f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›2018 жылғы маусымда Түркияда өткен президенттік және парламенттік сайлау
ebulletin

2018 жылғы маусымда Түркияда өткен президенттік және парламенттік сайлау

Авторлар: Женгизхан Жаналтай
2018 ж. 20 шілде
2018 жылғы маусымда Түркияда өткен президенттік және парламенттік сайлау

2018 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМДА ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ПРЕЗИДЕНТТІК ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ 2018 жылы 24 маусымда Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті. Сайлауға қатысу деңгейінің шамамен 87% болуы түрік халқының елдің саяси тағдырына қатысты шешім қабылдау үшін дауыс беруге мүдделілік танытқанын көрсетеді. Жоғарғы сайлау кеңесі жариялаған ресми нәтижелерге сәйкес, іс басындағы Президент Режеп Тайып Ердоған бірінші турда ең көп дауыс жинады – 52,59% (26,324,482). Оның басты қарсыласы Мухаррем Инже 30,64% (15,336,594) дауыс жинап, екінші орынды иеленді. Селахаттин Демирташ, Мерал Акшенер, Темел Карамоллаоглу және Догу Перинчек тиісінше 8,4% (4,205,219), 7,29% (3,649,233), 0,89% (443,766) және 0,20% (98,926) дауысқа ие болды.

Парламенттік сайлауға келетін болсақ, билеуші Әділет және даму партиясы (AK партиясы) мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы (MHP) арасында құрылған Халық альянсы 53,66% (AK партиясы – 42,56%, MHP – 11,10%) дауыс жинап, парламенттегі көпшілік орындарды иеленді. Ал үш оппозициялық партиядан, яғни Республикалық халық партиясы (CHP), Жақсы партия (İYİ) және Бақыт партиясынан (SP) құралған Ұлттық альянс 33,94% (CHP – 22,64%, İYİ – 9,95%, SP – 1,35%) дауыс жинады. Жалпы алғанда, AK (295) партиясы мен MHP (49) партиясынан құралған Халық альянсы парламентте 344 орынға, ал Ұлттық альянс 189 орынға ие болды. CHP мен İYİ парламентте тиісінше 146 және 43 орынды иеленсе, SP бірде-бір орын ала алмады. SP альянста болудың арқасында 10%-дық межені асса да, парламенттегі орындарды бөлу жүйесіне байланысты ешқандай орынға ие бола алмады. Бұл екі альянстан бөлек Халықтар демократиялық партиясы (HDP) 11,70% дауыс жинап, парламентте 67 орынды иеленді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президенттік және парламенттік сайлаудың өткізілуі алғашында 2019 жылдың 3 қарашасына жоспарланған болатын. Алайда, 2018 жылы сәуірдің ортасында сайлау күні 2018 жылдың 24 маусымына ауыстырылды. Шын мәнінде, Түркиядағы сайлау нәтижелері көптеген бақылаушыларды таң қалдырды. Мысалы, AK партиясы мен MHP-дан жасақталған Халық альянсының жалпы дауыстарында 2015 жылдың қараша айында өткен сайлау нәтижелерімен салыстырғанда 7,74%-ға төмендеу байқалады. Қараша айындағы сайлауда AK пар-тиясы мен MHP 61,4% дауыс жинаған болатын. Осы тұрғыдан алғанда, дауыс санының ең көп азаюы AK партиясы жинаған дауыстарда байқалады. Бұл партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы 6,94%-ға төмендеген. Екінші жағынан, 2018 жылғы сайлауға MHP-ның кейбір бұрынғы мүшелері тарапынан құрылған Жақсы партияның қатысуына қарамастан, MHP-ға берілген дауыстар 2015 жылғы сайлаумен салыстырғанда 0,8%-ға ғана азайып, дауыс саны шамамен бір деңгейде болды. AK партиясы мен MHP коалициясы 2018 жылғы сайлауда MHP-ға AK партиясы сайлаушыларының есебінен жоғалған дауыстарды өтеуге мүмкіндік берді, бұл AK партиясы дауыстарының едәуір төмендеуіне әкеліп соқтырды. 2018 жылғы парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша CHP 2015 жылы өткен сайлаумен салыстырғанда 2,49% дауысын жоғалтты. Бұл жағдайды бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Мысалға, кейбір CHP сайлаушылары одақтас партияларды қолдауға шешім қабылдаса, кейбіреулері партияның оңшыл партиялармен коалицияға кіргеніне наразы болды. Бұған қоса, кейбір CHP сайлаушылары HDP-ға 10%-дық межені асуға көмектесіп, парламентте AK партиясы мүшелерінің санын азайту үшін HDP-ға дауыс берген. Демек, 2018 жылғы парламенттік сайлауды алдыңғы сайлаумен салыстырғанда жалпы дауыс санының шамамен 0,9%-ы және 1%ы HDP мен İYİ партияларына қарай ауысқанын көруге болады. Парламенттегі орындардың бөлінуіне келетін болсақ, AK партиясы 23 орынды жоғалтып алды, ал оның коалициялық әріптесі MHP 9 орынды артық иеленді. CHP мен HDP тиісінше 12 және 8 орын арттырды. Ал Жақсы партия парламентте 43 орынға ие болды. 2017 жылғы референдумнен кейін парламенттік орындардың саны 550-ден 600-ге дейін ұлғайтылғанын атап өткен жөн.

Президенттік сайлаудың нәтижелері сондай-ақ, AK партиясының қазіргі жетекшісі Режеп Тайып Ердоғанның және оның басты бәсекелесі CHP үміткері Мухаррем Инженің партиялары алған нәтижелерден асып түскенін көрсетеді. MHP өз үміткерін ұсынбағандықтан, Ердоған бұл партияның сайлаушыларының қолдауына ие болды және AK партиясының парламенттік сайлауда жинаған дауыстарынан 10%-ға көп дауыс алды. Ал CHP өкілі Инже дауыстардың 30%-ынан астамын алып, көп жылдар бойы партиясы аса алмаған психологиялық тосқауылдан өтті. Бұл оның саяси мансабы үшін үлкен жетістік болды. Консервативті және білімді профилімен қатар, қызу пікірталастары мен сөз шешендігі арқасында солшыл, әрі оңшыл сайлаушылар арасында оң имидж қалыптастыра алды. Бұл жерде оның партиялық сайлауда CHP жетекшісі Кемаль Кылычдароглуға қарсы үміткер болып, жеңіліске ұшырағанын айта кету керек. Ол президенттік сайлауға қатысу үшін парламент палатасының мүшесі қызметінен кетіп, партия жетекшісі болу мүмкіндігінен де бас тартты. Инженің қазіргі жетістігі CHP-ның жаңа жетекшісі болуына қатысты талқылауларды қайта жандандырып, партияның сайлаушылар базасын кеңейтуде. Акшенерге келетін болсақ, ол сайлау алдындағы сауалнама нәтижелері бойынша күтілген дауыс санының тек жартысын ғана алып, үлкен бір үмітсіздікке тап болды. İYİ жетекшісі Мерал Акшенердің күтілген нәтижеге қол жеткізе алмағандығының бірқатар себептері бар. Солардың бірі – АК партиясы мен MHP-ға көңілі толмай Акшеренге дауыс беруге дайын болған кейбір оңшыл сайлаушылар İYİ партиясы солшыл CHP-мен Ұлттық альянс құрғаннан кейін өз ойын өзгерткен. Сонымен қатар, Жақсы партия AK партиясы мен MHP-ның күшті дауыс базасы бар Түркияның орталық бөлігінде жеткілікті дауыс жинай алмады.

Қорытындылай келе, Түркиядағы 2018 жылғы сайлау дауыс берушілердің шешімдері жағынан ең стратегиялық тұрғыда негізделген сайлаудың біріне айналды. Түрік азаматтарына бір мезгілде президенттік және парламенттік сайлауда дауыс беру мүмкіндігі берілгендіктен, партия сайлаушыларының таңдауларында кейбір өзгерістер орын алды. Бір сөзбен айтқанда, оңшыл сайлаушылардың Халық альянсы шеңберінде бірігуі екі сайлауда да сәтті болды, ал сол және оң оппозициялық партиялар арасында құрылған альянс көздеген мақсатқа жете алмады. Режеп Тайып Ердоған жаңадан қабылданған президенттік жүйе бойынша әлдеқайда көп өкілеттікпен өз билігін 2023 жылға дейін жалғастырады. Орта мерзімді болашақта экономикалық және саяси тұрғыдан аса қатты өзгерістер болмайды. Түркияның жаңа президенттік басқару жүйесіне көшу кезінде орын алатын жайттарға куә боламыз. Нәтижесінде, елдегі саяси үдерістерді реттеп, жаңа ережелерді әзірлейтін мемлекеттік органдарды одан әрі күшейту қажет.

Жазушы: Женгизхан Жаналтай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік        Бакуге ресми сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және одан әрі нығайтудың келешегін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын мәселелерге тоқталды. FIFA 2018 Әлем кубогының финалдық матчына қатысу үшін Мәскеуге сапармен барған Франция Президенті Эммануэль Макрон Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты және халықаралық мәселелерді, соның ішінде Сириядағы дағдарысты және Украинадағы қақтығысты талқылады. Бакуге ресми сапары барысында Иранн Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Хасан Газизаде Хашими Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мәскеуге ресми сапары барысында Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі елдің экономикалық және саяси әріптестігін, сондай-ақ гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Брюссельге ресми сапары барысында Армения Сыртқы істер министрі Зограб Мнатсаканян және Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары Игорь Попов, Стефан Висконти және Эндрю Шофермен бірлескен кездесу өткізді. Кездесу барысында Армения мен Әзірбайжан арасындағы келіспеушілікті реттеу жөніндегі келіссөздер процесі жан-жақты талқыланды. Тараптар келіссөздер процесін жетілдіру бойынша келесі қадамдар туралы пікір алмасты.

Мәскеуге ресми сапары кезінде Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Кравченко АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша кеңесшісі Уэсс Митчеллмен екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мен Еуразия аймағындағы жағдайды талқылады.

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Пәкістанмен 30 түрік Т-129 тікұшағын сату туралы келісімге қол қойылды. Келісімде тікұшақтарға логистика, қосалқы бөлшектер, оқу-жаттығулар мен оқдәрілерді жеткізу қамтылған.

Экономика, қаржы және энергия         Беларусь Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2018 жылдың қаңтармамыр айларында тауарлар мен қызметтер экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,9%-ға артып, 16,7 млрд. долларға жетті, ал импорт 16,4 млрд. долларды құрады. Бұл 22,7%-ға көп. Сыртқы сауданың профициті 309,7 млн. долларды құрады.

Ресей Индустрия және сауда министрі Денис Мантуровтың айтуынша, 2018 жылы ел АҚШ-тың санкциялары аясында ел ішінде алюминий тұтынуды 300 мың тоннаға арттырады. Бес жылда ішкі тұтыну көлемі 2,5 млн. тоннаға дейін өсетіндігі атап өтілді.

Ресей Экономикалық даму министрі Максим Орешкиннің айтуынша, 2019 жылы қосылған құн салығы елдегі инфляцияны 4%-дан сәл жоғары деңгейге жеткізеді.

Баку қор биржасының мәліметтері бойынша, барлық құралдар бойынша биржалық операциялардың жалпы айналымы 2018 жылдың қаңтармаусым айларында 11,73 млрд. манатқа (6,88 млрд. доллар) жетті. Бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге көп. Әзірбайжанның Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша, елдегі тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағалары 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсті. Аталмыш кезеңде азық-түлік және азықтүліктен тыс тауарлардың бағалары тиісінше 3%-ға және 3,8%-ға, ал ақылы қызметтер құны 2,4%-ға артты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мақсат Қабашевтың айтуынша, Ақтау порты мен Иранның порттары 2019 жылы контейнерлік жүк тасымалын бастайды. Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында осы порттар арасындағы жалпы жүк айналымы 568,605 тоннаны құрады.

Қашаған жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының мәліметтері бойынша, 2018 жылы кен орнында 11-13 млн. тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр, бұл өндіріс болжамдарынан асып түседі. Компания күніне 325 мың баррель нақты өндіру деңгейіне жетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылдың маусым айында елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш 2018 жыл- дың мамырында 4,9% болды. Маусым айында Қазақстанда жұмыссыздар саны 434,4 мың адамға жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың саны 2018 жылдың маусым айының аяғында 149,5 мың адамды немесе жалпы жұмыс күшінің 1,7%ын құрады. Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында елдің сыртқы сауда айналымы 17,7 млрд. долларды құрады. Энергетика және мұнай өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,5%-ға, ал газ экспорты 1,9 есе өсті.

Қоғам және мәдениет     Дайындағандар:

Лидия Пархомчик, Даурен Абен, Данияр Нурбаев Ресейдің мемлекеттік «Аэрофлот»

авиакомпаниясы Мәскеу мен Қызылорда қалалары арасында тұрақты әуе рейсін ашты. Мәскеу-Қызылорда рейсі «Аэрофлоттың» Қазақстандағы тоғызыншы ұшу бағыты болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Өзбекстан Қазақстаннан ақша аударымдарының екінші ірі қабылдағышына айналды. 2018 жылғы қаңтармамыр айларында Өзбекстанға 31,3 млрд. теңге (91 млн. доллар) жіберілді. 89,4 млрд. теңге (260 млн. доллар) көлеміндегі ақша аударымдарының басым бөлігі Ресейге жасалды. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша, Түркімен Қарақұм шөлін ЮНЕСКОның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қарақұм шөлі Түркіменстан аумағының басым бөлігін, атап айтқанда, 350 мың шаршы шақырымды алып жатыр және әлемдегі ең үлкен құм шөлдерінің бірі болып табылады.

Бірегей экожүйе Заунгуз Қарақұм, Орталық Қарақұм, Ойпатты Қарақұм және Оңтүстік-Шығыс Қарақұмды қамтиды.

Өзбекстан Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, 2018 жылдың бірінші жартысында елге келген шетелдік азаматтардың жалпы саны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,6%-ға артып, 2,68 млн. адамнан асты. Визасыз режим енгізілген елдерден келген туристер саны айтарлықтай өсті. Осылайша, Түркиядан 31,966 (+95,6%), Жапониядан 6,200 (+68,1%), Израильден 3,615 (+86,2%), Индонезиядан 750 (үш есеге өскен) және Сингапурдан 424 (2,5 еседен астам) турист келген.

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.