақ мәселесі бойынша төрт сағаттық кездесу өткізді. Президент Путин өз әріптестерімен екіжақты кездесулер де өткізді. Екі елмен де стратегиялық серіктестікке тоқтала отырып, Ресей басшысы қарашада жасалған атысты тоқтату туралы келісімдер дәйекті түрде жүзеге асырылғанын және бұл жағдайдың екі елдің мүдделерін ескере отырып, жанжалды ұзақ мерзімді шешудің алғышарты болып табылатынын мәлімдеді (ТАСС, 11.01.2021).

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба молдовалық және грузиндік әріптестері Аурелиу Циокой және Давид Залкалианимен онлайн режимде кездесу өткізді. Еуропалық Одақтың ()ЕО) Шығыс серіктестігіне мүше үш елдің Сыртқы істер министрлері ЕО+ Байланысты серіктестер форматында «дифференциация» қағидаты негізінде терең диалог бастамасын дамыту бойынша өз міндеттемелерін қайталады. Тараптар сонымен бірге Еуропалық нарыққа интеграциялану және «төрт еуропалық бостандықты» тарату Украина, Молдова және Грузия үшін стратегиялық мақсаттар болуы керек деген пікірге келді (Ukrinform.net, 15.01.2021).

Молдова Президенті Майя Санду, өзінің алғашқы шетелдік сапарын Киевке жасау барысында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Екі ел басшылары энергетика, инфрақұрылым, сауда және көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды. Президенттер, сондай-ақ, халықаралық деңгейде қабылданған шекаралар аясында екі елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу негізінде қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге өзара қолдау білдіретіндіктерін растай отырып, екіжақты диалогты жоғары деңгейде жалғастыруға ниеттерін білдірді (Ukrinform.net, 12.01.2021).

Өзбекстан Президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Исматулла Иргашев Пәкістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайид Али Эсад Гиланиді қабылдады. Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдай және халықаралық қауымдастықтың осы елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі талпыныстары туралы пікір алмасты. Пәкістанның Ташкенттегі елшісі Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілік орнатудағы рөлі мен талпыныстарына жоғары баға берді (Uzdaily.uz, 15.01.2021).

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар екі халықтың достығы мен бауырластық қарым-қатынастарын әр салада дамытуға назар аударды. Президенттер, сондай-ақ, жақында босатылған аудандардағы қалпына келтіру жұмыстарын және түрік компанияларының осы үдеріске қатысуын талқылады. Түркия Президенті Түркияның Әзірбайжанды қолдайтынын баса айтты (News.az, 01.16.2021).

Экономика, қаржы және энергия       Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті жергілікті серіктестермен қолдауды жалғастыруда. ЕҚҚДБ Банк ЦентрКредиттің жергілікті қорап өндіруші Intelpack-қа берілген 1.1 миллион доллар несиедегі тәуекелдің 50%-на дейін бөлісуге келісті. Бұрын компанияға қаржы және техникалық көмек көрсеткен ЕҚДБ Intelpack-пен ұзақ мерзімді серіктестікке ие. Банктің Қазақстанға салған инвестициясы осы уақытқа дейін шамамен 8 миллиард долларға жетті (ҚазАқпарат, 13.01.2021).

Қырғызстанның Ауылшаруашылық министрі Тілек Тоқтоғазиев елдің аймақтық ауылшаруашылық базасы болуға бағытталғанын мәлімдеді. Министрлік өзінің ішкі резервтерін пайдалану және көрші елдерден, оның ішінде Қазақстан, Ресей және Моңғолиядан арзан сиырларды тірідей әкеліп, ет өнімдерін өңдеп, Парсы шығанағы елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Министрліктің бағалауы бойынша, ел Біріккен Араб Әмірліктеріне аптасына 40 мың тонна, Қытайға күніне 60 тонна ет өнімін экспорттай алады (24.kg, 12.01.2021).

Еуразиялық экономикалық комиссия 2020 жылдың 11 желтоқсанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінде мақұлданған Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму директивасын жариялады. 330 шара мен механизмнен тұратын құжат жанжақты аймақтық ынтымақтастыққа бағытталған. Стратегияны жүзеге асыру, қосымша 13 халықаралық келісімге қол қоюды, 60-тан астам заңдық және нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен ұлттық заңнамада шамамен 25 өзгеріс пен қосымша келісімдерді қажет етеді (БелТА, 14.01.2021).

2020 жылы Беларусьтың жаңа автомобиль нарығында сатылым төмен болды. Беларусь автомобильдер қауымдастығының басқарушы директоры Александр Сидоревич сатылымдар 18% төмендеп, 53.500 дана болғанын мәлімдеді. 2019 жылы 65.000 дана көлік сатылған болтын. Сидоревич сонымен қатар Беларусьтың автомобиль нарығының қуаты қазіргі жағдайдан кем дегенде екі есе жоғары екенін мәлімдеді. 2020 жылы ресейлік брендтік көліктер автомобиль сатудың жалпы көлемінің 70,2%-ын құрады. Беларусьта автомобиль өндірушілерінің үлесі 10%-дан 17%ға дейін өсті, ал импортталған көлік құралдарының сатылымы 13%-ды құрады (BelTA, 14.01.2021).

2020 жылы Өзбекстанның экспорты 15.1 миллиард долларды құрады. Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жасаған мәлімдемеге сәйкес, Өзбекстан 2021 жылы бұл салаға 2000-нан астам жаңа кәсіпорынды қосу арқылы экспортты 17 миллиард долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр. 2020 жылы елдің негізгі капиталындағы шетелдік инвестициялар 6.6 миллиард долларды құрады, ал инвестициялық бағдарламалар аясында 169 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Ел 2021 жылы 10.5 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр (UzReport, 14.01.2021).

Иранның Әзірбайжандағы елшісі Сейид Аббас Мусави Әзірбайжан кәсіпкерлері ұлттық ұйымдары конфедерациясының президенті Мемед Мұсаевпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды жақсарту шараларын талқылады. Атап айтқанда, олар Иранның Сауда үйінің Әзірбайжанда ашылуы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетеді деп келісті. 2020 жылдың алғашқы 11 айында Иран Әзірбайжанға 266.1 миллион доллар өнім экспорттады, ал импорт 36.7 миллион долларға жетті (AzerNews, 13.01.2021).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       ТҮРКСОЙ Болгарияның Пловдив қаласында «Абайды оқу» альбомын насихаттайтын көрме ұйымдастырды. Престиж альбомына Абай шығармаларынан шабыт алған түркі әлемінің суретшілерінің суреттері енген. Түркия Республикасының Пловдив Бас консулдығында өткен іс-шараға COVID-19 эпидемиясының таралуына қарсы қабылданған шараларға байланысты тек дипломаттар мен әкімшіліктің өкілдері қатысты (ТҮРКСОЙ, 14.01.2020).

Қазақтың әйгілі ақынының өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын «Абай бұрышы»

Тракья университетінде (Эдирне) ашылды. Іс-шара қазақтың ұлы ақыны және философының 175 жылдығы аясында ТҮРКСОЙ-дың қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан мен Түркия дипломаттары, сондай-ақ университет, әкімшілігінің өкілдері қатысты (ТҮРКСОЙ, 01.13.2021).

Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Әзірбайжан туралы әр түрлі кітаптарды насихаттады. Іс-шара 2021 жыл бойына атап өтілетін түркі мемлекеттерінің тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Кітаптардың арасында «Әзірбайжан, Қарабақ інжумаржаны: тарихы, мәдениеті, табиғаты», «Жоғалған бақыт: Қарабақтың шынайы тарихы» және «Азербайжан халқының республикасы» болды. Бұл іс-шараға түркі мемлекеттерінен дипломаттар мен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер қатысты (Twesco.org, 14.01.2021). Тәжікстанның Турсунзаде қаласында орысша білім беру орталығы ашылды.

Бастаманы «Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Душанбедегі Ресей елшілігі, қала әкімшілігі және Тәжікстан епархиясының қасиетті орыс православ шіркеуі ұйымдастырды. Орталық мектеп оқушыларының орысша білімін жетілдіру және университет үміткерлеріне Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына түсуіне көмектесу мақсатында ашылған (Centralasia.news, 12.01.2021). Түркіменстан Орталық Азияның шөл экожүйесін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізуді жоспарлап отыр. Қарастырылып отырған шешім ғалымдардың Шығыс, Орталық және Солтүстік Қарақұмға жасаған экспедициялары кезінде жүргізген далалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша алынды. Зерттеулер нәтижесінде шөлдер мен өсімдіктер әлемі туралы есептер мен жаңартылған тізімдер дайындалды. Зерттеу барысында табиғи қорықтарды басқару жоспарларын жасау үшін қажетті ақпарат жиналды (Centralasia.media, 11.01.2021).

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) бағдарламасының үйлестірушісі Осман Уста Қырғыз ұлттық кітапханасында болды. Кітапхана директоры Жылдыз Бакашовамен кездескен Уста, Шыңғыс Айтматов атындағы қырғыз-түрік мәдениеті мен әдебиеті орталығын жетілдіру және жаңарту жөніндегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін де бағалады. Сондай-ақ, тараптар бірлескен жобаларды талқылай отырып, 2021 жылы бірлесіп өткізілетін іс-шаралар жоспарларын белгіледі (En.kabar.kg, 14.01.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.