f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Түркі дүниесінің ықпалдастығындағы Түркістанның этномәдени және рухани рөлі
ebulletin

Түркі дүниесінің ықпалдастығындағы Түркістанның этномәдени және рухани рөлі

Авторлар: Дәулет Жайлыбаев
2022 ж. 24 қаңтар
Түркі дүниесінің ықпалдастығындағы Түркістанның этномәдени және рухани рөлі

қаласындағы мәдени жаңғырулар еліміздің сыртқы саяси бағытындағы Түркі дүниесімен жақындасуыдың негізгі платформасы ретінде қалыптасып келеді. Ал әлемдегі түркітілдес елдердің қазіргі саясиэкономикалық жағдайы өзара ықпалдастықты қажет етеді. Бұл тұрғыда Түркістан қаласының түркі мемлекеттерінің рухани астанасы ретінде түркі елдерінің ықпалдастық үрдістерін қамтамасыз етуге мәдени әлеуеті толық жеткілікті.

Қазіргі кезде түркі тілдес мемлекеттердің ықпалдастық үрдістерін жан-жақты қарастыруға болады. Оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды бөліп қарасақ болады. Алайда түркітілдес елдер үшін өзара мәдени байланыстарды қайта жаңғыртып, соның негізінде ортақ құндылықтарды өзара жақындықтың құралы ретінде пайдалану тиімді болып табылады. Мұнда Түркістан қаласының этномәдени кеңістігін Түркі дүниесінің ықпалдастығына негіз болатын бірден бір орта ретінде түсінуге болады.

Түркістан қаласының этномәдени кеңістігінің ықпалдастық ықпалы ерте кезден ақ, қалыптасты. Тарихи тұрғыда Түркістан аймағының түркі халықтарының өзара бірегейленуі үшін бірқатар факторлардың басынан өткергенін байқауға болады.

Мысалы, археологиялық деректерде ортағасырлық қаланың көне тарихы заттай деректер арқылы сол заманның мәдени, рухани және саяси орталығы болғанын дәлелдейді. Ал жазбаша деректерде Түркістан өңіріндегі мәдени үрдістердің ауқымды болғаны көрінеді.

Оны араб деректеріндегі Түркістан қаласының өмірі мен тыныс тіршілігіне байланысты көптеген мәліметтерден аңғаруға болады. Сондай деректердің бірі, IX ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы Ибн Хордадбектің «Китаб әл-месалик, уа-л-мемалик»

атты шығармасында «Түркістан» деген бөлім берілген. Онда түркілер елі Хорасан мен Седжестанмен шектеседі. Ал, Түркістан мен түркілер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге бөлінеді. Сонымен қатар, олар жылқы сүтін ішіп, етін жейді, оларда егін шаруашылығынан тек тары өсіреді деп көрсетілген. Бұл деректен Түркістан атауының жалпылама географиялық түсінікті беретін кең ұғымды білдіретінін көруге болады.

Сонымен қатар, тарихшының түркілер елі ретінде Түркістанды атауы аймақтың түркі халықтарының топтасуында маңызды рөл ойнағанын байқауға болады. Сондай-ақ, бұл аймақта өмір сүрген түркі халықтарының этномәдениеті мен шаруашылығынан да хабар береді. Ал, Алтын Орда заманына жататын Муин алдин Натанзидің «Ескендір анонимі» шығармасында Отырар, Сауран, Жент, Баршынкентте мешіттер мен медреселер көп орналасқанын және бүкіл Түркістанды жұмақтың үлгісі ретінде жазады. Бұл деректен байқайтынымыз Түркістан атауы Сыр бойындағы қалалардың жалпы атауы ретінде берілген. Сол сияқты, XV-XVI ғғ. деректерде, соның ішінде «Фатх-намеде» Түркістан атауы аталып, оның сол кездегі саяси оқиғалардың ортасы болғаны сипатталады. Ал Масуд-бен Усман Кухистанидің «Тарих-и Абул-Хаир-хани» еңбегінде Түркістан өлке ретінде беріліп, Иассы Түркістан өлкесіндегі маңызды қамалдардың бірі ретінде көрсетіледі. Археологиялық және жазба деректердегі Түркістанның тарихи және мәдени өмірі қазіргі түркі халықтарының ортақ құндылығы ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, Түркістан өлкесіндегі рухани өмір жергілікті тұрғындардың материалдық емес мәдени мұрасынан да көрініс табады. Халықтың материалдық емес мәдени мұраны сақтау деңгейі көне шаруашылық түрлерінен, рухани мұрасынан және наным сеніміндегі ерекшеліктерді қамтиды. Тұтас алғанда Түркістан қаласының тарихы мен рухани және материалдық емес мәдени мұрасы ортағасырлық қаланың этномәдени кеңістігінің негізгі факторлары ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда Түркістан қаласының Түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды сақтаушы киелі мекен ретінде қарастырамыз. Оның басты символы қаладағы киелі орындардың сақталуы екені рас. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауидің ілімі мен артында қалған мұрасы Түркі дүниесі үшін ортақ құндылық. Ал, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі тек түркі халықтары емес, сонымен қатар, ЮНЕСКО көлемінде қорғалатын мәдени ескерткіш болып табылады. Осы сияқты көне ескерткіштер мен Түркістанда өмір сүрген ғалымдардың шығармалары және қызметі ортақ Түркі идеясының қалыптасуына негіз болды. Себебі, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан рухани мұра қазіргі түркі халықтарының интеграциялық үрдістерінің негізі ретінде қарастырылуы заңдылық болып табылады.

Тарихи жағынан алып қарастырғанда Түркістан аймағы түркі халықтарының орталығы болғаны екені белгілі. Ендігі жерде, қазіргі кезеңдегі Түркістанның этномәдени жағдайын қарайтын болсақ түркі халықтарының ортақ мәдениет аясында бас қосатын тұстары өте көп. Біріншіден, Түркістанның сакралды географиясы. Бұл түркі халықтарының барлығына ортақ рухани және мәдени мұра болып табылады. Екіншіден, Түркістан аймағындағы этникалық құрамының ішінде 28 түркі халқының болуы, ортақ тілді халық ТҮРКІСТАННЫҢ үшін қолайлы интеграциялық үрдістерді қалыптастырады. Бұл тұрғыда көне қала тұрғындары арасында ортақ қазақ тілінің кең қолданысы ортақ мүдденің бар екенін көрсетеді.

Аталмыш шарттардың сыртында кейінгі жылдары Түркістан қаласында атқарылған іс-шаралардың нәтижелері ортақ Түркі интеграциясына негізделгенін көруге болады. Біріншіден, бұл қаланың туристік әлеуетін дамыды, бұл бір шетінен түркі халықтары үшін тұтастанудың атрибуттарын әйгілейді. Мұның қатарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің және оның маңайындағы ескерткіштердің туристік аймақ ретінде қарастырылуы, «Хазірет сұлтан»

музей-қорығы жұмысының нәтижелері, қала ішіндегі абаттандыру жұмыстарында көне шығыстық стильдерді пайдалану, қала құрылысындағы архитектуралық келбеттері ортағасырлық қаланың дәстүрінде жалғасуы, халықтың бос уақытын өткізетін орындарда түркілік элементтердің көптеп пайдалануы және т.б. Осындай көптеген символикалық атрибуттардың сақталуы Түркістан қаласының түркі дүниесінің интеграциялық үрдістерінің негізгі алаңы ретінде қаралатыны анық.

Сонымен қатар, Түркістанда өткізіліп отырған көптеген мәдени іс-шаралар Түркі дүниесінің мәдениетін насихаттайтын қызметтерден тұрады. Оның ішінде ғылыми конференциялар, семинарлар интеграциялық үрдістерді ұйымдастыруға арналады. Оның басты көрсеткіші 2021 жылдың 31 наурызында Түркістанда қаласында өткен Түркі мемлекеттеріның ұйымы бейресми саммитінде Түркістан қаласы Түркі дүниесінің рухани астанасы болып жариялануы еді. Мұнда Түркі әлемі халықтарының бірігуіндегі Түркістан қаласының рухани маңыздылығы мойындалды.

Жалпы, Түркі мемлекеттерінің рухани және мәдени бірлікте болуы Стамбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының VIII саммитінде жалғасын тапты. Мұнда Түркі дүниесінің тек қана мәдени нитеграциясы емес, сонымен қатар экономикалық қарымқатынасын арттыру мәселелері қарастырылды.

Қорытындылай келе, Түркістан қаласының тарихи этномәдени кеңістігі қазіргі түркі мәдениетін насихаттайтын негізгі орталық болып табылады. Бұл өз кезегінде Түркі мемлекеттерінің рухани астанасы ретінде танылуына мүмкіндік берді. Келешекте Түркістанның рухани және мәдени әлеуеті қаланы түркі тілдес мемлекеттердің саяси және экономикалық орталығы болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, Түркі мемлекеттері ұйымының «Түркі әлемінің келешегі - 2040» стратегиялық құжаты аясында Түркістанның интеграциялық қызметі жетіле беретін болады.

Жазушы: Дәулет Жайлыбаев, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және  Өзбекстан Мемлекеттік статистика комиқауіпсіздік       Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-ші халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия Сирия жөніндегі 18-ші халықаралық кездесуді 2022 жылдың бірінші жартысында Астана форматында Нұр-Сұлтанда өткізуді құптады. Астана форматындағы тараптар Сириядағы барлық лаңкестік топтарды жою үшін ынтымақтастық қажеттігін тағы да айтты. Мүше мемлекеттер Сириядағы әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін көбірек жұмыс істеуге келісті (TASS, 22.12.2021).

Нью-Делиде Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің қатысуымен «Үндістан-Орталық Азия» диалогы өтті. Премьер-министр Моди Үндістанның Орталық Азия елдеріне бөлген 1 миллиард долларлық несиелік лимит аясында ақпараттық технологиялар, медицина, білім, туризм, көлік, логистика және энергетика сияқты салалардағы жобаларды жылдам жүзеге асырудың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Премьер-министр, сондай-ақ, Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға шақырды (Kabar, 21.12.2021).

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның мүшелік болашағына қатысты Ресеймен ымыраға келуден бас тартты. Столтенберг альянстың Украина шекарасы төңірегінде ресейлік әскерилердің күшеюіне қатысты ұстанымын қайталады. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин НАТО-ны Ресейге сенімді, заңды және ұзақ мерзімді қауіпсіздік кепілдіктерін беру үшін келіссөздер жүргізуге шақырған болатын. Биыл екінші рет Мәскеу маңызды әскери бөлімдерін Украина мен оның айналасында шоғырландырды (Anadolu Ajansı, 23.12.2021). Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынасты одақтық деңгейге көтеруге талпыныс жасағанын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Мирзиёевтің Корея Республикасына үш күндік мемлекеттік сапары барысында Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуінен кейін болды. Сапар барысында Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ерекше стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы бірлескен декларация қабылданып, бірқатар келісімдерге қол қойылды (Kun.uz, 20.12.2021). Түріктің орташа биіктіктегі ұзақ мерзімді ұшқышсыз жауынгерлік ұшағы Bayraktar TB2 Қырғызстан шекара әскерлерінің қолданысына берілді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыға сатып алынған ұшқышсыз ұшатын аппараттар елдің шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Байрактар ұшқышсыз ұшу аппараттары қашықтан басқарылатын немесе автономды ұшу операцияларын орындай алады. Аталған ұшқышсыз ұшақтарды түріктің Baykar Defence компаниясы негізінен Түрік Қарулы күштері үшін шығарады (ASIA-Plus, 20.12.2021). Қырғызстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Айбек Артибаев Ауғанстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлерінің 17-ші кезектен тыс отырысы аясында Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курешимен кездесті. Тараптар әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, олар жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті және Ауғанстан дағдарысын мүмкіндігінше тезірек шешу үшін аймақтық ынтымақтастық пен бірлескен күшжігер қажеттігін атап өтті (Kabar, 20.12.2021).

     тетінің мәліметі бойынша, Қазақстан Өзбекстанның сауда серіктестерінің үштігіне кіріп, екіжақты тауар айналымы 2021 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында 3,5 миллиард долларға жетті. Өзбекстанның Қазақстанға экспорты 1 миллиард доллардан, импорты 2,48 миллиард доллардан асты. 2020 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,6 миллиард долларға жетті. Қытай мен Ресей Өзбекстанның екі ірі сауда серіктесі болып, сауда көлемі сәйкесінше 6,7 миллиард доллар және 6,6 миллиард долларды құрайды (Atameken Business, 24.12.2021).

Өзбекстан мен Түркия арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тереңдей түсуде. Атап айтқанда, Түркияның Aksa Energy компаниясы Ташкент облысында қуаты 240 МВт құрама циклді электр станциясы мен қуаты 230 МВт газ поршенді электр станциясын салуда. Электр станциясы бір апта ішінде Өзбекстанның жалғыз электр желісіне қосылады. Электр станциясы 3,9 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіріп, жылына 550 миллион текше метр табиғи газды үнемдейді (Kun.uz, 24.12.2021). Қырғызстан Инвестициялар министрінің орынбасары Нұрәділ Баясов 2021 жылдың 9 айында елге келген шетелдік инвестиция 503 миллион доллардан асқанын хабарлады. Баясов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бюджет кірісінің көрсеткіштері 2020 жылдың 9 айының қорытындысына жеткенін айтты. Елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі оң динамикаға тоқталған Баясов індеттің әсерінен жаһандық инвестицияның 42%-ға қысқарғанын жариялады (Kabar, 24.12.2021).

Қытай Кеден басқармасының мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Қытайға түрікмен құбыры арқылы жеткізілген газдың құны 6,1 миллиард долларды құрайтын 21,91 миллион тоннаны құрады. Түркіменстан Қытайға табиғи газ жеткізушілер тізімінде бірінші орында тұр. Екінші орында тұрған Ресейдің газ жеткізуі 6,6 миллион тонна болса, Қазақстанның экспорты 4,02 миллион тоннаға жетті. Ресей мен Қазақстанның экспорттық түсімдері сәйкесінше 1,27 миллиард доллар және 946,1 миллион доллар болды (Orient, 23.12.2021). Тәжікстан Көлік министрі Азим Ибрагим Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур және басқа Азия елдерінен әкелінетін тауарларды Тәжікстан мен Пәкістан арасында жақында бекітілген көлік келісіміне байланысты Пәкістан арқылы Тәжікстанға жеткізу ыңғайлы болатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Пәкістанның Карачи және Гвадар порттарына кіру көп бағытты көлік пен Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізіне қосылуды жеңілдетеді. Бұл бағыт Тәжікстаннан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жүк тасымалдаудың ең маңызды баламалы жолы болады (Asia-Plus, 22.12.2021).

Әзірбайжан Ауыл шаруашылығы министрі Инам Керимов 2021 жылдың қаңтарқараша айларында елдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 13%-ға өскенін мәлімдеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға өсті. Әзірбайжан 2022 жылдың мамыр айында «Органикалық азықтүлік» форумын ұйымдастырады. Екі күнге созылатын форумның мақсаты – халықаралық және жергілікті тәжірибені, ағымдағы жағдай мен мүмкіндіктерді талқылау үшін елдегі ауыл шаруашылығы бизнесін дамыту саласындағы мүдделі тараптарды біріктіру (AzerNews, 22.12.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Молдованың Гагаузия автономиялық облысы облыстың 27 жылдығын атап өтті. Комрат қаласындағы Комрат мәдениет үйінде өткен ресми кездесуге Түркия Республикасының Молдовадағы Төтенше және өкілетті елшісі Гүрол Сөкменсүер және басқалар қатысты. Дипломат Түркияның Гагаузияны күшті Молдова құрамындағы күшті автономия ретінде көргісі келетінін мәлімдеді (Infotag.md, 24.12.2021).

Өзбекстанның «Uza» мемлекеттік ақпарат агенттігі Түркі әлемінің медиа алаңына қосылды. Енді платформадағы жаңалықтар әзірбайжан, ағылшын, қазақ, қырғыз, орыс, түрік және түрікмен тілдерімен қатар өзбек тілінде де жарияланады. Түркі әлемі – Trend News Agency және Түркияның Albayrak Media Group бастамасымен құрылған барлық жетекші түрік тілді медиа ұйымдарды біріктіретін бірегей медиа платформа. Платформа түркітілдес мемлекеттер туралы соңғы жаңалықтарды біріктіреді және ұсынады (Yenisafak.com, 20.12.2021).

Түркі кеңесі мен Түркияның мәдени қоры Юнус Эмре институты Будапештте ұйымдастырған семинарда Түркия Радио және Телевидение Жоғары Кеңесінің төрағасы Эбубекир Шахин түрік тілдес елдердің ортақ медиа одағын құруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Түркітілдес елдер арасында құрылатын халықаралық платформаның мақсаты – түрік және басқа да түркі тілдерін кеңейту, түркі мемлекеттері халықтарының бірлігін одан әрі нығайту (Anadolu Ajansı, 20.12.2021).

Өзбекстанның «Бахши өнері» ЮНЕСКОның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енді. Бұл шешімді ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеті XVI ғ. сессия барысында қабылданған. «Бахши өнері» өзбек және қарақалпақ халықтарының бірегей тарихи-мәдени мұрасы. Қарастырылып отырған өнер эпостарға, халық ертегілеріне, аңыздар мен патриоттық, сүюге толы мифтерге, достық пен ынтымаққа шақыруға негізделген (Centralasia.news, 21.12.2021).

Халықаралық Түркі академиясы Қазақстанда түрік әдебиетінің көрнекті ақынжазушылары Юнус Эмре, Низами Гәнжауи, Әлішер Науаи және қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың есімдерін еске алу мақсатында «Шығыс жұлдыздары» атты шара ұйымдастырды. Шараға ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Академияның бастамасымен биыл Юнус Эмре, Низами, Науаи және Жабаевтың өлеңдері басқа түркі тілдеріне аударылды (Trthaber.com, 25.12.2021). Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Жуырда Кабулға 155 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек, сондай-ақ жылы киім-кешек пен дәрідәрмектен тұратын жүк жөнелтілді. Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Ауғанстанға барып, қазіргі әкімшілік өкілдерімен кездесті. Қазақстан өкілдері қақтығыстың белсенді кезеңі аяқталғанына үміт білдірді. Тараптар екіжақты сауда көлемін арттыру жолдарын да талқылады (Qazaq TV, 27.12.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.