Байден дәуірінде АҚШ-Қытай қарым-қатынасы қалай өзгереді?

БАЙДЕН ДӘУІРІНДЕ АҚШ-ҚЫТАЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ? Демократиялық партияның үміткері Жозеф Байден 2021 жылы 20 қаңтарда Америка құрама штаттарының (АҚШ) 46-шы президенті болып қызметіне ресми түрде кірісті. Осылайша, 78 жастағы Байден АҚШ-тың ең қарт президенті болды. Камала Харрис АҚШ тарихындағы алғашқы әйел вице-президент ретінде тарихқа енді. 2020 жылы 3 қарашада Федералды сайлау комиссиясы жариялаған АҚШ президенттік сайлауының ресми нәтижелеріне сәйкес, Демократиялық партияның кандидаты Байден 74,223,755 (46.9%) дауыс және 232 делегатпен, 81,283,495 дауыс (51.3%) және 306 делегатпен АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трампты жеңген болатын. Сайлау науқаны кезіндегі Байден-Трамп пікірталастары, Трамптың сайлау нәтижелеріне шағымдануы, АҚШ Конгресі ғимаратына шабуыл және Трампқа қатысты импичмент сияқты бірқатар маңызды оқиғалар 2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауының ел тарихындағы ең қайшылықты президенттік сайлауы ретінде тіркелуіне себеп болды. Мұндай сайлауда жеңіп, президенттікке келген Байденнің билігі кезінде АҚШ-тың сыртқы саясатының басымдықтары мен ықтимал әсерлерінің қалай болатындығы бүкіл әлем көз тіккен мәселелердің бірі болып отыр.
Осы тұрғыдан алғанда, әлемнің екі ірі экономикасы саналатын АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынасының Байден дәуірінде қалай өрбитіні де талқылауға тиісті мәселе. Себебі халықаралық қатынастарда Байден билігі дүп келетін маңызды мәселелердің бірі - АҚШ пен Қытай қарым-қатынасының болашағы деп айтуға болады. Атап айтқанда, Трамп дәуірінде шиеленісе түскен АҚШ-Қытай қарымқатынасы Вашингтон мен Пекин арасында ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 1979 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін құлдырағаны анық. Бұл жағдайда тіпті Пекин де, Вашингтон да қандайда бір кері шегініс жасаса да, АҚШ-Қытай қарым-қатынасының қайта қалыпқа келуіне белгілі бір уақыт керектігін болжауға болады. Геостратегиялық тұрғыдан алып қарағанда, АҚШ пен Қытай арасындағы жаһандық бәсекелестіктің жалғасты тереңдей беретіні кездейсоқтық емес. Ендеше, Трамп кезеңіндегі Вашингтон мен Пекиннің шиеленісін АҚШ пен Қытайдың арасында соңғы жылдары одан ары күшейе түскен жаһандық бәсекелестіктің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Осы тұрғыдан алғанда, Байденнің президенттікке келуімен АҚШ-тың Қытайға қатысты сыртқы саясаты бірден өзгермейтіні сөзсіз. Осы тұрғыда Байден билігі ең алдымен АҚШ-тың одақтастарымен соңғы жылдары әртүрлі себептерге байланысты әлсіреген қарым-қатынастарын қайта нығайтуға тырысатын болады. Ақүйдегі бірінші аптасында көптеген шешімдер қабылдаған Байден өз елін Париж климат келісімі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қайта қосумен қатар, Трамптың кейбір мұсылман елдеріне виза бермеу жарлығы мен АҚШ-Мексика шекарасында салынған дауалға бөлінген қаражатқа тыйым салды. Осы қадамдарымен Байден қысқа мерзімде АҚШтың жаһандық көшбасшылығын қайта нығайтуға және көптеген елдермен қарым-қатынасын жақсартуға мән беретіндігін көрсетті.
АҚШ-Қытай қарым-қатынасында Байден билігі дүп келетін негізгі мәселелердің бірі - екі ел арасындағы сауда-экономикалық даулар. Аталмыш дау-дамай 2018 жылдың наурызында басталып шамамен 18 айға созылған АҚШ-Қытай сауда соғысын тудырған болатын. 2020 жылдың қаңтарында Вашингтонда АҚШ-Қытай сауда келісімінің бірінші кезеңіне қол қойылғанына қарамастан, осы келісім екі ел арасында жалғасып келе жатқан саудаэкономикалық дауларды шеше алмады. Шын мәнінде, әлемдік сауда жүйесін шайқалтқан АҚШ-Қытай сауда соғысының екі ел арасындағы сыртқы сауда көлеміне кері әсері әлі де жалғасуда. Мысалы, 2019 жылы АҚШ-Қытай сауда көлемі 541.2 миллиард долларды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 14.6%-ға төмендесе, 2020 жылы 586,7 миллиард доллар болып, 8.8%-ға артса да, 2018 жылғы 633.52 миллиард долларлық межеге әлі жеткен жоқ. Коронавирус эпидемиясының әлемдік экономикаға теріс әсерін ескере отырып, Вашингтонға да, Пекинге де араларындағы сауда-экономикалық дауларын шешу қажет екені анық. Байден билігі Пекинмен сауда-экономикалық келіспеушіліктерді шешуде Трамп дәуірінде қол қойылған бірінші кезеңі АҚШ-Қытай сауда келісімін жалғастыра ма, жоқ па әлі белгісіз. Бірақ президент Байденның бірнеше жылдан бері АҚШ-тың сауда өкілдігінің кеңсесінде АҚШ-Қытай сауда-экономикалық даулары бойынша заңгер болып жұмыс істеген Кэтрин Тайды сауда өкілі лауазымына ұсынуын, Байденнің Қытаймен сауда-экономикалық дауларға үлкен мән беретіндігінің белгісі ретінде қарастырңға болады.
Қазіргі кезде АҚШ-Қытай қарым-қатынасы сауда соғысы сияқты екіжақты сауда-экономикалық және саяси келіспеушіліктермен қатар, Оңтүстік Қытай теңізіндегі талас-тартыстар, Жапония мен Қытайдың арал таласы, Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі, Иранның ядролық бағдарламасы, Үндістан мен Қытай арасындағы шекара мәселесі, Тайвань, Гонконг, Тибет және Шыңжаң мәселелері сияқты көптеген оқиғаларға бетпе-бет келуде. Әсіресе, ресми Пекин «ішкі істері» деп атайтын Тайвань, Гонконг, Тибет және Шыңжаң мәселелері Қытайдың АҚШ-пен қарым-қатынасындағы ең сезімтал тақырыптар болып табылады. 2021 жылы 2 ақпанда Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы және ҚКП Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечи АҚШ-Қытай қатынастары ұлттық комитетінің онлайн-отырысында сөйлеген сөзінде Байден үкіметін қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырып, Вашингтонның Қытайдың аталмыш «ішкі істеріне» араласпауын талап етті. Демократия мен адам құқығы риторикалық тұрғыдан болса да АҚШтың сыртқы саясатының негізгі элементтерінің бірі болып саналатынын ескере отырып, Байден билігінің Гонконг, Тибет және Шыңжаңдағы адам құқығының бұзылуын, сондай-ақ, Тайвань мәселесін сынай беретіндігі күтуге болады.
Геосаяси тұрғыдан алғанда, әлем халқының шамамен үштен екісін және әлемдік жалпы ішкі өнімнің 40%-ын құрайтын Азия-Тынық мұхиты аймағы Байден үкіметінің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болатын-дығын болжауға болады. Аталмыш аймақ Оңтүстік Қытай теңізіндегі талас-тартыстар, Жапония мен Қытайдың арал таласы, Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі, Үндістан мен Қытай арасындағы шекара мәселесі мен Тайвань мәселесі аясында көптеген геосаяси оқиғалардың сахнасы болып отыр. Сондықтан Азия-Тынық мұхиты аймағы, басқаша айтқанда Үнді-Тынық мұхиты аймағы Барак Обама және Трамп кезеңінде АҚШ-тың сыртқы саясатында өзінің стратегиялық маңыздылығын сақтап қалды. Байден вице-президент болған Обама билігі 2011 жылдан бастап «Азияға оралу» стратегиясын күн тәртібіне қойған болатын. Байден үкіметі де Трамп үкіметі сияқты, АҚШ пен оның одақтастары үшін соңғы жылдары маңыздылыққа ие болған Үнді-Тынық мұхиты ұстанымын жалғастыратынын айтуға болады. Үнді мұхиты мен Тынық мұхитын бір-бірімен байланыстыратын кең аймақты біртұтас геосаяси және геостратегиялық аймақ ретінде анықталатын Үнді-Тынық мұхиты ұстанымының астарында Үндістанға баса назар аудара отырып, Қытайдың аймақтағы саяси және экономикалық ықпалының күшеюіне жол бермеу мақсаты жатұаны анық. Сонымен қатар, Байденнің вице-президенті болып сайланған Камала Харристін Үндістанмен карым катнаста тәжіребесі мол екенін және Байден үкіметінде көптеген үнді-американдықтардың маңызды қызметке отырғанын ескергенде, Байден билігі алдағы уақытта АҚШ-Үндістан қарым-қатынасы мен Үндістан-Қытай шекарасындағы талас-тартыстарға мән беретінін оңай түсінуге болады.
Екінші жағынан, 2020 жылдың қараша айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясының (АСЕАН) мүшелері Бруней, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Мьянма, Филиппин, Сингапур, Таиланд және Вьетнам мен одақтың диалогтық серіктестері Австралия, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея мен Жаңа Зеландияның арасындағы 8 жылдық келіссөздерден кейін Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімге қол қойылуы АҚШ-ты белгілі бір деңгейде алаңдатты. Осы себепті Байден билігінің 2015 жылдың қазан айында Обама билігі бастаған және Трамп өкіметі 2017 жылдың қаңтарында шыққан ТрансТынық мұхиты серіктестігіне қайта қосылатынын болжауға болады. Қорыта айтқанда, АҚШ-тың 46-шы президенті ретінде қызметіне кіріскен Байден билігініңелдің геосаяси, геостратегиялық және геоэкономикалық мүдделері тұрғысынан Қытайды үлкен бәсекелес ретінде қарастыратыны сөзсіз. Себебі қазіргі таңда АҚШ-тың өз гегемониясын қорғауға тырысатын, ал Қытай өзінің аймақтық және жаһандық ықпалын арттыруға күш салатын кезеңге куә болып отырмыз. Байденнің сыртқы саясатта Пекинге қатысты ұстанымы Трампқа ұқсас болмауы мүмкін, бірақ оның АҚШ-тың мүдделері тұрғысынан Қытайды шектеуді мақсат ететіндігін болжауға болады. Байден кезеңінде АҚШ-Қытай қарымқатынасы бәсекелестік пен ынтымақтастықты қатар алып жүретін болады. Тез өзгеріп отырған ағымдағы геосаяси жағдайда Вашингтон мен Пекин арасында ынтымақтастық пен бәсекелестіктің қайсысы бірінші орынға шығатыны тараптардың алдағы кезеңдегі қадамдарымен тығыз байланысты.
Жазушы: Өмірбек Қанай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы барысында Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин мен Қырғызстан Премьер-министрі Улукбек Марипов екіжақты кездесу өткізді. Тараптар сауда, инвестиция, көлік, су және энергетика салаларын қамтыған жанжақты экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Үкімет басшылары Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің тоғызыншы отырысы биыл Алматыда өтеді деп келісті. Асқар Мамин әріптесін құттықтап, жаңа міндетіне сәттілік тіледі (Кабар, 06.20.2021). Ауғанстан, Өзбекстан және Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғалары құны бірнеше миллиард доллар тұратын теміржол желісі құрылысының жол картасына қол қойды. Орталық және Оңтүстік Азияның теміржол арқылы байланыстырылуы аймақаралық сауданы арттыратыны күтілуде. Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаков Ауғанстандағы бейбітшілікті қамтамасыз ету аймақ экономикасын дамытуға көмектесетінін мәлімдеді. Жоба аясында аталмыш елдер 578 км теміржол үшін халықаралық қаржы институттарынан 4,8 миллиард доллар несие алуды жоспарлап отыр (Anadolu Agency, 02.02.2021).
Украина, Грузия және Молдова сыртқы істер министрлері, Еуропалық Одақтың (ЕО) сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жосеп Боррелл, ЕО-ның көршілік саясаты және кеңейту жөніндегі комиссары Оливер Вархелий және ЕО мүше мемлекеттерінің сыртқы істер министрлеріне, Шығыс серіктестігі бастамасын одан әрі дамытудың стратегиялық көзқарасы туралы хат жіберді. Бірлескен хаттың мазмұнында министрлер ЕО интеграциялық үдерісін тереңдетуге қатысты ықылысқа толы көзқарасты талап етті. Қарастырылып отырған хатта елдер өздерінің Шығыс серіктестігі басымдықтарын белгілей отырып, Еуропаның даму үдерісіне ниеттілігін растады (Ukrinform.net, 02.02.2021).
Тәжікстан Намояндагон төрағасы (парламенттің төменгі палатасы) Махмадоир Зокирзода Әзірбайжанның Тәжікстандағы елшісі Хасан Мамедзадемен кездесті. Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында тараптар Тәжікстан мен Әзірбайжан парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін бағалай отырып, қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға ниет білдірді (Asiaplustj.info, 05.02.2021). Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэг ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэг барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, тараптар Моңғолия мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 100 жылдығын 2021 жыл бойы атап өту туралы ұсынысты құптады (Montsame.mn, 04.04.2021).
Түркия мен Әзірбайжан, Анадолының шығысындағы Карс қаласының маңында кең ауқымды бірлескен әскери жаттығулар ұйымдастыра бастады. Әскери жаттығулар Таулы Қарабах аймағын қайтадан бақылауға алу үшін Әзірбайжанның сәтті операциясынан кейін екі түрік одақтасы арасындағы қатынастардың тереңдеуінің белгісі ретінде қарастырылады. Қысқы жағдайдағы жауынгерлік қабілеттілікті арттыру мақсатында өткізілетін жаттығулар 1-12 ақпан аралығында жалғасады (Rferl.org, 02.02.2021).
Экономика, қаржы және энергия Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин министрлер кеңесінің отырысында үкіметтің 2021 жылға арналған негізгі мақсаттарын жариялады. Оларға экономикалық өсу қарқынын 3%-ға дейін арттыру, негізгі капиталға салынған инвестицияларды жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 20%-ына дейін арттыру, ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есе арттыру және жұмыссыздықты 4,9%-ға дейін азайту жатады. Үкімет шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-дегі үлесін 30%-ға арттыру және денсаулық сақтау мен білім беру салаларына үлкен мән беру бойынша зерттеулер жүргізеді (ҚазАқпарат, 02.02.2021).
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) экономикасы 3,2% өсетіндігін мәлімдеді. 2020 жылы одақтың барлық мүшелерінің экономикасындағы қысқару 3,9% шамасында деп бағаланады. Мясникович ЕЭО елдерінің болашақ жобалары болат өнеркәсібіне шикізат жеткізуді және мал шаруашылығы бағдарламаларын үйлестіруді қамтитынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Мясникович одақ шеңберінде нарықты қорғаудың маңыздылығына назар аударды (БелТА, 05.02.2021). Беларуссия премьер-министрі Роман Головченко Халықаралық Dijital Almaty форумында өз еліндегі жоғары технологиялар паркі туралы ақпарат берді. Головченко өз сөзінде Жоғары технологиялар паркінің экспорты 2020 жылы 2,5 миллиард доллардан асқанын және бұл көрсеткіш елдің қызмет экспорты көлемінің 20%-ына сәйкес келетінін мәлімдеді.
Премьер-министр өз елінің цифрлық даму саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін және олардың талшықты-оптикалық құрылымдық жүйелерде Еуропада жетекші орында тұрғанын жеткізді (BelTA, 05.02.2021).
Қырғызстан премьер-министрі Улукбек Марипов ауылшаруашылығының тоғыз маңызды жобасына қаржы ресурстарын бөлу туралы шешімге қол қойды. 60 айға қолайлы пайыздық мөлшерлемемен қолдауды көздейтін салаларға мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кіреді. Мал шаруашылығы мен дәнді дақылдар өндірісінің пайыздық мөлшерлемесі 10%-ды құраса, келісімшартпен жұмыс жасайтын фермерлер үшін бұл 8%-ды, азық-түлік өнімдерін өңдейтін компаниялар үшін 6%-ды құрайды (24.kg, 05.02.2021).
Біріккен ұлттар ұйымы жариялаған Дүниежүзілік экономикалық мәртебе мен перспективалар туралы есепте Әзірбайжан экономикасы 2021 жылы 2% өсетіндігі болжануда. 2020 жылы ел экономикасы ОПЕК+ келісіміне және эпидемиядан туындаған мұнайдың аз өндірілуіне байланысты 3,9%-ға қысқарды. 2020 жылы 3,1% болған инфляция деңгейінде 2021 жылы 3,2%, ал 2022 жылы 2% өсім болатыны болжануда (AzerNews, 05.02.2021).
Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов Халықаралық Dijital Almaty форумында Өзбекстанның цифрлық инфрақұрылымын нығайтуға 2,5 миллиард доллар салатындықтарын мәлімдеді. Әріпов сонымен бірге үкімет осы тұрғыда үш жаңа деректер орталығын ашатындығын хабарлады. Елдің білім беру, денсаулық сақтау, банк және ауылшаруашылық салаларын цифрлық технологиялар арқылы өзгертуді жоспарлап отыр. Өзбекстанда 14 миллионнан астам адам электронды төлем жүйелерін қолданады, мұнда цифрлық қызметтерге сұраныс артып келеді (UzReport, 06.02.2021).
Дайындағандар:
Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет FinExpertiza халықаралық аудит және кеңес беру желісінің мәліметтері бойынша, 2020 жылы 656,3 мың адам Ресей азаматтығын алған. Ресей азаматтығын алғандардың көп бөлігі (409,5 мың) Украина азаматтары, одан кейін 63,4 мың адаммен Тәжікстан, 43,4 мың адаммен Қазақстан, 30,5 мың адаммен Армения, 23,1 мың адаммен Өзбекстан болды. Ресейлік паспорт иелері санының көбеюінің басты себебі, 2020 жылы қабылданған ережелерге сәйкес көші-қон саясатының жеңілдеуі болып табылады (En.kabar.kg, 05.02.2021). Ыстанбулдың Сарыиер ауданындағы «Жендере» көшесінің атауы «Әзірбайжан» көшесі болып өзгертілді. Ресми ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдер, Әзірбайжанның Бас консулы Нармина Мустафаева және басқа да әзірбайжан дипломаттары қатысты. Әзірбайжанның құрметіне Ыстанбулдың ең үлкен көшелерінің бірін өзгерту екі түрік елінің достығы мен бауырластығын білдіреді (Azertag.az, 04.02.2021).
Америка құрама штаттарының Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) Тәжікстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігіне COVID-19 диагностикасы үшін 310964 долларлық зертханалық құрал-жабдықтар, реактивтер және әртүрлі материалдар қайырымдылық жасады. Қайырымдылық Тәжікстанға COVID-19 эпидемиясымен күресуге көмектесетін CDC жобасының шеңберінде жүзеге асырылды. CDC Тәжікстанның COVID-19-бен күресуіне жалпы сомасы 1,6 миллион доллар жұмсайды (Tj.usembassy.gov, 02.02.2021). Өзбекстандағы жоғары оқу орындарында оқитын ауған әйелдері үшін қысқы мектеп ашылды. Мектеп «Ауғанстан әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін Қазақстан мен Өзбекстанда білім алу және тағылымдамадан өту арқылы қолдау» аясында ашылды. Жобаның мақсаты - ауғандық студент қыздардың білім беру әлеуетін арттыру және олар өз елдеріне оралғанда гендерлік теңдікті насихаттау (Eurasiatoday.ru, 03.02.2021).
Түркіменстанның Мемлекеттік су ресурстары комитетінің Атқару комитеті, Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрлігі және Халықаралық Аралды құтқару қоры аймақтағы суды тиімді пайдалану мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізді. Тараптар аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту және су ресурстарын басқару бойынша ұсыныстарды іске асыру туралы пікір алмасты. Қатысушылар сонымен қатар Арал бассейніндегі климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешудің жолдарын табуға мән берді (Trend.az, 04.02.2021). Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінде түркі халықтарының ұлы ақыны және ойшылы Әли Шир Невайдың туғанына 580 жыл толуына орай «Әлем Шығыстанушылар контекстінде Әли Шир Невай» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға 15 елдің атынан 60 университеттен 130 академик және Түркі кеңесінің хатшылығы қатысты. Қатысушылар Әли Шир Невайдың түркі әлемінің мәдениеті, әдебиеті, саясаты, мемлекеттік басқаруы, ғылымы мен біліміне қосқан құнды үлестері туралы пікір бөлісті (Turkkon.org, 05.02.2021).




