f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Қырғызстан туризмінің дамуы мен мүмкіндіктері
ebulletin

Қырғызстан туризмінің дамуы мен мүмкіндіктері

Авторлар: Еркінбек Тұрғынов
2021 ж. 23 маусым
Қырғызстан туризмінің дамуы мен мүмкіндіктері

ҚЫРҒЫЗСТАН ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ Қырғызстан өзінің табиғи сұлулығымен, тарихи және мәдени құндылықтарымен Орта Азия елдері арасында туристік әлеуметі мен мүмкіндігін жоғары мемлекеттердің бірі. Әсіресе, табиғат туризмінің орны ерекше.

Террироиясының 65%-ын Тәңір таулары алып жатқандықтан туристер тарапынан Қырғызстан «Орталық Азияның Швейцариясы» деп те аталады. Жалпы Орталық Азия аймағы қайталанбас табиғи кереметтері мен тарихи орындарымен әлі де әлемдік туризмнің назар аудармағанымен тартымды маршруттарының ортаға шыға бастауы туристтік бағыттардың артуына ықпал етіп отыр. 2017 жылы Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) жанындағы Бүкіләлемдік туризм ұйымының (БТҰ) Қырғызстанды алдағы 10 жылда туристердің арту ықтималы жоғары мемлекеттер қатарына қосуы елдің туристтік мүмкіндіктерінің жаңа белестерінің алғышарттары екені айқын. Осыған байланысты ел үкіметі туризмді дамыту бойынша ұлттық бағдарламалар қабылдап, олар бойынша оң нәтижелерге қол жеткізе бастады. Қырғыз Республикасының 2019-2023 жылдарға және 2018-2040 жылдарға арналған ұлттық стратегиясында туристік саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінген.

Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Қырғызстанның туризм саласында 88,6 мың (жеке және заңды тұлғалар)

кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Ыстықкөл - бұл елдің ең танымал және басты туризм маршруттарының бірі. Ыстық көл аймағында «Қырғызстаннның асыл құндылығы» ретінде танылған, үлкендігі жағынан әлемдегі екінші кратер көлі Ыстық көл бар.

Ыстықкөл - жаз маусымында демалу мен жақсы уақыт өткізуге жергілікті және шетелдік саяхатшылардың қызығушылығы мен әртүрлі мүмкіндігіне сай жағдай жасалған, елдің ең танымал және туристердің ең көп келетін жерлерінің бірегейі. Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі Туризм комитеті 2018 жылы Қырғызстанға келген 1,4 млн. туристтің 900 мыңнан астамы Ыстықкөлде демалғанын мәлімдеген. Сол жылғы туризмнен түскен пайданың 27 млрд. сомға (319.3 млн. АҚШ доллары) немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 5%-ына тең келгенін байқауға болады.

БТҰ мәліметі бойынша, 2016 жылы туристер саны 1,23 млрд. Болғанын, одан түскен пайда 1,5 трлн. долларға жеткенін айтқан. Әлемде 270 млн. адам туризм саласында қызмет етсе, бұл көрсеткіш әлемдік жұмыс күшінің 8%-ын құрайды. БТҰ дерегі бойынша 1990 жылдан 2017 жыл аралығында әлемдік туристік ағын Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша 576% артқанын жеткізді.

Жалпы осы салада қолға алынған сараптамаларға ой жүгірте отырып, әлемдік деңгейде туризмде жаңа бір қзгерістің жүріп жатқанын, тиісінше Азия елдері осындай даму мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып жатқанын көруге болады. Бұл тұрғыда Қырғызстан соңғы жылдары туристтердің назарын аудару мақсатында көптеген халықаралық ісшаралар ұйымдастырып жатыр.

Солардың ішінде, «Дүниежүзілік көшпенділер ойыны» туризм саласының дамуына айрықша үлес қосып отыр. «Forbes», «Global Spots 2013», «World travel and tourism council», «Geographic Traveler Awards», «National Geographic Traveler», «National Geographic», «Financial Times», «The Guardian» секілді әлемдік ақпарат құралдары «Дүниежүзілік көшпенділер ойынына» ерекше мән беріп, маңыздылығына тоқталды. Бұған қоса, «The Guardian» және «Lonely Planet»

сияқты халықаралық басылымдар да кеңес ретінде 2019 жылы саяхаттау қажет әлемдегі ең жақсы 10 туристтік елдерінің қатарына Қырғызстанды қосқан еді. 2019 жылдан бастап Шарж — Бішкек, Бішкек — Сеул бағытындағы авиа бағыттары саяхаттаушыларға жақсы жағдай болды. Туристік секторда заманау технологияларды қолдану бойынша да жетістіктер бар. Туристік аймақтардың басым көпшілігі жеке адамдардың меншігі болғандықтан ортақ баға мен ортақ саяса жоқ. Үкімет кәсіпкерлердің табиғатты пайданалып табыс тапқанымен қоса, табиғатты сақтау шараларына көп мән бойынша жұмыстарды бастады.

Осыған байланысты Қырғыз мемлекетті ортақ мүдде қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Ұлттық қорықтар мен демалыс аймақтарына кіру бағасының әртүрлі болына қарсы жұмыстар қолға алынған.

Жасалып жатқан бар игіліктер Орталық Азияда мықты туристтік ел ретінде танылуды көздеген Қырғызстанның туристтік келбетінің артуына ықпал етіп отыр. Орталық Азия елдеріндегі мәдени туризм тұрғысынан және өздерінде бар туристтік база мен мүмкіндіктерді толық пайдалана алмай отырғаны жасырын емес. Ортақ мәселені бірлесіп шешу мақсатында Шенген визасы моделінде аймақтағы елдер арасындағы туристтік ынтымақтастықты арттыратын «Жібек Жолы» визасының Қазақстан және Өзбекстанмен бірге Қырғызстанның туризм саласына да оң ықпал ететіні күтілуде.

Қырғызстанның қазіргі туристтік мүмкіндігімен-ақ туристік ағынды тағы да 10% арттыруға болады. Осының арқасында 400 млн. АҚШ долларынан астам туристтік табыс көзіне қол жеткізуге болады.

Жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту табысты 1 млрд. доллардан да жоғары шығаруға болады. 2010 жылы елге келген шетелдік туристердің саны 855 мың болса, 2016 жылы 2 млн. 930 мыңға жетті. Осы жылдар арасындағы арту көрсеткіші 3,5 еседен асуы шынымен де жақсы нәтиже.

Қырғызстанның туризмнен түскен пайдасы 2010 жылы 160 млн. АҚШ доллары болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 429 млн. АҚШ долларына дейін артты (БҰҰ БТҰ Туризм есебі). Мұнымен қатар, Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің 2017 жылғы статистикасында, сол жылы Қырғызстанға келген туристтердің 55.4%-ы Қазақстан азаматтары болған. Өзбекстандық туристтер 14.5%, ресейліктер 14.2%, тәжікстандықтар 7.5%, түріктер 1.6%, қытайлықтар 1.2% және үндістандықтар 0.6%-ға тең келген. Бұл тұрғыдан ең көп туристтер келген көрші елдерге қатысты елдің сыртқы саясатын бұдан да жоғары деңгейде жеткізумен елге келер саяхаттаушылар санын қысқа уақытта еселеп арттырудың мүмкіндігі көрініп тұр.

Қорыта айтқанда, қырғыз елі мықты тарихы мен сан ғасырлық әдеп-ғұрпы және тұмса табиғаты әлі де ашылмаған, шетелдік туристтердің қызығушылығын арттыра түсетін маршруттарының көптігін жағынан туристтік әлеуеті өте жоғары ел.

Елдегі кейбір инфрақұрылымдағы мәселелерімен қатар, туризм мамандарының аздығы, әлемдік аренада таныту мен шетелдік туристерді қызықтыратын бағдарламалардың әлі де қабылданбай жатқандығы елдің туризмінің бұдан да биіктерге көтерілуіне біршама кедергі болып тұр. Ілгерілеуіне инвестиция тартылумен шұғыл дамуды қажет ететін маңызды саланың бірі ретінде қолға алынып жұмыстар жасалып жатыр.

Болашақта Қырғызстан бұдан әрі дамуына туризмнің үлкен үлесі болатынын көрсетіп отыр.

Жазушы: Еркінбек Тұрғынов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік • • • • • • Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жақында Өзбекстанға жасаған сапары барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту және тереңдету мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар машина жасау, тоқыма өнеркәсібі, көлік және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы әңгімеледі. 2021 жылы екі ел арасындағы сауда көлемінің 40%-ға артқаны атап өтілді (UzReport, 05.06.2021).

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Пәкістанға сапары барысында Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен кездесті. Тараптар саяси, экономикалық, сауда, инвестициялық, энергетикалық және қауіпсіздік қатынастарын қамтитын ынтымақтастықтың кең мәселелерін талқылады. Сапар барысында тараптар бірқатар келісімдер мен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Эмомали Рахмон пәкістандық әріптесі Ариф Алвимен де кездесті. Рахмонның аталмыш сапары екі тараптың көп өлшемді қарым-қатынас орнату ынтасын күшейтуге бағытталған (Азия-Плюс, 02.06.2021). Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік комиссиясы мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Комиссия күрделі шекара мәселесінің бейбіт жолмен шешілгенін мәлімдеді. Тараптар шекара мәселесін бейбіт жолмен шешу бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін, екі жақта да шекара бекеттерінің 3 шақырымға кері тартылуы және тек тұрақты шекарашыларды қалдырып, әскери техниканы тұрақты орналастыру аймақтарына шығару шаралары бойынша хаттамаға қол қойды (Кабар, 05.06.2021). Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили Анкараға сапарында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Тараптар өзара мүдде мен аймақтық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. Грузия Премьер-министрі баспасөз хабарламасында тағдырдың үш мемлекетті - Әзірбайжан, Грузия және Түркия - өзара тәуелді, өте тығыз ынтымақтастық, серіктестік және ең бастысы достық қарым-қатынас орнатқанын мәлімдеді. Түркия президенті Анкараның Тбилисиді «аймақтық ынтымақтастықтың кілті» ретінде санайтынын айта отырып, осы тұрғыда Әзірбайжанмен үшжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті (Civil.ge, 02.06.2021).

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек әріптесі Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму барысы мен аймақтық қатынастардың қазіргі күн тәртібін қарастыра отырып, екі елдің стратегиялық ынтымақтастықтарын жүйелі түрде тереңдетуге деген ұмтылыстарының ұқсастығына назар аударды. Сондай-ақ, тараптар жоғары деңгейдегі кездесулерде түрлі салалардағы келісімдерді толықтай жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті (Centralasia.news, 04.06.2021).

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Пәкістанға сапары барысында Пәкістан Президенті Ариф Алвимен кездесті. Тараптар аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша консенсуспен қатар екіжақты қатынастардың діни және мәдени байланыстарға негізделгендігін айта отырып, олардың түрлі аспектілерін талқылады. Екі жақтың мүдделері үшін Түркия мен Пәкістанға көбірек саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қажет екендігі баса айтылды. Пәкістанның Үндістанмен келіспеушіліктеріне тоқталған Мұстафа Шентоп Түркияның Кашмирге қатысты Пәкістанның ұстанымын қолдайтынын мәлімдеді (Anadolu Agency, 02.06.2021).

Экономика, қаржы және энергия • • • • • • Қазақстан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысқан парламент мәжілісінде Қазақстанның 2025 жылға қарай мұнайхимия өндірісін екі миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Есепті кезеңде сектор экспортының сегіз есе өсуі күтілуде. Қазақстанның құны 4,7 миллиард доллар тұратын бес зауыт ашуы және құны 12,7 миллиард доллар тұратын жеті электр стансасының құрылысын бастауы жоспарлануда. Министрлік 2021-2025 жылдар кезеңінде 9,1 миллиард доллар инвестиция тартуды көздейді (Qazaq TV, 03.06.2021). Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Иран және Үндістанмен толыққанды еркін сауда келісімдері талқыланды. 2020 жылы ЕАЭО мүшелері мен Иран арасындағы екіжақты сауда 18,5% өсіп, 3 миллиард долларға жетті. 2021 жылдың бірінші тоқсанында ЕАЭО-ның Иранға экспорты 43,5% өсті. Сарапшылар сонымен қатар Халқаралық Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің дамуына ерекше назар аударды (Qazaq TV, 04.06.2021).

Өзбекстан мен Ресей арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тереңдей түсуде. Жақында Өзбекстандағы ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі - Джиззах Петролеум, Ресейдің Газпромбанкі, VEB.RF инвестициялық компаниясы мен Ресейдің Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру агенттігімен 2,8 миллиард доллар тұратын жаңа жасыл алқапты газ-химия кешенін қаржыландыру үшін төрт жақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар жобаны қаржыландыру және 800 миллион долларды құрайтын тәуекелді сақтандыру үшін ынтымақтастық жасайды (UzReport, 04.06.2021).

Қырғызстан Ұлттық банкінің мәлімдемесіне сәйкес, 2021 жылдың бірінші тоқсанында елде жұмысшы ақша аударымдарының кірісі көлемінде оң динамика байқалды. Атап айтқанда, есепті кезеңде жұмысшы ақша аударымдарының көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 22,4% өсіп, 420 миллион долларға жетті. Ақша аударымдарының ағымы иммигранттардың отбасыларының кірістері үшін өте маңызды. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында «Құмтөр» кеніштерін қоспағанда ЖІӨ-нің нақты өсімі 1,1%-ды құрады (Кабар, 01.06.2021). Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Түркіменстандағы өкілі Антон Усов банктің елдегі жинақталған инвестицияларының 350 миллион долларға жеткенін мәлімдеді. Усов ЕҚДБ-ның қазіргі портфолиосының 85 миллион доллар құрағанын баяндады. Банк банктік және әкімшілдік сектордағы жобалық мүмкіндіктерді зерттейді.

Банктің басты стратегиялық басымдығы - Түркіменстанның жеке секторын дамытуға қолдау көрсету. Бұл тұрғыда банк жергілікті жеке меншік компанияларға тікелей ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынып, Сауданы жеңілдету бағдарламасы арқылы қолдайды (Trend, 06.06.2021). Түркияның Ядролық реттеу органының делегациясы Беларусь атом электр станциясына барды. Сапар, тараптар арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру үшін Беларусь ТЖМ Ядролық және радиациялық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Делегация АЭС-тің бірінші және екінші қондырғыларының ағымдағы жағдайы, диспетчерлік пункт персоналының жұмысы мен жергілікті оқу базасында қолданылатын жабдықтар туралы ақпарат алды (БелТА, 03.06.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет • • • • • • Жошы Хан тарихи-мәдени орталығы Қазақстан Білім және ғылым министрлігі жанынан ашылады. Орталық туристік бағыт ретінде Алтын Орда дәуірін зерттейтін ғылыми орталыққа айналуды мақсат етеді. Аумағы 2500 шаршы метр орталықта көрме залы, қонақ үй, көрме шатырлары, ұлттық бұйымдар мен зергерлік бұйымдарды сататын дүкендер орын алады. Орталықтың ашылуы туралы алғаш рет 2021 жылы 31 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен «Ұлы ұлыс - Алтын Орда: шығу тегі, тарихы және мұрасы» атты Халықаралық практикалық конференцияда жарияланды (Astanatimes, 02.06.2021).

Татарстан астанасы Қазанда XV Халықаралық «Науруз» түрік халықтары театр фестивалі өтеді. Фестиваль барысында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Ресейдің ұлттық республикаларынан 28 театр туындылары Қазанның алты театр алаңында қойылады. Іс-шараны Мәдениет министрлігі ұйымдастырады және 2021 жылдың 11 маусымына дейін жалғасады. Фестиваль театрдың kamalteatr.ru сайты арқылы онлайн режимінде көрсетіледі (Centralasia.media, 04.06.2021).

Қазақстан Сенаты Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжат тараптарға екі ел аумағында жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғалар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Келісім екі елдің көші-қон саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негіздерін құруға және заңсыз көшіқонға қарсы бірлескен шараларды жүзеге асыруға бағытталған (Avesta-news.kz, 04.06.2021).

Коронавирустық эпидемияға байланысты Ресейде тұратын шетелдік азаматтардың саны азайып келеді. 2020 жылдың аяғында 7,1 миллион және 2019 жылы 9,611,2 миллион болған шетелдік азаматтардың саны 2021 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 5,66 миллионға жетті. Ресейге келгендердің басым көпшілігі (86%) - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының азаматтары. Украина мен Молдова азаматтарының саны сәйкесінше 53% және 51% төмендеді. Сондай-ақ, Қырғызстан (18%), Армения (22%) және Тәжікстан (35%) азаматтарының айтарлықтай төмендеуі байқалды (Avesta.tj, 03.06.2021).

Қырғызстан Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Климаттың өзгеруі бойынша білім беру серіктестігі (UN CC:Learn): Қырғыз Республикасында климаттың өзгеруі туралы білім беруді оқыту жобасын Швейцария үкіметінің қаржылық қолдауымен, БҰҰ Білім және зерттеу институтының (UNITAR) және БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) әдістемелік қолдауымен климаттық ақпараттық платформаны іске қосты. Бастама институционалдық әлеуетті нығайтуға, ақпарат беруге және барлық мүдделі тараптар үшін климаттың өзгеруі мен климатты қаржыландыру мәселелері бойынша диалог алаңын құруға бағытталған. Бул платформа Қырғызстандағы климаттық деректер мен зерттеулерге, климаттың өзгеруі туралы ақпаратқа және осы салада жүргізілген зерттеулерге қол жетімділікті ұсынады (Кабар, 04.06.2021). Өзбекстан үкіметі Қарақалпақстанда аймақтағы мәдени мұра объектілерінің әлеуеті мен құндылығын зерттеу мақсатында ғылыми сапар ұйымдастырды. Зерттеу жұмысы, Орталық Азияны зерттеу жөніндегі халықаралық институттың қолдауымен және Орталық Азия археологиялық ландшафттары жобасы аясында Лондон Университеттік колледждің қолдауымен ашылды. Зерттеушілер 5000 гектардан астам жерді аралап, аймақтың 53 ескерткішімен танысты. Сарапшылар әзірлеген ұсыныстар объектілерді беделді халықаралық ЮНЕСКО тізіміне енгізу стратегиясын құруға көмектеседі (Uzdaily, 02.06.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.