f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Қазақстандағы цифрлық қауіпсіздік және қауіп-қатерлер
ebulletin

Қазақстандағы цифрлық қауіпсіздік және қауіп-қатерлер

Авторлар: Гүлнар Надирова
2025 ж. 4 ақпан
Қазақстандағы цифрлық қауіпсіздік және қауіп-қатерлер

ҚҰБЫЛМАЛЫ ГЕОСАЯСАТ ЖӘНЕ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ:: ГӘБӘЛА САММИТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫНА САРАПТАМА Түрік мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) мемлекет басшылары кеңесінің XII саммиті Жібек жолының көне орталықтарының бірі саналатын Әзербайжанның Гәбәлә қаласында «Өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбымен өтті. Бұл саммит тек Түркі әлемі үшін ғана емес, сонымен бірге өзгеріп жатқан жаһандық геосаяси тепе-теңдік тұрғысынан да маңызды шешуші кезең болды. Соңғы бес жылдағы саммиттер Түркі мемлекеттері арасындағы құрылымдық тереңдеудің және функционалды өңірлік ықпалдастықтың айтарлықтай жеделдегенін көрсетіп отыр. 2021 жылғы Ыстанбұл саммитінде ұйымның атауы «Түрік мемлекеттері ұйымы» болып өзгертіліп, «Turkic World Vision 2040» құжаты қабылданды. 2022 жылғы Самарқанд саммитінде 2022–2026 жылдарға арналған стратегиялық жол картасы бекітіліп, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы байқаушы мемлекет ретінде қабылданды. 2023 жылғы Астана саммиті «Түрік дәуірі» тақырыбымен өзара әрекеттестік идеясын алға шығарса, 2024 жылғы Бішкек саммитінде ортақ ту, «Түркі дүниесі картасы» және ортақ әліпби мәселелерінде келісімге қол жеткізілді. Бұл үрдіс саясаттан бастап экономикаға, көліктен цифрлық трансформацияға дейінгі көптеген салаларда көпқырлы ықпалдастықтың құрылымдық негізде орныққанын айғақтайды.

Әзербайжан 2009 жылғы Нахчыван келісімінен бері ТМҰ құрылымдық дамуына үлес қосып келе жатқан жетекші елдердің бірі болды. 2025 жылғы 6–7 қазанда Гәбәлә қаласында өткен саммит Бакудың көреген дипломатиялық ұстанымын тағы бір мәрте айқын көрсетті. Бұл жиын ұйымның аймақтық қауіпсіздік архитектурасы мен байланыстылық стратегиясы тұрғысынан да айтарлықтай түрлендіруші ықпалға ие болды. «Өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбымен өткен саммит сыртқы саясаттан бастап энергетикаға, көліктен бастап жасанды санаға дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Осылайша, ТМҰ-ның тек мәдени ортақтыққа негізделген құрылым емес, сонымен қатар стратегиялық одақ деңгейіне көтерілгенін айқын көрсетті.

Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі кезеңде халықаралық жүйе гегемондық тұрақтылықтың ыдырауына байланысты көпвекторлы әрі бытыраңқы құрылымға айналды.

Күш орталықтарының әртараптануы, мемлекеттен тыс акторлардың күшеюі және жаһандық басқарудағы олқылықтар ғылыми әдебиетте «хаостық көпвекторлылық» деп аталатын белгісіздік жағдайын туғызды. АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестік, әсіресе технология мен сауда соғыстары түрінде жаңа геоэкономикалық күрес алаңын қалыптастырды; деректер, жасанды сана және жартылай өткізгіш өндірісі сияқты стратегиялық салалар жаһандық саясаттың өзегіне айналды. Кейохэйннің (Keohane, 2011) пайымдауынша, өзара тәуелділіктің күшеюі дағдарыстармен үзіліп отыратын асимметриялық көпвекторлылық дәуірін қалыптастырды. Мұндай жағдайда аймақтық бірігу үдерісі мемлекеттердің белгісіздік жағдайларын еңсеру мен ұжымдық әлеует қалыптастыруының маңызды тетігіне айналды. ТМҰ бастаған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және кеңейіп келе жатқан BRICS+ құрылымы экономикалық өзара тәуелділікті арттыратын құрылымдық алаңдарға айналды. Қытайдың 2025 жылғы «Қытай – Орталық Азия» саммиті аясында энергетика мен цифрлық трансформацияға негізделген серіктестіктерді дамытуы; Үндістанның «Орталық Азиямен байланыс» (Connect Central Asia) бастамасы; Жапонияның «Орталық Азия + Жапония диалогы» форматындағы көпжақты өзара іс-қимылы және АҚШ-тың C5+1 тетігі Азия кеңістігіндегі көпқабатты ықпалдастық үрдісін одан әрі нығайтып отыр. Еуропалық Одақ (ЕО) 1990-жылдардан бері Орталық Азияға бағытталған түрлі стратегияларды әзірлегенімен, оның бұл аймаққа деген қызығушылығы ұзақ уақыт бойы тек нормативтік ұстанымдар мен декларативті мәлімдемелер деңгейінде қалып қойды. Энергетикалық қауіпсіздік пен байланыстылық салаларында жасалған бастамалар көбінесе жағдайға қарай әрекет етумен шектеліп, тұрақты стратегиялық көзқарас қалыптастыру мүмкін болмады (EPRS, 2024). Ал Қытай 2013 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы арқылы аймақтағы экономикалық ықпалын айтарлықтай күшейтті (Nedopil, 2025). Еуропалық Одақтың 2021 жылы ұсынған «Жаһандық қақпа» (Global Gateway) бағдарламасы осы алшақтықты қысқартуға бағытталған қадам ретінде қарастырылғанымен, қаржылық және саяси үйлесімнің жеткіліксіздігі оның тиімділігін шектеді (DGAP, 2025). Сондықтан, Еуропалық Одақ аймаққа кеш келген, бірақ нақты балама ұсынуда қиындық көріп отырған халықаралық актор ретінде сипатталады.

АҚШ-тың аймаққа бағытталған саясаты, әсіресе Трамп әкімшілігі кезеңінен бастап қайта қалыптаса бастады. Вашингтон Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздерде делдалдық рөл атқарып, әзербайжандық табиғи газдың Еуропаға жеткізілуін қолдайтын жобаларды басымдыққа қойды (Атлантикалық кеңес, 2022). Сонымен қатар АҚШ Каспий маңы өңірінде Транс-Каспий және Орта дәліз бағыттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ниетімен экономикалық және геосаяси қатысуын арттыруға ұмтылуда (CSIS, 2024). Алайда дипломатиялық және инвестициялық саясат арасындағы үйлесімнің болмауы бұл бастамалардың ұзақ мерзімді әрі тұрақты нәтижелер беруіне мүмкіндік бермеді.

Жаһандық күштер арасындағы бәсекелестік қайта қалыптасып жатқан қазіргі кезеңде Орталық Азия елдері үшін де мүмкіндіктер мен тәуекелдер қатар арта түсті. Қытайдың инфрақұрылымдық инвестициялары мен Еуропаның энергия көздерін әртараптандыруға бағытталған талпыныстары аймақ елдеріне өзара байланыс пен капитал тарту тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, сонымен бірге сыртқы қарызға тәуелділік пен технологиялық тәуелділік сияқты асимметриялық қатынастарды қалыптастырды (Дүниежүзілік банк, 2023; EIU, 2024). Осы тұрғыдан алғанда, ТМҰ басты күші — оның ортақ шешім қабылдау тетіктері мен өңірлік стратегиялық үйлестіру қабілетінде. Ұйым ортақ көлік дәліздері, энергетикалық әріптестік және цифрлық жобалар негізінде тепе-теңдік тудыратын аймақтық механизм қалыптастырып, мүше елдердің жаһандық келіссөздердегі ұстанымдары мен келісу қабілетін күшейтуде.

Осы тұрғыда ТМҰ БҰҰ, Еуропалық Одақ (ЕО) және Еуропа Автор: қауымд.проф., доктор Cуат БЕЙЛҮР, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан кеңесі сияқты халықаралық ұйымдармен байланысын дамыта отырып, өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздік жүйесін құрылымдық деңгейде қалыптастыруға ұмтылуда. БҰҰ-мен ынтымақтастық гуманитарлық дағдарыстар мен бейбітшілік миссияларында үйлестіру тетіктерін қамтамасыз етсе, ЕО-пен өзара қатынастар логистика, кеден және цифрлық трансформация бағыттарында ілгерілеп келеді. Венгрия, Еуропалық Одақтың мүшесі әрі ТМҰ-ның бақылаушы мемлекеті ретінде бұл үдерісте «көпір ел» рөлін атқаруда. Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның Гәбәлә саммитінде Еуропалық Одаққа арнап «ТМҰ-мен стратегиялық серіктестік орнату» жөніндегі үндеуі (Анадолы агенттігі, 2025) Венгрияның ТМҰ жүйесіндегі стратегиялық маңызын одан әрі арттырды.

Бұл құрылымдық кеңеюдің жалғасы болып саналатын ТМҰ+ тұжырымдамасы түркі әлемінің тек өңірлік бірігуін ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде сөз айтуға қабілетті болу мақсатын да айқындайды. TDT+ форматы көршілес аймақтар мен жаһандық акторлармен тақырыптық ынтымақтастық орната отырып, энергетика, цифрлық инфрақұрылым және логистикалық желілер бойынша икемді ықпалдастық моделін көздейді (ТМҰ, 2025). Осылайша ұйым аймақ ішіндегі тұрақтылық пен дағдарыстарға төзімділікті арттыра отырып, халықаралық алаңдарда ұжымдық актор ретінде әлдеқайда айқын және беделді орын алуды мақсат етеді. Өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздік тұрғысынан соңғы бес саммиттің қорытынды құжаттарына назар аударсақ, 2019 жылғы Баку саммитінен бастап 2025 жылғы Гәбәлә саммитіне дейінгі кезеңде ТМҰ қауіпсіздік дискурсы реактивті ұстанымнан проактивті бейбітшілік дипломатиясына қарай дамығанын байқауға болады. Алғашқы кезеңдегі саммиттер егемендік пен аумақтық тұтастық қағидаларын басты назарда ұстаумен шектелсе (ТМҰ, 2019), 2022 жылғы Самарқанд және 2023 жылғы Астана саммиттері трансшекаралық қауіптер мен кибер қауіпсіздік мәселелерін күн тәртібіне шығарды (ТМҰ, 2022; ТМҰ, 2023). Ал 2024 жылғы Бішкек және 2025 жылғы Гәбәлә саммиттерімен бірге бұл шеңбер «адам қауіпсіздігі», «климаттық қауіпсіздік» және «стратегиялық болжау» ұғымдарымен кеңейді (ТМҰ, 2025). Президент Режеп Таиып Ердоғанның «Түркі әлемі бейбітшілік белдеуін құруы тиіс» (Анадолы агенттігі, 2025), Президент Ильхам Әлиевтің «ТМҰ – аймақтық бейбітшіліктің кепілі» (АзерTаг, 2025) және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «қауіпсіздік пен даму – бір-бірінен ажырамас ұғымдар» (Inform.kz, 2025) деген мәлімдемелері ұйымның ортақ стратегиялық көзқарасын айқын көрсетеді. Осы көзқарас негізінде ТМҰ қауіпсіздік пен қорғаныс салаларындағы құрылымдануды тереңдетуді мақсат етуде. 2023 жылы Ташкентте өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуінде ақпарат алмасу мен ортақ қауіп-қатерді бағалау тетіктері құрылған болатын (ТМҰ, 2023). Ал 2025 жылы Бішкекте өткен жиында киберқауіптер мен терроризмге қарсы күрес мәселелері талқыланды (ТМҰ, 2025a). Қорғаныс министрліктерінің тұрақты түрде бас қосуы және бірлескен әскери жаттығуларды жоспарлауы ұйымның өңірлік қауіпсіздік архитектурасында белсенді акторға айналу ниетін айқын көрсетеді (Анадолы агенттігі, 2025).

Бүгінде ТМҰ неореалистік тепе-теңдік саясатын либералдық институционализмнің ынтымақтастық тетіктерімен ұштастырған гибридті модель қалыптастырып отыр. Мүше мемлекеттер бір жағынан ірі державалар арасындағы бәсекеде теңгерім сақтаушы рөл атқарса, екінші жағынан құрылымдық бірлік пен өзара тәуелділікті нығайту арқылы өңірлік қауіпсіздікті ұжымдық іс-қимыл негізінде қалыптастыруға ұмтылуда (Eurasian Monitor, 2025).

Осы тұрғыда болашаққа қатысты үш негізгі бағытты күтуге болады. Біріншіден, стратегиялық болжау мен ерте ескерту тетіктерінің құрылымдануы арқылы ТМҰның дағдарыстарды басқаруда анағұрлым тиімді және ықпалды акторға айналуы күтіледі. Екіншіден, энергетика, көлік және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы инвестицияларды ортақ қаржы қорлары арқылы үйлестіру аймақтың экономикалық қуатын арттырып қана қоймай, оның саяси салмағын да күшейтеді. Үшіншіден, ТМҰ+ тұжырымдамасы аясында қалыптасатын көпжақты сыртқы саясат ұстанымы Түркі әлемінің жаһандық саясаттағы беделін нығайтып, оны халықаралық қатынастарда ықпалды актор ретінде орнықтырады. Осы тұрғыда Венгрияның Еуропалық Одақтағы «көпір ел» рөлі мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Шығыс Жерорта теңізіндегі геосаяси маңызы ТМҰ-ның Еуропа мен Таяу Шығыс арасындағы стратегиялық байланыстырушы орталыққа айналуына шешуші ықпал етеді.

Қорытындылай келе, Гәбәлә саммиті ТМҰ саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастық кезеңінен геосаяси акторлық деңгейіне өтуін бейнелейтін маңызды символға айналды. ТМҰ-ның көпжақты дипломатия мен ТМҰ+ тұжырымдамасы аясында қалыптастырған өңірлік және жаһандық саясаттағы көзқарасы түркі әлемінің болашақта жаһандық тәртіпті қалыптастыруда неғұрлым белсенді әрі ықпалды рөл атқару әлеуетін айқын көрсетті. Дереккөз:

Анадолы агенттігі (2025, қазан). Гәбәлә саммитінде Ердоған: «Түркі әлемі бейбітшілік белдеуін құруы тиіс». Қаралған дереккөз: https://www.aa.com.tr/tr. Қаралған күні: 08.10.2025. Атлантикалық кеңес (2022). Трамп кезеңіндегі саясат аясында АҚШ-тың Оңтүстік Кавказ дипломатиясындағы белсенді рөлі. Қаралған дереккөз: https://www.atlanticcouncil.org. Қаралған күні: 10.10.2025.

Азертаг ақпарат агенттігі (2025). Президент Әлиев: ТМҰ – аймақтық бейбітшіліктің кепілі. Қаралған дереккөз: https://azertag.az/en. Қаралған күні: 08.10.2025. CSIS – Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (2024). АҚШ-тың Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі стратегиялық мүдделері. Қаралған дереккөз: https://www.csis. org. Қаралған күні: 09.10.2025.

Германияның сыртқы қатынастар кеңесі (DGAP) (2025). Орталық Азиядағы Еуропалық Одақ стратегиясын қайта қарастыру. Қаралған дереккөз: https://dgap.org. Қаралған күні: 09.10.2025.

Экономикалық барлау бөлімі (EIU) (2024). Орталық Азиядағы геосаяси тәуекел: ірі державалар арасындағы тепе-теңдік ізденісі. Қаралған дереккөз: https://www.eiu.com. Қаралған күні: 07.10.2025.

Еуропалық парламенттің зерттеу қызметі (EPRS) (2024). Еуропалық Одақтың Орталық Азия стратегиясы: жаңа серпін ме? Қаралған дереккөз: https://www.europarl.europa.eu. Қаралған күні: 09.10.2025.

Еуразиялық мониторинг орталығы (Eurasian Monitor) (2025). TDT+ және аймақтық көпжақтылықтың болашағы. Қаралған дереккөз: https://eurasianmonitor.org. Қаралған күні: 09.10.2025.

Inform.kz ақпарат агенттігі (2025). Президент Тоқаев: «Қауіпсіздік пен даму – Орталық Азияда ажырамас ұғымдар». Қаралған дереккөз: https://inform.kz/en. Қаралған күні: 08.10.2025.

Кеохэйн, Р. О. (2011). Бейресми зорлық-зомбылықтың жаһандануы, әлемдік саясат теориялары және қорқыныш либерализмі. Princeton University Press. Недопиль, К. (2025). Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша 2024 жылғы инвестициялық есебі. Жасыл қаржы және даму орталығы. Қаралған дереккөз: https:// greenfdc.org. Қаралған күні: 07.10.2025.

Рейтерс агенттігі (Reuters) (2025, 17 маусым). Қытай мен Орталық Азия елдері құрлық және әуе жолы байланыстарын нығайту жөнінде келісімге келді. Қаралған дереккөз: https://www. reuters.com. Қаралған күні: 06.10.2025.

Смит, Дж. (2025). Түркі интеграциясы және стратегиялық болашақ: TDT+ тұжырымдамасы. Еуразиялық мониторинг орталығы. Қаралған дереккөз: https://eurasianmonitor.org. Қаралған күні: 09.10.2025.

Түрік мемлекеттері ұйымы (2019). 7-саммит (Баку) декларациясы. Қаралған дереккөз: https://www.turkicstates.org. Қаралған күні: 06.10.2025. Түрік мемлекеттері ұйымы (2022). 9-саммит (Самарқанд) декларациясы. Қаралған дереккөз: https://www.turkicstates.org. Қаралған күні: 06.10.2025. Түрік мемлекеттері ұйымы (2023). 10-саммит (Астана) декларациясы. Қаралған дереккөз: https://www.turkicstates.org. Қаралған күні: 06.10.2025. Түрік мемлекеттері ұйымы (2023a). Мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздік кеңестері хатшылары Ташкентте кездесті. Қаралған дереккөз: https://www.turkicstates.org. Қаралған күні: 06.10.2025.

Түрік мемлекеттері ұйымы (2024). 11-саммит (Бішкек) декларациясы. Қаралған дереккөз: https://www.turkicstates.org. Қаралған күні: 06.10.2025. Түрік мемлекеттері ұйымы (2025). 12-саммит (Гәбәлә) декларациясы. Қаралған дереккөз: https://www.turkicstates.org. Қаралған күні: 07.10.2025. Түрік мемлекеттері ұйымы (2025a). Мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 4-кездесуі Бішкекте өтті. Қаралған дереккөз: https://www.turkicstates.org. Қаралған күні: 08.10.2025.

Дүниежүзілік банк (2023). Орталық Азияның экономикалық жаңартпасы. Қаралған дереккөз: https://www.worldbank.org. Қаралған күні: 09.10.2025.

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.