f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Еуразияның батыс қиырындағы Эстонияда әсіре оңшыл партиялардың күшеюі
ebulletin

Еуразияның батыс қиырындағы Эстонияда әсіре оңшыл партиялардың күшеюі

Авторлар: Женгизхан Жаналтай
2020 ж. 29 маусым
Еуразияның батыс қиырындағы Эстонияда әсіре оңшыл партиялардың күшеюі

ЕУРАЗИЯНЫҢ БАТЫС ҚИЫРЫНДАҒЫ ЭСТОНИЯДА ӘСІРЕ ОҢШЫЛ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КҮШЕЮІ Соңғы 10 жылда жаһандық экономикалық дағдарыстар, көші-қон ағындары, эпидемиялық аурулар сияқты көптеген оқиғалар орын алып, бұлардың әртүрлі салдарға әкелгені мәлім. Көптеген елдерде осы жағымсыз жағдайлардың экономикадан бастап саяси және тіпті әлеуметтік өмірге дейін әсер еткенін көріп отырмыз. 2008-2009 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін бірнеше жыл ішінде әлем елдері экономикасының макро деңгейде біршама қалпына келгені байқалды. Алайда, жекелеген деңгейде жағдайдың жақсаруы адамдардың күнделікті өмірінде кірістерді әділ бөлу тұрғысынан айтарлықтай көрінбей, алдағы кезеңдегі маңызды өзгерістердің хабаршысы іспеттес болды. Еуропада әсіре оңшыл партиялар 2010-шы жылдардың басында құрылып, күшейе бастады. Бұл партиялар өздерінің популистік, нәсілшіл, жүйеге және иммигранттарға қарсы мәлімдемелерінде қоғамның экономикалық мәселелеріне көбірек назар аудара отырып, 2015 жылы Еуропа парламентінде және ұлттық сайлауларда маңызды жетістіктерге жетті. Бұған мысал ретінде 2009 жылы Италияда Беппе Грилло мен Джанроберто Казаледжо тарапынан құрылған және Луиджи Ди Майо жетекшілік еткен «Бес жұлдыз қозғалысы» (БЖҚ) мен Франциядағы Марин Ле Пен жетекшілігіндегі «Ұлттық майдан» партиясын (ҰМП) атап өтуге болады.

Қаржы дағдарысынан кейін құрылған БЖҚ елдегі экономикалық мәселелерді шеше алатындығы туралы пікірлерімен өзіне назар аударып, 2012-2014 жылдары 2%-дан 24%-ға дейін дауыс алып үлгерді. Ал 1972 жылы құрылған консервативті оңшыл ҰМП болса классикалық ұлтшыл, Еуропа одағы мен иммигранттарға қарсы мәлімдемелеріне экономикалық мәселелерді де қосу арқылы одан әрі күшейе түсті. Әсіре оңшыл партиялардың, әсіресе, 20102015 жылдардағы жұмысы 2015-2019 жылдар аралығында өткен сайлауларда өз жемісін беріп, алға баса бастады. Осы кезеңде Италия мен Франциядағы әсіре оңшыл партиялар өз электораттарын кеңейтіп, жетекші партиялардың біріне айналды. Бұл оқиғалар Еуропаның басқа елдеріндегі әсіре оңшыл партияларды шабыттандырып, бүкіл Еуропада осындай партияларға қолдаудың әртүрлі деңгейде артуына әкелді. Осылайша, 2015-2019 жылдары әсіре оңшыл партиялардың табыс толқыны тез өрістеді. Себебі олар аталмыш жылдардағы экономикалық құлдырау мен Сириядағы азаматтық соғыстың күшеюі салдарынан көшіқон ағындарының ұлғаюы сияқты халықаралық оқиғаларды қарқынды түрде қолға ала бастады.

Осы нәтижелер негізінде ғылыми қауымдастықта да әсіре оңшыл партиялардың өсу үрдісінің құрылымы мен себептері туралы көптеген зерттеулер жүргізілді. Бұл үрдістің негізгі себептері ретінде иммигранттарға қарсы мәлімдемелер мен экономикалық дағдарыс жағдайында халықтың экономикалық мәселелерін шешуге уәде беретін осы партияларға әдетте ауылдық жерлерде тұратын білім деңгейі мен табысы төмен топтардың сеніп, дауыс беруін атап өтуге болады.

Еуропада осындай жағдайлар орын алып жатқан кезде, Латвиядан басқа Балтық жағалауы елдерінде әсіре оңшыл партиялардың ықпалы онша байқалмаған еді. 20102015 жылдары күшейіп, 2015-2019 жылдары саяси ықпалдың шарықтау шегіне жеткен әсіре ағымдар Эстония мен Литваға жетпегендей болды. Алайда, Латвияда 2010 жылы құрылған «Ұлттық альянс» партиясы оңшыл консервативті бағыттағы популистік мәлімдемелер жасап, сол жылы өткен алғашқы парламенттік сайлауда 7,8% дауысқа ие болды. Келесі 2014 жылғы парламенттік сайлауда партияның дауыс беру нәтижесі 16,6%-ға дейін өсті, ал үкіметтік коалиция құрамына кіргеннен кейін 2018 жылғы парламенттік сайлауда электоралдық қолдау деңгейі 11%-ға дейін төмендеді. Бұл құлдыраудың басты себептерінің бірі елдің саяси өміріне енген «Мемлекет кімге тиесілі?» атты екінші әсіре оңшыл партияның, әсіресе, экономикалық мәселелерге қатысты мәлімдемелер жасап, «Ұлттық альянс» партиясынан сайлаушылардың белгілі бір бөлігін өзіне тартып алуы болды. Эстонияға келетін болсақ, Еуропадағы осындай үрдістен пайда табу мақсатында 2012 жылдың наурыз айында Март Хельме тарапынан Эстония консервативті халық партиясы (ЭКХП) құрылды. Латвиядағы «Ұлттық альянстан» айырмашылығы, бұл партия 2015 жылғы парламенттік сайлауда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмай, шамамен 4% ғана дауыс жинады. Қазіргі таңда Март Хелменің ұлы Мартин Хельме жетекшілік етіп отырған ЭКХП өзін әсіре оңшыл деп санамаса да, жасаған мәлімдемелеріне байланысты әдеттегі әсіре оңшыл партия болып табылады. ЭКХП соңғы жылдары жүзеге асырған әртүрлі саяси стратегиялардың арқасында 2019 жылы үлкен жетістіктерге жетті. Парламенттік сайлауда 17,8% дауысқа ие болып, Юри Ратас жетекшілігіндегі Эстонияның «Орталық партиясымен» коалициялық үкімет құрамына енді. Сондай-ақ, бұл партияның мүшелері 15 министрліктің негізгі бесеуін, оның ішінде Қаржы министрлігін, Сыртқы сауда және ақпараттық технологиялар министрлігін және Ішкі істер министрлігін басқарады. Эстонияның саяси сахнасында ұзақ жылдар бойы Эстония «Орталық партиясы» мен Кая Каллас бастаған Эстония «Реформа партиясы» жетекші партиялар ретінде ел басқарды. Алайда, 2015 жылғы парламенттік сайлауда қалған екі партияның – Евгений Осиновский жетекшілігіндегі «Социалдемократиялық партия» (СДП) мен ХелирВалдор Сеэдер жетекшілігіндегі Isamaa (Отан) консервативті демократиялық партиясының электоралдық қолдау деңгейлері сәйкесінше 25% және 19%-дан 15% және 10%-ға дейін төмендеді. Бұл олардың ықпалын айтарлықтай азайтты. Осыған байланысты, 2015 жылы және одан кейін Ратас пен Каллас партиялары көрсеткіштерін ұстап тұрса да, қалған екі партияның ықпалын жоғалтуы олқылық тудырды.

ЭКХП өз мәселелері көтерілмейді деп санайтын ауыл тұрғындары, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, табысы төмен адамдар және Норвегия мен Швеция сияқты көрші елдерде тұратын эстон диаспора топтары арасында айтарлықтай қолдауға ие болды. ЭКХП табыстың біркелкі бөлінбейтінін және ауылдық жерлерге назар аударылмайтынына көңіл бөліп, 2012 жылы өз қызметін тоқтатқан және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің дауысы болған «Эстония халықтар одағы» партиясының жақтаушыларының қолдауына ие болды. Екінші жағынан, СДП және Isamaa партияларынан да ЭКХП-ға дауыстар өтуі мүмкін деп күтілуде. Оның үстіне, ЭКХП шетелде ашылған кеңселер мен жақын маңдағы елдерде диаспора қауымдастықтарымен байланыс орнатудың арқасында шетелдік қолдау арта түсті. ЭКХП дауыс берушілердің қолдауын 2015-2017 жылдары 4%-дан 13%ға дейін арттырғаннан кейін, 2017-2019 жылдары оны 15%-20% шамасында ұстай алды.

ЭКХП әсіре оңшыл партия профилі аясында түрлі мәлімдемелер мен сайлау стратегияларын жасап, басқа бағытта қозғалады. Бұл партия экономикалық дағдарыс кезіндегі саяси оппортунизмге негізделген қолдаудың орнына кірістерді бөлудегі әділетсіздік сияқты тұрақты мәселелерге көңіл бөліп, халықтың қолдауын ұзақ уақытқа сақтауға әрекет жасауда. Эстонияда осы күн тәртібімен күшейген әсіре оңшыл күштер бірнеше жылға жарқ етіп шығып, кейін бәсеңдей бастаған БЖҚ сияқты партиялардан гөрі басқа жолмен дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Екінші жағынан, Эстония сияқты либералды және социал-демократиялық партиялар басым күшке ие елде айтарлықтай тарихи тәжірибесі жоқ әсіре оңшылдардың гүлденуі әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Эстониядағы қазіргі саяси жағдайға көз жүгіртетін болсақ, ЭКХП өзінің электоратын сақтап қалуда және тіпті 2020 жылдың ақпан айындағы мәліметтерге қарағанда 1,5%-ға көп қолдауға ие. Керісінше, «Реформа партиясының» орнына ЭКХП-мен коалиция құруды жөн көрген Премьер-министр Ратастың партиясы көп дауыс жоғалтты. 2019 жылы 27%-ды құраған бұл көрсеткіш 2020 жылдың ақпан айында 21%-ға дейін төмендеді. Бұл төмендеу үрдісін елдегі әсіре оңшыл партияларға деген оң көзқарастың нәтижесі деп санауға болады. ЭКХП Эстонияның саяси өміріне тез әрі тұрақты қадамдармен орнықты, сонымен бірге сайлаушылар арасында лагерлер құрды деуге болады. Мұны, әсіресе, халықтың 22%-ын құрайтын орыс тілді азшылық, сондай-ақ әдетте Таллин мен Тарту сияқты үлкен қалаларда тұратын ЭКХП көзқарастарына қарсы либералды сайлаушылар және ЭКХП-ны қолдайтындар арасында көруге болады.

Жазушы: Женгизхан Жаналтай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Сирия қақтығысын бейбіт жолмен реттеу үдерісін талқылау үшін Ресей Президенті Владимир Путин, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және Иран Президенті Хасан Рухани бейнеконференция байланысы арқылы үшжақты саммит өткізді. Тараптар бірлескен мәлімдемеде терроризмге қарсы күрес сылтауымен жергілікті жерде жаңа реалийлерді құруға талпынып жатқандықтарын жоққа шығарды. Сонымен қатар, олар Сирияға тиесілі мұнайдан түсетін кірістерді заңсыз иемденуге және өзге тараптарға беруге өз қарсылықтарын білдірді (Ресей Президенті, 01.07.2020). Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Президент Путинге қайта сайлауға түсуге мүмкіндік беретін және басқа өзгерістермен қатар бір жынысты некеге тыйым салатын Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң жобасын елдегі бүкіл сайлаушылардың 78%-ы қолдау білдірсе, 21%-ы қарсы дауыс берген. Бастапқыда сәуір айына жоспарланып, коронавирустың өршуіне байланысты кейінге қалдырылған бұл референдумға қатысу деңгейі 65%-ды құрады. Алғаш рет Ресей азаматтарына дауыс беру үшін жеті күн мерзімі берілді (Deutsche Welle, 02.07.2020). Орталық Азияның бес мемлекетінің сыртқы істер министрлері мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео онлайнформатта өткен жоғары деңгейдегі C5+1 кездесуіне қатысты. Тараптар COVID-19 пандемиясының зардаптары мен аймақтың ұзақ мерзімді экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететін шарттарды талқылады. Сондай-ақ, қатысушылар аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, соның ішінде ынтымақтастықты нығайту арқылы Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мәселесін қарастырды (АҚШ Мемлекеттік департаменті, 30.06.2020).

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа агенттік – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты уәкілетті мемлекеттік орган. Агенттік сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу нәтижелеріне жан-жақты талдау жасап, бюджет шығындарына қатысты материалдарды зерделеп, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының әкімшілік тергеу жүргізетін болады (Kun.uz, 29.06.2020).

Өзбекстан құқық қорғау органдары Ташкентте Өзбекстанда тыйым салынған «Катиба әл-Таухид уәл-Жихад» террористік ұйымының ықпалына түскен 11 адамды ұстады. Күдіктілерге ғаламтордан экстремистік мазмұндағы бейнероликтерді жүктеумен және оларды «жасырын топ» ішінде талқылаумен айналысты деген айып тағылды. Тергеушілердің айтуы бойынша, ұсталғандар «Катиба әл-Таухид уәл-Джихад» содырларына қосылу үшін Сирияға аттануды жоспарлаған. Бұған дейін Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі бірнеше рейд өткізіп, осы ұйымның 70-ке жуық жақтасын ұстаған болатын (Фергана, 01.07.2020).

ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары бейнеконференция арқылы Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлері Зохраб Мнатсаканянмен және Эльмар Мамедьяровпен аймақтағы халық денсаулығының жағдайын, Таулы Қарабах қақтығысының қазіргі динамикасын және бейбітшілік үдерісінің келесі қадамдарын талқылау үшін жеке-жеке және біріккен кездесу өткізді. Тең төрағалар жергілікті жердегі салыстырмалы тұрақтылық жағдайына оң баға беріп, шиеленістің ушығып кетуін болдырмау үшін қарсы тараптар қарым-қатынастың бар тікелей жолдарын одан ары қолдануды жалғастыратынына сенім білдірді (ЕҚЫҰ, 30.06.2020).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстан үкіметі салық және кедендік әкімшілікті цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту және қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға қарсы күресу арқылы көлеңкелі экономикаға қарсы қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асырып жатыр. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2019 жылы көлеңкелі экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 27%-дан 23%-ға дейін төмендеді. Келесі мақсат – бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 20%-ға дейін төмендету. Бұл жетістік бюджет кірісін қосымша 1,5 трлн. теңгеге немесе 3,7 млрд. долларға ұлғайтуға мүмкіндік берді (Kazakh TV, 30.06.2020).

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқару кеңесінің онлайн мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Қазақстанның экономикалық өсімін қалпына келтіру және аталған үдерістегі АХҚО-ның рөлі. Тоқаевтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) және Орталық Азияның нарықтары шетелдік инвестициялар үшін тартымды бола алады, ал айрықша мүмкіндіктерге ие АХҚО аймақ елдерін біріктіретін әмбебап алаңның міндетін атқара алады (Ақорда, 02.07.2020). Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен Мәскеуде кездесті. Тараптар Комиссия мен ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің коронавирус пандемиясына қарсы жауап ретінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талқыға салды. Екі жақ Ресей тарапы Беларусь компанияларының шығаратын сиыр етінің импорты мен транзитіне тыйым салуы кесірінен оларды нарыққа жеткізу қиындықтарынан туындап отырған мәселелерді де қарастырды (БелТА, 02.07.2020).

Еуропалық қайта құру және даму банкі және Халықаралық қаржы корпорациясы Өзбекстанда бұрын Қоқан суперфосфат зауыты ретінде белгілі болған Indorama Kokand Fertilizers and Chemicals кәсіпорнын жаңартуға несие беретін болады. Қаржыландыру компанияға жылдық тыңайтқыштар өндірісін үш есеге ұлғайтып, жалпы көлемін 350 мың тоннаға дейін жеткізуге және энергияны қолданудың тиімділігін арттыратын жабдықтарды орнатуға көмек береді. 2019 жылы бұл мемлекеттік зауытты сингапурлық Indorama корпорациясының еншілес компаниясы Indorama Holdings сатып алған (ЕҚДБ, 02.07.2020).

Тәжікстан парламенті 2020 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға түзетулерді мақұлдады. Оның нәтижесінде бюджеттің жоспарланған кірістері 2,3 млрд. сомониге (228 млн. доллар) қысқарды, ал шығыстар бөлігі 1,8 млрд. сомониге (177 млн. доллар) азайды. Сонымен бірге, коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша жалақы төлеуге және Рогун ГЭС құрылысына 1,9 млрд. сомони көлемінде инвестиция (185 млн. доллар) бөлінетін болады (Авеста, 01.07.2020).

Қырғызстанның Қаржы министрлігінің мәліметінше, үкімет 2020 жылдың соңына дейін ел бюджетіне қолдау көрсету үшін 116,2 млн. доллар көлемінде қосымша қаражат тартуды жоспарлап отыр. Оның ішінде, 100 млн. доллар Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорынан 10 жылдық жеңілдік кезеңмен 20 жылға 1%-дық мөлшерлемемен несие ретінде алынатын болады. Ал 16 млн. долларды Еуропа одағы грант түрінде бөліп береді (Кабар, 02.07.2020).

Дайындағандар:

Даурен Абен, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Өзбекстанның Су ресурстары министрі Шавкат Хамраев екі ел арасында су қатынастары саласындағы серіктестік туралы жол картасына қол қойды. Бұл құжат су секторындағы бірқатар мәселелерді реттеп, вегетациялық кезеңдегі суды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, жол картасы 1991 жылдан бастап салынған және қайта жаңартылған сумен қамтамасыз ету нысандарын бірігіп техникалық тұрғыдан зерттеу мен бақылау жүргізуді қарастырады (Kazakh TV, 03.07.2020). Нұр-Сұлтан қаласында «Абай ТВ» телеарнасының ашылу салтанаты өтті. Жаңа ұлттық телеарна ұлы ақын, композитор және философ Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында құрылды. Қазақ мәдениетінің байлығын, мұрасы мен жетістіктерін насихаттауға арналған Абай ТВ Қазақстанның танымал брендтерінің біріне айналады деп күтілуде (ҚазАқпарат, 30.06.2020). Халықаралық Түркі академиясы қазақтың ішекті музыкалық аспабы – Ұлттық домбыра күніне арналған онлайн конференция өткізді. «Домбыра мәдениеті: дәстүр сабақтастығы және білім берудегі мәселелер» атты іс-шараға Қазақстанның музыка және өнер саласындағы оқу орындарының басшылары, белгілі музыканттар мен ғалымдар қатысты. Жиын аясында Академия Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жалпы білім беретін мектептерге арналған «Домбыра» оқу құралының таныстыру рәсімін өткізді (TWESCO, 03.07.2020).

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасының қоры «Әлемімізді қорғайық: түркі әлемінің салт-дәстүрлері» атты виртуалды сурет байқауын ұйымдастырды. Байқауға қорға мүше және бақылаушы елдердің, соның ішінде Әзірбайжан, Болгария, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Украина және Өзбекстанның дарынды балаларының 700-ге жуық суреті қатысты. Жоба ұйымдастырушылары байқауға қабылданған барлық көркем шығармалармен бірге иллюстрациялық защитныйкітап шығаруды жоспарлап отыр (AzerNews, 30.06.2020).

Түркия Әзірбайжанға COVID-19 індетімен күресу аясында гуманитарлық көмек жіберді. Жолданған жүкте Медициналық құралдардың ішінде 30 жасанды тыныс алу аппараты, 55 мың қорғаныс комбинезондарын, 50 мың N95 маскасы, 100 мың медициналық маска, 5 мың медициналық көзілдірік, 200 мың қолғап және түрлі дәрі-дәрмектің 40 мың қорабы бар. Көмек Түркия әуе күштерінің жүк ұшақтарымен жіберілді. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған гуманитарлық жүкпен бірге жіберілген хатта пандемия кезінде қаза болған әзірбайжандарға Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиевке байланысты көңіл айтты (Анадолы агенттігі, 05.07.2020).

Discovery Channel телеарнасы Каспий теңізі туралы деректі фильм шығарды. 40 минуттан астам уақытқа созылған фильм негізінен Қазақстан аумағында түсірілген. Онда Каспий теңізінің шынайы сұлулығын, итбалықтар мен ақбөкендер сынды аңдардан құралған жабайы табиғаты көрсетілген. Фильмнің авторлары Каспий теңізі планетадағы ең ірі оқшау ішкі су қоймасы екендігін арнайы атап өтіп, оны қоршаған таулардан бастап далаға дейін, шөлдерден батпақтарға дейін әр түрлі ландшафттармен айрықшаланатынына жеке назар аударған (Elitar, 02.07.2020).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.