f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Ықтимал жаңа 25 жылдық келісім шеңберінде Иран-Қытай қатынастары
ebulletin

Ықтимал жаңа 25 жылдық келісім шеңберінде Иран-Қытай қатынастары

Авторлар: Асет Ордабаев
2020 ж. 17 қараша
Ықтимал жаңа 25 жылдық келісім шеңберінде Иран-Қытай қатынастары

ЫҚТИМАЛ ЖАҢА 25 ЖЫЛДЫҚ КЕЛІСІМ ШЕҢБЕРІНДЕ ИРАН-ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫ Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Жавад Зариф 2020 жылы шілдеде Қытаймен 25 жылдық стратегиялық келісім туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл келісімнің егжей-тегжейі көпшілікке жария етілмегенімен, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл келісім негізінен екі ел арасындағы экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықты қамтиды. Бұл жаңалықтың сенімділігі күмән тудырғанымен, көптеген сарапшылардың назарын аударып, нәтижесінде тақырыпқа қатысты түрлі пікірлер айтылды. Геосаяси тұрғыдан алғанда, бұл келісімнің мүмкіндігі осы елдердің саяси және экономикалық мүдделері тұрғысынан прагматикалық болып табылады. Сондықтан Қытай мен Иран келісімнен не күтетінін және оның Орталық Азияға, әсіресе, аймақ үшін маңызды инвестициялық рөл атқаратын «Бір белдеу, бір жол» бастамасына (BRI) қалай әсер етуі мүмкін екенін қарастырған жөн.

Өткен екі жыл Иран экономикасы үшін қиын кезең болды. Вашингтонның Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан біржақты шығуынан кейінгі Теһеранға жасаған санкциялық қысымы, мұнай бағасының төмендеуі және COVID-19 эпидемиясынан туындаған дағдарыстың салдары Иран экономикасына кері әсерін тигізді. Осы үш фактор Иранның жылдық мұнай және мұнай өнімдері экспортының 47 миллиард доллардан 28 миллиард долларға дейін төмендеуіне себеп болды. Бұл жағдайда жалпы ішкі өнім бойынша бюджет тапшылығы 2018 жылғы -1,9%-дан 2019 жылы -5,59%-ға дейін өсті және 2020 жылдың аяғында -9,81%-ға жетеді деп күтілуде. Иран үкіметі исламдық революциядан кейін алғаш рет экономикалық дағдарысқа қарсы төтеп беру үшін Халықаралық валюта қорынан 5 миллиард доллар қаржылай көмек сұрады. Сондықтан Иран билігінің елдің қазіргі экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа инвестицияларды іздеуді әртараптандыруы маңызды болып табылады. Бұл жағдайда Қытай өзінің экономикалық күшімен және халықаралық аренадағы саяси көзқарасымен Иранмен ынтымақтастық жасай алатын елдердің бірі болуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандай, екі ел арасындағы 25 жылдық және шамамен 400 миллиард долларлық келісім бойынша Қытайдың Иранның теміржолдарын, порттарын, 5G желілері мен телекоммуникацияларын жаңартуға инвестиция салуы жоспарланып отыр. Осы келісім арқылы 280 миллиард доллар Иранның мұнай-газ секторын дамытуға, ал қалған 120 миллиард доллар инвестиция, көлік және өндіріс салаларын жақсартуға бағытталады деп күтілуде. Қытай мен Иранның көлік саласындағы ынтымақтастығының қарастырылып отырған келісімнен бұрын да дамығанын айтуға болады. Мысалы, 2019 жылы Иран Қытай компанияларымен Тегераннан елдің солтүстікшығысындағы Мешхед қаласына дейінгі 900 шақырымдық магистральді электрлендіру туралы келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар, бұл жол көптеген маңызды мұнай-газ кен орындары үшін маңызды стратегиялық орынға ие Тебризге ұласады деп күтілуде. Тебриз қаласы, Қытайдың Үрімші қаласынан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан арқылы Тегеранға, Тегераннан Түркия арқылы Еуропаға жетуді көздейтін 2300 шақырым болуы жоспарланған Жаңа Жібек жолы жобасы аясындағы Тебриз-Анкара газ құбырының бастау нүктесі болып табылады. Назар аударатын тағы бір мәселе - Қытайдың Ормуз бұғазынан тыс Иранның маңызды порты саналатын Жаскке қол жеткізуді жоспарлауы болып отыр. Бұл іске асқан жағдайда, Қытай әлемдегі мұнай тасымалдаудың негізгі бағыттарының бірінің орталығында орналасқан стратегиялық портқа қол жеткізе алатын болады. Ынтымақтастықтың үшінші маңызды бағыты энергетикалық сауда саласында болуы мүмкін.

Осы ынтымақтастық шеңберінде Қытай АҚШ-пен тығыз байланыстағы Парсы шығанағы елдеріне тәуелділікті азайтса, ал Иран Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленісті қатынастарға байланысты АҚШ-тың қысымы мен сан-кцияларына әсер етпейтін үлкен энергетикалық нарықтың есігін ашатын болады. Іс жүзінде ішінара Еуропа елдері мен Үндістан сияқты кейбір азиялық елдердің АҚШ қысымына қарсы тұра алмауы және Иранмен эмбаргодан бұрынғы қарым-қатынастарына қайта оралуға шегіншектеуі, Иранды Қытай сияқты маңызды экономикалық күшке ие және АҚШ-тың саяси қысымына қарсы тұра алатын елдермен ынтымақтасуға итермелегенін көріп отырмыз. Қытай мен Иран арасындағы осы жақындасудың салдарын қарастырғанда, АҚШ-тың сауда соғысы кезіндегідей Қытайға саяси және экономикалық тұрғыдан қарсы амалдар қолдануының куәсі бола аламыз. Мұндай жағдай Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіскен қатынастарды тіпті де нашарлатуы мүмкін. Қытай тұрғысынан алғанда, Иранға салынған инвестициясы Қытайдың Иранда ғана емес, Таяу Шығыс аймағындағы ықпалын арттыратын болады. Сонымен қатар, қытайлық фирмалар әдеттегідей өздерінің ережелері бойынша жұмыс істей отырып, мыңдаған қытайлық еңбекші-мигранттарға жаңа мүмкіндіктер мен жұмыс орындарын ұсынатын болады. Демек, ондағы жұмыс күші мен қытайлық компаниялар өздерінің кәсіптік профилдерін кеңейту үшін жаңа жобалар ұсынады. Сонымен қатар, экономикалық қадамдардан кейін Қытай мен Иранның арасында әскери техника саудасымен қоса аймақтағы бірлескен әскери жаттығуларға дейінгі әскери ынтымақтастықтың қалыптасатынын болжауға болады.

Қорытындылай келе, Қытай мен Иранның жақындасуы бұл елдердің әлемдегі басқа серіктестермен қарым-қатынасында біраз өзгерістерге себеп болуы мүмкін. Бұл мақаланы жазу кезінде қарастырылып отырған келісімге әлі қол қойылмағанына қарамастан, Қытай мен Иранның әлемдік энергетикалық және сауда тенденциялары тұрғысынан ықтимал әсерлері саясаткерлер мен ғалымдардың назарын аудара алды.

Жазушы: Әсет Ордабаев, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту жайындағы мәселелерді талқылады. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғандығын құптай келе, әскери саланың екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар үшін өте маңызды екенін атап өтті. Тоқаев Сергей Шойгуді Қазақстанмен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «Достық» медалімен марапаттады (Ақорда, 16.10.2020).

Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон президенттік сайлауда жеңіске жетті. Тәжікстанның Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының (СРОК) жасаған мәлімдемеcіне сәйкес, 68 жастағы Эмомали Рахмон, қатысу деңгейі 85,39% болған сайлауда 90,9% дауысын жинады. СРОК ресми түрде танылған нәтижелер бойынша, Рахмонға бесінші мерзімге президенттік қызметте қалу құқығын береді (Коммерсант.ру, 12.10.2020).

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Ресей «Орталық Азия+Ресей» министрлерінің виртуалды кездесуі кезінде мемлекетаралық қатынастарды нығайтуға және аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған өз міндеттемелерін айқындады. Кездесу барысында тараптар Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді көпжақты өзара іс-қимылды кеңейту, мемлекетаралық байланысты тереңдету туралы пікір алмасты. Министрлер сыртқы істер ведомстволарының күш-жігерін өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды бағыттарына жұмылдыруға дайын екендіктерін білдірді (MFA.kz, 15.10.2020).

Ауғанстан ұлттық жоғарғы кеңесінің төрағасы Абдулла Абдулла Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу үшін Тегеранға барды. Абдулла Иран президенті Хасан Руханимен, парламент төрағасы Мұхаммед Бейкер Калибафпен және сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесті. Келіссөздер барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер Талибанмен келіссөздер және Ауғанстан мен Иран арасындағы екіжақты қатынастар болды (Financialtribune.com, 17.10.2020).

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күніне және өлім жазасына қарсы халықаралық комиссияның құрылғанына 10 жыл толуына арналған Жоғары деңгейдегі конференцияда негізгі баяндамашы ретінде сөз сөйледі. Министр өз сөзінде Комиссияның Орталық Азия мен Моңғолияны өлім жазасынан азат әлемнің бірінші өңіріне айналуына ықпал етуге бағытталған бастамасын қолдайтындығын білдірді (MFA.kz, 13.10.2020).

ЕҚЫҰ-ның Стратегиялық полиция бөлімі жергілікті жерлердегі операциялармен бірлесе отырып, қазақ, тәжік, түрікмен және өзбек құқық қорғау органдары мен полиция басқармасының аға өкілдерімен аймақтық оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинар мәліметтер мен деректерді дәлелді шешімдер қабылдау мен жоспарлау үшін қолданылатын және полицияның жұмысын тиімді жүргізуіне себепші болатын полицейлер мен құқық қорғау органдарын басқарудың заманауи белсенді моделіне назар аударды (ЕҚЫҰ, 16.10.2020).

Экономика, қаржы және энергия       Киевте өткен Қазақстан-Украина инвестициялық форумы барысында Қазақстан мен Украина ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Форум екі елдің бизнес өкілдері мен тиісті ведомстволарының басын қосты. Келісімдер фармацевтика, агроөнеркәсіптік және машина жасау, жасыл энергетика сияқты көптеген салалардағы ынтымақтастықты қамтиды.

Іс-шара пандемия әсер еткен екіжақты саудаға ықпал етеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда украиналық капиталдың қатысуымен 935 бизнес жұмыс істейді (24.kz, 17.10.2020). Украинаның вице-премьер-министрі, стратегиялық индустрия министрі Олех Уруский Ауғанстан Ислам республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Вали Монавармен ресми кездесу өткізді. Тараптар білім беру, энергетика және әскери-техникалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және екіжақты сауданы ұлғайту қажеттілігіне назар аудара отырып, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен олардың болашақтағы даму перспективаларын талқылады (Ukrinform.net, 12.10.2020). Қазақстандық «Ветал Казахстан» ЖШС мен Түркиялық «Vetal Animal Health Products LTD» ЖШС Қазақстанның Түркістан облысында ветеринариялық препараттар мен вакциналар шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойды. Құжатқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың Түркияның Адыяман қаласындағы «Vetal Animal Health Products LTD» ЖШС өндіріс орындарына жұмыс сапары барысында қол қойылды. Инвестициялық жобаны іске асыру 2021 жылы басталады деп күтілуде (ҚазАқпарат, 18.10.2020).

Украина президенті Владимир Зеленский Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға сапарлай барды. Екі ел президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және аймақтық мәселелерді талқылады. Көшбасшылар еркін сауда туралы келісім жасап, екіжақты сауданы 10 миллиард долларға жеткізуге келісті. Сапар аясында тараптар әскери ынтымақтастыққа қол қойды, бұл олардың қорғаныс саласындағы серіктестігін едәуір күшейтетін болады (Dailysabah.com, 16.10.2020).

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин БАӘ астанасы Абу-Дабиде премьерминистрдің орынбасары, араб елінің президент істері министрі шейх Мансур бен Заид әл-Нахаянмен кездесті. Тараптар өзара қызығушылық туғызатын кең ауқымды мәселелерді талқылады және агроөнеркәсіптік, сауда, қаржы, көлік, мұнай-химия, ғарыш және тау-кен металлургия салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін білдірді. Екі ел арасында құны 6 миллиард доллардан асатын инвестициялық ынтымақтастық туралы 21 келісімге қол қойылды (Centralasia.news, 13.10.2020). Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) қазан айындағы 2020 World Economic Outlook есебінде 2020 жылға арналған Ресей экономикасы туралы болжамдар жақсартылды. Жаңартылған нұсқада бойынша, бұрын 6,6% төмендейді деп болжанған Ресей ЖІӨ-нің 4,1% төмендейтіні болжанды. Сондай-ақ, ХВҚ-ның Ресейдің 2021 жылғы ЖІӨ-не қатысты экономикалық болжамдары бұрынғы 4,1%-дан 2,8%ға төмендеді. Алайда Ресейдің Орталық банкі (CBR), ЖІӨ 2020 жылы 4,5%-5,5%ға төмендейді, ал 2021 жылы 3,5%-4,5%ға өседі деп болжайды (Fastmailnews.com, 13.20.2020).

Дайындағандар:

Даурен Абен, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Өзбекстан мен Тәжікстанның Достық Қауымдастығының ашылу салтанаты Өзбекстанның Ферғана облысының Риштан ауданында өтті. Ашылу салтанатына Ферғана облысы әкімінің орынбасары Хайрулло Бозоров пен Тәжікстанның Өзбекстандағы елшісі Имоми Содик қатысты. Имоми мырза, бұл жаңа орталық екі мемлекеттің арасындағы халықтардың мәдени және достық байланыстарын нығайта түсетіндігін айтты (Uza.uz, 16.10.2020). Эфиопиядағы Қазақстан елшілігінде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және данышпан ғалым және философ Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың мәдени мұрасы» атты семинар өтті. Іс-шараға Эфиопия СІМ мүшелері, Аддис-Абеба университетінің студенттері және БАҚ қатысты. Қатысушыларға Абай мен Әл-Фарабидің мұралары, сондай-ақ олардың Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениетіне әсері туралы ақпарат берілді (ҚазАқпарат, 13.10.2020). 2020 жылдың басынан бастап Тәжікстанға 58 елден дәрі-дәрмек және тамақ түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілді. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында алынған гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 16,9 мың тоннадан асып, 38,2 долларды құрады. Қытай гуманитарлық көмектің 42,2%-ын беретін Тәжікстанның жетекші доноры болды, 10,8%-бен екінші орында Өзбекстан және 10,3%-бен Түркия үшінші болды (Avesta.tj, 15.10.2020). Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан өкілдері қатысқан аймақтық онлайн дөңгелек үстел барысында Орталық Азиядағы тамақ қауіпсіздігі жүйесін енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар «GlobalG.A.P» ауылшаруашылық өнімдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стандарттарының халықаралық танылған жүйесін енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударды. Дөңгелек үстелді австриялық Hilfswerk International халықаралық ұйымы бастаған CANDY V консорциумы ұйымдастырды (Asiaplustj.info, 15.10.2020).

Өзбекстан БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесінің мүшесі болды. Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылдық мерзімге сайланған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің (HRC) 15 жаңа мүшесінің бірі болды. Кеңестегі азиялық аймақ үшін төрт бос орынға жүгінген бес елдің арасында (Қытай, Непал, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Өзбекстан), Өзбекстан 169 дауыс жинаған. (Avesta.tj, 14.10.2020).

Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түрік ғарыш агенттігінің төрағасы Сердар Йылдырыммен кездесіп, ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Түрік делегациясы Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғарыш орталығы мен Байқоңыр қаласындағы ғарыш объектілерін аралады. Келіссөздердің қорытындылары бойынша тараптар Қазғарыш пен Түрік ғарыш агенттігі арасында ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды (Avesta-news.kz, 15.10.2020).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.