f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Су ресустары: су мәселесі орталық азияда өңірлік ынтымақтастық факторына айналды
ebulletin

Су ресустары: су мәселесі орталық азияда өңірлік ынтымақтастық факторына айналды

Авторлар: Қанат Маханов
2021 ж. 28 қыркүйек
Су ресустары: су мәселесі орталық азияда өңірлік ынтымақтастық факторына айналды

келетін күрделі мәселелердің бірі – су тапшылығы болары анық. Дүниежүзілік ресурстар институтының мәліметтері бойынша, Түрікменстан өте жоғары деңгейде су тапшылығына ұшыраған 17 елдің қатарына кіреді; Өзбекстан мен Қырғызстан аталмыш тізімде су тапшылығы жоғары 40 елдің қатарына кіреді, ал Қазақстан мен Тәжікстанға су тапшылығының қаупі төніп тұр.

Климаттың өзгеруі мен халықтың өсуі ағымдағы 75,4 миллионнан 2050 жылға қарай 100 миллионға жететіндіктен Орталық Азиядағы су ресурстары мәселелері күрделене түсетіндігі күтілуде. Аймақтағы құрғақ және жартылай құрғақ экологиялық жағдайларға байланысты Орталық Азия елдері экономикалық жағынан су ресурстарына өте тәуелді. Аймақтағы су мәселелерінің болжамы соншалықты күрделі, атап айтқанда Орталық Азия елдері арасында тұщы су бәсекелестігінің күшеюіне байланысты қарулы қақтығыстардың пайда болу ықтималдығы аймақ үшін жоғары қауіптердің бірі болып табылады. Орталық Азиядағы суға байланысты ең өзекті қауіп-қатер бес ірі өзен алқабының екеуімен, яғни аймақтағы өзен суының шамамен 90%-ын құрайтын Сырдария және Амудариямен байланысты екені ерекше назар аударарлық жайт. Бұл екі негізгі өзен алқабы Орталық Азияның бес мемлекетін де өзара байланыстырумен қатар, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан халқының басым көпшілігінің негізгі тіршілік көзі болып табылады. Яғни, Орталық Азия халқының бестен төрт бөлігі Сырдария және Амудария өзендерінің алқабында қоныстанған. Сонымен қатар, бұл екі өзен - 60-шы жылдардан бері адами фактордың салдарынан 80%-ға жуық азайған Арал теңізіне құйылатын судың негізгі көзі.

Орталық Азиядағы су мәселесі екі үлкен өзеннің бойындағы елдердің су ресурстарына түрлі жақтан қол жеткізуіне және өзендердегі суды пайдалану мүдделерінің жиі кездесетін қайшылығына байланысты күрделене түседі. Аталмыш өзендердің төмендегі ағысында орналасқан елдердің ауыл шаруашылығына пайдаланатын тұщы судың 80%-дан астамы Тәжікстан мен Қырғызстаннан келеді. Қазіргі уақытта бұл екі ел гидроэнергетикалық мүмкіндіктерін толыққанды пайдаланбайтындықтан, экспорт пен ішкі тұтыну үшін қажетті электр энергиясын өндіруді ұлғайту жоспарлары да бар. Сонымен қатар, су деңгейіндегі қандайда бір өзгеріс суармалы егіншілікке тәуелді. Түркіменстан мен Өзбекстан сияқты төменгі ағысындағы елдер үшін өте маңызды.

Алдағы онжылдықта Орталық Азия елдерінің су тапшылығымен бетпе-бет келетіні айдан анық мәселе. Су мәселесін өңірлік ынтымақтастықтың бірегей мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Орталық Азияның бес мемлекетін (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) тарихи, саяси және әлеуметтік-мәдени аспектілері бойынша ғана емес, сонымен қатар су ресурстары бойынша да жеке аймақ ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар су мәселесі Орталық Азияның бес елі басқа көрші елдерге қарағанда су айдыны арқылы өзара байланысты екенін көрсетеді.

Әдетте, Орталық Азия елдерінің көптеген салаларда мемлекетаралық ынтымақтастықта белсенділік танытпайтыны белгілі. Бұған қарамастан, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін аймақ елдері әлемдік нарыққа талпынып, ең алдымен минералды шикізат экспортынан пайда көрді. Сондай-ақ, Ресей, Қытай, Түркия және Еуропалық одақ (ЕО) сияқты ірі державалармен ынтымақтастыққа және тіпті ықпалдастыққа ынта танытты. Алайда, Орталық Азияның бес мемлекеті аймақтық ынтымақтастық жоспарларын құруда пейілсіз болды. Түрікменстанды қоспағанда, аталмыш елдер әр түрлі ынтымақтастық құрылымдарына жекежеке кіреді. Алайда, бүгінгі күнге дейін Орталық Азияның барлық бес мемлекетін қамтитын бірыңғай аймақтық ұйым жоқ. 2019 жылы аймақтың бес елі арасындағы екіжақты тауар айналымы 6,1 миллиард долларды құрады, ал олардың бүкіл әлеммен саудасы 152,4 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, кеңестік кезеңде аймақтық өзара ынтымақтастықты Мәскеудің ықпалымен реттеп келген Орталық Азия мемлекеттері Кеңес одағы ыдырағаннан кейін де сол жүйеден ауытқи қоймады.

Орталық Азия мемлекеттері арасындағы шешілмеген күрделі қайшылықтар мен мүдделер қақтығысы Мәскеудің аймақта өз рөлін сақтап қалуына қолайлы жағдай туғызды. Дәл осындай парадигма бүгінде сақталып отыр, мысалы Орталық Азия мемлекеттері Ресейдің бастамасымен құрылған еуразиялық интеграция мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына немесе аймақтағы тағы бір сыртқы күш - Қытай құрған Шанхай ынтымақтастық ұйымына ықылас танытып келеді. Мәселенің шешімі бес елдің арасында жан-жақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды қажет етеді.

Алайда, Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтағы су мәселесін шешуде ортақ әрі түпкілікті аймақаралық ынтымақтастық жоспарларын құру бастамасының жоқ екенін анық көре аламыз.

Бірақ, бұл аймақаралық өзара әрекеттесу парадигмасы қазіргі аймақтық және халықаралық мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқасы емес сияқты. Әзірге Орталық Азия мемлекеттері сыртқы күштердің бастамасымен және қолдауымен құрылған әр түрлі аймақтық ұйымдар шеңберінде ынтымақтасып келеді. Жоғарыда айтылғандай, Орталық Азия аймағындағы су тапшылығы шешімін таппаған аймақтық мәселе. Алдағы жылдары бүкіл аймақтың тұрақты даму перспективалары су ресурстарын басқаруға тәуелді болады, ал қатысушылардың бірінің бейтарап ұстанымы басқалардың бірлескен күшжігеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан Орталық Азиядағы су тапшылығы мәселесі тұрақты ынтымақтастық шеңберінде барлық бес елдің белсенді және жан-жақты қатысуын талап етеді.

Жазушы: Қанат Маханов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте Түркия вице-президенті Фуат Октаймен кездесті. Тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысының және соңғы Қырғызстан-Түркия бизнес-форумының қорытындысын талқылады. Басшылар екіжақты ынтымақтастықтың тереңдегенін және өзара сауда 2021 жылдың алдыңғы 8 айында оң динамика көрсеткенін атап өтті. Тараптар екіжақты тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуға уағдаласты (Хабар, 11.09.2021).

Тәжікстан президенті Имамали Рахман түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Президент Ердоған Тәжікстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Көшбасшылар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады және Ауғанстандағы оқиғалардың алаңдатарлық үрдістеріне ерекше назар аударды. Президенттер бұл мәселе бойынша өз көзқарастарының ұқсастығын растады және елдегі барлық этностар өкілдерінің қатысуымен инклюзивті үкімет құру қажеттілігіне назар аударды (Asia-Plus, 10.09.2021).

Талибан елдің уақытша үкімет құрамын жариялады. Қозғалыс өкілі Забихулла Мужахид тағайындаулар уақытша үкіметке тағайындалғанын мәлімдеді. Өзбекстан Ауғанстанда уақытша үкімет құруды құптады. Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі бұл шешім жалпы ұлттық татуласуға қол жеткізуге және Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға көмектеседі деп үміттенетінін білдірді. Өзбекстан Ауғанстанның жаңа мемлекеттік институттарымен конструктивті диалог пен байланысты дамытуға дайын екендігін білдірді (UzReport, 08.09.2021). Түркия мен Әзірбайжан Әзірбайжанның Лачин аймағында бірлескен әскери жаттығуды бастады. Оқу-жаттығулар екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүргізілді. Жаттығулардың негізгі мақсаты - екі елдің әскерлері жауынгерлік операциялар кезінде ортақ әскери операцияларды орындау шеберліктерін шыңдау және командирлер арасында әскери шешімдер қабылдау дағдылары мен олардың бөлімшелерді басқару қабілетін жетілдіру (Eurasianet.org, 10.09.2021).

Орталық Азиядағы бес елдің Сыртқы істер министрлері әлемнің әр түрлі аймақтарында, соның ішінде Таяу Шығыс пен Корей түбегінде ядролық қарусыз жаңа аймақтар құру жөніндегі күш-жігерін қолдайтын бірлескен мәлімдеме жасады. Сонымен қатар құжатта Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт сипаты аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мүдделеріне сәйкес кешенді бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес сақталуына кепілдік беретіні айтылған. Сыртқы істер министрлері Ядролық қаруды таратпау туралы келісімді іске асыру бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қызметін қолдауды жалғастыратынын жеткізді (TASS, 08.09.2021).

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия президентінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Эрденецогт Одбаярмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы БҰҰ, Азиядағы ынтымақтастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі байланыс мәселесін талқылады. Моңғолия тарапы ғылыми деректермен алмасу және жаңа бірлескен жобалар әзірлеу арқылы медициналық дипломатия саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуды ұсынды. Тараптар конструктивті байланыстарды сақтауға және дамытуға бейімділігін растады (ҚазАқпарат, 07.09.2021).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа теміржол бағыты екіжақты сауда айналымы үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Алғашқы пойыз қазірдің өзінде Қытайдан Қазақстанға 15 миллион доллар тұратын 1200 тонна жүк жеткізді. Жеткізілетін тауарларға матал, киім, жиһаз және басқа заттар кіреді. Өнімдер Қазақстаннан кейін Орталық Азияның басқа елдеріне жөнелтілетін болады. Осы жаңа маршруттың арқасында теңіз арқылы Еуропаға, одан кейін темір жол мен автомобильмен Орталық Азияға тасымалданатын тауарлардың коммерциялық шығындары айтарлықтай төмендейді (Qazaq TV, 10.09.2021). Қазақстан мен Ресейдің Астрахан облысы арасындағы экономикалық ынтымақтастық эпидемияға қарамастан тереңдей түсуде. 2021 жылдың бірінші жартысында тауар айналымы 8,2 миллион долларға жетті. Қазақстандық капитал аймақтағы 34 кәсіпорынға үлес қосады. Қазақстанның Астраханьдағы бас консулдығының ашылуынан бөлек, Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумы серіктестікті нығайтады деп күтілуде. Сонымен қатар, елдер Каспий теңізінің әлеуетін пайдалану арқылы туризм секторын дамытуды жоспарлап отыр (Qazaq TV, 10.09.2021).

Тәжікстан мен Өзбекстан бірлескен инвестициялық компания құрды. Жақында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев тиісті жарлыққа қол қойды. Компанияның бастапқы капиталы 12 миллион доллар болып белгіленді, кейін оны 50 миллион долларға дейін ұлғайту жоспарлануда. Маусым айында екі ел арасында қол қойылған тиісті үкіметаралық келісім серіктестікті құруға негіз болады. Өзбекстан қайта құру және даму қоры қажетті қаржының 75%-ын береді, ал Tajinvest қалған 25%-ын толтыратын болады (UzReport, 09.09.2021).

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде әріптесі Александр Лукашенкомен кездесіп, несиелер мен табиғи газ бағасы сынды маңызды мәселелерді талқылады. Президент Путин Ресейдің 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың соңына дейін Беларуске қарызы шамамен 630-640 миллион доллар болатынын айтты. Ол Беларусь үшін ресейлік табиғи газ бағасы 2022 жылы 2021 деңгейінде сақталатынын және текше метр үшін 128,5 долларға тең болатынын айтты (TASS, 10.09.2021). Түркі кеңесіне мүше елдердің экономика министрлері Бакуде бас қосып, коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Қол қойылған келісімдер түрлі экономикалық салалар бойынша білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған. Түркітілдес елдердің әр салада табысты ынтымақтастықта болғанын айта отырып, министрлер ұлттық және аймақтық экономиканы қолдау үшін экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға шақырды және коммерциялық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды (AzerNews, 10.09.2021). Әзірбайжанның экономика министрі Микайил Жаббаров өз мәлімдемесінде елдің шикізаттық емес экспорты 2021 жылдың қаңтар-тамызында 37,1%-ға өсті деп мәлімдеді. Министр есепті кезеңде Әзірбайжанның шикізаттық емес экспорты шамамен 1,6 миллиард долларға жеткенін атап өтті. Шикізаттық емес экспорттың өсуі елдің коммерциялық әртараптандырудағы ілгерілеуді көрсетеді. Министр коронавирустың өршуінен кейін елдегі іскерлік ахуал қалпына келтіру кезеңіне өткенін хабарлады. Әзірбайжан 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отыр (AzerNews, 07.09.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитеті 2021 жылдың қыркүйегінде Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35 миллион адамға жеткенін хабарлады. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың басындағы саннан 450 мың адамға өскен. Ерлер саны 17,5 миллионға, әйелдер саны 17,4 миллионға жетті. Өзбектер халықтың 83,4%-ын құраса, одан кейін тәжіктер (4,9%), қазақтар (2,4%), қарақалпақтар (2,1%) және орыстар (2,0%) құрайды (Gazeta.uz, 07.09.2021).

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жариялаған баяндамада Ауғанстандағы сауда байланыстарының нашарлауы мен қаржыландыру мәселелерінің есебінен күтілген жалпы ішкі өнімнің қысқаруына байланысты келер жылдың ортасына қарай кедейлік деңгейі 97%-ға өседі деп болжануда. Сондай-ақ, бұл жағдай халықаралық көмектің, қуаңшылық пен коронавирус індетінің аяқталуымен нашарлауы мүмкін екені айтылады. БҰҰДБ әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға назар аудара отырып, осал адамдар мен қауымдастықтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған араласу пакетін ұсынады (Centralasia.media, 12.09.2021). Қазақстан Ауғанстаннан этникалық қазақтарды көшірді. Кабулдан Алматыға жеке ұшақпен 35 этникалық қазақ, төрт қазақстандық азамат және БҰҰ қызметкері келді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ұшуды ұйымдастыруға қатысқан дипломаттарға, мемлекеттік мекемелердің барлық қызметкерлеріне және қатысқандарға алғысын білдірді. Бұдан бұрын Ауғанстандағы БҰҰ-ның 200-ден астам қызметкері мен үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері Кабулдан екі рейспен Алматыға жеткізілді (Informburo.kz, 09.09.2021).

Түркияның Моңғолиядағы елшісі Зафер Аташ Моңғолия астанасының губернаторы және Ұланбатыр қаласының әкімі Долгорсуренгин Сумьяабазармен кездесті. Тараптар Ұланбатыр мен Анкара қалалары арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған әлеуметтік сектордағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеуге келісті. Ұланбатыр мен Газиантеп бауырластық байланыстардың құрылғанына биыл 10 жыл толатынын атап өткеннен кейін, тараптар бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру арқылы екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамытуға бел байлады. (Montsame.mn, 08.09.2021) . ТҮРІКСОЙ Кыршехирде түркі тілдес елдердің талантты суретшілеріне арналған көрме ұйымдастырды. Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан суретшілері Түркияның Кыршехир қаласының тарихи және табиғи жерлерінен шабыттанған туындыларын ұсынды. ТҮРІКСОЙ жастар хоры Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған гастроль аясында Түркияда концерт берді (Azernews.az, 10.09.2021). Қырғызстанның Бішкек қаласында Қомыз күні тойланды. Қомыз - дәстүрлі түрде ағаштан (әдетте өрік ағашынан) жасалатын үш ішекті ұлттық музыкалық аспап, ал қазіргі уақытта көбінесе балық аулайтын жіптен ішек жасалады. Мерекеге орай Бішкектің орталығындағы театр алаңында гала концерт өтті. Халық аспаптар оркестрімен, комиссариат ансамбльімен және Бішкек өнер мектебінің 150 оқушысымен бірге қырғыз ұлттық музыкасының шығармаларын сәтті орындады (Kabar.kg, 09.09.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.