f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Кахраманмараш жер сілкінісі және халықаралық көмек
ebulletin

Кахраманмараш жер сілкінісі және халықаралық көмек

2023 ж. 21 ақпан
Кахраманмараш жер сілкінісі және халықаралық көмек

КАХРАМАНМАРАШ ЖЕР СІЛКІНІСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨМЕК 2022 жылдың 6 ақпанында 10 аймақты қамтыған «ғасыр апаты» яғни Каһраманмараштағы 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі халқымызды айтып жеткізгісіз ауыртпалыққа душар етті. Бүгінге дейін 40 мыңнан астам адам қаза тауып, 100 мыңнан астам адам жарақат алғаны және 118 мыңнан астам ғимараттың қирауы немесе қатты зақымдалуы (TRT Haber, 2023) аталмыш ауыр апаттың салдарының қаншалықты үлкен екенін көрсетіп отыр. Қирандыларды тазартып, іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтаған кезде бұл көрсеткіш айтарлықтар арта түсуі де мүмкін.

Мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтар жанқиярлық күш-жігерімен үйінді астындағы адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысып жатқанда, тұтас ел болып жұмылып, апат аймағына елдің түкпір-түкпірінен көмектер жөнелтіліп, зардап шеккен отандастардың аз да болса жарасын емдеуге құлшыныс жасалды. Осы тұрғыда жер сілкінісі аймағында 35 мың іздестіру-құтқару қызметкері мен 250 мың мемлекеттік қызметкер нақты жұмыс атқарды. 2022 жылдың 9 ақпанында төтенше жағдай жарияланып, 10 аймақты қамтитын жер сілкінісі аумағына қатысты шұғыл, орта және ұзақ мерзімді әртүрлі шешімдер қабылданды. Аталған төтенше жағдайда Президент Режеп Тайип Ердоғанның апат аймағына сапары кезінде, сондай-ақ одан кейін жариялаған шешімдеріне сәйкес: 1 жыл ішінде бүкіл жер сілкінісі аймағында тұрғын үй қажеттілігін қамтамасыз ету; бірінші кезекте отбасыларға 10 мың лира және қайтыс болғандардың туыстарына 100 мың лира, ең соңында жер сілкінісі аймағынан көшкісі келетіндерге 15 мың лира көші-қон көмегі мен 5 мың лира жалға алу қолдауы сынды кейбір шұғыл жәрдем пакеттер жарияланды. Екінші жағынан, бүгінге дейін ел іші мен шетелдерден Түркия Республикасы Ішкі істер министрлігінің Апат және төтенше жағдайлар басқармасына (AFAD) көрсетілген көмек көлемі 8,3 миллиард доллардан асты (TRT Haber, 2023). Бұл қолдау пакеттері мен көмектер болашақта одан әрі көбейетінін күтуге болады.

Түркия халқы ауыр апаттың алғашқы күнінен-ақ ұлт болып жұмылып, ынтымақтаса күресіп жатқан кезде көптеген ел қолдау көрсетіп, 100-ге жуық елден көмек ұсыныстары түсті. Осы орайда президент Режеп Тайип Ердоғанға 42 елден мемлекет басшылары мен үкімет басшылары деңгейінде қолдау және көңіл айту қоңыраулары келіп, 84 елден жалпы 10943 адамнан тұратын іздестіруқұтқару топтары жер сілкінісі болған аймаққа жетсе, 61 елден 444 рейспен түрлі гуманитарлық көмек жеткізілді (IHA, 2023). Енді бір жағынан халықаралық ұйымдар да жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға түрлі көмек пакеттерін ұсынды. Дүниежүзілік банк 1,78 миллиард долларлық қаражат бөлгенін жарияласа, Еуропалық Одақ бірінші кезекте 3 миллион еуро көлемінде шұғыл қолдау көрсететінін жариялады (Анадолы агенттігі, 2023a). Жер сілкінісіне байланысты Түркияға Еуразия аймағынан берілген көмек пен қолдауды алып айтар болсақ, тиісті елдердің халқы да, ондағы түрік азаматтары да жұмыла көмек көрсеткені белгілі. Ең алдымен, жер сілкінісінің бірінші күні барлық аймақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары телефон мен басқа да байланыс арналары арқылы Түркияға көңіл айтып, қолдау білдірумен қатар, өз елдерінде Түркия елшіліктеріне арнайы барып, көңіл айтты. Мемлекет және үкімет деңгейіндегі ресми тұлғалармен қатар, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері де аттың алғашқы күннен бастап Түркияның дипломатия өкілдеріне көңіл айтып, қолдау көрсетіп келеді. Түрлі елдерден, әсіресе Әзербайжан, Қазақстан, Пәкістан, Грекия және Армениядан министрлер деңгейінде Түркияға жоғары деңгейдегі қолдау сапарлары жалғасты (NTV, 2023). Түркияда жарияланған ұлттық аза тұту күніне қолдау мақсатында Албания мен Солтүстік Македония да бір күндік ұлттық аза тұту жариялады. Мемлекеттер деңгейінде ресми түрде жарияланған қаржылық қолдауға қоса, басталған көмек науқандары аясында Ресей, Орталық Азия, Кавказ және Балқан елдерінен шамамен 70 миллион доллар көлемінде қайырымдылық көмегі жиналды. Бұлардан бөлек Түркияға сол аймақтардан жөнелтілген көрпе, шатыр, жылытқыш, киім-кешектен тұратын заттай көмек көлемі 5 мың тоннадан асты. Бұл аймақтардан басқа да көптеген елдерде көмек науқандары басталды. Әлемнің түкпіртүкпірінен жіберілген іздестіру-құтқару топтарына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Грузия, Ресей, Украина, Босния және Герцеговина, Солтүстік Македония, Албания, Сербия, Греция, Болгария, Румыния және Мажарстан да қарқынды түрде қатысты. Аталмыш елдерден жалпы 2945 іздестіруқұтқару қызметкері апат аймағында нақты жұмыс істеді. Сонымен қатар, жер сілкінісі аймағына арналған төтенше және бірінші кезектегі материалдардың қатарына жататын 7135 шатыр кідіріссіз Түркияға жеткізілді.

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) да алғашқы күннен бастап Түрік билігімен тығыз ынтымақтастық жасап, мүше елдердің іздестіру-құтқару топтарының аймаққа жету жұмыстарын жылдам ұйымдастырды. Сондай-ақ, ұлттық аза тұту жариялануына байланысты ТМҰ орталығында мүше мемлекеттердің туын жартылай түсіру туралы шешім қабылдады. Каһраманмарашқа арнайы барған ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Өмуралиев жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін ТМҰ дайындаған гуманитарлық көмекті AFAD-қа жеткізді. Түркі мемлекеттеріндегі қоғамдық мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен қолға алынған көмек науқандарының жалғаса беретіні сөзсіз.

Қорыта айтқанда, геологиялық табиғи апат саналатын жер сілкінісі кез келген апат сияқты өлім-жітім мен мал-мүлік шығынына әкелумен қатар, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық күйзелістерге де түрткі болады. 13 миллион адам тұратын үлкен аймақты қамтыған зілзала қоғамның барлық топтарына, әсіресе балаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететіні сөзсіз. Жер сілкінісінен психологиялық зардап шеккендер арасындағы шамамен 7 миллионға жуық баланы оңалту үшін қажетті шаралардың дереу қабылдануы өте маңызды. Онсызда, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан кезде, мемлекеттік мекемелер қажетті шараларды қолға алғаны белгілі (AA, 2023).

Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Қорытындылай келе, Ерзинжан, Гөлжүк және Ван жер сілкіністерімен қатар басқа да апаттарды бастан өткерген түрік мемлекеті мен түрік халқы ауыр апатты жеңетін күшке, мүмкіндікке және әлеуетке ие. Осы орайда жер сілкінісінен қаза тапқандарға Алладан иман тілеп, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, қолдауы мен көмегі үшін дос, бауырлас елдерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Дереккөз:

Анадолы агенттігі (2023a). ЕО және Еуропа елдерінен жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек.

Сілтеме:

https://www.aa.com.tr/tr/gundem/ab-ve-avrupa-ulkelerindendepremzedelere-yardim/2811974. Қаралған уақыты:

16.02.2023.

Анадолы агенттігі (2023b). Әлеуметтік желілердің қолдауымен ойыншықтарды жинаған еріктілер жер сілкінісі болған аймақтағы балаларды қуантады. Сілтеме:

https://www.aa.com.tr/tr/asrin-felaketi/sosyal-medya-destegiile-oyuncak-toplayan-gonulluler-deprem-bolgesindekicocuklari-sevindiriyor/2818888. Қаралған уақыты: 16.02.2023. Анадолы агенттігі (2023c). Афонкарахисардағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған спорт және ойын терапиясы.

Сілтеме:

https://www.aa.com.tr/tr/asrinfelaketi/afyonkarahisardaki-depremzede-cocuklara-spor-veoyun-terapisi/2818118. Қаралған уақыты: 16.02.2023. Әзербайжан Республикасының Президенті (2023). Илхам Әлиев Түркияның Әзербайжандағы Елшілігіне барып, зілзалада қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты. Сілтеме: https://president.az/az/articles/view/58876. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

Ихлас хабар агенттігі (2023). Президент Ердоған: «84 ел 10 мың 943 іздеу-құтқару тобымен дала жұмыстарына көмектесті».

Сілтеме:

https://www.iha.com.tr/ankarahaberleri/cumhurbaskani-erdogan-84-ulke-10-bin-943-aramakurtarma-ekibi-ile-sahada-calismalara-yardim-etti-4186585/. Қаралған уақыты: 16.02.2023.

NTV (2023). Грекияның Сыртқы істер министрі Никос Дендиас жер сілкінісі аймағында: Қарым-қатынасымызды жақсарту үшін тағы бір жер сілкінісінің керегі жоқ. Сілтеме: https://www.ntv.com.tr/dunya/yunanistan-disisleri-bakaninikos-dendias-deprem-bolgesinde-iliskilerimizin-yumusamasiicin-bir-depreme-daha-ihtiyac-yok,y3C9u2UBu0eBoJwRKnXQQ. Қаралған уақыты: 16.02.2023. Түркі мемлекеттерінің ұйымы (2023). Жер сілкінісінен зардап шеккендерге хатшылық көмек көрсетті. Сілтеме: https://www.turkicstates.org/tr/haberler/tdt-sekretaryasitarafindan-depremzedeler-icin-saglanan-yardim-teslimedildi_2804. Қаралған уақыты: 16.02.2023. TRT Haber (2023). Президент Ердоған: Жер сілкінісінен қаза тапқандардың туыстарына 100 мың лира ақшалай көмек көрсетеміз.

Сілтеме:

https://www.trthaber.com/haber/gundem/cumhurbaskanierdogan-depremde-hayatini-kaybedenlerin-yakinlarina-100-binlira-nakdi-yardimda-bulunuyoruz-746275.html. Қаралған уақыты: 16.02.2023.

ТР-ның Исламабадтағы Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/TrEmbIslamabad. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Мәскеудегі Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме:

https://mobile.twitter.com/Turk_Emb_Moscow/status/16251163 64913496070. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

Солтүстік Македония Республикасының Үкіметі (2023). 13 ақпан, дүйсенбі күнін «Азалы күн» деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Сілтеме:

https://vlada.mk/node/32065?fbclid=IwAR2DEy3048hnx0RKI FLlJWb-H80XsO8UZFODAEr. Қаралған уақыты: 17.02.2023. Косовоның Түркиядағы Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы.

Сілтеме:

https://twitter.com/KosovoInAnkara.

Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Приштинадағы Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы.

Сілтеме: https://twitter.com/Pristine_BE.

Қаралған уақыты: 17.02.2023.

Тирана муниципалитетінің мэрі (2023).

Twitter жарияланымы.

https://twitter.com/Pristine_BE/status/1625213683612655627?c xt=HHwWloCx_YDP9Y0tAAAA.

Қаралған уақыты:

17.02.2023.

Албанияның Түркиядағы Елшілігі (2023). Facebook жарияланымы.

Сілтеме:

https://www.facebook.com/arnavutluk.buyukelciligi/. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Астанадағы Елшілігі (2023).

Twitter жарияланымы.

Сілтеме:

https://twitter.com/tcastanabe.

Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Алматыдағы Бас консулдығы (2023). Twitter жарияланымы.

Сілтеме:

https://twitter.com/AlmatiB.

Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Ашхабадтағы Елшілігі (2023).

Twitter жарияланымы.

Сілтеме:

https://twitter.com/askabat_be?lang=de. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Афина Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме:

https://twitter.com/TC_Atina?ref_src=twsrc%5Egoogle%7Ctwc amp%5Eserp%7Ctwgr%5Eauthor.

Қаралған уақыты:

17.02.2023.

ТР-ның Баку Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/TCBakuBE. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Белград Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме:

https://twitter.com/belgradb?lang=en.

Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Бухаресттегі елшілік (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/trembbucharest?lang=en. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Будапешттегі Елшілігі (2023).

Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/tc_budapeste. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Бішкектегі Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/tcbiskekbe?lang=de. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Душанбедегі Елшілігі (2023).

Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/TurkiyeDushanbe. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Киевтегі Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/TCKievBE. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Пекин Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме:

https://twitter.com/TurkEmbBeijing.

Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Сараево Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. https://www.facebook.com/SarajevonaBE. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Скопьедегі Елшілігі (2023). Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/TREmbassySkopje. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Софиядағы Елшілігі (2023). Сілтеме: Twitter жарияланымы. https://twitter.com/TCSofyaBE. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Ташкенттегі Елшілігі (2023).

Twitter жарияланымы. Сілтеме: https://twitter.com/TC_TaskentBE. Қаралған уақыты: 17.02.2023.

ТР-ның Тбилисидегі Елшілігі (2023).

Twitter жарияланымы.

Сілтеме:

https://twitter.com/TCtiflisBE.

Қаралған уақыты: 17.02.2023.

Дайындаған Erkinbek Turgunov

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.