f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Өзбекстанда ауылшаруашылық экспортының дамуы
ebulletin

Өзбекстанда ауылшаруашылық экспортының дамуы

Авторлар: Балжан Ешметова
2021 ж. 4 ақпан
Өзбекстанда ауылшаруашылық экспортының дамуы

ӨЗБЕКСТАНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЭКСПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ Бүгінгі таңда ауылшаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің әр ел үшін стратегиялық маңызы бар екендігі мәлім. Себебі көптеген елдер үшін миллиондаған жұмыс орындары мен миллиардтаған кіріс әкелетін ауылшаруашылық секторы үлкен маңызға ие. Экономикасы ауылшаруашылығына негізделген елдерде бұл сектор экономикалық өсудің негізгі көздерінің бірі ретінде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) маңызды бөлігін құрайды. Егін және мал шаруашылығы сынды екі негізгі саладан тұратын ауылшаруашылық саласы экономикалық көрсеткіштер бойынша дүниежүзілік экономиканың ең ежелгі және үздіксіз өсіп келе жатқан саласы болып табылады. Алайда, ауылшаруашылық секторында мемлекеттік деңгейде немесе шағын кәсіпкерлік деңгейінде шешуді қажет ететін бірқатар проблемалар да бар. Ауылшаруашылық секторының заманауи дамуы өткен кезеңдерден айтарлықтай ерекшеленіп индустрияланған болса да, ауылшаруашылық секторының тұрақтылығы мен өнімділігін арттыру, азық-түлік пен өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету әр ел үшін маңызды болып қала береді. Белгілі болғандай, Өзбекстанның экономикалық құрылымы негізінен ауылшаруашылығына бағытталғандықтан, ауылшаруашылығы елдегі ең көп жұмыспен қамтитын сектор болып табылады. Осыған байланысты ауылшаруашылық секторы елдің экспорттық кірістерінің маңызды көздерінің бірі болып келеді. Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиёевтің билікке келген соң басталған көптеген реформалар аясында тез өзгеріске ұшыраған ауылшаруашылық секторы соңғы жылдары күн тәртібінен түспей келеді. Халықаралық қаржы институттарының болжамына сәйкес, Өзбекстан алдағы 10 жылда әлемде ең жылдам экономикалық өсім көрсететін елдердің қатарына кіреді. Жас жұмыс күші мен бай табиғи ресурстарға ие Өзбекстанның ЖІӨ соңғы 10 жылда 5-8% өсу қарқынымен назар аудартып келеді. Территориясының 46%-ы үстірттер мен далалардан, 41%-ы шөл және сол сияқты жерлерден, 3%-ы орман мен табиғи қорықтардан тұратын Өзбекстанның тек 10%-ы ғана егіншілікке жарамды. Егістік алқаптарының шамамен 95%-ын суаруға болады. Осы ерекшелігімен Өзбекстан Орталық Азия мемлекеттері арасында суармалы егіншілікте ең қолайлы ел болып табылады. Елдің климаттық жағдайы қолайсыз болғанымен, ауылшаруашылық секторының дамуы Өзбекстанды ұзақ уақыт бойы аймақтағы маңызды ауылшаруашылық еліне айналдырды. Әсіресе, Кеңес Одағы кезінде ауылшаруашылық секторы ұзақ жылдар бойы Өзбекстан экономикасының тірегі болды. Сондықтан, Өзбекстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі экономикалық саясаты ауылшаруашылық салаларына бағытталды. Ресми Ташкент бір жағынын ауылшаруашылық секторын негіз еткен біржақты экономикалық құрылымындағы қиындықтарды жеңе отырып, енді бір жағынан жаңа өндіріс саласын құру арқылы өнеркәсіп өнімдерінің экспортын дамытуға тырысуда. Осы себепті экономикалық қайта құру мен жетілдіру жұмыстары елдің негізгі экономикалық құрылымын ескере отырып біртіндеп жүзеге асырылды. Бірақ мұның бәрі өте қиын, тұрақсыз экономикалық жағдайда жүзеге асырылды. Алдымен, елдегі қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған реформалардың жемісі Өзбекстанның біртіндеп жақсарып келе жатқан макроэкономикалық ортасында сезілетіндігін айту керек. Осы реформалардың нәтижесінде елдегі жерді пайда-лану заңдылықтары, ауылшаруашылық активтерінің экономикалық жағдайы, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер мен мемлекет арасындағы қатынастарды қайта құру тұрғысынан маңызды өзгерістер жасалды, сонымен қатар ауылшаруашылық жерлері категория бойынша қайта бөлінді. Өзбекстанда ұзақ жылдар бойына ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсіп секторында жүргізілген ауқымды өзгерістер, өңделген аймақтарды оңтайландыру және ауылшаруашылық дақылдарын аудандастыруға қатысты кешенді және теңгерімді саясат ауылшаруашылық секторының өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге қоғамның өмір сүру деңгейінің айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Орталық Азиядағы халқы ең тығыз орналасқан мемлекет - Өзбекстанның демографиялық құрылымы ауылшаруашылық секторын дамытуға үлкен мүмкіндік беріп отырғанын атап өту керек. Мысалы, 2020 жылдың шілде айындағы мәліметтер бойынша, 34.036.800-ға жеткен Өзбекстан халқының 50.5%-ы қалалық елді мекендерде, 49.5%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Өзбекстанда еңбекке қабілетті халықтың төрттен бірі ауылшаруашылығымен айналысады. 2020 жылдың мәліметтері бойынша Өзбекстанда ауылшаруашылық саласында жалпы 3.7 миллион адам жұмыс істейтін болса, бұл көрсеткіш елдегі жұмысшылардың жалпы санының 27.2%-на сәйкес келеді. Өзбекстан Орталық Азияның ең мықты суармалы елдерінің бірі боуымен қатар, мақта және бидай, жеміс-көкөніс және бақша өсірумен айналысады. Ауылшаруашылық өнімдерінің көп бөлігі егіншіліктен алынатын Өзбекстанда егін шаруашылығының 40%-дан астамы мақта өндірісінен тұрады. Қазіргі кездегі көптеген жағымсыз әсерлеріне қарамастан, Кеңестік ауылшаруашылық саясаттан және елдің климаттық жағдайынан алынған тәжірибенің арқасында Өзбекстанда, әсіресе мақта саласында айтарлықтай мамандандыру бар екені байқалады. Әлемдегі ең ірі мақта өндіруші және экспорттаушы елдер қатарында бола отырып, Өзбекстан жыл сайын орташа есеппен 3 миллион тонна мақта өндіреді және оның жартысынан көбін экспорттайды. 2017-2018 өндіріс кезеңінде бүкіл әлем бойынша мақта өндіретін 1.208 миллион гектар алқаптың 3,8%-ы Өзбекстанға тиеселі. Алайда, соңғы жылдары Өзбекстан мақта экспортын азайтып, мақтаны ел ішінде өңдеп. қосылқы құны жоғары тоқыма өнімдерін экспорттауға бағытталуда. Сондықтан соңғы жылдары Өзбекстанның шитті мақта экспорты азайса, ал өңделген мақта немесе тоқыма өнімдерінің экспорты біртіндеп өсіп келеді. Мысалы, 2016 жылы 257.196 миллион долларлық мақта шикізатын экспорттаған Өзбекстан, 2017 жылы 219.026 миллион долларлық және 2018 жылы 137.493 миллион долларлық мақта шикізатын экспорттады. Екінші жағынан, мақта-мата жіптерінің экспортынан 2016 жылы 477.297 миллион доллар кіріс кіргізген Өзбекстан, осы салада 2017 жылы 608,534 миллион доллар, 2018 жылы 711.521 миллион доллар пайда тапты. Мәліметтерге сәйкес, Өзбекстан 2018 жылы жалпы сомасы 1.5 миллиард долларлық тоқыма өнімдерін экспорттады. Өзбекстанның ауылшаруашылық саласындағы тағы бір жаңалық - елдің мақтадан басқа ауылшаруашылық өнімдерінің экспортының соңғы жылдары едәуір өсуі болып табылады. Нәтижесінде Өзбекстанның өрік, шие, шабдалы, алхоры және қара өрік сияқты жаңа піскен жемістердің экспорты 2016 жылы 122.949 миллион долларды құраса, ал 2017 жылы 126.763 миллион долларға және 2018 жылы 238.017 миллион долларға жетті.

Өзбекстанның ауылшаруашылық өнімдерінің экспортындағы жоғарыда аталған өзгерістер 2016 жылы билікке келген Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиёевтің жаңа әлеуметтікэкономикалық саясатының нәтижесі деп айтуға болады. Әсіресе, соңғы жылдары Мирзиёев билігінің Өзбекстанның экономикалық өсуіне бағытталған және ел азаматтарына қосымша мүмкіндіктер туғызған сауда-экономикалық реформалары, оның ішінде ауылшаруашылық реформалары ел экономикасын маңызды жетістіктерге жеткізді. Осының көрінісі ретінде Өзбекстанның ауылшаруашылық секторының ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2018 жылы 28,8% құрады. 2018 жылы елдегі ауылшаруашылық өнімдерінің 53,2%-ын егін шаруашылығы, 46,8%-ын мал шаруашылығы құрады. Осы тұрғыдан алғанда, ауылшаруашылық жерлерін оңтайландыру және суландыру жүйелерінің дамуы ауылшаруашылық саласындағы елеулі өзгерістерге ықпал еткенін атап өткен жөн. Фермерлерге қойылған шектеулерін жоюға, фермерлердің жерге меншік құқығын қайта құруға мүмкіндік беретін ауылшаруашылық реформасы ауылшаруашылық секторын дамытуға және әртараптандыруға мүмкіндік беруде. Бұған қосымша, Өзбекстан үкіметі 2019-2022 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарлама арқылы ауылшаруашылық секторының дамуын, ауылшаруашылық өнімдері мен шикізаттарын сатуды және азықтүлік нарықтарының жұмысын реттейтін жаңа ережелер шығаруда. Осы реформалар арқылы Өзбекстан 2030 жылға қарай ауылшаруашылық азық-түлік өнімдерінің орташа өнімділігі мен ауылшаруашылық азық-түлік өндірушілерінің кірістерін едәуір арттыруды көздейді. Екінші жағынан, өнімділігі төмен топырақтарға табысы төмен дақылдарды (әсіресе мақта мен бидай) отырғызуды біртіндеп қысқарту арқылы жаңа ауылшаруашылық жерлерін көкөніс пен көпжылдық дақылдар отырғызу үшін бөлу жоспарлануда. Ескі жеміс және жүзім алқаптарын біртіндеп жаңа алқаптармен ауыстыруға бағытталғанымен, жоғары технологиялар мен агротехникалық әдістерді қолданып жақсартылған топыраққа жаңа жеміс-көкөніс дақылдарын отырғызу көзделуде. Түйіндей келе, Өзбекстан егемендік алғаннан бері ауыл шаруашылығында жүргізілген түрлі реформалар арқылы осы салада айтарлықтай жетістіктерге жетті деп айтуға болады. Экономикалық құрылымы негізінен ауылшаруашылық секторына бағытталған Өзбекстанда экономиканың тұрақты дамуы және жұмыспен қамтылудың артуы ауылшаруашылық сектордан алынатын жетістіктерге байланысты. Соңғы жылдары Өзбекстан жүзеге асырған ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуға, ішкі ауылшаруашылық нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ауылдарды көп бағытты дамытуға бағытталған саясат алдағы кезеңде елдің ауылшаруашылық секторы мен агроөнеркәсібінің дамуын одан әрі жеделдетеді деп болжауға болады. Алайда, бұның жүзеге асуы ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтін өндірушілер мен фермерлердің меншік құқығын жақсарту, өндіріс техникасын қайта қарау және сайып келгенде ауылшаруашылық өнімдерінің нарықтарын белгілі бір стандарттарға жеткізумен тығыз байланысты болатынын айта кеткен жөн.

Жазушы: Балжан Ешметова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және Экономика, қаржы және энергия қауіпсіздік  Азия даму банкі Тәжікстанға қаржылай       Қырғызстанда жаңа басқару формасын анықтау үшін референдум өтті. Алғашқы нәтижелер бойынша азаматтардың 81%дан астамы президенттік басқару формасына дауыс берді. Парламенттік басқару формасын қолдайтындардың көрсеткіші 10% болса, екі нұсқаға қарсы дауыс бергендер 4,4% деңгейінде қалды. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы референдумның соңғы нәтижелерін 2021 жылы 14 ақпанда жариялайтынын хабарлады (24.kg, 10.01.2021). 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттарын анықтау үшін сайлау өтті. Сайлауға бес саяси партия қатысты: басқарушы «Нұр Отан» партиясы, Ауыл халықтық-демократиялық партиясы, Адал партиясы, Қазақстан демократиялық «Ақ жол» партиясы және Қазақстан халық партиясы. Бұл партиялар сайлауға барлығы 312 кандидат ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы бүкіл Қазақстан бойынша орнатылған сайлау жәшіктерінің саны 10.060 екендігін хабарлады (ҚазАқпарат, 10.01.2021).

Ресей президенті Владимир Путин француз әріптесі Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Путиннің бастамасымен дүйсенбі, 11 қаңтарда Мәскеуде өтетін Ресей, Әзірбайжан және Армения басшыларының алдағы үшжақты кездесуі туралы пікір алмасты. Президент Макрон, Ресейдің Таулы Қарабақтағы қоныстануды жеңілдету жөніндегі іс-шараларын қолдайтындығын білдіре отырып, әскери қақтығыстардан зардап шеккен аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмектің маңыздылығын атап өтті. Екі мемлекет басшылары әртүрлі деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға келісті (ТАСС, 10.01.2021).

Қытайдың Ауғанстандағы арнайы өкілі Лю Цзянь Кабулда Ауғанстанның ұлттық келісім жөніндегі жоғарғы кеңесінің төрағасы Абдулла Абдулламен кездесті. Кездесу барысында тараптар бейбітшілік үдерісі және Дохадағы бейбітшілік келіссөздерінің екінші кезеңін бастау туралы пікір алмасты. Лю Цзянь Қытайдың ауғандықтар арасындағы бейбітшілік үдерісін толық қолдайтынын қайталап, бұл үдерістің аймақ тұрақтылығы үшін маңыздылығын атап өтті (Kabar.kg, 06.01.2021).

Түрікменстан мен Ауғанстан Қабулда екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында жүргізіліп жатқан саяси кеңесулерді Түркіменстан мен Ауғанстан Қауіпсіздік ынтымақтастығы бірлескен комиссиясының алтыншы отырысы арқылы өткізді. Тараптар, Түрікменстан мен Ауғанстан президенттері арасындағы диалогтың тиімділігіне назар аудара отырып, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шекаралас ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. Кездесуден кейін тараптар Түрікменстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды (Kazakhstan.tmembassy.gov.tm, 06.01.2021).

Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Герман Ашхабадта баспасөз мәслихатын өткізді. Кездесуге жергілікті және шетелдік баспасөз өкілдері де онлайн режимде қатысты. Наталья Герман Түркіменстан үкіметінің аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі қадамдарын және Орталық Азия елдерінің саяси, сауда, экономикалық және мәденигуманитарлық салалардағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалайтындығын айтты (Mfa.gov.tm, 09.01.2021).

     көмек көрсетуді жалғастыруда. Жуырда Банк пен Тәжікстан үкіметі жалпы сомасы 237,5 миллион долларды құрайтын төрт гранттық келісімге қол қойды. Тәжікстан үкіметі энергетика саласындағы реформаларды жеделдетуге 105 миллион доллар, жол желілерін жақсартуға 67,5 миллион доллар жұмсамақшы. Бұл тұрғыда үкімет су ресурстарын басқаруға байланысты жобаларға 15 миллион доллар және қаржылық менеджментті жақсартуға 50 миллион доллар бөледі (Кабар, 06.01.2021).

Қаржы секторының тұрақтылығы туралы Қырғызстанның Ұлттық банкі дайындаған мәліметтерге сәйкес, Қырғызстанның қаржы секторында дебеттік карталарды қолданудың оң үрдісі байқалуда. 2020 жылдың алғашқы алты айында айналымдағы төлем карталарының жалпы саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 миллионнан асып, 12,5% өсті. Банкоматтар мен POS-терминалдардың жалпы саны сәйкесінше 9,3% және 6% өсті (Кабар, 04.01.2021).

Қазақстан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың жақында Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының министрлер жиналысына қатысуы елдің энергетика саласына оң әсерін тигізді. Қазақстан, әсіресе, ақпан мен наурыз айларында мұнай өндірісін күніне 10 мың баррельге арттырады. Осылайша, елде мұнай өндірісі тәулігіне 1,4 миллион баррельден асады деп күтілуде. Екінші жағынан, ОПЕК келісіміне қатысқандардың көпшілігі мұнай өндірісін өзгертпейтінін есте ұстаған жөн (The Astana Times, 06.01.2021).

Газпромның бас атқарушы директоры Алексей Миллер жасаған мәлімдемеге сәйкес, іске қосылғаннан бері «Түрік ағыны» табиғи газ құбыры бойынша жеткізілімдер 2,2 есе өскен болса, сол сияқты Еуропаға жалпы жеткізілім 2,5 есе артты. Жылдық қуаты 31,5 миллиард текше метр табиғи газды құрайтын құбыр, ресей газын Қара теңіз арқылы Түркия мен Еуропаның алты еліне қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. 2020 жылы Ресейдің Түркия, Грекия және Солтүстік Македонияға табиғи газ жеткізуі айтарлықтай өсті (ТАСС, 01.08.2021).

Беларусь Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, елдің алтын-валюта қоры 2021 жылдың 1 қаңтарында 7,3 миллиард доллар деп күтілгенімен, 7,5 миллиард доллар болды. Сонымен қатар, 2020 жылы Беларусьтың халықаралық резервтері 1,9 миллиард доллар, яғни 20,5% азайды. Бұл азаю елдің жоспарланған қарызын төлеуге байланысты болғандығы белгілі. Лауазымды тұлғалар резервтердің 2022 жылдың қаңтарына дейін 6 миллиард долларға дейін төмендейтінін күтуде (БелТА, 06.01.2021).

Америка құрама штаттары мен Орталық Азия елдері арасындағы инвестициялық серіктестік тереңдей түсуде. Жақында АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы агенттігі, Қазақстанның «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Өзбекстан Инвестициялар және Сыртқы сауда министрлігі Орталық Азия инвестициялық серіктестігін іске асырғанын жариялады. Қатысушылар аймақтағы жеке сектордың жағдайын жақсартуға және бес жыл ішінде олардың экономикалық байланыстарын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау үшін кем дегенде 1 миллиард доллар тартуды көздейді (UzDaily, 07.01.2021).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Ресей Білім министрінің орынбасары Дмитрий Глушко мен Моңғолия Білім және ғылым министрінің орынбасары Ганболд Ганбаяр екі ел арасындағы орта білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Құжатқа сәйкес Ресей мен Моңғолия; алмасу бағдарламалары, тәжірибе алмасу және озық технологияларды енгізу арқылы орта білімді жетілдіру бойынша ынтымақтастықта болады. Тараптар сонымен қатар Моңғолиядағы орыс мұғалімдерінің кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыру маңыздылығын растады (Montsame.mn, 04.01.2021).

Бас хатшының орынбасары Мирвохид Азимов бастаған Түркі кеңесінің делегациясы Бішкекке сапары барысында Қырғызстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Азизбек Мадмаровпен кездесті. Тараптар Түркі кеңесі мен Қырғызстан арасындағы қазіргі ынтымақтастық пен алдағы екіжақты іс-шараларды талқылады. Мирвохид Азимов Түркі кеңесі Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсетіп, оның сауда-көлік әлеуетін арттыра беретіндігін білдірді (Turkkon.org 06.01.2021).

ТҮРКСОЙ, қазақтың әйгілі ақыны және ойшылы Абайды насихаттауға қосқан үлесі үшін белгілі тұлғалар мен ұйымдарды «Абай» медалімен марапаттаған рәсім өткізді. ТҮРКСОЙ-дың Анкарадағы орталығында өткен салтанатты шараға Қазақстан мен Түркиядан жоғары лауазымды тұлғалар мен дипломаттар қатысты. Сыйлық иегерлеріне Абайдың 175 жылдығына орай ТҮРКСОЙ жариялаған Абай шығармаларынан шабыт алған түрік әлемі суретшілерінің картиналарынан басқа, Абайдың қара сөздерінен тұратын көркем альбомы да берілді (Turksoy.org, 06.01.2021).

Душанбе 2021 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) мәдени астанасы және Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) туристік қаласы болып жарияланды. Душанбе өзінің мәдени астанасы мәртебесін ресми түрде 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болған Қазақстанның Шымкент қаласынан алды. Осыған байланысты Душанбеде 2021 жылы бірқатар мәдени іс-шаралар өтеді (Kabar.kg, 06.01.2021).

Француздық Le Figaro газеті Қазақстанды 2021 жылы бүкіл әлемге ұсынылған 21 мақсатты аймақтар тізіміне қосты. Тізімдегі басқа туристік бағыттарға КостаРика, Грекия, Мальта, Палау, Сингапур, Шпицберген (Норвегия), Швейцария Альпы, Замбия және басқа да бірқатар елдер кірді. Мәдениет, тарих, музыка, жергілікті дәм мен дәстүрлер қазақстандық туризмнің ерекше аспектілері ретінде ұсынылуда (Astanatimes.com, 08.01.2021). Түркі академиясы Түркі мемлекеттерінің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар сериясының алғашқысы ретінде «Түркі әлемі: тарихы және мәдени мұрасы» атты конференция ұйымдастырды. Нұр-Сұлтандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында өткен шараға әртүрлі түркі ұйымдарының хатшылары, түркі тілдес мемлекеттердің жоғары лауазымды шенеуніктері мен дипломаттары, сонымен қатар 20дан астам елден келген ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Түркі академиясы конференцияда жуырда аяқталған «Түрік әлемі: тарихы және мәдениет атласы»

атты ғылыми жобасын ұсынды (08.01.2020).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.