ebulletin
Иран-Ресей экономикалық қатынастарының қазіргі жағдайы
Авторлар: Динара Талдыбаева
2018 ж. 12 наурыз

Каспий теңізі арқылы бір-біріне көрші болып саналатын Иран мен Ресей қарым-қатынасы XVI ғасырда басталып, бүгінгі күнге дейін түрлі кезеңдерден өтті. Дегенмен, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Иран-Ресей қарым-қатынастары айтарлықтай жақсарды деп айтуға әбден болады. Қазіргі уақытта Ресей мен Иран АҚШ сияқты аймақтан тыс акторлардың саяси ықпалын шектеуге ортақ мүдделілік танытып отыр.




