Пандемия жағдайындағы қала өміріндегі өзгерістер: Түркістан қаласы мысалында

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЛА ӨМІРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА 2020 жылдың басында әлемнің көптеген елдеріне тарала бастаған Covid-19 коронавирус инфекциясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДС) әлемдік пандемия жариялауына алып келді. Бүкіл әлемді жайлаған бұл індеттің тез таралуы мемлекеттер арасындағы шекаралардың жабылуына, тұтас өнеркәсіп жүйесінің әлсіреуіне, экономикалық дамудың бәсендеуіне негіз болды. Соған сәйкес, көптеген іргелі елдер коронавирус пандемиясы жағдайына негізделген әртүрлі бағдарламалар қабылдады. Соның ішінде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақты ұстауға бағытталған стратегиялық бағдарламалардың маңызы зор болды. Дүние жүзінде белең алған экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы үлкен проблемаларға алып келді. Оның бір көрінісі өндіріс, қызмет көрсету, халықаралық сауда және т.б. іргелі салалардың оқшаулану жағдайына дайын болмағанынан байқалды. ДДС жариялаған пандемиялық жағдайы Қазақстанды да айналып өтпеді. Соның ішінде әрбір аймақтың өз ерекшелігіне қарай қиындықтары да болды. Мысалы, Қазақстан бойынша енгізілген карантиндік шаралар аймақтардың арнайы блокбекеттер арқылы оқшаулануына алып келді. Әсіресе, халық тығыз орналасқан Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы және Түркістан облысы аймағындағы эпидемологиялық жағдайды тұрақты ұстау қиынға соқты. Мысалы, Түркістан облысында алғашқы коронавирус инфекциясын жұқтырған адам 2020 жылдың 31 наурызында тіркелген болса, қазіргі кезде оның саны облыс бойынша 3408 адамды құрап отыр. Бұл еліміз бойынша Covid-19 ға шалдыққандардың 10%-ға жуығын құрайды. Осы белең алып бара жатқан індеттің алдын алу үшін мемлекет тарапынан бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Соның бірі ҚР аумағында 15 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізу шарасы қабылданды. Осы төтенше жағдай шараларын қамтамасыз ету үшін облыс орталықтары мен ірі қалаларда жаппай карантиндік шараларды қатаң ұстау режиміне өтуіне тура келді. Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен жеке бизнес субьектілері және басқа да қызмет көрсету салалары карантинге жабылды. Соның ішінде оқу орындары мен халықтың көп шоғырланатын орындарына қатаң бақылау орнатылды. Қала көшелері мен саябақтар да серуендеу, арнайы жиындар мен іс-шаралары кейінге қалдырылды немесе онлайн формада өткізілді. Мешіттерде жамағатпен оқылатын намаздарға тиым салынды. Енгізілген оқшаулану жағдайына Қазақстан халқының 37% қамтылды. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайына зор шығын келтіре бастады. Соған сәйкес елдегі төтенше жағдай уақытында табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Бұл жәрдемақыға Түркістан облысының 544,5 мың азаматы лайықты деп танылып, республикалық бюджеттен 23,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдеріне тұралап қалған бизнес құрылымдарын сақтап қалу үшін де арнайы көмектер көрсетілді.
Осындай бағытта өрбіген Түркістан қаласындағы эпидемологиялық жағдай Қазақстан бойынша ірі ошақтарының бірі ретінде қарастырылды. Себебі, өңірдегі халықтың тығыз орналасуы мен облыстың оңтүстік және батыс өңірлердің байланыстырушы дәліз ретінде қарастырылуы инфекцияның тез таралуының басты негізі болды. Бұл сонымен қатар, облыс халқының Қазақстанның барлық аймақтарымен тығыз қарымқатынаста болуынан да көрініс тапты. Облыс орталығындағы оқшаулану жағдайы тез қарқынмен гүлденіп келе жатқан қала өмірінде айтарлықтай орын алды. Мәселен, жыл басында бекітілген ірі іс-шаралар кейінге шегерілді. Сонымен қатар, қатаң карантин режимінде Түркістан қаласына қатынайтын көлік қатынастары тоқтады. Соның ішінде қала тұрғындары үшін Алматы – Түркістан – Кентау, Түркістан – Шымкент бағытындағы автобус қатынасының маңызы жойылды. Сыртқы көлік байланыстары тоқтап, ішкі көлік қатынастарына шектеулер енгізілгеннен кейін қаланың антропологиялық келбетінде өзгерістер байқалды. Себебі, күнделікті қоғамдық қатынастардың орнына әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары толығымен қолға алынды. Әрбір, мекеме, сауда дүкендеріне маскасыз кіруге тиым салынып, қызмет көрсету салаларында шектеулер енгізілді. Сауда базарлары жабылды. Бұл Түркістан сияқты қайта дамып келе жатқан қала үшін айтарлықтай мәселелер туындатты. Мысалға, азаматтарға қызмет көрсету саласы онлайн платформаға өткенімен, оның көптеген олқылықтары болды. Қала тұрғындары электронды формада анықтама алу үшін интернет әлсіздігін сезінді. Бұл Электронды үкімет, Цифрлы Қазақстан және т.б. бағдарламалық жобаларды қайта қарау керектігін көрсетті. Бұл сонымен қатар, білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау қызметіне ауыр жүк болды. Бос уақытын туыстары мен достарының арасында өткізгенді және саябақтарда өткізетін қала тұрғындары жаппай оқшаулану жағдайында қоғамдық тәртіптер мен шектеулерді қиындықпен қарсы алды. Тиісінше күнделікті тіршіліктен босаған халықтың көпшілігі әлеуметтік желілер де белсенді бола бастады. Халықтың күнделікті іс-әрекетіне COVID-19-дың таралуы мен Қазақстандағы эпидемологиялық жағдайды бақылау орын алды. Жалпы, Қазақстандағы коронавирусқа шалдыққандардың статистикасын қадағалау әр тұрғынның күнделікті ісіне айналды. Сонымен қатар, Түркістан өңірі үшін маңызды ерекшелік болып табылатын тойханалар мен мейрамханалардың жұмысының тоқтауы қала тұрғындарының дәстүрлі тіршілігінде өзгерістер алып келді. Барлық отбасылық іс-шараларын кейінге қалдырылып, өзара туыстық қатынастардың уақытша болса да әлсіреуіне алып келді.
Қаланың мәдени өмірінде де бірқатар ерекшеліктер байқалды. Мысалы, демалыс орындары, кітапханалар, музейлер онлайн режимде жұмыс істеуге көшті. Соның ішінде, «Әзірет Сұлтан қорық музейі», «Саттар Ерубаев атындағы мемориалдық музейі», «Облыстық тарихи-этнографиялық орталық» жұмысын ерекше атап өтсе болады. Мысалы, Саттар Ерубаев атындағы мемориалды музейі «Сарғайған газеттер» айдарымен музей қорындағы баспасөз материалдарын жариялап тұрды. Бұл баспасөз материалдарында Саттар Ерубаевтың өлеңдерімен шығармаларын құрайды. Ал, «Әзірет Сұлтан қорық музейі» музей мамандары мен ғалымдардың арнайы онлайн лекцияларын және онлайн экскурсиялар ұйымдастырды. Бұл коронавирус пандемиясы кезеңіндегі музейлердің онлайн қызметі әлеуметтік желілерді тиімді қолдану қажеттігін түсіндірді. Ол өңірлік музейлердің қызметін барынша тиімді әрі қолжетімді пайдаланудың бағыты ретінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар, көптеген музейлердің қор, экспозиция жұмыстарын қайта қарастырып, өз қызметтерін бәсекеге қабілетті етуге негіздеді. Сондай-ақ, оқшаулану жағдайында мәдени орталықтар мен музейлердің жұмыстары қала тұрғындары үшін барынша қолжетімді болды десек болады. Жалпы, мәдени ошақтардағы қолданылған мұндай қадамдар қаланың мәдени туризм саласының жаңа бағытта даму қажеттігін көрсетті. Соның ішінде онлайн лекциялар мен бейне роликтер өңірдің тарихы мен мәдениетін барлық халыққа түсінікті жетуіне мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ, осы қолға алынған іс-шаралар мәдени нысандардың жарнамалық базасы ретінде қалыптасты. Түркістан қаласының мәдени орталықтары елдегі эпидемологиялық жағдайдың тұрақты болуына да атсалысты. Мысалы, олар әлеуметтік желілерде өз парақшаларында әлеуметтік қашықтықты сақтауды, маска тағуды, жеке бас гигиенасын ұстануды және үйде болуды жарнамалап отырды. Бір сөзбен айтқанда музейлердің әлеуметтік желідегі парақшалары ауыр індетпен күресудің бірден-бір құралына айналды десек болады.
Қорытындылай келе, Түркістан аумағындағы оқшаулану жағдайы облыс халқының күнделікті өміріне жан-жақты өзгеріс енгізді. Соның ішінде халықтың белгіленген шектеулер шеңберінде өмір сүруі көптеген жаңа бағдарламалардың қажет екенін түсіндірді. Соның бірі халықтың мәдени дамуында, денсаулық, білім беру саласында бірқатар ұтымды шаралар қажет екені анықталды. Ал, Түркістан қаласының туризм саласындағы оқшаулану жағдайына бейімделген жаңа бастамалары, яғни бейне турлар, тікелей эфир арқылы таныстырылымдар көне қала Түркістанның келешек туризм саласының дамуына мол септігін тигізетін болады. Сонымен қатар, Covid-19 инфекциясының алғашқы толқынында орын алған осы жағдайлар ауыр індеттің келесі толқынына қарсы тұруға дайындық ретінде қалыптасты.
Жазушы: Жайлыбаев Дәулет, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Қырғызстанның жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев өзінің алғашқы шетелге сапарын Мәскеуге жасады. Қазақбаев жаңа үкіметтің Ресеймен саяси диалогты нығайту үшін барлық деңгейлерде тығыз байланыста болатынын мәлімдеп, Ресейдің Қырғызстанның басты серіктесі және одақтасы екенін атап өтті. Сыртқы істер министрі Қазақбаев ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесуінде сайлаудан кейін пайда болған дағдарыс кезеңінде Қырғызстандағы саяси жағдайды тұрақтандыруға қосқан ерекше үлесі үшін Ресейге алғысын білдірді (Kommersant, 23.10.2020).
Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, Минскіде өткен Беларусь пен Ресейдің арнайы қызметтерінің жиынына қатысты. Журналистерге берген сұхбатында Нартышкин шетелдік державалар конституцияға қайшы әдістерді қолдану арқылы Беларусьтың мемлекеттік құрылымын өзгертуге тырысады деп мәлімдеді (DW, 22.10.2020).
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Бас прокурорларының 18-ші отырысы бейнеконференция әдісімен өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен күресудегі заманауи тәжірибесі мен тиімді тетіктерін дамыту мәселелері қарастырылды. Қатысушылар БҰҰ Есірткі және қылмысқа қарсы күрес бюросына мүше мемлекеттердің белсенді қатысуымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Ыстамбұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары шеңберіндегі мониторинг үдерісін талқылады (SCO, 23.10.2020).
Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов журналистерге берген сұхбатында елдің сыртқы саясаты туралы өзінің көзқарасымен бөлісті. Камилов сыртқы саясат халықаралық оқиғаларға сүйенбей, белсенді болуы керек деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Камилов Сыртқы істер министрлігі басқа органдармен бірге әлемдік саясат пен экономиканың негізгі мәселелерін зерттеп, серіктестермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар дайындағанын жектізді (Kun.uz, 23.10.2020). Тәжікстан Президенті Имамали Рахман Тәжікстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Орталық қолбасшысы генерал Кеннет Ф.Мккензимен кездесті. Кездесу барысында Тәжікстан мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылық мәселелері баса назар аударылды. Тараптар сонымен бірге Ауғанстандағы және көршілес елдердегі бейбітшілік келіссөздері туралы пікір алмасты (Avesta, 22.10.2020).
Cаяси және қауіпсіздік мәселелеріне арналған «Орталық Азия - Еуропалық Одақ» атты жоғары деңгейдегі диалог кездесуі бейнеконференциялар әдісімен өтті. Қатысушылар аймақтың тұрақты дамуын, атап айтқанда трансшекаралық су ресурстарын ұтымды бірлесіп басқаруды, экологиялық мәселелерді шешуді және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Кездесуде денсаулық сақтау және шекараны басқару саласындағы ынтымақтастықты дамыту және Ауғанстанға қатысты ортақ саясат және басқа мәселелер талқыланды (ҚР СІМ, 20.10.2020).
Экономика, қаржы және энергия Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасы үшін болжамды есебін жариялады. Болжам есеп бойынша, елдің ішкі жалпы өнімінің орташа өсімі 2021-2022 жылдары 5%-ға жуықтайды. Қазақстан экономикасы 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында 1,8%-ға қысқарды. Банк сарапшылары 2020 жылдың соңына қарай ЖІӨ 2,5%-ға төмендейді деп болжайды. Есепке сәйкес, Қазақстан үкіметі ынталандырушы ақша-несие және фискалдық саясатты жүзеге асыра отырып елдің жалпы ішкі өнімінің 8-9%-на сәйкес келетін мемлекеттік қолдау шараларын қолданды (Kazak TV, 22.10.2020).
Беларусьтық кеден қызметі шығындарды үнемдейтін автоматтандыру үрдісін дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жақында Мемлекеттік кеден комитеті елдің кедендік әкімшілігі экспорттаушы тауарлардың 60%-ын кеден қызметкерлерінің көмегінсіз автоматты режимге алғанын хабарлады. Кедендік қызметтерді цифрландыру транзиттік тауарлардың 91%ын 10 минут ішінде және экспорттың 88%-ын 5 минут ішінде алуға мүмкіндік береді. Билік цифрлық технологияларға толық көшу жалғасуда деп хабарлады (BelTA, 21.10.2020).
Өзбекстанда тоқыма өнімдерін өндіру мен экспорттауда оң өзгерістер болды. Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Өзбекстан 2020 жылдың 9 айында құны 1,3 миллиард долларлық 455 түрлі тоқыма өнімдерін экспорттаған. Бұл экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,6%-ға, яғни 171,6 миллион долларға артық. Осы кезеңде Өзбекстанның тоқыма өнімдерінің импорты 8,2%-ға төмендеді. Өзбекстан ең көп экспорттайтын елі – Ресей, Өзбекстаннан 486,5 миллион долларлық өнім импорттады (UzDaily, 23.10.2020).
Еуропалық қайта құру және даму банкі Украинадағы жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Украина үкіметі банктен алған 63 миллион еуроны ұлттық пошта операторы Укрпоштаны жаңғырту үшін пайдалануды жоспарлауда. Үкімет Укрпоштаның «Логистикалық желі» және «Далалық филиал» жобаларын іске асыруға жиналған қаражатты бағыттау бойынша жоспарланған несие туралы шешімді мақұлдады. Пошта операторы пошта қызметтерін цифрландыруды жалғастыру үшін Еуропалық инвестициялық банктен қосымша 30 миллион еуро несие алуды жоспарлап отыр (Укринформ, 22.10.2020).
Еуразиялық даму банкі Қырғызстанның ЖІӨ болжады. Болжамдарға сәйкес, елдің ішкі жалпы өнімінің орташа өсімі 20212022 жылдары 4,4%-ды құрайды. Банк сарапшылары экономиканың бірінші жарты жылдықта 5,3%-ға қысқаратындығын ескере отырып, Қырғызстанның ЖІӨ 2020 жылы 5,9%-ға төмендейді деп болжайды. Пандемиядан туындаған төмендеу, шетелдік сұраныстың төмендігі, шекаралардың жабылуы, тасымалдаудағы қиындықтар және мигранттардың ақша аударымдарының күрт төмендеуі экономикалық құлдырауға себеп болды (24.kg, 22.10.2020). Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде роуминг ақыларын біртіндеп төмендетуді ұсынды. Комиссия өкілдері ұсынылған саясатты 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2025 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Комиссия осы бағытта арнайы жұмыс тобын құрып, роуминг ақыларын төмендетудің халықаралық тәжірибесін зерттеуге кірісті. Комиссия алғашқы қадам ретінде 2025 жылы жергілікті ақыны ең көп дегенде 90%-ға дейін және біртіндеп 0%-ға дейін төмендетуді ұсынады (BelTA, 22.10.2020).
Дайындағандар:
Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Гази Университеті, Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінің 100 жылдық мерейтойына арналған 12 кезекті «Әлем тілі ретінде Түрікше» сиппозиумын өткізді. Симпозиум Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Гази университеті, ТҮРКСОЙ, Юнус Эмре институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Түрік тілі қоғамының бірлікте ұйымдастыруымен онлайын желісінде өткізілді. Симпозиум аясында «Алтай тауларынан Балқанға дейін» атты көрме де ашылды (Түрксой, 21.10.2020). Венгрияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Михай Галошфай Халықаралық Түрік академиясында болды. Галошфай ұйым басшысы Дархан Қыдырәлімен кездесіп, білім және ғылым саласындағы өзара байланыстар мен ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Тараптар Академия бастамашылық еткен бірлескен жобаларда белсенді рөл алуға дайын екендіктерін білдірді (Twesco.org, 22.10.2020).
Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі, Қазақстанның Люксембургтегі Құрметті консулдығы және Қазақстан-Люксембург ынтымақтастық қауымдастығы қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай концерт ұйымдастырды. Іс-шара барысында Абайдың шығармалары неміс, француз, ағылшын, швед, қазақ, орыс және түрік тілдерінде оқылды. Шара аясында Люксембург филармониясының оркестрі Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырды (ҚазАқпарат, 21-22.2020). АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Тәжікстандағы миссиясы директорының міндетін уақытша атқарушы Уильям Холл аймақтағы USAID ВИЧ-жобасы аяқталғанын хабарлады. Жоба аймақтағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды дискриминациялау және АИТВмен емделуге қол жеткізу сияқты негізгі проблемаларды анықтауға көмектесті.
Осыған байланысты түрмеде АИТВ -мен ауыратын адамдарды емдеу және күту жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге үлес қосылды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау және кемсітуге қатысты «Мақсаттарға жету және эпидемияны бақылауға қол жеткізу» атты USAID-тің жаңа жобасы басталады (Avesta.tj, 21.10.2020).
Түркістанда Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында ескерткіштер ашылды. Салтанатты рәсімге ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерали Тоғжанов және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев қатысты. Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Отырар ауданындағы Шанлы Селефлер көшесінде болды (ҚазАқпарат, 23.10.2020).
Өзбекстанның Махалла мен отбасын қолдау министрі Рахмат Маматов Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (KOICA) өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар «Сырдария аймағындағы мұқтаж халықты қолдау бағдарламасын» іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Жоба Сырдария аймағындағы тұрғындардың кәсіби дайындығын және білікті сарапшылар мен психологтардың ақысыз көмегін ұсынуды көздейді (Uza.uz, 22.10.2020).




