f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Қытайдың шыңжаңдағы су құрылысы жобалары және ықтимал әсерлері
ebulletin

Қытайдың шыңжаңдағы су құрылысы жобалары және ықтимал әсерлері

Авторлар: Өмірбек Қанай
2022 ж. 31 наурыз
Қытайдың шыңжаңдағы су құрылысы жобалары және ықтимал әсерлері

ҚЫТАЙДЫҢ ШЫҢЖАҢДАҒЫ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫ ЖӘНЕ ЫҚТИМАЛ ӘСЕРЛЕРІ Соңғы 30 жылда экономикасы қарқынды дамыған Қытайдың энергетика мен табиғи байлықтарға деген сұранысы барған сайын артумен қатар, күн санап өскен тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесімен бетпе-бет келуде. Сондықтан тіпті де өнімді әрі көп пайда әкелетін өнеркәсіптік өндіріске ден қойған Қытай көптеген алып инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны өзгертуден ешқандай тартынбайды. Онсыз да әлемнің ортақ мәселесіне айналған қоршаған ортаның ластануында рекордтық деңгейге жеткен Қытайдың, әсіресе энергетика мен су ресурстарын басқару салаларындағы ірі жобаларының ықтимал экологиялық зардаптары назар аудартарлық жайт. Осы тұрғыда Қытайдың ең ірі энергетика және мақта өндіру аймағы болып табылатын Шыңжаңдағы ірі су құрылысы жобалары мен олардың ықтимал салдары Шыңжаң тұрғысынан да, көршілес елдер тұрғысынан да зерттелуді қажет ететін түйткілді мәселелердің бірі.

Теңізден қашықтығына байланысты құрлықтық құрғақ климаты басым және биік таулармен қоршалған Шыңжаңның жылдық орташа жауын-шашын мөлшері небәрі 170,6 мм ғана. Сондықтан өңірдегі су ресурстарын басқару маңызды мәселелердің қатарында. Бұл тұрғыда ресми Пекиннің Шыңжаң бағытталған су құрылысы жобаларында ең алдымен әртүрлі су қоймаларын салуға баса назар аударғаны айтуға болады. 1949 жылы Шыңжаңда небәрі 3 су қоймасы болса, 1950 жылдардан кейінгі жаппай тың игеру мен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының құрылуына байланысты суармалы егіншіліктің ұлғайтуы аймақта әртүрлі су қоймаларының салынуын жеделдете түсті. 2000 жылы Шыңжаңдағы су қоймаларының саны 485 болып, жалпы сыйымдылығы 6,7 миллиард текше метр болса, 2020 жылы өлкеде салынған және салынып жатқан су қоймаларының жалпы саны 724-ке жетіп, жалпы сыйымдылығы 29 миллиард текше метр болды.

Қарастырылып отырған деректерге сүйенсек, Шыңжаңда 2000 жылдардан кейін су қоймаларын салу тездегенін көреміз. Әсіресе, 2010-2020 жылдар аралығында өлкеде 136 су қоймасы жаңадан салынды. 2030 жылға қарай өңірде тағы 30 орта және ірі су қоймасын салу жоспарланып отыр.

Пайдалану мақсаты тұрғысынан алып қарағанда, Шыңжаңдағы су қоймалары көбінесе суармалы егіншілікке пайдаланылады. 2020 жылғы мәліметтер бойынша, Шыңжаңдағы ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы аумағы 6,2 миллион гектар болса, оның 80%-ы суармалы ауыл шаруашылығы жерлері. Сөйтіп, Шыңжаңдағы жалпы жылдық су тұтынудың шамамен 95%ын ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Мысалы, 2020 жылы Шыңжаң бойынша 54,993 миллиард текше метр су тұтынылып, оның 50,003 миллиард текше метрі ауыл шаруашылығында, 1,152 миллиард текше метрі өнеркәсіпте және 1,749 миллиард текше метрі шаруашылықта пайдаланылған.

Сонымен қатар, Шыңжаңның Қытайдағы ең ірі мақта өндіретін аймақ екенін ескерсек, Шыңжаңдағы ауылшаруашылығына пайдаланылған судың басым бөлігі мақта алқаптарын суаруға жұмсалатынын айтуға болады. Мысалы, 2021 жылы Шыңжаңда 2,506 миллион гектар жерге мақта егіліп, жылдық мақта өндірісі 5,129 миллион тоннаны құрады. Бұл Қытайдың жалпы мақта өндірісінің шамамен 90%-ына сәйкес келеді.

Сонымен қатар Шыңжаңдағы су қоймаларының біразында су электр станциялары да бар. Әсіресе, таулы аймақтардағы су қоймалары су электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады. Статистикалық мәліметтер бойынша, Шыңжаңның таулы аймақтарында жалпы қуаты шамамен 6800 МВт және жылына 22 миллиард кВт/сағ электр өндіретін 63 су электр станциясы салынған. Осы су электр станцияларының ең үлкені – Арташ су электр станциясының құрылысы 2015 жылы 10 986 миллиард юань (шамамен 1 733 миллиард доллар) инвестициямен басталып, 2021 жылдың тамыз айынан бері электр қуатын өндіруде. Тарым өзеніне құйылатын Яркенд өзенінде орналасқан Арташ су электр станциясының қуаты 775 МВт болып, жыл сайын 2,186 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді.

Қытайдың соңғы 25 жылдағы Шыңжаңдағы ең үлкен су құрылысы жобаларының бірі – Ертістен су тарту жобасы деуге болады. Яғни, Ертіс-Қарамай-Үрімжі каналы деп те аталатын бұл жобаның жұмысы 1997 жылы басталып, әлі де жалғасып келеді. Аталмыш жобаның 1997 жылы Қытай Мемлекеттік даму және реформа комиссиясы тарапынан қабылданып, 2000 жылы №869 қаулысымен бекітілген жалпы жоспары 2009 жылы Қытай Мемлекеттік кеңесі тарапынан «Шыңжаңдағы Ертіс бассейнін дамытудың бас жоспары» болып өзгертілді. Жоба аясында 840 шақырым канал, 5 су қоймасы, 1 су электр станциясы, 8 су туннелі және 2 су айдау станциясын салу жоспарланған. Алып су жобасы Ертістен Қарамайға су жеткізу, Ертістен Үрімжіге су жеткізу және Ертістен Құмылға су жеткізу қатарлы 3 негізгі кезеңнен тұрады. Жобаның бірінші кезеңінде 1997-2001 жылдары № 635 су қоймасы, 136 шақырым негізгі канал және 324 шақырым Қарамай каналы салынды. Екінші кезеңінде № 500 су қоймасы мен 344 шақырым Үрімжі каналының құрылысы аяқталды. Үшінші кезеңде Қара Ертіс өзенінің Ертіс өзеніне құяр жерінде салынған Қарасуық су қоймасынан Құрбан-Тұңғұт шөлінің шығысын жиектеп, Шонжы ауданындағы Қосқұдық (Шуанжинзи) су қоймасына және одан әрі Құмыл қаласындағы Сантанху су қоймасына дейін жалпы ұзындығы 283 шақырым канал салынуда. Канал арқылы Ертіс өзенінен жыл сайын 500 миллион текше метр су тарту жоспарлануда. Жалпы алғанда Қытай Ертістен су тарту жобасы аясында Қарамай мен Үрімжіны қамтыған Солтүстік Тянь-Шань экономикалық аймағындағы және Құмыл қаласындағы өнеркәсіп нысандарының су қажеттілігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, канал бойындағы аудандардағы шамамен 140 мың гектар ауылшаруашылық алқабын суаруды мақсат етіп отыр. Бұл бағытта Ертіс өзенінен жыл сайын 3,38 миллиард текше метр су тарту жоспарлануда.

Дегенмен, соңғы жылдары өңірде суды шектен тыс пайдалану көпшіліктің назарын аударуда.

Бүгінгі таңда Шыңжаңдағы су ресурстарын пайдалану деңгейі 70%-дан асқаны және жер асты сулары азайып бара жатқаны белгілі болып отыр. Шыңжаңдағы су қоймаларының негізінен ірі өзендерде салынуы және суды шамадан тыс тұтыну кейбір өзендердің су деңгейінің төмендеуіне, тіпті төменгі ағарының тартылып қалуына әкеп соғуда. Мысалы, Шыңжаңда жалпы үлкенді-кішілі 3,441 өзен болса, соның ішінде 293 өзенге 724 су қоймасы салынған. Өңірдегі су құрылысы жобаларынан туындайтын ең үлкен мәселелердің бірі – Тарым өзенінің төменгі ағарының тартылуы мен Тарым өзені бассейнінің біртіндеп құрғауы болып отыр. Осы тұста Тарым өзенінде және оған құятын өзендерде 60-қа жуық су қоймасы салынғанын айта кеткен жөн. Қытайлық зерттеулерге сәйкес, тарым өзенінің тқменгі тармағы саналатын Қонши өзенінде 1958 жылы Пухуй су қоймасының салынуы мен 1962 жылы Ақсупу су қоймасының салынуына байланысты көлге құятын ағыстың толықтай үзілуі Лоп Нұр көлінің тартылуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, 1958-1960 жылдары салынған және 1972 жылы кеңейтілген Дашихайзи су қоймасының салдарынан Тарым өзенінің төменгі ағысының 363 шақырым бөлігі мен құяры ұшындағы Тайтема көлі тартылып кетті. Көрші елдер тұрғысынан алғанда, Қытайдың Ертіс пен Іле өзендерінде салған су қоймалары және Ертістен су тарту жобасы Қазақстанды да алаңдатады.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Қытай қазірге дейін Іле және Ертіс өзендері мен оларға құятын басқа да тармақ өзендерде 30-ға жуық су қоймалары мен су електр станцияларын салып үлгерген. Сондықтан соңғы жылдары Іле өзені мен Ертіс өзенінен Қазақстанға келетін су деңгейінің біршама төмендеуі байқалады. Іле өзені суының азаюы Балқаш көліндегі су деңгейінің, ал Ертіс өзені суының азаюы Зайсан көлінің су деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық су мәселесі жөнінде бірнеше рет келіссөздер жүргізілгенімен, түпкілікті келісімге әлі келген жоқ. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, аталмыш трансшекаралық су мәселелері алдағы кезеңде Қытай мен Қазақстан арасында қақтығыстар тудыруы да мүмкін.

Қорыта келгенде, Қытайдың Шыңжаң аумағындағы су құрылысы жобалары ондағы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп саласының дамуына үлес қосқанымен, суды шамадан тыс пайдалану салдарынан кері әсерлер туғызғанын айтуға болады. Қытай билігінің соңғы жылдардағы Шыңжаңға қаратқан саудаэкономикалық, энергетикалық және демографиялық саясатын ескергенде, алдағы кезеңде өлкедегі энергетикаға бағытталған өнеркәсіп секторының кеңеюі мен дамуына және халық санының үздіксіз өсуіне байланысты суды тұтынудың да барған сайын артатынын болжауға болады. Сондықтан суды шамадан тыс пайдаланудан туындайтын мәселелер әлі де арта беретіні сөзсіз. Сол себепті Қытаймен арада көптеген трансшекаралық өзендерді бар Қазақстанның Шыңжаңдағы су құрылысы жобаларын мұқият қадағалап, олардың ықтимал салдарын зерделеуі қажет.

Жазушы: Өмірбек Қанай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік  Жуырда Қазақстан премьер-министрінің       Түркия мен Армения қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін келіссөздердің екінші кезеңін Венада өткізді. Тараптарды арнайы өкілдер, Түркия елшісі Сердар Кылыч пен Армения парламенті төрағасының орынбасары Рубен Рубинян таныстырды. Қалпына келтіру үрдісі дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруді, жабық шекараларды ашуды және екі ел арасындағы экономикалық, сауда және көлік жобаларын бастауды ұсынады (Hurriyetdailynews.com, 24.02.2022). Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Өзбекстан-Түркия ынтымақтастығының дамуын талқылай отырып, сауда-экономика саласындағы екіжақты серіктестіктің ілгерілегенін атап өтті. Сондай-ақ, президенттер өңірлік және халықаралық саясаттың бірқатар мәселелеріне тоқталып, Ташкентте өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысына дайындық барысын талқылады (Centralasia.news, 26.02.2022).

Тәжікстан президенті Имамали Рахман Ресей Федерациясы кеңесінің (Ресей парламентінің жоғарғы палатасы) төрағасы Валентина Матвиенконы қабылдады. Тараптар Тәжікстан мен Ресейдің түрлі салалардағы достық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жағдайы мен перспективаларын талқылады. Президент Рахман екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне және Валентина Матвиенконың Тәжікстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді (ASIAPlus, 25.02.2022). Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Еуропалық Одақтың (ЕО) Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Қырғызстан мен ЕО арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара дайын екендіктерін білдірді. Тараптар Қырғыз Республикасы-ЕО және ЕО-Орталық Азия деңгейінде іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде практикалық қадамдарды әзірлеу туралы келісімге қол жеткізді (Kabar, 24.02.2022).

Украинаға басып кіргеннен кейін көптеген елдер Ресейге қарсы санкция салуға шешім қабылдады. Ресей Батыстың санкцияларына қарсы жауап беруді жоспарлап отыр. Ресей Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Ресейдің АҚШ, ЕО және басқа да дос емес елдерде тіркелген тұлғалардың мүлкін экспроприациялауы мүмкін екенін мәлімдеді. Ресей азаматтары мен компанияларының шетелдегі активтерін бұғаттау қаупі төніп тұрғанын атап өткен Медведев, осыған байланысты ресейдің де тиісті заңы бар екенін жеткізді (TASS, 26.02.2022).

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады. Тоқаев түрік компаниялары қатысқан бірлескен жобаларға қолдау көрсететінін білдірді. Мевлют Чавушоғлу Қазақстан президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды Түркия жақ толық қолдайтынын жеткізді (Kazinform, 24.02.2022).

     орынбасары Роман Скляр көлік және ауылшаруашылық техникаларын қайта өңдеу ақысының мөлшерлемесі 50%-ға төмендейтінін мәлімдеді. Скляр қайта өңдеуден түскен 461,8 миллион долларды құрайтын қаржы халықтың игілігіне жұмсалатынын айтты. Атап айтқанда, отандық автокөліктерді жылдық 4%-дық жеңілдетілген несиемен және бастапқы жарнасыз сатып алуға 230,9 миллион доллар бөлінеді. Үкімет жоспары бойынша, 70 мыңнан астам қазақстандық қолжетімді бағамен көлік сатып ала алады (Qazaq TV, 23.02.2022).

Қазақстан Қытаймен шекарада әкімшілік бақылауды күшейтті. Нәтижесінде Қытайдан келетін тауар ағыны Қырғызстан шекарасына қайта бағытталды. 2022 жылдың басынан бері Қытайдан Қырғызстанға импорт 5 есеге, Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 2,5 есеге өсті. Жыл басынан бері шекара өткелдеріндегі кедендік төлемдер мен салық түсімдері 23%-ға, көлемі 26%ға қысқарғанын атап өткен жөн (Kabar, 22.02.2022).

Өзбекстан жаңа су электр станцияларын салу арқылы энергетика саласын жаңғыртуды жоспарлап отыр. Елдің Энергетика министрлігі Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес жалпы қуаты 868 МВт болатын 15 жаңа су электр станциясы салынып, жұмыс істеп тұрған тағы 5 су электр станциясы жаңғыртылатынын хабарлады. Нәтижесінде 2026 жылға қарай елдегі су электр станцияларының жалпы қуаты 2920 МВт-қа жетеді (Kun.uz, 21.02.2022). Азия даму банкінің (АДБ) Тәжікстандағы директоры Шэнни Кэмпбелл 2022 жылы банк Тәжікстанға 193 миллион доллар көмек беретінін хабарлады. Қаржылық көмек Душанбедегі қалалық инфрақұрылымды дамытуға, энергетика мен қаржы секторын жақсартуға, тұрақтылықты арттыруға және жол күтімін жақсартуға бағытталған. Кэмпбелл банк алдағы үш жылда Тәжікстанға 465 миллион доллар грант бөлуді жоспарлап отырғанын атап өтті. АДБ 1998 жылдан бері Тәжікстанға 2,2 миллиард доллар қаржылай көмек көрсетті (Asia-Plus, 23.02.2022). Әзірбайжан, Ресей және Иран энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр. Жуырда Катардың астанасы Дохада газ экспорттаушы елдер форумы аясында өткен үшжақты кездесуде аталған елдердің энергетика министрлері энергетика мәселелерін талқылады. Тараптар, әсіресе Солтүстік-Оңтүстік энергия тасымалдау дәлізін құру жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Министрлер үш ел үшін электр дәлізінің маңыздылығын және жобаның техникалықэкономикалық негіздемесін тездету қажеттігін атап өтті (AzerNews, 24.02.2022). Ресей Орталық банкінің 630 миллиард долларды құрайтын барлық резервтері АҚШ пен Батыстың санкцияларының нысанасы болады. Батыс елдері Ресей Орталық банкіне қарсы қосымша санкциялар енгізу мүмкіндігін әлі де зерттеу үстінде. Санкциялар Ресей Орталық банкінің валюта нарықтарына іс жүзінде интервенция жасау үшін батыс банктерімен операциялар жүргізуіне жол бермейді. Ресей өз валютасын қолдау үшін рубль сатып алуға мәжбүр (TASS, 27.02.2022).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Түркия мен Босния және Герцеговина, Босния және Герцеговинаның тәуелсіздігі мен екі ел арасындағы екіжақты қарымқатынастың 30 жылдығына орай босниялық азаматтарға арнайы білім беру жобасын бастады. «Мәдениетаралық стратегиялық байланыстар бойынша қолданбалы оқыту бағдарламасы» деп аталатын үш апталық жоба мәдениетаралық стратегиялық байланыстарды дамытуға бағытталған. Юнус Эмре институты ұйымдастырған іс-шара Босния мен Герцеговинаның бірлігі мен тұтастығын көрсететін әрі халықаралық аренада «бейбітшілік елшілері» ретінде қызмет ететін еріктілерді оқытуды қамтиды (Trtworld.com, 23.02.2022).

Моңғолия мен Түркия жоғары білім беру жөнінде ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Құжатқа Моңғолия Білім және ғылым министрі Лувсанцэрэн ЭнхАмгалан мен Түркияның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Зафер Атештің кездесуі барысында қол қойылды. Министр Энх-Амгалан Түркия үкіметі бөлген шәкіртақыларға қатысатын монғол студенттерінің санын арттыруға шақырып, меморандум аясында білім саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізілетініне сенім білдірді (Monsame.mn, 22.02.2022).

Сауд Арабиясының Тәжікстандағы елшісі Уәлид бин Абдулрахман Аль-Решайдан Сауд Арабиясы Рамазан айында Тәжікстандағы 9500 мүмкіндігі шектеулі отбасына көмек көрсететінін хабарлады. Король Салман атындағы гуманитарлық көмек және көмек орталығы (KSRelief) мүмкіндігі шектеулі отбасыларға көмек көрсетеді. Сауд Арабиясы KSRelief арқылы Тәжікстандағы мүмкіндігі шектеулі отбасыларға жалпы сомасы 12 миллион долларлық гуманитарлық жәрдем берді (ASIAPlus, 24.02.2022). Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Кубанычбек Омуралиев, Анкара университетінің ректоры профессор, доктор Неждет Үнүвармен кездесті. Кездесу барысында тараптар Анкара университеті мен Қырғызстан университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, Қырғызстанның көне тарихы, бай мәдениеті, тамаша табиғаты мен дәстүрлі өміріне арналған фотосурет көрмесімен қатар, елші Омуралиевтің университетте Қырғыз-түрік қарым-қатынастары туралы сөйлеген сөзіне арналған фотосурет көрмесін ұйымдастыруға келісті (Kabar, 25.02.2022). Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түркия Мәдениет министрінің орынбасары Өзгүл Өзкан Явуз бастаған Түркия Мәдениет министрлігінің делегациясымен кездесті. Тараптар түркі әлемі елдерімен бірлесіп өткізілетін жаңа мәдени шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Тараптар түрік елдеріндегі мәдениет пен өнерді ілгерілетуге және дамытуға үлес қосу үшін ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді (Turksoy.org, 22.02.2022).

Өзбекстан үкіметі БҰҰ агенттіктерімен серіктесе отырып, Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) қорының қолдауымен БҰҰның алғашқы бірлескен бағдарламасын аяқтады. Қор ТДМ жүзеге асыруды жеделдету және көпжақты ынтымақтастықты арттыру үшін әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған бағдарламаға 2 миллион доллар бөлді. Үкімет пен БҰҰ-ның бірлескен күш-жігерінің арқасында көп адам әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алды (Unicef.org, 25.02.2022).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.