Орталық Азиядағы ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасындағы ағымдағы өзгерістер

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ САУДАСЫНДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Ауыл шаруашылық саласы ‒ азық-түлік қауіпсіздігі, жұмыспен қамту және сауда тұрғысынан Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін негізгі сектор болып қала бермек. 2019 жылы Орталық Азия елдерінде ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамту (жұмыспен қамтудың жалпы көлеміндегі пайызбен) жоғары деңгейде болып, ең төмені Қазақстандағы 15%-дан ең жоғары Тәжікстандағы 45% аралығында болды. Сауда тұрғысынан ауыл шаруашылық секторы экспорттық кірістің маңызды көзі болумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты аймақтық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл зерттеу эпидемия кезіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі мен заңдылықтарын талдауға бағытталған. Зерттеу Халықаралық сауда орталығының (ХСО) 2021 жылғы деректеріне негізделген.
Үйлестірілген жүйенің 1-24 тараулары ауыл шаруашылығы өнімдерін тауар ретінде анықтайды.
Індет кесірінен аймақтық ауыл шаруашылық саласы күрмеуі қиын мәселелерге тап болды. Орталық Азия елдері шекараларын жауып, экспортқа шектеу қойды. Сонымен қатар, аймақ елдері ішкі құн тізбегінің нашарлауы және көші-қон сияқты аймақтық мәселелерді шешуге мәжбүр болды. Жағымсыз өзгерістер бағаның көтерілуіне себеп болды. Осы факторлардың барлығы азық-түлік саудасының құрылымына әсер етті.
Аймақтың жалпы экспорты 2019 жылғы 86,1 миллиард доллардан 2020 жылы 71,1 миллиард долларға дейін қысқарды. Ауыл шаруашылығы экспортының аздап төмендеуі байқалды, аймақтың экспорты аталмыш кезеңде 5,2 миллиард доллардан 5,1 миллиард долларға дейін төмендеді. Алайда жалпы экспорттағы ауыл шаруашылығының үлесі 2019 жылғы 6%-дан 2020 жылы 7,2%-ға дейін өсті. Аймақтың жалпы импорты 2019 жылғы 71,5 миллиард доллардан 2020 жылы 67,9 миллиард долларға дейін төмендеді. Жалпы импорттың төмендеуіне қарамастан, облыстағы ауыл шаруашылығы және азықтүлік тауарларының импорты 2019 жылғы 7,8 миллиард доллардан 2020 жылы 8,1 миллиард долларға дейін өсті. Есесіне, жалпы импортындағы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының үлесі 10,9%-дан шамамен 12%-ға дейін өсті. Осылайша, аймақтағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 2019 жылғы 13 миллиард доллардан 2020 жылы 13,2 миллиард долларға дейін өзгерді. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерінің экспортындағы сауданың үлесі өсті. Бұл өзгерістер ауыл шаруашылығы өнімдерінің аймақтық саудада шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.
Қазақстан Орталық Азияның қалған елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің маңызды жеткізушісі болып қала бермек. Аталмыш кезеңде елдің ауылшаруашылық өнімдерінің экспортында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. 2019 жылы сектордың экспорты 3,28 миллиард доллар болса, 2020 жылы 3,27 миллиард доллар болды.
Осы кезеңде ауыл шаруашылығы экспортының жалпы экспорттағы үлесі 5,7%-дан 7%-ға дейін өсті. Елдің жалпы ауыл шаруашылығы импорты 2019 жылғы 3,9 миллиард доллардан өсіп, 2020 жылы 4 миллиард доллардан асты. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы импортының үлесі 10,2%-дан 10,7%-ға өсті. Осы орайда Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда балансы кеңейгенін атап өткен жөн. 2019 жылы 620 миллион доллар болған сауда тапшылығы 2020 жылы 730 миллион долларға дейін өсті. Қырғызстанның ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларының экспортында өзгеріс жоқтың қасы. 2019 жылғы 251,1 миллион доллардан 2020 жылы өте жылдам төмендеумен 250,5 миллион долларға дейін азайды. Осы кезеңде ауыл шаруашылығы экспортының жалпы экспорттағы үлесі өзгеріссіз қалды және 12,8% құрады. Бұл ретте елдің ауыл шаруашылық импорты 2019 жылғы 655 миллион доллардан 2020 жылы 594 миллион долларға дейін азайды. Осы төмендегенімен ауыл шаруашылығы импортының жалпы импорттағы үлесі 13,4%дан 16,1%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, сауда тапшылығы 403,9 миллион доллардан 343,5 миллион долларға дейін қысқарды.
Тәжікстанның ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты Орталық Азия аймағында ең төменгі деңгейде. Бұл ел 2019 жылы 33 миллион долларлық өнім экспорттаса, 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 35 миллион доллардан асты. Алайда, экспорт көлемінің мұндай елеусіз өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы экспортының жалпы экспорттағы үлесі 2019 жылғы 3%-дан 2020 жылы 2,7%-ға дейін төмендеді. Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорттық үлесі жалпы көлемде айтарлықтай деңгейде артта қалып отыр деуге болады. Елдің ауыл шаруашылығы импорты 2019 жылы 757 миллион долларды құраса, 2020 жылы 818 миллион доллардан асты. Елдің жалпы импортында ауыл шаруашылығы мен азықтүлік импортының үлесі маңызды. Деректер 2019 жылғы 22,7%-дан 2020 жылы 26,1%-ға дейін өсті. Тәжікстандағы ауылшаруашылық өнімдерінің сауда тапшылығы сол деңгейден аса алмай отыр. Ол 2019 жылы 724 миллион доллардан 2020 жылы 783 миллион долларға дейін өсті.
Түркіменстанның сауда ағындары туралы сенімді деректерге қол жеткізу мүмкін болмағандықтан талдау жасауды қиындатпақ. Мысалы, ХСО-ның деректері тірі малдардың, ет немесе сүт өнімдерінің экспорты туралы ақпаратты қамтымайды.
Сондықтан Түркіменстанның көрсеткіштері үшін ұсынылған есептеулер сенімді деректердің болмауына байланысты біржақты болуы мүмкін. Дегенмен, қолда бар деректер Түркіменстанның 2019 жылы 59,5 миллион долларға ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін экспорттағанын көрсетеді. 2020 жылы елдің экспорты 53,5 миллион долларға дейін қысқарды. Ауыл шаруашылығы экспортының жалпы экспорттағы үлесі 2019 және 2020 жылдары тиісінше 0,5% және 0,7% өзгерді. 2019 жылы 386,3 миллион доллар болған Түркіменстанның ауыл шаруашылығы импорты 2020 жылы 356,4 миллион долларға дейін азайды. Ауыл шаруашылығы экспорты Түркіменстанның жалпы экспортында болмашы деңгейде қалғанымен, елдің жалпы импортындағы үлесі айтарлықтай екендігін айта кету керек. Мысалы, 2019 жылы бұл көрсеткіш 12,5% болса, 2020 жылы 11,7%-ға төмендеді. Елдің ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда тапшылығы тағы бір маңызды мәселе болып табылады, сондай-ақ 2019 жылғы 326,8 миллион доллардан 2020 жылы 302,9 миллион долларға дейін төмендегенін көруге болады.
Ауыл шаруашылығы экспортында Өзбекстанның экспорты маңызды кіріс көздерінің бірі болып табылады. Еліміз 2019 жылы 1,6 миллиард долларлық ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 1,5 миллиард долларға дейін төмендеді. Ел экспортының жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылық экспортының үлесі 2019 жылғы 11%-дан 2020 жылы 11,6%ға дейін өсті. Сонымен бірге есепті кезеңде ауыл шаруашылығының импорты өсті. Ел 2019 жылы 2,1 миллиард доллардың өнімін импорттаса, 2020 жылы импорты 2,3 миллиард долларға дейін өсті.
Елдің жалпы импортындағы ауыл шаруашылығы импортының үлесі 2019 жылы 9,5%-ды құраса, 2020 жылы 11,5%-ға өсті. Елдің сауда тапшылығы 500 миллион доллардан 800 миллион долларға дейін өрледі.
Орталық Азияның барлық елдерінде ауылшаруашылық өнімдерінің теріс сауда балансы бар екенін атап өткен жөн. Эпидемия кезінде азық-түлікке сұраныс айтарлықтай артқандықтан, аймақтағы елдерде ауылшаруашылық тауар айналымының өсуі байқалды, негізгі экспорттық баптардың қатарына жататын мұнай және басқа да өнімдердің экспорты төмендеді. Бұл жағдай елдердің ауыл шаруашылығы салаларын одан әрі дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, сауда ағындарының жоғарылауы азық-түлік саудасы бойынша аймақтық экономикалардың өзара жоғары дәрежеде тәуелділігін көрсетеді. Сондықтан аймақтағы саясаткерлер келесі ұсыныстарды ескеруі қажет. Біріншіден, елдер жеке сауда саясатын құру кезінде сауда соғыстарын болдырмау үшін көршілес мемлекеттердің мүдделерін ескеруі керек. Экспорттық шектеулер немесе тыйымдар жиынтық ұсынысты азайтып, бағаның өсуіне әкеліп соғатын ұқсас реакцияны тудыруы мүмкін. Бағаның өсуі аймақтағы барлық елдердің әлауқатына кері әсерін тигізеді. Екіншіден, аймақтағы саясаткерлер ауылшаруашылық өнімдерінің саудасын ырықтандыру шараларын қабылдауы қажет. Бұл саясаттың өзгеруі ұсыныстың жоғарылауына және бағаның төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Үшіншіден, саясаткерлер Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы өндірісі мен саудасына әсер ететін жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуі керек. Атап айтқанда, олар климаттың өзгеруіне назар аударуы керек, өйткені климаттық сілкіністер өндіріс пен егін шығымдылығының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі, бұл ұсынысты азайтады және азықтүлік бағасын көтереді. Айта кетерлігі, аймақтар климаттық дүмпулердің жағымсыз салдарын бастан кешірді. 2021 жылы Қазақстанның барлық дерлік аймақтары қуаңшылықты бастан өткерді, соның салдарынан азық-түлік және жем-шөптік негізгі дақылдардың өнімділігі төмендеді. Бұл астық өнімдеріне сұраныстың артуына және бағаның өсуіне әкелді. Аймақ елдері ішкі саясаттан бөлек, климаттың өзгеру салдарын жақсарту мақсатында бірлескен күш-жігерін күшейтуі керек.
Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда экспорты маңызды кіріс көзі болып қала береді. Сондайақ аймақтық бағаларды тұрақтандыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға айтарлықтай үлес қосады.
Жазушы: Әзімжан Хитахунов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік • Қазақстанның Ұлттық экономика минис• • • • • • Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев IV Қытай халықаралық жәрмеңкесінің ашылу салтанатына онлайн режимінде қатысты. Мемлекет басшысы өзінің бейне үндеуінде шараға қатысушыларды құттықтап, Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестігінің маңыздылығына тоқталды. Президент Тоқаев тек 2020 жылдың өзінде екіжақты сауда көлемі 5%-ға өсіп, 15 миллиард доллардан асқанын мәлімдеді (Kazinform, 11.05.2021).
Австрия Сыртқы істер министрі Майкл Линхарт Еуропалық Одақ (ЕО) – Орталық Азия (ОА) Бірінші экономикалық форумына қатысу үшін Қырғызстанға барды. Министр Линхарт қырғыз әріптесі Руслан Қазақбаевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақбаев ЕО-ОА платформасы болашақта Орталық Азия елдерінің Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылындағы тұрақты жұмыс механизміне айналатынын атап өтті. Кездесу барысында Қырғызстан мен Австрия министрліктері арасында 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды (Kabar, 11.05.2021).
Өзбекстан мен Пәкістан аймақтың геоэкономикалық парадигмасының өзгеруіне көмектесу үшін көп өлшемді Бірлескен қауіпсіздік комиссиясын құру туралы тарихи келісімге қол қойды. Келісім Пәкістанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңесі арасында, сондай-ақ, тиісті басшыларының жанындағы қауіпсіздікке қатысты өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымын қамтитын үйлестіру механизмін құруға мүмкіндік береді. Өзбекстан Пәкістан үшін геоэкономикалық парадигмасын өзгерту үшін негізгі ел болып қала береді (UzReport, 03.11.2021).
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынас пен Қарабақ аймағына қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, тараптар үшжақты мәлімдемелердің орындалуын, соның ішінде көлік және коммуникацияларды ашу жөніндегі жұмыс тобының қызметін талқылады. Сонымен қатар, тараптар Армения, Әзірбайжан, Грузия, Ресей, Түркия және Иранды қамтитын «3+3 форматындағы ынтымақтастық алаңын дамытудың» маңыздылығын атап өтті (Anadolu Ajansı, 02.11.2021).
Қырғызстан Түркияның ұшқышсыз ұшатын аппараты (ҰҰА) Байрактарды сатып алу туралы келісімге қол қою арқылы Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды. Сатып алынған ұшқышсыз ұшақтардың саны белгісіз. Түркия соңғы онжылдықта Қырғызстанмен қарым-қатынасын біртіндеп тереңдетіп, 500 миллион доллардан астам сауда кірісімен елдегі төртінші ірі инвестор болды. Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің төрағалығы тек 2019 жылы елдің дамуына шамамен 25 миллион доллар үлес қосты (Middle East Eye, 05.11.2021).
Молдованың оңтүстігіндегі Гагаузия автономиялық аймағының президенті Ирина Влах (губернатор) Бакуде өткен «COVID-19-дан кейінгі әлем» форумы аясында Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырыммен кездесті. Ирина Влах Молдоваға берген COVID-19 вакциналары, медициналық жабдықтар мен шығын материалдары үшін Түркияға алғыс айтты. Влах екіжақты қарым-қатынастардың дамуына назар аударды, сонымен қатар Түркия қаржыландыратын Индустриалды колледж құрылысының басталуына тоқталды (Infotag, 05.11.2021). • • • • • трі Әсет Ерғалиев елімізде алдағы төрт жылда бес жаңа мұнай-химия зауытын ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Осылайша, мұнай өнімдерін өндіру 40 мыңнан екі миллион тоннаға дейін артады. Сондай-ақ, импорт үлесі 87%-дан 72%-ға төмендесе, экспорт тоғыз есе артады. Министр 2025 жылы 418 индустриялық жоба жүзеге асырылып, 26 миллиард доллардан астам негізгі инвестиция тартылатынын айтты (Qazaq TV, 05.11.2021). Жапония үкіметі екі жоба арқылы Өзбекстанның мақта және тыңайтқыш өнеркәсібін жаңғыртуға шамамен 2 миллион доллар бөлді. Бірінші жоба мақта өсіру тәжірибесін жақсартуға бағытталған болса, екінші жоба арқылы үкімет тұрақты химия өнеркәсібіне халықаралық жеке инвестицияларды тартады. Йошинори Фудзияма, Жапонияның Өзбекстандағы Елшісі Жапонияның осы секторлардағы шетелдік инвестицияларды көбірек тарту және сауданы ынталандыру мүмкіндігі болады деп үміттенеді (UzReport, 04.11.2021).
Жақында Қырғызстанның Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиев пен Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто Қырғыз-Венгрия даму қорын ашты. Қорды пайдалануға беру туралы келісім 2021 жылдың сәуір айында жасалған. Қор Қырғызстанға инвестиция тарту және жобаларды жүзеге асыру алаңына айналады. Қордың жарғылық капиталы 16 миллион долларды құрайды және болашақта капиталды 50 миллион долларға дейін ұлғайтуды жоспарлауда (Kabar, 05.11.2021).
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 2021 жылы наурызда Ташкентте қол қойылған Өзбекстан-Қырғызстан даму қорын құру туралы келісімді бекіту жөнінде жарлыққа қол қойды. Қор Өзбекстанның салымымен жарғылық капиталын 200 миллион долларға дейін ұлғайту арқылы жарғылық капиталы 50 миллион долларды құрайтын халықаралық мекеме болады. Қор Қырғызстандағы жобаларға несиелер беру және капиталға қатысу арқылы қаржыландырады (Kabar, 04.11.2021).
Түркіменстан премьер-министрінің орынбасары Сердар Бердімұхамедов Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) климаттық конференциясының 26-шы сессиясына қатысты. Бердімұхамедов қатысушыларға сөйлеген сөзінде метан бойынша жаһандық міндеттеме бастамасын құптап, Түркіменстанның оны жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді. Бердімұхамедов сонымен қатар Түркіменстанның ұлттық деңгейде метан шығарындыларын азайтуға ерекше мән беретінін мәлімдеді. Тиісті үдеріс жылдам жүзеге асырылып, бұл үшін мемлекеттік ресурстар да, халықаралық қаржы институттарының бөлетін қаржысы да жұмсалады (Türkmenportal, 04.11.2021).
Жақында Тәжікстанның Қаржы министрі Файзиддин Каххорзода жаңа Салық заңының жобасын депутаттарға таныстырды. Министр Каххорзода жаңа Салық кодексінде салық саны оннан жетіге дейін қысқартылғанын және табыс салығының мөлшерлемесі 13%-дан 12%-ға дейін төмендегенін атап өтті. Сонымен қатар, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығының мөлшерлемесі 18%-дан 15%-ға дейін төмендейді. Тәжікстан парламенті жаңа Салық кодексінің жобасын мақұлдады (Asia-Plus, 03.11.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет • • • • • • Netflix платформасында «Ертеңгі теңіз» атты деректі фильм көрсетіліп, сол платформадағы алғашқы қазақ деректі фильмі болды. Режиссері Катерина Суворова түсірген фильмде Арал теңізі жойылғаннан кейінгі аймақта тұратын адамдардың өмірі баяндалады. «Ертеңгі теңіз» сегіз тілге аударылып, Netflix-те еуропалық аудиторияға және Amazon-да АҚШ аудиториясына арналған. ТМД елдерінің көрермендеріне жергілікті стримингтік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде (The Astana Times, 01.11.2021).
Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Каспий теңізін құрлық ресурстары мен әрекеті салдарынан ластанудан қорғау туралы хаттамаға қол қойды. Хаттаманың негізгі мақсаты Каспий теңізінің экологиялық салауатты теңіз ортасын қамтамасыз ету және сақтау мақсатында құрлықтағы көздерден теңіздің ластануының алдын алу, азайту, бақылау және жою болып табылады. Осы құжатқа қол қою арқылы Қазақстан теңіз немесе жағалау аймағында экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде қол жетімді озық технологиялар мен экологиялық тәжірибелерді пайдалануға және ілгерілетуге міндеттенеді (The Astana Times, 01.11.2021). Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) «Түркі әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Шараға Қазақстан мен Түркияның жоғары лауазымды тұлғалары, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың, ғылыми және академиялық қоғамдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар түрік өркениетінің тарихи, мәдени және рухани мұрасын жаңғырту үдерістерін талқылады (Turk-pa.org, 05.11.2021).
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон су және климат бойынша жоғары деңгейдегі панель отырысында сөйлеген сөзінде Тәжікстандағы 14,000 мұздықтың 1000-нан астамы толығымен еріп кеткенін атап өтті. Соңғы бірнеше онжылдықта Орталық Азия аймағындағы су ресурстарының 60%-дан астамын құрайтын елдегі мұздықтардың жалпы көлемі шамамен үштен біріне қысқарды. Сондай-ақ бұл үдерісті жалғастырудың ауыр зардаптарын ескере отырып, Тәжікстанның бұдан бұрын 2025 жылды «Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы» деп жариялауды және «Дүниежүзілік мұздықтар күнін» белгілеуді ұсынғанын атап өтті (ASIA-Plus, 03.11.2021).
33 тонна гуманитарлық жүк тиеген БҰҰның ұшағы Кабулға келді. Ұшақ алдағы қыс айларында пайдалануға оқшаулағыш жинақ әкелді. Жақын арада БҰҰ-ның бағдарламалары аясында Ауғанстанда қазан айында ғана 4,7 миллион адам, биылғы жылы барлығы 11,5 миллион адам азықтүлік алғаны хабарланды (Rbc.ru, 03.11.2021)..
ЮНИСЕФ Өзбекстандағы қыздардың ғарышты игеруге қызығушылығын арттыруға бағытталған UniSat халықаралық оқу бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаға іріктеліп алынған 20 қатысушы стратосфераға нағыз нано-спутникті жобалайды, сондай-ақ құрастырып ұшырады. 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың ақпанына дейін іріктеуден кейін Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген қатысушылар 10 күнге Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жіберіледі (Twnews.nl, 03.11.2021).




