f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Гуманитарлық және мәдени жобалар: қолдау және қаржыландыру
ebulletin

Гуманитарлық және мәдени жобалар: қолдау және қаржыландыру

Авторлар: Гүлнар Надирова
2021 ж. 19 шілде
Гуманитарлық және мәдени жобалар: қолдау және қаржыландыру

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЖОБАЛАР: ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ Мәдени-гуманитарлық салалардағы зерттеулер, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру көптеген елдер үшін әрдайым қиын болған және қиын болып қала беруде. Гуманитарлық және мәдени іс-шаралардың негізінде олардың айтарлықтай табыс әкелмеуі технологиялық немесе жаратылыстану ғылымдарындағыдай коммерцияландыру үшін қолайсыз болуы мәселесі бар. Жалпы, әр түрлі қорлар мен арнайы бағдарламалар қосымша қаржыландыру көзі болғанына қарамастан, мұндай жобалардың шығындары мемлекеттік бюджеттің есебінен жабылады. COVID-19 пандемиясы кезінде вирусқа қарсы жаһандық шаралар автоматтық түрде көптеген бастамалар мен бағдарламалардың азюына әкеліп, бірқатар гуманитарлық салалардың жарамдылығын бағалау қиынға соқты. Осылайша, әлсіреген экономикалардың барлық ресурстары адамзатты нақты қауіптен құтқару үшін бағытталды. Алайда философия, әдебиет және мәдениет мамандары дағдарыс кезінде өз көзқарастарын ұсыну арқылы COVID-19-қа қарсы күресте басқа пәндердің ғалымдарымен жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Қазіргі әлемдегі гуманитарлық және мәдени жобалардың рөлін болжау қиын. Олар халықтың мәдени-білім деңгейін көтеру, дағдарыстар кезінде салауатты өмір салты мен іс-әрекеттерін қалыптастыру, әлеуметтік және этникалық шиеленісті азайту сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Ол сондай-ақ моральдық және әлеуметтік мәселелер (әділеттілік, әл-ауқат және заң сияқты) мен мемлекеттік саясаттың мүмкін салдарын талдауға көмектеседі. Тарихи зерттеулерде, философияда немесе теологияда жасалған тұжырымдамалар көптеген көзқарастарды, заңдылықтар мен әсерлерін түсіндіру арқылы өткенді түсіну негізінде қазіргі саясатты қалыптастыруға көмектеседі. Әдебиет, өнер, психология және басқа пәндер, күнделікті өзгеріп отыратын әлеуметтік үдерістер мен жеке және ұжымдық дүниетанымдардың өзгеру мәні мен динамикасын түсінуді арттыру арқылы әлеуметтік және экономикалық мәселелерді бейнелейді.

Гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда тікелей кеңес беру түрінде де, жаңа саясат принциптерін негіздеуде де, жанама түрде қабылданған шараларды, әсіресе қолданыстағы заңнаманы бағалауда әлеуметтік пәндермен ынтымақтастықта тиімді бола алады. Осы себепті көптеген саяси ұйымдар мен халықаралық институттар, басқа да қиындықтармен қатар, жаңа кадрларды даярлау, жаңа бағдарламалар құру және осы салалардағы жұмыс орындарын сақтау гуманитарлық және мәдени зерттеулерді қолдаумен айналысуы қажет.

Осы қызығушылықтың мысалы ретінде 2021 жылы мамырда Америка құрама штаттарының (АҚШ) Президенті Жозеф Байден жариялаған және АҚШ-тың академиялық қауымдастығы қолдаған кейбір шараларды көрсетуге болады. Атап айтқанда, Байден 2022 қаржы жылына арналған 6 триллион долларлық бюджет аясында елдің мәдениет және өнер агенттіктеріне берілетін қаржыны едәуір арттыруды ұсынды. Ұлттық өнер қорының өкілі: «Агенттікке инвестицияның көбеюі оны экономиканы ынталандыратын өнер қызметін қайта ашу, қайта жалдау және насихаттау үшін күресіп жатқан кезде оны өнер индустриясына сыни қолдау көрсетуге итермелейді»

деген болатын.

Гуманитарлық ғылымдар ұлттық қоры бүкіл елдегі мәдени топтар мен қоғамдастық пен гуманитарлық білім беру бағдарламаларын қолдау үшін мемлекеттік юрисдикциялық гуманитарлық кеңестер мен уақытша серіктестерге 51,6 миллион доллар қаржыландыратынын жариялады.

Сарапшылардың пікірінше, Еуропа елдеріндегі гуманитарлық және өнер салаларына қаржылық қолдау көрсету үкіметтің функциясы ретінде қарастырылады. Мысалы, Ұлыбританияның Мәдениет министрлігі бірнеше жылдар бойы өнерге жылына 1 миллиард доллардан астам қаражат жұмсаған. Сонымен бірге, гуманитарлық және мәдени салалардағы зерттеулерді қаржыландыру мүмкіндіктері Ұлыбританияның зерттеу кеңесі, Британ академиясы, Leverhulme Trust және Британдық қызыл крест сияқты серіктерстіктер арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдау моделі Орталық Азияда кең таралған және мәдени секторда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының сәтті мысалдарының бар екендігін айтуға болады. Жекеменшік серіктестік жобаларға мысал ретінде вВедомстволық емес мемлекеттік агенттік пен Өнер және гуманитарлық зерттеулер кеңесінің (AHRC) қаржыландыруымен PEER Халықаралық академиялық желісінін өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іс-шараларын көрсете аламыз. Осы кеңес ең маңызды жаһандық дамудың кейбір мәселелері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу үшін құрылды. Бұл ынтымақтастық моделі төмен және орташа табысы бар елдердегі зерттеушілер мен академиялық емес серіктестерді қолдау мақсатында жасалған. Орталық Азия ғалымдары PEER желісінен 30 000 фунт стерлингке дейінгі ғылыми гранттарды ала алады. Бұл ынтымақтастық пәнаралық, мақсатты зерттеулерге бағытталған және Ұлыбритания мен дамушы елдердің зерттеу әлеуетін күшейтуде. Желі Қазақстанның (Назарбаев университеті), Оңтүстік Африканың (Кейптаун университеті), Англияның (Суссекс университеті) және Солтүстік Ирландияның (Ольстер университеті) жетекші 4 университетін біріктіреді.

Еуропалық одақ (ЕО) елдерінде ғылыми бағыттағы университеттерді еуропалық білім экономикасының негізгі драйвері ретінде орналастыруға бағытталған «the Guild» атты бірлестікке біріктірілген еуропалық зерттеу университеттерінің желісі бар. Бұл желі мәдениетті түсінуге, яғни адам мен адам құқықтарын насихаттауды білдіреді, сонымен қатар қоғамға, мәдениетке және экономикаға пайда келтіру үшін зерттеулер мен білімнің маңыздылығы туралы пікірталастарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан Гильдия университеттері ЕО-ның Кеңесінің, Еуропалық Парламенттің және Еуропалық Комиссияның 2021-2027 жылдарға арналған «Horizon Europe»

«Эразмус+»

бағдарламаларын құру жөніндегі келіссөздерді аяқтауға қолдауын жоғары бағалады. Келіссөздер нәтижесінде Horizon Europe бюджеті 95,5 миллиард еуроға жетті. ЕО институттары да келесі Эразмус+ бағдарламасы туралы келісімге келді. Жалпы бюджеті 26 миллиард еуроны құрайтын Эразмус+ бағдарламасы алдағы жеті жылда білім беру саласын қолдау үшін өте маңызды болады. Бұл көптен күткен бюджеттің ұлғаюы көп мақсатты бағдарламаның үлкен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған.

Атап айтқанда, Эразмус+ бағдарламасы 10 миллионнан астам адамның ұтқырлығын қолдауға бағытталған.

Еуропалық университеттер саясаткерлермен қарым-қатынас жасау, қоғамдастық алмасуды ынталандыру, жоғары білімнің жақсырақ дамуына көмектесу және жаһандық қиындықтарға қарсы тұру үшін мемлекеттік және жеке ұйымдармен серіктестік қарым-қатынасты жалғастыра беретіндігін мәлімдеді.

Әлемдегі университеттердің зерттеушілері COVID19 пандемиясының өмірімізге қалай әсер ететінін түсіну үшін жұмыс істейді. Індеттің қоғамдардың өмір салтын түбегейлі өзгерткені қазірдің өзінде айқын. Шешім қабылдаудың маңызды үдерістерінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар шешуші рөл атқара алады. Ғылыми орта жанжал, маргиналдану, қоныс аудару және басқа да әлеуметтік апаттардың қаупін азайту үшін гуманитарлық және мәдени диалогтың жаңа түрлерін құруді көздейді. Бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстар жағдайында өте маңызды. Орталық Азия аймағында мәдениетаралық диалог, мәдениет және өнер әртүрлілігін құрметтеу, әсіресе, өзара түсіністікті нығайтуда, мәдени, тілдік және этникалық алауыздықтың алдын алу және әртүрлі жеке тұлғаларды сақтауда маңызды болып табылады. Алайда, бұл бағыттар да қолдау мен дамуды қажет етеді. Әлемдегі барлық нәрсе, оның ішінде адамдар да өзара байланысты және бір-біріне тәуелді.

Жазушы: Гульнар Надирова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Станислав Засьты қабылдады. Тараптар Тәжікстанның Ұйымға төрағалық етуінің басымдықтарын, ҰҚШҰ мемлекет басшыларының келесі кездесуіне қатысты дайындық пен ағымдағы міндеттер мен маңызды қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Олар, әсіресе, аймақтағы саяси және әскери жағдайға назар аударып, Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасын қорғау әлеуетін күшейту керектігін құптады (ASIA-Plus, 02.07.2021).

Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер екіжақты ынтымақтастық мәселелерімен қатар, сауда, өнеркәсіптік жобалар, Ауғанстандағы әскери-саяси жағдай және Орталық Азия мемлекет басшыларының кезекті кездесуін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша да пікір алмасты (Orient.tm, 30.06.2021).

Түркия-Өзбекстан үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық комиссиясының отырысында Түркияның вице-президенті Фуат Октай Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның осы жылдың соңына дейін Ташкентке сапар жоспарлап отырғанын хабарлады. Октай Түркия мен Өзбекстанның стратегиялық мақсаты екіжақты сауда көлемін 10 миллиард долларға дейін арттыру екенін атап өтті. 2021 жылдың аяғында тауар айналымының 4 миллиард долларға жетуі күтілуде (Kun.uz, 29.06.2021).

Украина мен НАТО Қара теңізде «Sea Breeze-2021» бірлескен жаттығуын бастады. АҚШ-тың «Росс» әскери кемесімен қоса АҚШ пен НАТО одақтастарынан 30 әскери кеме мен 40 ұшақ Украинаның Одесса портына жаттығулар үшін келді. Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ әскери-теңіз күштерінің «Росс» әскери кемесін аралап, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 6-флотының қолбасшысы вице-адмирал Еуген Блэкпен кездесті. Президент Зеленский АҚШ пен НАТО серіктестерінің құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі қолдауымен Украина өзінің тәуелсіздігін сенімді және сәтті түрде қорғай алатынын мәлімдеді (President.gov.ua, 04.07.2021).

Түрік мен Әзірбайжанның қарулы күштері Бакуде «Мұстафа Кемал Ататүрік 2021» атты бірлескен жаттығуларын бастады. Аталған жаттығуларға барлығы 600 сарбаз, 40 танк пен броньды техника, 20 снаряд зеңбірегі, 7 жауынгерлік тікұшақ пен ұшқышсыз авиация қатысты. Жаттығулардың басты мақсаты - екі армияның соғыс қимылдары кезінде өзара әрекеттесуін арттыру және командирлердің әскери шешімдер қабылдау дағдылары мен олардың әскери бөлімдерді басқару қабілеттерін арттыру (Daily Sabah, 28.06.2021). Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Душанбеге ресми сапармен келген Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті. Тараптар Тәжікстан мен Түркия арасындағы түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Президент Рахмон мен министр Акар соңғы кездері аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі ахуалдың нашарлап кеткеніне назар аударып, халықаралық қоғамдастықтың терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылына серіктес болу қажеттігін атап өтті (ASIA-Plus, 01.07.2021).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстан шағын және орта бизнес үшін арнайы оқу орынын ашу арқылы электрондық сауданы дамытуға қолдауды арттыруды жоспарлап отыр. Шешім Astana Finance Days халықаралық конференциясының онлайн-семинарында жарияланды. Мектептің қолдау шараларына оқыту курстары, вебинарлар және жаңа ақпараттық технологиялар құралдары кіреді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы бөлшек сауда электрондық сауда нарығының көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2020 жылы 93%-ға өсіп, 896,7 миллион долларға жетті (Qazaq TV, 02.07.2021).

Халықаралық атом қуаты агенттігінің делегациясы Өзбекстанның инфрақұрылымының дамуына жан-жақты баға беріп, Өзбекстанның шаралары барлық заңды талаптарға сәйкес келетіндігін мәлімдеді. Делегация Өзбекстан өзінің атом энергетикалық инфрақұрылымын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сонымен бірге сарапшылар елге өзінің алғашқы атом электр станциясын құруға көмектесетін ұсыныстар мен ұтымды кеңестердің тізімін дайындады (UzReport, 03.07.2021).

Қазақстан мен Беларусь Беларусқа мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Қазақстан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мұнай өнімдері Беларусқа 2021 жылдың күзінде жіберіле бастайтынын мәлімдеді. Келісім бекітілгеннен кейін елдер жүк тасымалдау жоспарын және тауарлар тізімін анықтайтынын және жеткізу уақыты мен мөлшерін талқылайтынын жеткізді (BelTA, 30.06.2021). Дүниежүзілік банк пен Украина арасындағы екіжақты ынтымақтастық тереңдей түсуде. Жақында Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Украинадағы «Еуропалық электр желілерінің интеграциясы үшін қуат жүйесінің тұрақтылығын арттыру» атты жаңа жобаны қаржыландырудың 212 миллион долларлық қарарын мақұлдады. Жоба Украинаның энергетикалық жүйесін еуропалық электр желісімен үйлестіреді деп күтілуде. Сондай-ақ энергетикалық секторды көмірсутектендіруге және елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға үлес қосу жоспарлануда (Ukrinform, 01.07.2021). Ресейдің Ауылшаруашылығы министрі Дмитрий Патрушев Белградқа барып, сербиялық әріптесі Бранислав Недимовичпен кездесті. Патрушев Сербия мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді жүзеге асыру екіжақты сауда айналымына айтарлықтай оң әсер ететіндігін мәлімдеді. Ол Сербия мен Ресей арасындағы ауылшаруашылық тауар айналымы эпидемияға қарамастан 2020 жылы 7%-ға өсіп, 500 миллион долларға жеткенін айтты. Министр Недимович келісім сербиялық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатындығын атап өтті. Аталған келісім 10 шілдеде күшіне енеді деп күтілуде (TASS, 02.07.2021).

Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы жаңа жобаларға қолдау көрсетуін жалғастыруда. Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Өзбекстандағы электр энергетикасы секторын өзгерту және икемді беру жобасын мақұлдады. Өзбекстан үкіметі Халықаралық даму қауымдастығынан 380 миллион доллар және Жасыл климат қорынан (GCF) 43 миллион доллар несие алады. Сонымен қатар GCF таңдалған жобалық іс-шараларды жабу үшін 4 миллион доллар грант бөледі. Жоба Өзбекстанның ұлттық энергия беру жүйесін жаңартады (Kun.uz, 28.06.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Түркі әлемі сәулетшілері мен инженерлері одағы Анкара Гази университетінде өткен салтанатты рәсімде 2021-2022 жылдарын Мырза Ұлықбек жылы деп жариялады. Бұл шешім оның мемлекет қайраткері мен ғалымның жалпы әлемдік өркениеттің дамуына қосқан құнды үлесінің арқасында қабылданды. Іс-шараға қатысушылар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің өзбек-түрік қатынастарын қалпына келтіру және нығайту жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады бірлескен ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге дайын екендіктерін білдірді (UzDaily, 01.07.2021). Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), III. «Еуропа мен Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі туралы білім және таным» атты онлайн режимінде Өңірлік конференция ұйымдастырды. Іс-шараға әр елден 136-дан астам халықаралық ұйымдар, жеке және мемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Іс-шара БҰҰ Даму бағдарламасының «Климат сауыты» климаттық білім берудің аймақтық бастамасының нәтижелері бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында климаттық білім беру, таным және қатысуды жақсартуға бағытталған (Turkmenportal.com, 02.07.2021).

Норвег тілінде шыққан, қазақтың ұлы ақыны және философы Абайдың қара сөздер кітабы мен таңдамалы өлеңдерінің тұсаукесері өтті. Осло әдебиет үйіндегі тұсаукесер Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Шығармаларды тәжік-норвег жазушысы, әдебиетнаушы, профессор Лутфия Бобоёрова аударған. Кіріспе бөліміне бас редактор, көрнекті норвегиялық ғалым Ахиллес Колас өз үлес қосқан (Kazinform, 28.06.2021). Түркияның вице-президенті Фуат Октай Өзбекстанға сапары барысында тарихи Самарқанд қаласына барды. Фуат Октаймен бірге Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов және премьер-министрдің орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков болды. Тарихи орындар мен Самарқанд университетіне барған тараптар ғылымизерттеу және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Вице-президент Октай түрік тарапы туризм және білім беру саласында жоспарланған жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын растады (Uzreport, 30.06.2021).

Әзірбайжан мен Түркия бірлесіп 2020 жылғы Таулы Қарабақ соғысындағы Әзербайжанның жеңісіне арналған фильмдер мен сериалдар шығаруды жоспарлап отыр. Бұл тақырып Әзірбайжанның Мәдениет министрі Анар Керимов пен Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Мисбах Демиржанның Бакуде өткен кездесуінде талқыланды. Екі жақ бұл идеяны қолдап, бірлескен кинофестивальдер ұйымдастыру, екі елдің мемлекеттік және жеке кино ұйымдары мен кинематографистерінің ынтымақтастығы туралы пікір алмасты. Тараптар мәдениет және туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты (Azernews, 29.06.2021).

Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Мисбах Демиржан Халықаралық түрік мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Афандиевамен кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Тараптар ұйымның негізін қалаушы Түркиямен тығыз серіктестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ахмет Мисбах Демиржан қордың қызметін, оның ішінде түрік мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған конференциялар, көрмелер мен кітаптар шығарылымын қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Гүнай Афандиева Ахмет Мисбах Демирчанға түркі тілдес елдердің бай мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін кітаптар мен Қарабақ кілемін сыйға тартты (Azernews, 02.07.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.