f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Еуропа Одағының Қыргызстанмен қарым-қатынасы: қысқа шолу
ebulletin

Еуропа Одағының Қыргызстанмен қарым-қатынасы: қысқа шолу

Авторлар: Альбина Муратбекова
2020 ж. 28 желтоқсан
Еуропа Одағының Қыргызстанмен қарым-қатынасы: қысқа шолу

ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚЫРГЫЗСТАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ: ҚЫСҚА ШОЛУ Еуропа Одағы (ЕО) әрдайым Орталық Азия аймағында белсенді ойыншы болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ЕО бұл аймақты өзінің техникалық көмегі және кейінірек ынтымақтастықтың даму құралы (DCI) арқылы қолдады. 2007 жылы ЕО ынтымақтастық пен саяси диалог сияқты жалпы мақсаттарды анықтайтын және ынтымақтастықтың жеті басым бағыттарын қамтитын бірінші Орталық Азия стратегиясын қолданысқа енгізді. 2019 жылы Еуропалық комиссия ЕО саясаты үшін стратегиялық маңызы бар өңір ретінде Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастыруға деген ұмтылысын айқындап, жаңартылған Орталық Азия стратегиясын қабылдады. 2019 стратегиясында ЕО пен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестікті ілгерілету үшін ЕО саясатының және құралдарының жаңа жиынтығынан тұратын үш негізгі тірегі бар.

Қолданыстағы стратегияға сәйкес жаңа буынның Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (EPCA) ЕОның аймақпен қарым-қатынасының іргетасы ретінде анықталды. 2019 жылы Қырғызстан және EPCA арасындағы келіссөздердің аяқталуы ЕО мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастың деңгейін көрсетеді. Бұдан басқа, 2017 жылғы желтоқсан мен 2019 жылғы маусым аралығында өткен 7 ректі келіссөз әдеттегі көпжылдық келіссөздермен салыстырғанда салыстырмалы түрде жылдам болып, тараптардың ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ынтасын анық көрсетті.

Іс жүзінде ЕО-ның Орталық Азия аймағын жан-жақты қолдауының әсері Қырғызстанда айқын көрінеді. ЕО-ның даму бойынша көмегінен ұзақ уақыт пайдаланған Қырғызстан ЕО-мен стратегиялық және әлеуметтік деңгейде тығыз байланыс орнатты. ЕО-ның демократияға бағытталған көмегі мен қызметі Қырғызстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосты. Алайда, соңғы жылдары Қырғызстанда болған саяси дағдарыстар екіжақты қатынастарға әсер етті. Ағымдағы конституциялық реформалар мен кезектен тыс президент сайлауы сияқты соңғы өзгерістер жоспарланған іс-шаралардың орындалуына кедергі келтіруде. Атап айтқанда, ЕО мен Қырғызстанның 20212027 жылдарға арналған жаңа көпжылдық ынтымақтастық бағдарламасының келіссөздері келесі жылғы парламенттік сайлаудан кейінге ауыстырылды. Сол сияқты 2019 жылы цифрландыруға 6 миллион еуро бөлу жоспары 2021 жылға қалдырылды. Соған қарамастан, ЕО елдің экономикалық макро тұрақтылығы мен әлеуметтік қауіпсіздігін қолдау үшін 36 миллион еуро бөлді. ЕО-ның қаржылық көмегі эпидемиядан туындаған экономикалық дағдарысқа, сондай-ақ қазіргі саяси шиеленіске тап болған, табысы төмен, Қырғызстан елі үшін маңызды.

ЕО негізінен Қырғызстанның дамуына қолдау көрсетіп отырады. ЕО екіжақты және аймақтық тәсілдерді қолдана отырып, Қырғызстанның әл-ауқатына бағытталған түрлі бағдарламалар жасады. Бюджеті 184 миллион еуроны құрайтын 2014-2020 жылдарға арналған көпжылдық индикаторлық бағдарлама (MIP) бұл Қырғызстандағы DCI -ның негізгі екіжақты механизмі. Бағдарлама заңның үстемдігі, білім беру және ауылды кешенді дамыту сияқты негізгі үш бағытқа бағытталған. Орталық Азия елдеріндегі құқықтық және басқару реформаларын ынталандыру және қолдау үшін саяси диалогты жеңілдету мен қажетті шараларды әлгерілетуге бағытталған ЕО-ның Орталық Азия үшін құқық үстемдігі бастамасына сәйкес ЕО Қырғызстандағы құқық үстемдігі мен сот реформаларын қолдайды. Жоба аясында электрондық әділет жүйесін енгізуге, сайлау базасын қайта құруға, адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға көмек көрсетілді. Қырғызстанның жалпы және кәсiптiк білім беруді қамтыған бiлiм беру саласының сапасыздығы меен қызмет көрсету шарттарының болмауына байланысты реформалауды қажет етуде. ЕО-ның шамамен 72 миллион еуроны құрайтын қаржылай қолдауымен, MIP Қырғызстанның білім беру жүйесін, оның ішінде кәсіптік білім беру және оқыту жүйесін өзгертуге көмектесу арқылы адами капиталды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Кедейшілік деңгейі Қырғызстанның аса маңызды проблемаларының қатарында қалып отырғандықтан және кедейлердің 66%-ы ауылдық жерлерде тұратындықтан, ЕО ауылдық инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға және ауылдық проблемаларды шешудің тиісті ұлттық стратегиясын құруға тағы 72 миллион еуро бағыттады. Жалпы, MIP елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге және Қырғызстанда өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуге тырысады. Екіжақты көмектен басқа, Қырғызстан ЕО аймақтық бағдарламаларынан да пайда көреді. Аймаққа, әсіресе 2011-2018 жылдары инвестиция тартқан Орталық Азия инвестициялық несиесі, халықаралық қаржы институттары берген несиелерге қосымша грант түрінде Қырғызстанға шамамен 130 миллион еуро бөлді. Бұл гранттар негізінен сумен жабдықтау, қалалық жерлерде ағынды сулар қызметтері, энергия тиімділігі және ШОБ қолдау секторларына бөлінді. Шекара қауіпсіздігі барлық аймақтың тұрақтылығы үшін маңызды мәселе болып табылатындықтан, ЕО шекара қауіпсіздігін нығайту, заңсыз аткезшілікке қарсы күрес және аймақ арасындағы сауданы жеңілдету үшін Орталық Азиядағы Шекараларды басқару бағдарламасы (ОАШББ) құрылды. 2003 жылы басталып, 2019 жылы аяқталған бағдарлама шеңберінде шекара өткелдеріндегі кадрлық әлеуетті дамытып, шекараны басқару жүйесін жетілдіруге және сауда дәліздерін кеңейтіге ықпал ететін тоғыз кезең (тек Ауғанстанда ғана жалғасуда) сәтті аяқталды. Бағдарлама аймақтық бағытта болғанына қарамастан, қаражаттың көп бөлігін Қырғызстан мен Тәжікстанның бақылау бекеттеріндегі арнайы техника мен шекара қызметкерлері оқытуға жұмсады. ЕО-ның тақырыптық құралдары арқылы көрсетілетін көмек те Қырғызстанның дамуына үлес қосуда. Тұрақтылық пен бейбітшілікке үлес қосу құралы, демократия және адам құқықтары жөніндегі еуропалық құрал, азаматтық қоғам ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару бағдарламасы және Эразмус+ бағдарламалары қоғамның демократиялануын қолдау үшін де және қырғыз қоғамының азаматтық әлеуетін дамыту мақсатында да жүзеге асырылған бағдарламалар болып табылады.

Даму саласындағы ынтымақтастықтан басқа, ЕО 2016 жылы Қырғызстанға артықшылықтардың жалпыланған схемасы (GSP) мәртебесін берді. Бұл мәртебе Қырғызстан тауарларын ЕО нарығына кейбір тауарларға салынатын салықтарды алып тастау және жеңілдікті қол жетімділік арқылы экспорттауға ықпал етеді. Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге (GOIA) қол қою арқылы келісімнің саудаға қатысты бөлігін уақытша жүзеге асыруға болады, яғни ЕО-ға мүше мемлекеттер келісімді ратификацияламастан бұрын, ЕО мен қырғыз компаниялары арасында көбірек инвестициялық және сауда мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.

Жалпы, ЕО-ның қаржылық көмек және әлеуетті арттыру қызметі арқылы Қырғызстанды қолдауы, сөзсіз, оның дамуына ықпал етті. Алайда, Қырғызстанның мадуына қолдау көрсету үшін ЕОның орасан зор көмегіне қарамастан, іске асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалардың тиімділігі мен қажеттілік мәселесі де талқылауды қажет етеді. Саяси тұрақсыздық, сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаулар, кландар арасындағы күрес, аз ұлттар арасындағы шиеленістер, шекара жанжалдары және төмен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ЕО-ның күш-жігерінің нәтижелеріне әсер етеді. Алайда, бір жағынан, елдің бұлыңғыр демократияландыру үдерісіне байланысты ЕО құралдары тиімсіз болып саналса да, екінші жағынан, бұл азаматтық қоғамның үздіксіз ашық және белсенді күш-жігерінің оң нәтиже беретіндігін көрсетеді. Слнымен қатар, ЕО-ның Қырғызстан бюджетіне өте қажет секторларда көрсететін қолдауы, яғни әлеуетті арттыру жобалары Қырғызстанның дамуын қолдауға үлкен әсер етеді.

Жазушы: Альбина Муратбекова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және Экономика, қаржы және энергия қауіпсіздік  Қазақстан Ұлттық экономика министрі       Әзiрбайжанның Таулы Қарабақты басқыншылардан азат етудегі әскери жетістігі 2020 жылы 10 желтоқсанда Азатлык алаңында өткен әскери парадпен атап өтілді. Салтанатты шараға Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қатысып, сөз сөйледі. Ердоған сөзінде Түркияның Әзірбайжанның азат етілген жерлерін дамытуға арналған көмегінің жалғаса беретінін мәлімдеді. Аталмыш жеңіс салтанатына түрік сарбаздары да қатысты (Hurriyet Daily News, 10.12.2020).

Президент міндетін атқарушы Қырғызстан парламентінің төрағасы Талант Мамытов Ресейге сапары аясында Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті. Тараптар елдер арасындағы түрлі салалардағы кең ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық жоғары деңгейдегі серіктестікті талқылады. Талант Мамытов Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының Кросс жылы аясында бірлескен іс-шараларды жаңартуды ұсына отырып, әуе және теміржол қатынасын тұрақты арттыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады (24.kg, 08.12.2020).

Ресей президенті Владимир Путин Ресей конституциясына халықаралық құқықтан басымдық беретін заңдар пакетіне қол қойды. Осы тұрғыда 115 заңды қамтыған заңнамалар пакетіне әртүрлі өзгерістер енгізілді. Ресей Федерациясының конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс кеңесінің төрағасы Андрей Клишас Ресей ратификацияланған халықаралық келісімдерді үнемі сақтап отырғанын мәлімдеді. Алайда, осы өзгерістер арқылы халықаралық ұйымдардың Ресей конституциясына қарсы шешімдерді жүзеге асыруына жол берілмейді (ТАСС, 08.12.2020).

Украина мен Тунис сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар барысында дипломаттар Украинаның Ислам ынтымақтастық ұйымында (ИЫҰ) бақылаушы мәртебесін алуы туралы талқылады. Украин дипломаттары көтерген мәселе бойынша консультациялар құрылымдық бөлімшелер басшылары деңгейінде өтті. Украиналық тарап, Тунис Украинаның БҰҰ-дағы бастамасыны жүзеге асыруына көмек көрсететініне үміттенетінін білдірді (Ukrinform.net, 12.12.2020). БҰҰ Бас ассамблеясы көпшілік дауыспен Ауғанстандағы зорлық-зомбылықты тез арада тоқтатуға шақыратын мемлекетаралық отырыстың барысын құптайтын қарар қабылдады. 193 мүше мемлекеттің 130-ы бұл шешімді қолдаса, Ресей, Қытай, Пәкістан мен Беларусь бұл шешімге қарсы дауыс берді. Дауыс беру кезінде 59 мемлекет қалыс қалды. Құжат Ауғанстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен ұлттық бірлігін қорғауға бағытталған БҰҰ-ның міндеттемесін тағы да қайталады (Indianexpress.com, 11.12.2020).

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен онлайн режимде кездесу өткізді. Екі мемлекет басшылары аймақтық саяси диалог пен қауіпсіздік, екіжақты сауда және инвестицияларды ұлғайту, білім беруде ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық бағыттар сияқты көптеген салаларда екі елдің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар екіжақты қатынастар туралы бірқатар құжаттарға қол қойып, Өзбекстан мен Үндістан арасындағы тығыз достық пен берік серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады (Uzdaily.uz, 11.12.2020).      Руслан Дәленов үкімет отырысында елдің аймақтары негізгі капиталға 10 триллион теңге (23,87 миллиард доллар) инвестиция тарта алды деп мәлімдеді. Қазақстанның 13 аймағында инвестициялар өскен кезде, құрылыс секторының дамуына байланысты Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бірінші орынға шықты. Дәленов, осы уақытқа дейін 12,1 миллион шаршы метр тұрғын үймен қамтамасыз етілгенін хабарлады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% артық (ҚазАқпарат, 10.12.2020). Ресей Орталық банкінің президенті Эльвира Набиуллина, Bloomberg-ке берген сұхбатында Ресейдің жыл соңындағы инфляциясы реттеушінің есебіне сәйкес 4,5% құрайды деп мәлімдеді. Ресейдің Орталық банкінің зерттеу және болжау бөлімінің мәлімдемесіне сәйкес, 2020 жылғы қарашада жылдық инфляция 4%-дан асты. Ресейдің Орталық банкі, инфляция 2021 жылдың бірінші жартысының ортасында ғана төмендей бастайды деп болжайды (ТАСС, 10.12.2020).

Беларусь Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерімен ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары бойынша екіжақты сауданы ұлғайтуға қызығушылық танытуда. Тараптар арасындағы сауда көлемі 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында 5,8 миллиард долларды құрады. Жақында ТМД-ға мүше елдер Үкіметаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік кеңесінің 33-ші отырысын өткізді. Кездесуде қатысушылар, фитосанитарлық бақылаудағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау үдерісін және ауылшаруашылық инженерия саласындағы ынтымақтастықтың басым шаралары жоспарын қолға алды (BeITA, 11.12.2020).

Өзбекстан Азия даму банкінің (АДБ) көмегімен локомотив паркін жаңарту бойынша жобаны іске асыру үдерісін бастады. Осы тұрғыда Өзбекстан Қытайдан төрт заманауи және қуатты жүк және жүкжолаушылар локомотивтерінің алғашқы партиясын алды. Ел тағы 30 локомотив сатып алуды жоспарлауда. Жобаны іске асыру үшін АДБ 2019 жылы 170 миллион долларлық көмекті мақұлдады және 2020 жылы қосымша 35,4 миллион доллар аударатындығын мәлімдеді (UzDaily, 11.12.2020).

Дүниежүзілік банк Украинаның эпидемиядан туындаған жағымсыз экономикалық жағдайдан шығуына қолдау көрсетеді. Банктің болжауы бойынша кедейлік деңгейі 2020 жылдың соңына қарай 4% өсіп 23%-ға дейін шығады деп күтілуде. Нәтижесінде, Дүниежүзілік банк әлеуметтік қорғау желілерін жаңғырту жобасы аясында Украинаға қосымша 300 миллион доллар несие бөледі. Жоба шеңберіндегі 150 миллион долларлық несиенің бірінші бөлігі 2020 жылы 30 сәуірде мақұлданды (Укринформ, 12.12.2020).

АДБ-нің Тәжікстандағы тұрақты миссиясының пікірінше, Ауғанстанға тұрақты қаржы жүйесін құру, қаржылық қызметтерге қол жетімділікті арттыру және қаржылық менеджментті жетілдіру арқылы жеке сектордың өсуін жеделдету қажет. Тәжікстанда тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуге қол жеткізу үшін АДБ қаржылық сектор мен қаржылық менеджментті жетілдіру бағдарламасы шеңберінде саясат негізінде 50 миллион доллар грант мақұлданды (Kabar, 10.12.2020).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Бішкекте жаңадан ашылған қырғыз-қазақ мәдени орталығына Абайдың бюсті орнатылды. Мәдениет орталығының ашылу салтанатына қырғыз және қазақстандық дипломаттар мен екі елдің мәдениет министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысты. Орталықтың негізгі мақсаты, Қазақстан мен Қырғызстанның мәдениетін, өнерін, дәстүрі мен тарихын насихаттау болып табылады (11.12.2020, Akipress.org).

БҰҰ Балалар қоры, ЮНИСЕФ-тің «Өзбекстандағы балалардың жағдайын талдау» деп аталатын баяндамасныда Өзбекстандағы балалардың тамақтануы жеткіліксіз деп бағаланды. Баяндамаға сәйкес, Өзбекстандағы балалардың 9%-ында тамақтанудың созылмалы белгілері болған. Баяндамада сондай-ақ бес жасқа дейінгі өзбек балаларының 15%-ында анемия, 50%-дан астамында темір жетіспеушілігі және 6%-ында А дәруменінің жетіспеушілігі диагнозы қойылғандығын және бұл дамудың кешеуілдеуіне әкеледі деп тұжырымдалды (Centralasia.media, 08.12.2020) . Халықаралық Түркі академиясы өзінің он жылдығын атап өтті. Мекеме басшылығы - баспасөз өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырды және жыл ішінде өткізілген іс-шараларды насихаттады.Академияның соңғы он жылдағы жұмысы мен жетістіктерін қорытындылай келе, мекеме төрағасы Дархан Қыдырәлі және оның басшылығының басқа мүшелері БАҚ өкілдеріне болашақ жоспарлары туралы ақпарат берді (Inform.kz, 11.12.2020). Бішкек қаласы әкімінің орынбасары Балбак Түлебаев Өзбекстанның Қырғызстандағы елшісі Хуршит Мир Захидовпен кездесті. Тараптар екі астананың, атап айтқанда Бішкек пен Ташкенттің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуде сауда, инвестиция және мәдени-гуманитарлық көмек сияқты салалардағы ынтымақтастық мәселелері де күн тәртібіне енгізілді (Kabar.kg, 11.12.2020).

Испанияда қазақтың ұлы ақыны, жазушысы және философы Абайдың 175 жылдығына және әйгілі әзірбайжан композиторы және музыкатанушысы Үзейір Гажибейлінің 135 жылдығына арналған пошта маркалары басылды. Пошталық маркаларда Абай Құнанбай мен Үзейір Гажибейлі шығармашылығы мен түрік әлемінің музыкалық аспаптарының үлгілері бейнеленген. Маркаларды басып шығару Халықаралық түрік мәдениеті мен мұрасы қорының және Испаниядағы Әзірбайжан елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды (Azertag.az, 11.12.2020).

БҰҰ мен Еуропалық Одақ Орталық Азия мен Ауғанстан үшін гендерлік зорлықзомбылыққа қарсы күн тәртібінің аймақтық бағдарламасын іске қосты. 4,3 миллион долларлық бюджетпен қаржыландырылған бағдарлама аймақтағы әйелдерге қатысты жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған. Бастама аймақтағы заңнамалық реформалар төңірегіндегі одақтарды дамытуға, әлеуметтік нормалар мен көзқарастарды орнатуға, азаматтық қоғам мен әйелдер белсенділігін нығайтуға бағытталады (Relyefweb.int, 08.12.2020).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.