f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Біліктіліктің жетіспеуін қалай шешу керек: Пәкістан мысалы
ebulletin

Біліктіліктің жетіспеуін қалай шешу керек: Пәкістан мысалы

Авторлар: Илана Даутова
2020 ж. 28 желтоқсан
Біліктіліктің жетіспеуін қалай шешу керек: Пәкістан мысалы

жыл) деректері бойынша жастардың жаһандық жұмыссыздық деңгейі (15-24 жас) 13,6%-ды құрайды. Қандай да бiр бiлiмi немесе кәсiптiк біліктілігі жоқ жұмыссыз жастардың саны өсуде. Бұл дегеніміз, жас ұрпақтың жұмыс тауып, ел экономикасына үлес қосуы үшін білімге қол жеткізуі және соған байланысты біліктілікті дамытуы қажет. Жастардың өз мансабын бастауға деген ұмтылысы мен қалауына қарамастан, жұмыс берушілер ықтимал қызметкерлердің тәжірибесінің аздығынан жұмыс орындарын толтыруда қиналады.

Manpower Group (2020) жыл сайын әлемнің 80-нен астам елінде жарты компаниямен «Біліктілік жетіспеушілік туралы есеп» жүргізеді. Бұл есепте адам ресурстарын зерттейтін мамандар әлемде өсіп келе жатқан біліктілік жетіспеушілігі зерттелген елдердің тек 18%-ында байқалмайтынын мәлімдеді. Экономикалық өсуге кері әсер ететін жұмыссыз жастардың көп болуы, білікті кандидаттарды жұмыспен қамту ұзақ мерзімді экономикалық даму болашағына қауіп төндіретін мәселеге айналады. Жұмыс берушілер сәйкес келетін жұмысшыларды жалдау кезінде кездесетін біліктіліктің жетіспеушілігі ретінде анықталатын құбылыс көп көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені бұл жастардың еңбек нарығына шығуына маңызды кедергі болып табылады. Deloitte (2018) есебіне сәйкес, АҚШ-тың өңдеу өнеркәсібіндегі бос жұмыс орнының саны 2018 жылдың өзінде 2,4 миллионға жетті. Нәтижесінде жаңа саясатты белгілеу және жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қолдау көрсету арқылы біліктіліктің жетіспеушілігі мәселесін шешу маңызды болып табылады.

Экономикасы дамып келе жатқан басқа елдер сияқты, Пәкістан да біліктілік жетіспеушілігі мәселесіне қарасы өз жастарын шұғыл түрде дайындауы керек. Халыө саны бойынша әлемдегі бесінші ел саналатын Пәкістан халқының 64%-ы 30 жасқа дейінгі және 29%-ы 1529 жас аралығында. Дүниежүзілік банктің есептері бойынша (2020b) 15-24 жас аралығындағы жұмыссыздық деңгейі 8,54%-ды құрайды. Білімнің жоқтығы немесе сапасыз білім беру жүйесі жастарға өз ісінде өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Пәкістан Статистика бюросының мәліметтері (2018) жастардың 80%-ның білім деңгейінің төмен және кез-келген кәсіпті бастауға дағдылары жоқ екендігін көрсетті.

Компаниялардың қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің осы қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттілігі арасындағы алшақтық немесе біліктіліктің жетіспеушілігі жастардан білімдерін жаңартуды, біліктіліктерін арттыруды және елде жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыс берушілердің еңбек қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа дағдыларды игеруді талап етеді. 2020 жылы 22 қаңтарда Дүниежүзілік экономикалық форум (2020a) бүкіл әлемдегі адамдарға 2030 жылға дейін үздік білім, жаңа дағдылар мен жақсы жұмыс мүмкіндіктерін ұсыну туралы Жаңадан біліктілікке ие болу революциясын (Reskilling Revolution) бастады.

Бұл бастама төртінші өнеркәсіптік төңкерістің жаңаша талаптарынан туындаған біліктілік тапшылығын жою үшін жұмыс берушілерді білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етуге арналған. Технология мен интернет әлемнің және болашақтың формасын өзгертетін болғандықтан, адамдар үшін жаңа рөлдерге сәйкес дағдыларды қалыптастыру маңызды болды. Coursera Inc., LinkedIn және басқа ұйымдардың көмегімен Жаңадан біліктілікке ие болу революциясы әлемде 250 миллион адамға жететін алаң құрады. Сонымен қатар, Жаңадан біліктілікке ие болу революциясына қарамастан, Дүниежүзілік экономикалық форум (2020b)

біліктілік айырмашылығымен жергілікті жағдайға негізделген жоспарларды әзірлеу үшін мемлекеттік және жеке секторлармен бірлесіп білім беру және оқыту мүмкіндіктерін құру арқылы Біліктілік тапшылығының жылдамдығын жабу платформасын құрды.

Осылайша, Пәкістан үкіметі Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесіп, технологиялық өзгерістерге ілесе отырып білікті жұмысшыларға деген сұранысты арттыру арқылы жас Пәкістандықтарға жол көрсететін «Паруазды» іске қосу бойынша ісжұмысын бастады. Урду тілінен аударғанда «көтерілу» немесе «ұшу» дегенді білдіретін Паруаз бастамасы, біліктіліктің олқылықтарын толтыру арқылы мемлекеттік және жеке секторларды біріктіретін жаңа тәсіл болып табылады. Пәкістан үкіметі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржылық қызметтер, тоқыма бұйымдары, қонақжайлылық, бөлшек сауда және қызмет көрсету, өндіріс және жеңіл машина жасау, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы сияқты алты басым секторды анықтады. Пенжаб дағдыларын дамыту қоры 42 ірі жұмыс берушілермен серіктестікте еңбек нарығын компаниялардың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты бағалауды жүргізеді.

Паруаз бастамасына қатысушы компаниялар қаржылық және қаржыландыру, оқу базасы және курстық қолдауды ұсынады. Ұсынылатын курстар нарық қажеттіліктеріне стандартталғандықтан, адамдар алты сектордың бірінде тиісті рөлдерге сәйкес дағдыларды игереді. Мысалы, Паруазда 200 жасты деректерді талдаушы және ITмаман болуға дайындайтын Қаржылық қызметтер инкубациялық орталығы жұмыс істейді.

Жалпы алғанда, осы алты сектордағы бөлімдер 1,55 миллионнан астам оқыту мүмкіндіктерін ұсына отырып 1,1 миллионнан астам адамның жаңа біліктіліктермен ойдағыдай бітіруіне мүмкіндік берді. Үкімет өндірістің ірі актерлерімен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, мақсатты секторларға сұранысты арттыруды және негізгі экспорттық секторлардағы әлеуетті жұмысшыларға білім беру мен курстар өткізуге назар аударуда. Мысалы, автомобиль қосалқы бөлшектері өнеркәсібі, құрал, құрастыру және қаңылтыр өндірісіне сұранысты қанағаттандыру үшін 50 000 бос жұмыс орны бар.

Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар саласына келетін болсақ, Паруаз бағдарламасы робототехника, электроника, электронды коммерция және жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін адамдардың білімін дамыту арттыру тренингтер ұсынады. Мемлекеттікжекеменшік серіктестіктің көмегімен Пәкістанда біліктілік тапшылығы мәселесін шешудің жарқын болашағы бар.

Жұмыс берушілер кадрлық менеджерлердің зерттеулері мен есептері білікті жұмысшылардың талабына, жұмыс күшіне және жалпы экономикаға қатты әсер ететіндігін көрсетеді. Біліксіз жастар, жұмыссыздықтың артуы және экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі сияқты үкіметтер үшін бірқатар жаңа қиындықтардың туындауына себеп болады. Пәкістан сияқты мемлекеттер мемлекеттік және жеке секторлармен ынтымақтастықта оқыту мен курстар өткізу арқылы білім мен білік деңгейін көтеру үшін қажетті бағдарламалар мен тетіктер жасайды. Сондықтан біліктілік тапшылығы және жастардың жұмыссыздығы сияқты проблемалармен бетпе-бет келген елдер үшін ең жақсы әдіс - жергілікті мәліметтер жергілікті кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес аймақтық стратегияларды әзірлеу деп айтуға болады.

Жазушы: Илана Даутова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ)

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына бейнеконференция арқылы қатысты. Президент Тоқаев, ҰҚШҰ-ның бейбітшілікті нығайтудағы мемлекетаралық өзара іс-қимыл механизмі ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. ҰҚШҰ басшылары халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, есірткі айналымы және киберқауіпсіздік саласындағы бірлескен шараларды талқылады. Саммиттен кейін мүше елдер 15 құжатты мақұлдады (ҚазАқпарат, 02.12.2020).

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдемесінде Ресей, Түркияның Солтүстік атлантикалық келісім ұйымына (НАТО) мүшелік етуін ынтымақтастыққа кедергі ретінде көрмейтінін айтты. Лавров мүдделерде шамалы айырмашылықтардың болуының мүмкін екендігін, бірақ елдердің мүдделер тепетеңдігін сақтай алатынын мәлімдеді. Мысалы, Ресей мен Түркия, Ливиядағы түрлі көзқарасына қарамастан, Сириядағы дағдарысты шешу үшін Иранмен бірге Астана форматын орнатты. Ол, Мәскеу Анкара кез-келген жағдайда байланыс жолдарын таба алады деп мәлімдеді (ТАСС, 05.12.2020).

Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Министрлер кеңесінің отырысына бейнеконференция арқылы қатысты. Кездесуде қатысушылар демократия, заңның үстемдігі және жеке бостандықты қорғау бойынша бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады.

Министр Мередов өз сөзінде елінің ЕҚЫҰ-мен адам құқығы саласындағы ынтымақтастығының жалғасып жатқандығына ризашылығын білдіре отырып, бұдан да демократиялық және бейбіт Еуратлантика мен Еуразия аймақтарын құруды қолдайтындықтарын мәлімдеді (Azernews, 04.12.2020). Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Біріккен ұлттар ұйымының Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының аймақтық өкілі Ричард Комендамен кездесу өткізді. Тараптар алдағы конституциялық реформаны талқылады және көпшіліктің қатысуымен Қырғызстан Конституциясы жобасын кешенді түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Тараптар адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы мәселелер бойынша белсенді диалогты сақтаудың маңыздылығына назар аударды (En.kabar.kg, 05.12.2020).

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгальды Анкарада қабылдады.

Тараптар екі елге қатысты сауда, көлік, энергетика және әскери ынтымақтастық сияқты түрлі мәселелерді талқылады. Екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі Еркін сауда туралы келіссөздердің аяқталуы болды. Тараптар екіжақты сауда көлемін жылына 10 миллиард долларға дейін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр (Qha.com.ua, 30.12.2020).

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің 19-шы отырысы онлайн режимде өтті. Қатысушылар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әртүрлі салалардағы ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі шараларды, оның ішінде COVID-19 эпидемиясының жағымсыз салдарымен күресуге бағытталған бірлескен әрекеттерді талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар бірлескен мәлімдеме арқылы 2021-2025 жж. Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жоспарын қабылдады (Astanatimes.com, 02.12.2020).

Экономика, қаржы және энергия       Жуырда Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үкімет отырысына қатысып, осы саладағы цифрландыру процесінің егін жинау көлемінің артуына айтарлықтай ықпал еткенін және ел егіншілерінің соңғы егінінде 10% өсім болғанын атап өтті. Омаров өз мәлімдемесінде агроөнеркәсіптік кешеннің 16 элементін қаржыландыруды автоматтандырудың 100%-ға жеткенін мәлімдеді. Ол сонымен қатар цифрлық технологиялардың арқасында шығындардың азайып, фермерлерге бюджеттерінен 5-10% үнемдеуге мүмкіндік бергендігін мәлімдеді (Казинфром, 02.12.2020). Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі тиімділігі 91%-дан асатын ресейлік Sputnik V вакцинасын тіркеу, өндіру тарату ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазақстанның мақұлдауынан кейін Ресей 2 миллион дозадан кем емес вакцина өндіру үшін технологиялар арқылы шикізат қамтамасыз ете бастады. Вакцина өндірісін тұрақтандыру логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 50-ден астам ел 1,2 миллиард доза Sputnik V-ге тапсырыс берді (ТАСС, 04.12.2020).

Ташкенттегі Беларусь елшілігінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың алғашқы 10 айында екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға өсіп, 195 миллион долларға жетті. Беларусь 160,7 долларлық өнімді экспорттаған болса, оның Өзбекстаннан импорты 34,3 миллион долларды құрады. Беларусьтың экспортында 300 түрлі өнім болса, Өзбекстанның экспорты негізінен мақта, жаңа піскен көкөністер, қауын және шие сияқты ауылшаруашылық өнімдерінен тұрады (БелТА, 02.12.2020). Еуропалық Комиссия Өзбекстанға «Жалпыға бірдей преференциялар жүйесі плюс» (GSP +) мәртебесін берді. Бұл елге еуропалық нарыққа экспорт кезінде біржақты тарифтік преференцияларды қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Өзбекстанның Еуропалық Одаққа (ЕО) экспорттай алатын өнімдерінің саны 6200ге дейін артады. Әр түрлі бағалаулар бойынша, GSP + жүйесінің тоқыма өнімдері бірінші кезеңде 60 миллион доллардан 300 миллион долларға дейін және 2025 жылға қарай 1,2 миллиард долларға жетеді деп күтілуде (Kabar, 05.12.2020).

Өсу тенденциясында тұрған Әзірбайжанның алтын экспорты 2020 жылдың алғашқы 10 айында 158,7 миллион долларға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға жоғары болды. Есепті мерзімде алтын өндіретін екі негізгі компанияның бірі Azer Gold өзінің экспортын 88,5 млн.

доллармен қамтамасыз етіп, 25,5%-ға ұлғайтты. 2020 жылы мұнай емес өнімдердің экспорттық тізімінде алтынның екінші орын алғандығы назар аудартады (AzerNews, 03.12.2020).

Иран Ауғанстанға жаңа Герат-Хаф теміржолы арқылы экспорттай бастады. Автокөлік бағдарындағы қиындықтарды анықтау мақсатында 500 тонна цементтің алғашқы партиясы Ауғанстанға жеткізілді. Иран 2007 жылдың сәуірінде басталған теміржол құрылысына көмек ретінде 75 миллион доллар бөлді. Есептеулер бойынша жүк тасымалы жылына шамамен 2 миллион тоннаға, ал жолаушы өткізу қабілеті 321 мыңға жетеді деп күтілуде (Каспий жаңалықтары, 05.12.2020).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Амреев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропадағы аймақтық директоры Ганс Генри П. Клюжемен кездесіп, ұйымдардың денсаулық сақтау және ынтымақтастық бойынша бірыңғай іс-қимыл жоспарын құру жөніндегі күшжігерін бағалады.

Екі күндік консультациялар барысында бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының барлық Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің өкілдері ел деңгейінде бірлесіп жұмыс жасаудың жолдарын айқындау үшін өз баяндамаларын жасады. Екі ұйым ісшаралар жоспарын пысықтады және мүше мемлекеттер арасында білім мен тәжірибе алмасуға қолдау көрсетуге келісті (Euro.who.int, 04.12.2020).

Азық–түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ)

үшінші жалпы жиналысы Анкара қаласында онлайн режимде өтті. Кездесудің күн тәртібі «Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) аймағында азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамыту» деп анықталды. ИЫҰ елдерінен барлығы 170-тен астам кісі қатысқан іс-шараға қатысушылар тамақ қауіпсіздігі туралы пікір алмасып, АҚИҰ үшінші Бас ассамблеясының барлық шешімдерін қабылдады (Astanatimes.com, 04.12.2020).

Түркіменстанның Мәдениет министрлігі Ашхабадта «Кушт Депті Халықаралық Флэш Моб» шарасын онлайн режимде ұйымдастырды.

Іс-шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Саха (Якутия), Қабарда-Балқария және Молдованың Гагауз аймағы сияқты түрік тілдес елдерден өнер адамдары қатысты. ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада 2017 жылы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енген Кушт Депті би қойылымы орындалды (Centralasia.news, 04.12.2020).

Түрікмен шенеуніктері Ауғанстанның Фаряб провинциясындағы Акин ауылында жаңа мешіт ашты. 500 адамға арналған ғибадат орны гуманитарлық көмек шеңберінде салынды. Мешіттің ашылуына Түркіменстанның ресми өкілдерінен құралған делегация қатысты. Сондай-ақ, дәл осы күні Түркіменстаннан дәрі-дәрмек, азық-түлік, тоқыма өнімдері мен тұрмыстық заттардан тұратын жаңа гуманитарлық көмек кемесі Ауғанстанның Фаряб және Джауздан провинцияларына жеткізілді (Centralasia.news, 05.12.2020). Режиссерлары Азиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбековтің «Қыз бен теңіз» атты қазақстандық киносы Канн қаласында өткен Silk Road Film Awards кинофестивалінде «Үздік әлеуметтік драма» сыйлығын жеңіп алды. «Қыз бен теңіз»

фильмі мүгедек балалар отбасыларының қауымдастығынан Динара Шарипованың өміріндегі оқиғаларға негізделген. Канндағы Silk Road Film Awards кинофестивалінде кинокөрсетілімдері әлемнің түкпіртүкпірінен тәуелсіз режиссерлер үшін ашық (Avesta-news.kz, 02.12.2020). Қытай ғалымдары Арал теңізі маңындағы техникалық қызмет көрсету мекемесінде тұзға төзімді өсімдіктердің 20 түрін өсірді. Қызыл қаз, жабайы шпинат және суаэда сальса сияқты өсімдіктер жақсы өсіп қана қоймай, сонымен қатар топырақтың тұздануын азайтуға ықпал етеді. Бұл шөлейттенуге қарсы технология Арал теңізінің құрғаған жағалауы үшін «жасыл тосқауыл» қызметін атқарады, аймақтың экологиялық қалпына келуіне, шөлейттенудің алдын алуға және бақылауға ықпал етеді деп күтілуде (News.cgtn.com, 06.12.2020).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.