Халықаралық ядролық саясат: неге елдер ядролық қаруға ие болғысы келеді?

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ САЯСАТ:
НЕГЕ ЕЛДЕР ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ИЕ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ? Атом ядросының бөлінуі, бірігуі немесе екеуінің қоспасы арқылы химиялық реакциясы нәтижесінде жарылыс жасайтын қаруды ядролық қару деп атауға болады. Ядролық қаруды халықаралық қатынастарда бірінші рет Америка құрама штаттары (АҚШ) Жапонияға қарсы 1945 жылы 6 және 9 тамызда қолданды. Әлемде ядролық қаруды сынақтан өткізген сегіз егемен мемлекет бар. Олардың бесеуі Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ)
сәйкес «ядролық қарулы мемлекеттер» деп танылды. Хронологиялық тұрғыдан алғанда аталмыш елдердің ядролық қаруға ие болу жағдайы келесідей: АҚШ, Ресей (Кеңес Одағының мұрагері), Англия, Франция және Қытай. АҚШ-тан кейін 1949 жылы 29 тамызда Кеңес одағы Қазақстанның Семей облысында «Джо 1» атты жиырма килотондық бомбаны сынақтан өткізді. Ұлыбритания 1952 жылы Монте-Белло аралдарында (Австралиядан солтүстікбатысқа қарай жүз жиырма шақырым) алғашқы плутонийдан жасалған ядролық қаруын жарды. Төртінші ядролық держава Франция өзінің ядролық қаруын 1960 жылы 13 ақпанда сынаған болса, Еуропа және әсіресе Кеңес одағынан техникалық көмек алған Қытай 1964 жылы ураннан жасалған алғашқы ядролық қаруын сынап көрді. Осылайша, ядролық қарудың кезекті сынақтарын жүргізген бұл мемлекеттерді ЯҚТШ «ядролық күш» мәртебесін алған мемлекеттер ретінде санайды.
Ядролық қарудың көбеюіне жол бермеу үшін ЯҚТШ 1968 жылдың 1 шілдесінде қол қоюға ашылып, оған егемен мемлекеттердің көпшілігі қол қойды және аталмыш шарт 1970 жылы 5 наурызда күшіне енді. Қол қойған барлық мемлекет Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ)
«Қауіпсіздік аудиті туралы келісімге» қол қою арқылы қауіпсіздік бақылауын жүзеге асыруға келісуі керек. ЯҚТШ, бейбіт мақсатта қолданылатын ядролық технологияның артықшылықтарын қабылдаумен қатар, дәл сол технологияны ядролық қару өндірісінде қолдануға болатындықтан, оны бейбіт мақсаттан басқа қолдану жолдарын шектеу қажеттілігін қабылдайды. Осы мақсатта жаңа қорғау режимінде «ядролық қаруға ие мемлекеттер»
(АҚШ, Кеңес Одағы, Ұлыбритания, Франция және Қытай) мен «ядролық қаруға ие емес мемлекеттер» арасында айырмашылық жасалды. Осы шартқа сәйкес, келісімнің пайда болуына дейін ядролық тізбектің реакциясын дамытқан және ядролық механизмді іске қосқан елдер өз мүмкіндіктерінен бас тартпайтын болады. Ең алдымен, Үндістан шарт құрылымындағы осы әртүрлі реттеулерді дискриминация ретінде анықтап, келісімге қатысушы бола алмайтынын мәлімдеді. Осы оппозициялық ұстанымынан кейін Үндістан 1974 жылы алғашқы ядролық қару сынағын өткізді. Үндістанмен қауіпсіздік мәселесі болған Пәкістан дәл осындай мәлімдеме жасап, 1998 жылы алғашқы ядролық қару сынағын өткізді. Бұл екі ел ЯҚТШ-қа қатысушы болмағандықтан, «ядролық қаруға ие мемлекет» мәртебесіне ие емес, «ядролық қаруға ие іс жүзіндегі мемлекет» немесе «ядролық державаға айналу жолындағы мемлекет» ретінде қабылданады. Ядролық шартқа қатыспайтын тағы бір мемлекет Израиль. Израильдің 200-ге жуық ядролық қаруға ие болғаны болжануда. Израиль бұл айыптауларға ешқандай жауап қатпастан үнсіздік саясатын ұстанғанды жөн көреді. Шағын мемлекеттік психологиясымен Жапония мен АҚШ-тан қорғану идеясымен ядролық қару жасай бастаған Солтүстік Корея бұл әрекеттерінде Кеңес одағы мен Қытайдан айтарлықтай қолдау алды. 2004 жылдың басынан бері кем дегенде екі ядролық оқтұмсық жасауға жеткілікті плутонийға ие Солтүстік Кореяда бұл оқтұмсықты 1350 шақырым қашықтыққа жібере алатын баллистикалық зымырандары бар екені белгілі. Солтүстік Корея әкімшілігі 2003 жылғы 10 қаңтарда қабылданған шешіммен ЯҚТШ-тан шығатынын жариялағаннан кейін, 2003 жылы 10 сәуірден бастап ЯҚТШ-тан шығарылды. Солтүстік Корея - шарт күшіне енгеннен бері осындай шешім қабылдаған алғашқы мемлекет. МАГАТЭ инспекторлары елден кетіп, нысандарға орнатылған бақылау құрылғылары алынып тасталғандықтан, 2004 жылдың ақпан айынан бастап Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарақ бағдарламасы қай кезеңде екенін нақты айту мүмкін емес. Ядролық қаруға ие немесе ядролық қару өндіруге жеткілікті материалға ие ретінде саналатын тағы бір мемлекет - Иран. Иран ЯҚТШ-ға 1968 жылы 1 шілдеде, яғни ашылған күні қол қойып, аталмыш шартты 1970 жылы 2 ақпанда ратификациялағанын айта кеткен жөн. Содан кейін Иран 2003 жылы жедел тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін Қосымша хаттамаға қол қойып, оны 2016 жылы ратификациялады, бірақ Тегеран әкімшілігінің банктік қатынастар мен мұнай экспортын қалыпқа келтіру үшін шаралар қолданбағандықтан 2021 жылы хаттаманы тоқтатты. Тегеран үкіметі бірнеше рет Иранның ядролық бағдарламасын бейбіт екенін жариялағанымен, оны Батыс ядролық қару шығару үшін жасағанын болжауда. Осы себепті Батыстың Иран үкіметіне қарсы санкциялары көптеген жылдар бойы қолданылып келеді.
Сонымен, неге бұл елдер 1945 жылдан бастап ядролық қаруға ие болғысы келеді?
Мемлекеттердің ядролық қаруға ие болу тілектері әртүрлі теориялар, модельдер мен тұжырымдамалар тұрғысынан зерттелді. Теориялық тұрғыдан мемлекеттердің ядролық қаруға ие болуға деген ұмтылысы мемлекеттің өмірде қалу теориясы, ұлттық бедел теориясы және ұлы күш мәртебесі сияқты тәсілдер шеңберінде зерттеуге болады. Скотт Д. Сага мен Джозеф Циринконе «қауіпсіздік моделі», «ішкі саясат моделі» және «норма моделі» және «қауіпсіздік», «ішкі саясат», «технология»
және «экономикалық»
модельдер сияқты кейбір модельдерді ұсынды. 1945 жылы АҚШ Жапонияға қарсы алғашқы ядролық қаруды қолданған кезде, 1952 жылы Кеңес одағының ядролық жұмысын жеделдетіп, алғашқы сынақтарын өмірде қалу теориясымен түсіндіруге болады. Мұны Саган мен Циринконенің қауіпсіздік моделімен де сипаттауға болады. Саганның қауіпсіздік моделіне сәйкес мемлекеттер сыртқы қауіпқатерлерге, әсіресе ядролық қауіп-қатерлерге қарсы ұлттық қауіпсіздігін арттыру үшін осы қаруға ие болғысы келеді. Циринконенің тәсілі бойынша мемлекеттер өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ядролық қаруға ие болуды қалайды. Кейінірек Ұлыбритания, Франция және Қытайдың ядролық қаруға ие болуға деген ұмтылысы, олардың ұлы держава ретінде беделге ие болу және қауіпсіздік мәселелеріне байланысты өмірде қалу теориясына қатысты. «Престиж» моделі ядролық қарудың символдық құндылығын көрсетеді. Яғни, осы қаруға ие мемлекеттер оны ұлы держава болудың алғышарты ретінде қарастырады. Биполярлық жүйенің ұлы державалары ретінде АҚШ пен Кеңес одағының ядролық қаруы сыналғаннан кейін үлкен державалық мәртебеге ие болғысы келетін басқа мемлекеттер үшін ядролық қарудың болуы бедел мәселесіне айналды. Үндістанның ядролық қару жасауға ұмтылысын Қытайдан келген қауіпсіздік мәселелерімен байланысты өмірде қалу теориясымен түсіндіруге болады, ал Пәкістанның ядролық қаруға ие болу ынтасы Үндістанға байланысты мәселесімен байланысты. Ядролық қаруды жасауға және сатып алуға деген ұмтылысты модельмен түсіндіруге болады. Технологиялық модельге сәйкес, егер мемлекет ядролық қару өндіретін технологияға ие болса, көптеген басшылар мұндай ғылыми жетістікке жету ынтасына қарсы тұра алмайды. Жоғарыда аталған осы үш мемлекет технология саласында үнемі дамып келе жатқандықтан, олардың технологияның барлық түрлеріндегі жетістіктерін жариялауын қалауы заңды. Израильдің ядролық қаруға деген ұмтылысы араб-израиль соғысының себептерімен байланысты болғанымен, оны норма үлгісінде қарастыруға болады. Норма модельге сәйкес, мемлекеттер бұл қаружарақты сатып алуға тырысады, өйткені олар оны мемлекеттің заманауи және өзіндік белгілері ретінде қарастырады. Солтүстік Корея мысалында ұлттық беделге ие болу ядролық қаруға ие болуға деген ұмтылыстың артында тұрса да, қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатарда тұрады. Сонымен қатар ішкі саясат моделінің әсер еткенін айтуға болады. Ішкі саясат моделі бойынша мемлекеттер ядролық қарудың күшін жергілікті және бюрократиялық мүдделерді қорғау құралы ретінде пайдаланады. Бүкіл әлем, әсіресе Батыс, қауіпсіздік мақсатында Иранның ядролық қаруға ие болғанын қаламайды, ал Иранның ядролық қаруға ие болу мүмкіндігі қауіпсіздік мәселелерінен туындайды. Өзінің орналасқан жеріне байланысты Таяу шығыс сияқты қақтығыс аймағында орналасқан Иран басқа мемлекеттер сияқты өзінің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қорғауды мақсат етеді.
Көріп отырғанымыздай, 1945 жылы АҚШ-тан басталған ядролық қару жарысы бүгін Иранның ядролық қаруына ие болу мүмкіндігімен жалғасуда. Зерттеу барысында мемлекеттердің ядролық қаруға ие болуға деген ұмтылысы әртүрлі теориялар мен модельдер тұрғысынан қарастырылған кезде, олардың ортақ мәселесінің қауіпсіздік мәселесі екендігі анықталып, сонымен қатар ұлы державаға айналуға деген ұмтылыс, беделге ие болу, ішкі саясат пен технологиялар сияқты себептер де әсер етеді. Осы тұрғыда, мемлекеттерді ядролық қаруға итермелейтін жалғыз себеп болуымен қатар, сонымен бірге ол елдің орналасқан жеріне, құрылымына және қабылданатын қауіп-қатеріне байланысты бірнеше себептерді қамтуы мүмкін екендігі белгілі болды.
Жазушы: Жұлдыз Қанапиянова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және Экономика, қаржы және энергия Жақында Қазақстан Қаржы министрі Ерұ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) ұйымдастырған «Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу» атты ғылым мен технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсіміне бейне байланыс арқылы қатысты. ҚасымЖомарт Тоқаев қазіргі жаһандық сын-қатерлер туралы айта келіп, ИЫҰ мемлекеттері мен жалпы әлемді тұрақты әрі өркендеген болашаққа қол жеткізу үшін үйлесімді іс-қимылдар жүргізуге шақырды. Сондай-ақ, Президент 2025 жылға қарай Қазақстан ғылым саласына ішкі жалпы өнімнің 1%-ы көлемінде қаржы бөлуді, ал білім беру ісінде 7%-ға жеткізуді жоспарлағанын жеткізді (Kazinfrom, 16.06.2021).
Өзбекстанда президенттік сайлауды 2021 жылы 24 қазанда өткізу жоспарланған. Жақында елдің Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісіне 28 млн. доллар жұмсалатынын мәлімдеді. Партиялар мен кандидаттар сайлау алдындағы іс-шаралар үшін сәйкесінше 1,5 млн. және 300 мың доллар алады. Сайлау комиссиялары қызметкерлерін оқыту курстарына шамамен 1,67 млн. доллар бөлінеді. Қаражаттың шамамен 80%-ын сайлау учаскелері мен айналасына жұмсайды (UzReport, 17.06.2021).
Әзірбайжан Ресеймен Каспий теңізіне қатысты мәселелер бойынша келісөз жүргізуді бастады. Әзірбайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халеф Халефов Ресей Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Михаил Петраковпен кездесті. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді жүзеге асыруды талқылады. Сонымен қатар, Каспий теңізінің кезекті саммитіне мемлекет басшылары деңгейіндегі дайындыққа қатысты шараларға шолу жасады. Саясаткерлер Каспий теңізімен шекаралас мемлекеттер арасындағы келісім жобаларына да назар аударды (AzerNews, 18.06.2021).
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулем Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екіжімен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, мәдениет және білім беру салаларына қатысты екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы Әшімбаев Түркияның Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап маңызды стратегиялық серіктесі болғанын жеткізді. Тараптар сонымен қатар Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында түркітілдес халықтардың ықпалдастығын дәйекті түрде дамыту мәселелеріне назар аударды (Kazinform, 15.06.2021).
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Таулы Қарабахтағы Шуша қаласына барды. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесуі кезінде тараптар одақтастық қатынастар туралы «тарихи декларацияға» қол қойды. Сонымен бірге түрік басшысы Армениямен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге шақырды және Оңтүстік Кавказда Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Иранның қатысуымен алты жақты ынтымақтастық форматын ұсынды (Kommersant, 16.06.2016) . Түркия, Иран және Ауғанстан сыртқы істер министрлері Анталияда үшжақты кездесу өткізді. Кездесу әр елдің саяси көшбасшылары, дипломаттары, пікір жетекшілері мен ғалымдарының басын қосқан үш күндік Анталия дипломатиясы форумы аясында өтті. Қатысушылар Балқан түбегінен Еуропалық Одақтың болашағына дейінгі, трансатлантикалық қатынастардан бастап босқындар дағдарысына дейінгі, сондай-ақ, терроризмнен аймақтық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге дейінгі көптеген тақырыптарды талқылады (Anadolu Agency, 20.06.2021).
лан Жамаубаев ел Сенатының жалпы отырысына қатысты. Жамаубаев 2020 жылғы әлемдік дағдарыс сауда қызметінің айтарлықтай төмендеуіне алып келгенін мәлімдеді. Эпидемияға байланысты шектеулерге қарамастан, Қазақстан экономикасы 2%-ға өсті, ал салалықтың өсу 3,9%-11,2% аралығында өзгерді. Алайда негізгі капиталға салынған инвестициялардың 3,4% төмендеуі байқалды. Үкімет 40 мың шағын және орта кәсіпкерлікті төмен пайыздық қаржыландыруға қолдау көрсетіп, жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде ұстады (Kazinfrom, 17.06.2021).
Дүниежүзілік банк Өзбекстанда қаржылық реформаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Жуырда Банк Өзбекстандағы жергілікті салық төлеушілерге жақсы қызмет көрсетуге бағытталған Салық әкімшілігін реформалау жобасын мақұлдады. Осы мақсаттар үшін Дүниежүзілік банк Халықаралық даму қауымдастығынан 60 млн. доллар көлеміндегі төмен мөлшерлемелі несие бөледі. Жоба экономиканың бейресми секторының қысқаруына әкеледі деп күтілуде (UzReport, 18.06.2021). Тәжікстан Қаржы министрі Файзиддин Каххорзода Азия даму банкінің (АДБ) Тәжікстандағы директоры Шанни Кэмпбеллмен кездесу өткізді, онда банктің Тәжікстанға арналған 2022-2024 жылдарға арналған операциялық бизнес-жобасын талқылады. Бизнес-жоспар аясында АДБ алдағы үш жылда 462 млн. доллар грант бөлуді жоспарлап отыр. Қаржылар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалады деп күтілуде (Asia-Plus, 18.06.2021).
Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палаталары Түрікменстан мен Украина үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бейне конференция өткізді. Тараптар екіжақты сауданың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Сондайақ, екі елдің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай оң әсер ететін көліклогистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Қатысушылар екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға келісті (Orient, 15.06.2021). Ресейлік «Газпром» бас директорының орынбасары Фамил Садыгов Газпром 2021 жылға қарай «Сібір қуаты» газ құбыры арқылы Қытайға газ таратуды екі еседен астам арттыруды жоспарлап отырғандығын мәлімдеді. Осылайша, компанияның жеткізілімі 8,5 млрд. текше метрге жетеді. Газпром 2020 жылы 4,1 млрд. текше метр табиғи газ жеткізді. Компанияның болжамына сәйкес, он жыл ішінде Қытайдағы газға деген сұраныс 2020 жылмен салыстырғанда 50%-дан артық өседі (TASS, 16.06.2021).
Қытай-Беларуссия «Ұлы тас» индустриалды саябағының төрағасы Александр Ярощенко баспасөз жиналысын өткізіп, Ұлы тас 670 млн. доллардан астам инвестиция тартқанын мәлімдеді. Ярошенко 13 елден 70 резидент-компаниялар өздерінің қаржылық ресурстарына белсенді инвестиция салуда деп мәлімдеді. Саябаққа Беларуссия шамамен 31 млн. доллар инвестиция салды, ал Қытай 50 млн. долларға техникалық көмек көрсетті. Ол мемлекеттік қаржының ең аз мөлшерде жұмсалғанын атап өтті (BelTA, 15.06.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет III Халықаралық түрік әлемі жаратылыстану және инженерлік ғылымдар конгресі (TURK-COSE-2021) Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан) мен Нигде Өмер Халисдемир университетінің (Түркия) ұйымдастыруымен онлайн форматта өтті. Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, екі университеттің ректорлары, проректорлар мен кафедра меңгерушілері және академиктер қатысты. Ақпараттық және телекоммуникациялық мәселелер, қолданбалы ғылымдар, энергетика, құрылыс технологиялары және инжинериясы сынды басқа да салалардағы ғылыми зерттеулерді талқылады (Enu.kz, 14.06.2021).
Түркияның Алания қаласында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай атындағы саябақ ашылды. Ашылу салтанатын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Аланиядағы консулдығы, Алания әкімшілігі және Аланиядағы қазақ қауымдастығы ұйымдастырды. Жаңа саябаққа келетін адамдар қазақ ақыны Абай туралы көбірек білетін болады, сондықтан Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және рухани байланыстардың нығая түсуіне орасан зор үлес қосады деп күтілуде (Kazinform, 15.06.2021).
Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Шараф Шерализода Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Надир Алпасланмен кездесті. Тараптар Тәжікстан мен Түркия арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту, әсіресе туризм инфрақұрылымын құру, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, көрмелерге қатысу және осыған ұқсас бір қатар мәселелер бойынша пікір алмасты. Бір күн бұрын тараптар екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыруды талқылап тәжік-түрік туристік бірлескен комиссиясының кезекті отырысы өтті (Avesta.tj, 15.06.2021).
Шушада Гейдар Алиев қоры ұйымдастырған іс-шарада «Қарабақтың мәдени мұрасы» кітабы сыйлық ретінде ұсынылды. Іс-шараға Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев пен әйелі Мехрибан Алиева, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және әйелі Эмине Ердоған қатысты. Кітапта Таулы Қарабақтағы армян басқыншылығы кезіндегі мәдени ескерткіштерге жасалған қиянаттар суреттелген. Гейдар Алиев қоры армян басқыншыларынан босатылған жерлердегі діни және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс істеуде (Azernews.az, 17.06.2021).
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасы (UNODC) Қырғызстандағы бағдарламалар кеңсесінің бастығы Андрей Селезневті қабылдады. Тараптар ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, шекараны қорғауға және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша Қырғызстан мен UNODC арасындағы жобалық және бағдарламалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Сонымен бірге Қырғызстанда пилотсыз аэроператорларды даярлау орталығының ашылуына ықпал ету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты (Kabar, 15.06.2021). Ташкентте «Орталық Азия мен Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық даму мүмкіндіктерін тұрақты даму жолында кеңейту» атты Халықаралық бизнес форумы өтті. Форум мақсаты COVID-19-ға қарсы күрестегі әйелдердің мүмкіндіктерін нығайту, әйелдер үшін ақысыз күтім мен үй жұмыстарының ауыртпалығын қабылдау және азайту, әйелдердің кәсіпкерлігі мен дағдыларын дамыту. Іс-шараға үкіметтік шенеуніктер, ұлттық және аймақтық құрылымдар, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен Орталық Азия елдерінен, оның ішінде Ауғанстаннан жеке сектор өкілдер қатысты (Turkmenistan.ru, 16.06.2021).




